Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметінің балалардағы ерекшеліктері. Орындаған: Төребек І.Ж топ ЖМФ Тексерген: Койшиманова У.С. Қарағанды 2016ж.
Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім: 1. Асқорыту жүйесінің дамуы. 2. Ауыз қуысы. 3. Жұтқыншақ 4. Өңеш 5. Асқазан 6. Ұйқы 7. Бауыр Қорытынды. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе. Асқорыту жүйесі systema digestorium, тамақ заттарын механикалық және химиялық өңдеп, тамақтың өңделген бөліктерін сіңіріп, өңделмеген бөліктерін сыртқа бөліп шығаратын мүшелер комплексі болып табылады. Адам асқорыту жолының ұзындығы м және ол ауыз қуысы, жұтқаншақ, өңеш, қарын, аш ішек және тоқ ішек деген бөлімдерге бөлінеді.
Асқорыту жүйесінің дамуы. Эндотермальды бастапқы ішек үш бөлімге бөлінеді: 1. Адыңғы бөлім, одан ауыз қуысының артқы бөлігі, жұтқыншақ, өңеш, қарын, 12 елішектің алдыңғы бөлімі дамиды. 2. Ортаңғы бөлім аш ішекке айналып дамиды. 3. Сыртқы бөлімнен тоқ ішек дамиды.
Ауыз қуысы. Жаңа туылған нәрестеде және 3 айға дейінгі балаларда ауыз қуысы өте кішкентай болаып, ал таңдай сүйегі кең және тығыздалған болады. Тіл. Емізулі баланың тілі үлкен, жуан және кең болады. Өйткені емізулі балада тіл маңызды қызмет атқарады. Тілдің жапырақ тәрізді бүртіктері жас баларда көп кездеседі. Еріндерінің ішкі бетінде нәрестелерде бүртіктер болады. Нәрестелерде сілекей бездері нашар дамыған. Тіс асты безі 0,4 г, төменгі жақ асты безі 0,9 – 2,5 г, нәрестенің 4 айлығынан 2 жасқа дейінгі аралықта тез дамиды. 20 – 25 жас аралығында максимальды дамиды. 40 – 50 жастан бастап паренхима көлемі кішірейіп, строма қаптап кетеді.
Тістеріндегі ерекшеліктері. Тістер екіге бөлінеді: Сүт тістері. Олардың саны 20 1 Жыл ішінде: 6 – 7 айда төменгі медиальды күрек, 7 – 8 айда жоғарғы медиальды күрек, 8 – 9 айда жоғарғы бүйір күрек, 10 – 12 айда төменгі бүйір күрек тістері шығады. 2 Жыл ішінде: 12 – 15 бірінші азу, 18 – 20 иттістер, 20 – 24 екінші азу тістері шығады. Тұрақты тістер. Олардың саны 32 6 – 7 жасында бірінші үлкен азу тістер, 8 жасында медиальды күрек тістер, 9 жасында бүйір күрек тістер, 10 жасында бірінші кіші азу тістер, 11 – 13 иттістер, 11 – 15 жасында екінші кіші азу тістер, 13 – 16 жасында екінші үлкен азу тістер, 18 – 30 жасында үшінші үлкен азу тістер.
Жұтқыншақ Жұтқыншақ нәрестелерде ересектерге қарағанда омыртқа деңгейі бойынша жоғары орналасады. Ұзындығы 4 см, көлденеңіне 1,8 – 2,5 см. Нәрестелерде жұтқыншақ III – IV мойын омыртқаларының арасына сәйкес келеді. 11 – 12 жаста ол V – VI мойын омыртқа деңгейіне, ал жасөспірім кезінде V мойын омыртқа деңгейіне сәйкес келеді. Жұтқыншақтың мұрын бөлігі қысқа 2 жасында ол 2 есе өседі.
Өңеш Нәрестеде диаметрі 4 см, ұзындығы 10 – 12 см. Өңеш 3 – 5 жаста жақсы дамиды. 11 – 12 жаста өңеш ұзындығы екі еселенеді, ол 20 – 22 смге жетеді. Тістен асқазанның кардиальды бөлігіне дейін қашықтық 16,3 см, 2 жаста ол 22,5 – 24,0 смге, 5 жаста 26,0 – 27,9 смге, 12 жаста 28,0 – 34,2 смге ұзарады. Өңеш көлденеңіне ұзындығы 2 – 6 айлығында 0,85 – 1,2 смге, 6 жасында 1,3 – 1,8 смге жетеді. Нәрестеде өңеш III – IV мойын омыртқа аралығы деңгейінде орналасады, 2 жаста IV – V мойын омыртқа деңгейінде, 10 – 12 жасында V – VI мойын омыртқа деңгейінде, 15 жасында VI – VII мойын омыртқа деңгейінде, ал қарттарда I кеуде омыртқа деңгейіне сайкес келеді.
Асқазан. Асқазан постнатальды кезеңде өте тез өседі. Жаңа туылған балада асқазан көлемі 30 – 35 см 3, 2 аптадан кейін 90 см 3, 3 жасында 576 – 680 см 3, ересектерде ол 1200 – 1600 см 3 те ң. Н ә рестеде ас қ азанны ң ш ұңқ ыршалар жа қ сы дамыма ғ ан, оларды ң саны , ал ересектерде 4 млн. Асқазандық бездерде жақсы жетілмеген олардың саны 1 мм – 123, барлығы Бездер саны тез жоғарылайды 2 айында олардың саны 1,8 млн, 2 жасында 8 млн 6 жасында 10 млн, 15 жасында 18 млн, ересектерде 35 млн шамасында.
Ұйқы безі. Ұйқы безі нәрестелерде өте кішкентай баржоғы 2 – 3 г. 3 – 4 айлығында бездің массасы екі есе көбейеді, 3 жасында 20 г, 10 – 12 жасында 30 г-ға жетеді. 5 – 6 жасында без ересектердікіндей толық қызмет атқарады. Нәрестелерде бездің қан айналымын баяу яғни жақсы дамымаған болады. Панкреаттық аралшықтар саны нәрестеде , ересектерде бездің салмағы 70 – 100 болғанда ға жетеді.
Бауыр. Бауыр нәрестенің құрсақ қуысының 2/3 бөлігін алып жатыр. Яғни жалпы дене массасының 135 – 150 г (4 – 5%) алып жатыр. Нәресте бауырының ересектерден тағы бір ерекшелігі сол үлесінің оң үлесінен үлкен болуы. Бауырдың төменгі шеті Х қабырғадан 2,5 – 4,0 см төмен орналасқан. 7 жасында төменгі шеті біраз жоғарылайды. Нәрестенің өт қабының ұзындығы 3,0 – 3,5 см. Өт қабы балаларда интенсивті дамып отырады, 12 жасында оның ұзындығы екі есе өседі. 15 – 16 жасында ересектердікіндей болып қалып тасады.
Қорытынды. Ас қорыту жүйесі адамның жасына, жынысына, тамақтануына байланысты өзгеріп отырады. Жас баларда асқорыту жүйесі жақсы жетілмеген, бірақ ол тез дамып, тез өсіп қалыптасады. Адамның ішкі органдары бала туылғаннан жыныстық пісіп жетілуге дейін 12 есеге, жалпы дене бітімі 20 есе, ал асқазан 24 есе ұлғаяды. Ал адам жасы 20 – 25 ке келгенде 40 есе ұлғаяды.
Пайдаланылған әдебиеттер. 1. Адам Анатомиясы Ракышев. 1 кітап. 2. Netter F.H. Atlas of Human Anatomy. 3. Детская хирургия Исаков Ю.Ф. 4. М.Р. Сапин Г.Л. Билич «Анатомия человека» 1 кітап
НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫЗҒА РАХМЕТ!!!