Компьютерлік вирус дегеніміз не? Компьютерлік вирус дегеніміз – көлемі жағынан шағын, сондай-ақ өзін өзге бағдарламаларға жазу мүмкіндігі бар және жасалмауға тиісті әрекеттер қатарын атқаратын арнайы жазылған бағдарлама.
Компьютерлік вирустардың шығу тарих хронологиясы 1959 жылы – IBM 650 ЭЕМ-ы вирус тапты жылы – Brain вирусы ДК-дің дискеттерін зақымдады жылы – Роберт Моррис АҚШ-та вирус жазды, ол вирус 2000 жуық ДК-ді зақымдады жылы – тамыз айларының ортасында АҚШ–та және бірқатар Батыс Еуропа елдерінде.doc кеңейтіліміндегі MS Word файлдарын зақымдайтын вирустар шықты жылы – 26 сәуірде «Чернобыль» немесе «WIN95.CIN» вирусы шықты. Өзге вирустардан айырмашылығы қатқыл дискті, флеш жадыны жойып жіберу мүмкіндігінде болды.
Компьютерлік вирустар классификациясы Орналасу орнына қарай (по среде обитания); Бүлдіру тәсілдеріне қарай (по способу заражения среды обитания); Алгоритмдік ерекшеліктеріне қарай (по особенностям алгоритма); Әсер ету деңгейіне қарай (по степени воздействия).
Орналасу орнына қарай вирустардың жіктелуі... Желілік вирустар – әртүрлі компьютерлік желілер арқылы таралады; Файлдық вирустар – EXE кеңейтіліміндегі файлдарға енеді; Жүктелетін вирустар – жүйенің жүктелу секторына ендіріледі (Вооt сектор); Файлды-жүктелетін вирустар – файлдарды және дискінің жүктелу секторларын зақымдайды.
Бүлдіру тәсілдеріне қарай вирустардың жіктелуі... Резидентті – оперативті жадта өзінің резидентті бөлігін қалдырады. Кейіннен бұл бөлік операциялық жүйе қатынаған объектілерге енгізіледі және зақымдайды. Резидентті емес – компьютердің оперативті жады бөлігіне өзінің резидентті бөлігін қалдырмайтын вирус түрі.
Алгоритмдік ерекшеліктеріне қарай вирустардың жіктелуі... Қарапайым вирустар (простейшие вирусы) – файлға өзгеріс енгізбейді және тез жойылады; Құрттар (черви) – компьютерлік желілер арқылы таратылады және желілік компьютерлердің адрестерін есепке ала отырып өз көшірмелерін осы адрестерге таратады; Көрінбейтін вирустар (стелс-вирустар) - оларды табу қиынға түседі және өз орнына өзге дискінің зақымданбаған бөлігін қояды; Мутант вирустар – шифрлеу/расшифрлеу алгоритмдеріне ие, вирустың барын табу қиынға түседі; Троян – жүктелу секторын және файлдық жүйені өзгертеді және парольдерді ұрлайды; Макровирустар – файлдық құжаттарды зақымдайды, мысалы мәтіндік құжаттарды. Мәтіндік редакторда бұл вирус үнемі тұрады және өзге мәтіндік құжаттарды зақымдайды.
Әсер ету деңгейіне қарай вирустардың жіктелуі... Зиянсыз вирустар – программы-шутки, әзіл вирустар жатқызылады; Қауіпсіз вирустар – бұл вирустар оперативті жадтың көлемін және диск көлемін кішірейтеді, сондай-ақ әсері графикалық программаларда немесе дыбыстық эффектілерде байқалады; Қауіпті – компьютердің жұмыс жасауына қауіп төндіреді; Өте қауіпті – бұл вирустар әрекеті программалардың жойылуына, мәліметтерді құруына алып келеді.
Резиденттік вирустар Бұл вирус үнемі компьютердің оперативті жадысында сақталынады. Бұл жерден ол барлық ашылған, жабылған, көшірілген, аты өзгертілген және тағы да басқа операцияларды көшіре алады. Резиденттік фирустарды файлдық вирустар қатарына жатқызсақ болады. Егер вирус оперативті жадқа енсе ол вирус компьютер өшкенше және қайта жүктеліп қосылғанша сақталынып тұрады. Осы уақыт аралығында ол жай ғана отырады және күтеді. Резидентті вирустар қатарына мысал вирустар – Randex, CMJ, Meve, MRKlunky.
Қайта жазатын вирустар Бұл вирустардың негізгі мінездемесіне зақымдалған файл құрамындағы ақпараттар өшіріледі. Бұл файлдар өз жадысын бірден өзгертпейді. Вирус файл құрамына жасырынудың орнына файлдың бүкіл аумағын алады. Бұл вирустан құтылудың бірақ жолы бар. Ол вирус жұққан файлды толығымен жою болып келеді. Қайта жазатын вирустан қатарына мысал ретінде келесі вирустарды жатқызуға болады. Олар: Way, Trj.Reboot, Trivial.88.D.
Макровирустар Арнайы бағдарламалар көмегімен құрылған файлдар тобын зақымдайды. Бұндай файлдар тобына MS Word, MS Excel, MS Access, CorelDraw және тағы да басқа бағдарламалар жатады. Макровирустан қатарына жататын бірнеше вирустарды келтірсе болады. Олар: Relax, Melissa.A, Bablas.
Құрттар (черви) вирустары... Өздігінен қосылатын программалар қатарына жатқызылады. Бұл вирус түрлерін антивирустар арқылы табуға болдаы жіне ол ирустар сол арқылы өшіріледі. Бұл вирустар айтарлықтай барлық жерде жүреді. Олар: электронды пошта, желі немесе чат. Сондай-ақ олар компьютер жадының ішінде де қызмет жасай алады. Черви вирустар қатарына келесі вирустарды жатқызсақ болады. Олар: PSWBugbear.B, Lovgate.F, Trile.C, Sobig.D, Mapson.
Троян вирустар Бір қарағанда еш зияны жоқ бағдарламалар болып келеді. Алайда, компьютерге түскен зиянсыз деп саналған бағдарлама жүктелгеннен кейін, өзге бағдарламалар жүктеле бастайды. Ал өз жұмысын бастағанда сіздің бүкіл жүйеңізді өзгертіп, файлдарыңызды жойып жібереді. Троян вирустар қатарына жататын вирус қатарына келесі вирус атауларын жатқызуға болады. Олар: IRC.Sx2, Trifor.
Вирустардың ену каналдары... Глобальді желі Интернет; Электронды пошта; Локальді желі; Пираттық бағдарламалар; Есте сақтау құрылғылары.