АНА МЕН БАЛА ! 1 жасыңда Сені алақанына салып бақты, тамақ беріп, жуындырды. Оның түн ұйқысын төрт бөліп, ұйықтатпай рахметіңді сөйтіп айттың.
2 жасыңда Саған тәй-тәй басып жүруді үйретті. Сен бір жерде тұрмай, бөлмеден бөлмеге қашып рахметіңді сөйтіп айттың. 2 жасыңда Саған тәй-тәй басып жүруді үйретті. Сен бір жерде тұрмай, бөлмеден бөлмеге қашып рахметіңді сөйтіп айттың.
3 жасыңда Саған ықыласпен тамақ әзірледі. Сен болсаң, табағыңды үстелдің астына төгіп рахметіңді сөйтіп айттың.
4 жасыңда Қолыңа әр түсті қалам ұстатты. Ал сен қағазға емес, үйдің қабырғасына сурет салып рахметіңді сөйтіп айттың.
5 жасыңда Әдемі әрі мұнтаздай киімдер кигізді. Ал Сен оларды аямай кірлетіп, рахметіңді сөйтіп айттың.
6 жасыңда Сені мектепке жетеледі. Сен болсаң, жолда бармаймынға басып рахметіңді сөйтіп айттың.
7 жасыңда Саған доп алып беріп шынықсын деді. Ал сен допты қақпаға емес, көршінің терезесіне теуіп рахметіңді сөйтіп айттың.
9 жасыңда Сені жан-жақты болсын деп, пианино үйірмесіне берді. Сен болсаң, ноталарды бір күн де үйренбей рахметіңді сөйтіп айттың.
11 жасыңда Сені досыңмен бірге киноға апарды. Ал сен болсаң, «бізбен отырма, қыздардан ұяламыз» деп рахметіңді сөйтіп айттың.
15 жасыңда Сені жазда демалып, сергісін деп шетелге лагерьге жіберді. Сен болсаң, бір парақ хат та жазбай, рахметіңді сөйтіп айттың.
21 жасыңда Саған келешек жұмысың, карьераң туралы кеңес берді. Сен болсаң, «мен сіз сияқты болғым келмейді» деп рахметіңді сөйтіп айттың.
25 жасыңда Сені үйлендіріп, барын шашты, балаша қуанды. Ал Сен болсаң, үйден бөлек көшіп рахметіңді сөйтіп айттың.
30 жасыңда Бала тәрбиелеу туралы кеңес берді. Сен болсаң, «маған сендердің ескіріп кеткен тәсілдерің керек жоқ» деп рахметіңді сөйтіп айттың.
40 жасыңда Саған телефон соғып, туысқан бауырыңның туған күнін есіңе салды. Сен болсаң, «Ана, жұмысым басымнан асады» деп рахметіңді сөйтіп айттың.
50 жасыңда Ол сырқаттанып қалды, апта соңында оны көруге барғаныңда ол өте қуанды. Ал Сен болсаң, оған қарттар жас бала секілді ерке болады екен ғой деп рахметіңді сөйтіп айттың.
Күндердің бірінде.... ол мына жарық дүниеден өтті. Ал Сен болсаң, сол бір сәтте әлпештеп өсіріп, ұядан ұшырап, қияға қондырған Ананың баға жетпес қадірін енді сезініп, ол үшін жасамаған нәрселерінің барлығы жүрегіңе бір найзағайдай болып қадалғаны сөзсіз...
Сондықтан да, кеш болмай тұрғанда аналарымыздың қадірін түсінейік,барынша мейірімді болайық ағайын! Сондықтан да, кеш болмай тұрғанда аналарымыздың қадірін түсінейік,барынша мейірімді болайық ағайын!
Тыңдағандарыңыз үшін рахмет!