Сабақтың тақырыбы: §48 Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан.
Кластың жалпы сипаттамасы. Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері
Топқа бөлу
2. Жорғалаушылардың қанша түрі бар? Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым қалай аталады? 3. Жорғалаушылардың тері түзілісі қандай және мұндай түзіліс не үшін керек? 4. Жорғалаушылардың қаңқасы неше бөлімнен тұрады?
5. Жорғалаушылардың қандай бұлшықеттері жақсы дамыған? 6. Жорғалаушыларды жүрегінің құрылысы қосмекенділерге ұқсас бірақ қандай ерекшелігі бар? 7. Жорғалаушылардың сезім мүшелерін ата. 8. Жорғалаушылардың қаңқасында алғаш рет пайда болған бөлім?
Тест жұмысы 2 – тапсырма 1. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым. а) зоология ә) герпетология б) биология 2. Жорғалаушылардың жүрегі неше қуысты? а) 3 ә) 4 б) 2 3. Жорғалаушылар не арқылы тыныс алады? а) бүйрек ә) жүрек б) өкпе 4. Жорғалаушылардың терісі қандай? а) Тегіс, безді ә) ірі қабыршақты б) мүйізді қабыршақты 5. Жорғалаушылар қалай көбейеді? а) жұмыртқа, тірілей ә) уылдырық б) дернәсіл
Тест жауаптары әабба
§48 Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан. Жаңа сабақ:
Антарктикадан басқа жерлерге толық таралған жыландар отряд тармағында 3000-ға тарта түрі бар, олардың 400-ден астамы улы жыландар. Қазақстанда кездесетін 18 түрінің төрт түрі улы жаландар.
Қабыршақтылар отряды. Жыландар
Жыландар - денесі жұмыр, ұзындығы 8 см-ден 12 м-ге дейін жетеді. Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар, арқасы мен бүйірлерін ұзына бойы қатарласа орналасқан, ромбы тәрізді қабыршақтар жапқан. Бауыры көлденең жатқан ірі қалқаншалармен жабылған, олар бір-бірімен жұмсақ тері қатпарлармен жалғасқан.
Терісі: Терісі: Құрғақ, мүйізді қабыршақпен қапталған
Тілі ұзын, ұшы – айыр, қорегін ұстауға, айналаны сипап сезу қызметін атқарады.
Тістері жіңішке, өткір, артқа қарай иілген, усыз жыландарда тістері жемтігін ұстау қызметін атқарады. Улы жыландардың үстіңгі жақтарында у ағатын өзекшесі бар улы тістері орналасқан, олар қозғалмалы (алға – артқа қарай) болып келеді. Жақ сүйектері бір-бірімен серпімді сіңір арқылы байланысқан. Мұндай байланыс аузын кең ашуға мүмкіндік беріп, ірі жемтіктерді тұтастай жұтуға жәрдемдеседі.
Иық және жамбас белдеулерінің болмауына байланысты омыртқа жотасы бөлімдерге анық жіктелмеген: қысқа әрі жуан жыландарда омыртқасының саны – 141, ал ұзын әрі жіңішкелерінде – 435- ке жетеді.
Жыландар жылына 2 – 4 мәрте түлейді. Сыдырық (жыланның түлеген эпидермис қабығы) тұтастай түседі.
Жыландар - дара жыныстылар, ұрықтануы - іштей, аналықтары жұмыртқа салады. Мамыр- маусым 1,5см терімен қапталған жұмыртқа шілденің соңында жарып шығады. Тұңғыш ұрыққабатты жануарлар. Жұмыртқасының санының 100-ге жетуі, немесе одан көп болуы сирек кездеседі.
Сарыбас жылан түсі қоңыр, самайының арт жағына симметриалы орналасқан екі сарғылт жолағы болады. Сондықтан да бұларды сарбас жылан деп атаған. Кейбір түрлерінде сары жолағы және улы тістері болмайды. Егер адам қуса қарсыласып, тістуге ұмтылады, өте қатты тістейді Орта Азияның кейбір жерлеріне тараған. Батпақтың және өзеннің жағасын мекен етеді. Бақалармен, кесірткелермен, кемірушілермен, аздап та болса бунақденелілермен, өте сирек балықтармен қоректенеді. Жұмыртқа салып көбейеді.
Cұр жыландар - ұзындығы шамамен 2 м. Басы үшбұрышты немесе трапеция тәрізді. Үстіңгі жақтары қысқа, аузын ашқанда улы тістері алға қарай бағытталады жағының алдыңғы жағында 1-2 үлкен улы, 3-5 кіші тістері бар. Ұсақ омыртқалылармен қоректенеді. Көп сұр жыландылар, жұмыртқадан тірі туушылар, ал кейбіреулері жұмыртқа салады. Сұр жыландар улы жыландар. Улы аппараты жақсы дамыған.
Дене бөлімдері: бас, мойын, тұлға, құйрық, аяқтары Кесірткелер 12, орташалары 8 – 20, ірілері оннан астам жұмыртқа жұмыртқа салады. Көздерінің қабағы қозғалмалы, ойнақшып тұрады. Қауіп төнгенде көбі құйрығын үзіп тастап қашады, бірақ көп кешікпей жаңадан құйрық пайда болып бұрынғы қалпына келеді.
Кесірткенің қаңқасы Кесірткенің қаңқасы Мойын омыртқа Құйрық омыртқа Арқа омыртқасы Бел омыртқа Сегізкөз
Кесіртке мен жыланның айырмашылығы
Терісі: Терісі: Құрғақ, мүйізді қабыршақпен қапталған
.. У дегеніміз – түрін өзгерткен сілекей. Жыланның улы бездері үстіңгі жақсүйекте, көздің артқы жағында орналасады. Улы бездегі у үстіңгі жақсүйектегі екі улы тістің өзегі арқылы жеміне құйылады. Жыланның уы мөлдір, сарғыш түсті, иісі болмайды. Сұржыланның уы көбіне қанға әсер етеді де, қан жасушалары, қан тамырлары зақымданады.
Жыланның уы
Жылан шаққан кезде көрсетілетін алғашқы көмек: - кешіктірмей ауызбен уды сорып тастау - егер аузыңда жара жоқ болса, бұл әрекет минут бойы жүргізіледі. - зардап шегушіні тыныштандырып, жатқызып қою. - қолды шаққан кезде бүгіп, байлап қою. - аяқты шаққан кезде оны екінші аяғына бинтпен таңып тастау. - зардап шегушіге сусынды көп ішкізу (шай, минерал немесе жай су). - ауруды басатын кез-келген дәрілердің 1-2 таблеткасын ішкізу. - зардап шегушіні жатқан бойында емдеу мекемесіне жеткізу.
Жылан зиянды кеміргіштер, жәндіктермен қоректеніп пайда да келтіреді. Кейбір түрлерінің терісі әсемдік бұйымдар, еті тамақ жасау үшін, ал уы медицинада құнды дәрі - дәрмектер жасауға пайдаланылатындықтан, улы жыландар арнайы тәлімбақтарда өсіріледі.
Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар
Жорғалаушылар класы 4 отрядқа бөлінеді. Олар: тұмсықбастылар, , тасбақалар, крокодилдер. Қабыршақтылардың нан астам түрі белгілі, олар 3 отряд тармағына жіктеледі, олар: кесірткелер, құбылғылар және Жыландар - денесі жұмыр, ұзындығы дейін жетеді ұзын, ұшы – айыр, қорегін ұстауға, айналаны сипап сезу қызметін атқарады дегеніміз – түрін өзгерткен сілекей. Жыланның улы бездері , көздің артқы жағында орналасады. 1- тапсырма Биологиялық диктант қабыршақтылар 6000 жыландар 8 см-ден 12 м-ге Тілі У үстіңгі жақсүйекте
2- тапсырма Кестемен жұмыс
Белгілері Сүйекті балықтар Шеміршекті балықтар ҚосмекенділерЖорғалаушылар Мекен ортасы Дене жабыны Тыныс алуы Жүрек қуысы Қаңқа бөлімдері Көбеюі және дамуы
Белгілері Сүйекті балықтар Шеміршекті балықтар ҚосмекенділерЖорғалаушылар Мекен ортасы су Су, құрлыққұрлық Дене жабыны қабыршақтыПлакойдты жұқа, тегіс, безді, ылғалды Құрғақ, мүйізді қабыршақтармен қапталған Тыныс алуы желбезек Өкпе және теріӨкпе Жүрек қуысы Екі қуысты Үш қуысты Үш қуысты (Крокодилде төрт қуысты) Қаңқа бөлімдері Бас, тұлға, құйрық Бассүйек, омыртқа, иық белдеуі - алдыңғы аяқтар, жамбас белдеуі - артқы аяқтар Бассүйек, омыртқа, иық белдеуі - алдыңғы аяқтар, жамбас белдеуі - артқы аяқтар, кеуде қуысы. Көбеюі және дамуы Дара жынысты сырттай ұрықтанады Дара жынысты, іштей ұрықтанады Дара жынысты, сырттай ұрықтанады Дара жынысты, іштей ұрықтанады
жылан 1. Тапсақ қолымызды көтереміз Иір, иір ізі бар, Құлағы жоқ көзі бар. Түсі суық ызғарлы, Ауызында айыр бізі бар. 3- тапсырма Жұмбақтар
Ба қ а Таңдайлары тақылдап, Шулайтын не шалшықта, Бірін – бірі мақұлдап ?
балы қ Сыртқа шықса шыдамайды шөлге, Мекен - жайы өзендер мен көлде.
Бекіту сұрақтары: 1. Жорғалаушылар неше отрядқа бөлінеді? 2. Қабыршақтылар отрядының неше түрі бар? 3. Жыландардың қанша түрі бар? 4. Улы жыландарды ата? 5. Жыланның уынан не алуға болады ? 6. Жылан шаққан жағдайда қалай алғашқы көмек көрсету керек ? 7. Жорғалаушылар қалай көбейеді? 8. Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
1.§ 48 Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан