Қазақтың математика саласы бойынша алғашқы ғалымдары

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Әлімхан Әбеуұлы Ермеков Орындаған: Жақыпов А.Қ Тексерген:
Advertisements

Әлімхан Ермеков – тұңғыш қазақ математика ғылымдарының профессоры.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ СӨЖ Тақырыб: А.Байтұрсынов Қабылдаған:Нурбетова Г. Орындаған: Захаров А.
Елің сүйген, елі сүйген Елбасы!. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 1940 жылғы 6 шілдеде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 1940 жылғы 6 шілдеде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 1940.
Қасым Аманжолов
Қазақ тілі біліміне үлес қосқан ғалымдар. Қысқарған сөздер.
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы ( ) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.Қазақ.
Тақырыбы: Батыс Қазақстан этнографиясы. Дайындаған: тарих-301 топ студенті Узахбаева Жадыра.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары ( рәміздері )
Подготовила : ученица 7 « В » класса ОСШ 3 им. Абая Семёнова Т. қ. Талғар – 2011 ж.
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) ( ) хан, қолбасшы, жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен,
Презентация к уроку на тему: ПРЕЗЕНТАЦИЯ К "1 ДЕКАБРЯ - ДЕНЬ ПЕРВОГО ПРЕЗЕДЕНТА КАЗАХСТАНА".
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек». З. Қабдолов.
Ерсейітова Жанар Нұрмаханқызы 148 қазақ орта мектебінің оқушысы, Бидайкөл ауылы, Шиелі ауданы Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі- Құлтаева Ақмарал Мадиярқызы.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ( ). Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің проза, драматургия, публистика, журналистика, әдеби сын салаларының дамуына еңбегін сіңірген.
Абылай (Әбілмансұр) хан. Абылай ( Ә білманс ұ р) хан ( ) билік құ р ғ аны. Абылай хан ( ) Қ аза қ Ордасыны ң ханы, қ аза қ мемлекетіні.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы Қазақ тілі 10 Б сынып Мұғалім: Зеева Ләззат Шамшыраққызы.
Транксрипт:

Қазақтың математика саласы бойынша алғашқы ғалымдары Әлімхан Әбеуұлы Ермеков ( ) – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі, қазақ тіліндегі тұңғыш жоғары математика оқулығының авторы, математика саласы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш профессор. Әлімхан Ермеков 1891 жылы осы күнгі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Бөріктас деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Әбеу халыққа қадірлі, озық ойлы, орысша сауаты бар, өз дәуіріндегі зиялылардың бірі болған жылы Қарқаралыдағы қалалық училищеге оқуға түседі. Мектеп қабырғасында зейінді, алғыр болған Әлімхан мектепті үздік бітіріп, 1905 жылы Семейдегі ерлер гимназиясына түседі. Осы оқу орнын 1912 жылы алтын медальмен бітіріп, Томск технология институтының тау-кен факультетіне қабылданады. Қазақ автономиясын құруда Ә.Ермековтің өлшеусіз еңбегін зерделей отырып, онан кейінгі жасампаздық жолдары Қазақ елінің шаруашылық жайын қалыптастырып, нығайтуға халықты ағарту сияқты нақты істерге бағытталғандығына көз жеткіземіз. Қарқаралыда мектеп ашады, Ташкент пен Алматыдағы жоғары оқу орындарында математикадан дәріс оқиды. «Ұлы математика курсы» 1-бөлім (1935), «Қазақ тілінің математика терминдері» (1936) атты оқулық, кітаптарды жарыққа шығарады. Қазақ арасынан тұңғыш математика ғылымының профессоры атағын алады. Сонымен бірге нағыз білім мен біліктілікті қажет ететін сала Халық шаруашылығын жоспарлау комитетінде және басқа да жауапты қызметтерде болады жылдары бір топ қазақ зиялылары абақтыға алынып, тергеуге түскенде, Ә.Ермековті де түрмеге қоса қамайды. Алаш ісінің мүлдем құртылып, ұрпақтық сабақтастық үзіліп қалмау және ұлт зиялылары болашақты ойлап, Алаштың жас түлек дарындары М.Әуезов пен Ә.Ермековті сақтап қалу мақсатында олар, «кінәларын мойындап» сол жолы бостандыққа шығады. Алайда 1937 жылғы қара бұлт Ә.Ермековтің басына тағы да үйіріліп, 1939 жылы сотталып, 1947 жылға дейін түрмеде отырып шығады. Түрмеден шыққаннан кейін жаламен қайта ұсталып, 1958 жылы босайды жылы 26 қарашада толық ақталып, Қарағанды Мемлекеттік техникалық университетінде математикадан дәріс оқиды жылы қайтыс болады. Сәдуақас Боқаев ( ) – математика саласы бойынша қазақтан шыққан тұңғыш доцент, алғашқы ғылым кандидаттарының бірі, Қазақстандағы жоғары математикалық білім беру ордаларының қара шаңырақтары – Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен әл- Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің физика-математика факультетінің негізін қалаушылардың бірі. С.Боқаев 1907 жылы 17 наурызда Семей облысы, Абай ауданы, Көкбай ауылында дүниеге келген. Сауатын Зайсанда ашады. Әкесі Сәдуақасты кішкене күнініен бастап інісі Тайыр Жомарбаевтың (қазақтың көрнекті ағартушы- педагогы, ақын және драматург) пен Адгия Фархисламовнаның тәрбиесіне берді. Соның арқасында мектеп бағдарламасы көлеміндегі математиканы жақсы игеріп, олар оны Орынбор халық ағарту институтының физика-математика бөліміне оқуға жіберген. Осы институтта сабақ берген К.И.Торопов қабілетін байқап, институт директоры Қ.Тоқыбаевтың алдында С.Боқаевты Мәскеуге оқуға жіберу туралы мәселе қояды. Ол Орынбор халық ағарту институтының физика- математика бөлімін, 1928 ж І – Мәскеу мемлекеттік университетінің астрономия- математика бөліміне оқуға қабылданады ж.Мәскеу университеттін бітіріп, сол жылы осы университеттің аспирантурасына түскен. Бірақ Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты оны 1932 ж. Алматыға шақыртып алады ж. Қазақ педагогикалық инcтитутында ассистент, кафедра меңгерушісі, декан, профессор болды, мұнымен қатар ол ж. ҚазМУ -де кафедра меңгерушісі қызметін атқарып, студенттерге математиканың арнаулы салаларынан лекция оқыды. Боқаев Сәдуақас Хасенұлы дифференциалдық теңдеулер, арнаулы функциялар, конформдық түрлендіру теориясының және олардың механикада қолданылу мәселелерін зерттеумен айналысты. Орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын құрастырды. Ол Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы терминология комиссияның мүшесі болды. С.Боқаев 1937 жылы жалған жаламен қамауға алынып, Архангельск облысына айдауға жіберіледі жылы айдауда жүріп қайтыс болады. Ибадулла Ақбергенов (1907– 1938) – қазақтан шыққан тұңғыш физика-математика ғылым кандидаттарының бірі, доцент. Ибадулла Акбергенов 1907 жылы 15 қарашада Оңтүстік Қазақстан обласының Созақ ауданында дүниеге келген жылы Ташкент қаласындағы Казақ Институтының дайындық бөліміне оқуға түсті жылдар аралығында 6 балалар үйінде жұмыс істеді ж. Ташкент Орта Азия университетінің физика- математика факультетін бітірген ж. сол университеттің аспирантурасына түсіп, 1934 ж.Ленинград мемлекеттік университетінің аспирантурасына ауыстырылады ж. профессор Л.В. Канторовичтің (1964 жылдан КСРО ғылым академиясының академигі) жетекшілігімен «Интегралдық теңдеулерді жуықтап шешу тәсілдері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған – 36 ж. Ташкент Орта Азия университетінде қызмет істейді ж. ҚазМУ-дың математика анализ кафедрасының меңгерушілігіне шақырылды. ҚазМУ-де қызмет атқарған – 38 ж. Ибадулла Ақбергенов студенттерге математика пәнінің сол уақыттағы деңгейге сәйкес берілуіне өте көп еңбек сіңірді. ҚазМУ-ге Мәскеуден И.П. Натансон, В.Л. Гончаров, Н.Н. Назаров сияқты белгілі профессорларды шақыртты, оқытушылар мен студенттерге дәріс тыңдатуды ұйымдастырды. Оның теориялық жағынан өте жоғары «Фредгольмның екінші текті интегралдық теңдеуінің жуық шешуі және оның меншікті мәнін анықтау» деп аталатын ғылыми еңбегі сол жылдары жарияланды. Мұнда қолданылған тәсіл кейін көптеген математиктердің еңбектерінде одан әрі дамытылды жылы 17 наурызда 41 бұйрықпен 15 наурыз күні жұмысқа шықпағанына байланысты жұмыстан босатылды. Ал ол ДКНБ РК-ның құжаттары бойынша 14 наурыз күні қамауға алынған жылы 11 қарашада ату жазасына кесілді жылы 29 тамызда ақталды.

Қазақтың математика саласы бойынша атақты ғалымдары Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы ( ) – ғалым, физика- математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған. О.Жәутіков жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтының директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. О.Жәутіков – республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол 200-ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы. Асан Дабысұлы Тайманов ( ) – белгілі қазақ математигі, физика- математика ғылымдарының докторы (1961), Қазақ ССР ҒА-ның академигі (1962), Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол Орал облысы, Орда ауданы, Бейсен ауылында туған. Он жастағы Асан мұғалім Ахметфаиз Тажетдинов көмегімен орда кеңшарындағы балалар үйіне орналастырылып, тәрбиеленеді. Кейін педагогикалық училищеге айналдырылған Сломихиндегі шаруа жастар мектебінде оқыды. Оны үздік бітіріп, 1933 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына түсіп, оны бітіргеннен кейін математика кафедрасының кіші мұғалімдігіне қалдырылды. Осы мезгілде М.В.Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті механика-математика факультетінің сырттай оқыту бөліміне емтихан тапсырып, студент атанады. Оның үшінші курсын бітіргеннен кейін, 1938 жылы А.Д.Тайманов Ленин атындағы Москваның мемлекеттік педагогикалық институтының аспирантурасында 1941 жылға дейін оқыды. Қазақстанның шақыруымен Асан Дабысұлы 1947 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогика институтына қызметке келді. Мұнда ол физика-математика факультетінде математика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Онда ол 1954 жылға дейін болды жылдар арасында 20 ғылыми еңбек жарық көрді. Өзінің айналысып жүрген дескриптивтік жиындар теориясының көзқарастарын модельдер теориясының талай проблемаларына пайдаланып, Таймановтық индуктивтік процесті ашты, Тайманов критерийін ашты жыл да Асан Дабысұлына жайлы жыл болды. «Жоғары алгебра» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер атағы берілді. Ондай атақ ілуде біреуге беріледі. Бұдан әргі Тайманов жолы СССР Ғылым Академиясының Сібір бөлімшесімен байланысты. Мұнда ол Математика институтында және Новосибирск университетінде қызмет істеді. А.Д.Тайманов 1961жылы ғылым докторы болса, 1962 жылдан академик жылы ол Алматыға шақырылды, бірақ ол 1970 жылы қайта Сібірге оралды. Асан Дабысұлы 107 ғылыми еңбек жазып, бірнеше ғылым докторы мен кандидаттарын даярлады. Асан Дабысұлы математикалық логикадан ұйымдастырылған он төрт халықаралық конгрестің жетекшісі болды. Мұндай құрметке дүниежүзінде бірде-бір математиктің қолы жетпеген. Ол математиктер бекзадасы. Өзінің ақтық тілегімен Москвада жерленген. Аманов Төлеубай Ыдырысұлы ( ,Шығыс Қазақстан облысы Семей қалалық әкімдігі, Құрманқожа ауылы – , Алматы қаласы) – физика-математика ғылымдарың докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1972). Функция теориясы бойынша Қазақстаннан шыққан бірінші ғылым докторы. 1940–42 ж. Семей педагогикалық институтының студенті ж. каңтарда соғысқа аттанып, 2-Украин майданында ауыр жарақат алған ж. ақпанда Семейге оралып, сол жылы педагогикалық институтты бітірген соң ұстаздық қызмет атқарды. 1950–53 ж. Мәскеуде КСРО Ғылым Академиясының Математика институтында аспирант, 1953–63 ж. Семей педагогика институтының проректоры және жоғары математика кафедрасының меңгерушісі. 1969–70 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика институты директорының орынбасары, ҚазМУ- да кафедра меңгерушісі, 1970 жылдан Математика және механика институтының директоры болды. Амановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінде функционалдық кластарды іштестіру теориясы және оның қолданылатын мәселелері қарастырылған. Докторлық диссертациясында функциялардың 5В класының тұйық теориясын құрып, кейін сол класқа байланысты мәселелер туралы монография жазды. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Қазақтың математика саласы бойынша атақты ғалымдары Назарбай Қыдырұлы Білиев – белгілі ғалым – математик, математикалық физиканың дифференциалдық теңдеулері мен функционалдық анализ салаларында маман, оның жалпыланған аналитикалық функциялар, математикалық физика теңдеулерінің шеттік есептері, функционалдық кеңістіктердегі ерекше интегралдық теңдеулер теориясына қосқан үлестері өте зор. Н.Қ.Білиев 1935 жылыдың 15 қыркүйегінде Ақтөбе облысының Байғанин ауданы Жарқамыс поселкесінде қызметкер жанұясында дүниеге келген. Н.Қ.Білиев 1952 жылы ҚазМУ-дің физика – математика факультетінің математика бөліміне оқуға түсті жылы Н.Қ.Білиев Москваға барып ССРО ҒА МИ аспирантурасына түсті. Оның бірінші ғылыми жетекшісі физика – математика ғылымдарының кандидаты (көп ұзамай докторы) В.С.Виноградов болды жылы «Эллиптикалық жүйелердің түрін өзгертетін ерекше нүктелерінің маңайында аналитикалық шешімдерінің болуы туралы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады жылдан бастап Н.Қ.Білиевтің ғылыми қызметі Ұлттық ғылым академиясының Математика және механика институтымен (1965 жылға дейін Сектор) байланысты: 1963 жылдың қазанынан – кіші ғылыми қызметкер, 1966 жылдан – аға ғылыми қызметкер, 1978 жылдан – функционалдық анализ және функциялар теориясы лабораториясын басқарды, 1988 жылы сайлаудан өтіп Институт директоры болды, 2000 жылдан – құрметті директор және (қосымша жұмысы) негізгі ғылыми қызметкер. Н.Қ.Білиев 120 аса ғылыми еңбектер жариялады, оның оқушыларының ішінде 18 ғылым кандидаты, өз оқушылары мен мектептері бар 3 ғылым докторы бар. Н.Қ.Білиевтің ғылыми қызметі танылуда, 1985 жылы профессорлық атақ алды, 1989 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының корреспондент – мүшесі болып сайланды, 1996 жылдан Ресей жаратылыс ғылымдарының академиясының академигі, 2004 жылдан Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы берілді, 1999 жылы Халықаралық бірінші дәрежелі Хорезми сыйлығын алды. Нұрлан Темірғалиұлы Темірғалиев – математик, физика-математика ғылымдарының докторы (1991), профессор (1991), кафедра меңгерушісі (1992 жылдан). Ол Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданы орталығы Калмыковода қаңтардың 13-де өмірге келген жылы Қостанай облысы, Қарабалық ауданына қарасты Бөрілі орта мектебінің бірінші класына барып, мұнда екі жыл оқығаннан кейін, Тайпаққа көшіп келіп, Калмыково орта мектебін алтын медальмен бітірді. Бұл 1964 жыл болатын. Осы жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика-математика факультетіне оқуға түсіп, оны үздік бітіргеннен кейін В.А.Стеклов атындағы математикалық институт аспирантурасында 1972 жылға дейін оқыды. Сол жылы Ресей Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі Петр Лавреньтевич Ульяновтың жетекшілігімен «Қатарлардың кейбір қасиеттері және енгізу теоремалары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Сөйтіп, Москвадан Алматыға жолдама алып, аз ғана уақыт Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясында қызмет істеді де ұстаздық қызметке ауысты. Нұрлан 1974 жылдан үзбей әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетте қызмет етіп келеді. Ол аға оқытушылыққа қабылданып, доцент, профессор атақтарына кір келтірмей, аялап келеді. Осы жылдар ішінде елу шақты ғылыми еңбек жазып, бес ғылым кандидатын даярлады. «Математикалық анализін» жазды. Оның бірінші томы 1987 жылы «Рауан» баспасынан, екінші томы «Ана тілі» баспасынан 1991жылы, үшінші томы «Білім» баспасынан 1996 жылы шықты. Бұлар математикалық анализден жазылған кейінгі жылдардығы қомақты еңбек. Онда дәстүрлік материалдар мен жаңа теориялар байланыстырыла, әдістемелік жағынан ұстамды жазылған оқулық. Математикалық терминологияны жасаудың халықаралық тәжірибесін қатаң ұстанған автор өз кемшілігін түзетуден қорықпайды. Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы ( жылы туған, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті) – ғалым, физика-математика ғылым докторы (1988), профессор (1990), Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі (1995) – 90 жылдары Математика және механика институтында (қазіргі Математика институты) кіші, аға, жетекші ғылым қызметкер болды жылдан сол институтта алгебра лабораториясының меңгерушісі. Жұмаділдаевтің негізгі ғылым-зерттеу еңбектері Ли алгебрасының когомология теориясына арналған. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасының когомологиялары мен деформацияларын және олардың қолдануын зерттеген. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеген. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін тапты. Жұмаділдаев Германиядағы Гамбург (1986), Мюнхен (1995 – 96), Билефельд (1996 – 99) университеттерінің профессоры болып, Кэмбридж университетінің жанындағы Ньютон институтында (1997), А.Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығында (Италия, 1998, 2001), Швеция корольдік Ғылым Академиясының Миттаг-Леффлер атындағы Математика институтында (1998 – 99), Фильдс атындағы Математика институтында (Канада, 2001) қызмет атқарып, лекциялар оқыған. Германияның, АҚШ-тың мемлекеттік стипендияларын, Швеция корольдік Ғылым Академиясының грантын алған. Ол – 12-сайланған Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ғылыми дәрежелері: 1981 ж. – физика-математика ғылымдарының кандидаты (КСРО ғылым академиясының математика институты, Мәскеу). 1988ж. – физика – математика ғылымдарының докторы (КСРО ғылым академиясының математика институты, Ленинград бөлімі) ж. - Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры ж. - ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі ж. - ҚР ҰҒА-ның академигі.