мекендеушілері
1. Бөген ұғымына анықтама беру 2. Бұқтырма өзені туралы мәлімет 3. Бұқтырма бөгені туралы мәлімет 4. Гидробиологиялық сипаттама 5. Қорытынды.
Бөген, су бөгені арнасын бөгетпен бөгеу немесе жер бедерінің көлемді ойыстарына су толтыру арқылы құрылатын жасанды су қоймасы. Бөген өзен ағынын тиімді пайдалану ( электр энергиясын өндіру, кеме қатынасы, сумен қамтамасыз ету, егін суару, балық өсіру, т. б.) мақсатында жасалады. Шағын Бөгендерді әуіт, тоған деп те атайды. Су мөлшерін реттеу мерзіміне байланысты тәуліктік, апталық, маусымдық ( немесе жылдық ) және көп жылдық Бөген болып жіктеледі. Дүние жүзіндегі ең ірі [ Ангара | Ангарадағы Братск Бөгенінің көлемі 170 км 3. Қазақстанда Ертіс өзенінде аса ірі Бұқтырма, Іледе Қапшағай, Сырдарияда Шардара Бөгендері бар.
Бөген - Сағалық өңірінде бірте - бірте кеңи түскен өзен аңғарын теңіз суы басып кетуіне байланысты пайда болатын шығанақтар. Ашық және жабық бөгендер болып екі түрге бөлінеді. Ашық бөгендер теңіз суымен басыбайлы байланыста болса, жабың бөгендер теңіз айдынынан көшпе аралдар мен бел - белестер арқылы дараланған күйде ұшырасады.
Бөген түрлері - кейіннен және қажет кезінде пайдалану үшін су толтырылған біршама ауқымды резервуар болып табылатын бөгендердің мынадай түрлері кездеседі : 1) темір, бетон, тас және басқада материалдардан жасалған жабық резервуарлар. Олар жер бетінде немесе жер астында орналасады. Күнделікгі реттелетін резервуарлар ретінде сумен қамтамасыз ету немесе тегеурін жасауға пайдаланылады ; 2) шұңқыр қазу, тегіс немесе еңістігі аздау жерлерде үйінділермен қоршау арқылы жасалынатын ашық бассейндер. Мұндай бөгендер кейде дериватты СЭС түрінде жасалып, күнделікті реттелетін бассейндер ретінде, сондай - ақ суару жүйесіңде көктемгі ағындыны уақытша ұстау үшін пайдаланылады ; 3) табиғи ағын сулардың анғарларында тегеурін қалыптастырушы имараттар салу арқылы пайда болған бөгендер ( бөгет, СЭС ғимараттары және т. б.).
Бұқтырма өзені өзен, Ертістің оң саласы. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы, Зырян ауданы жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 336 км, су жиналатын алабы км ². Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 214 м ³/ с. Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды.
Өзен аңғарының беткейлері тік жар, терең шатқалды, аңғарының ені 5 6 км, тар жері 0,3 0,4 км. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктемде, жазда тасиды. Мұзқұрсау қарашаның 2- жартысында қалыптасып, әдетте күнге созылады. Мұздың қалыңдығы 5080 см болады. Суы өте жұмсақ әрі тұщы ( мг / л ). Өзен арнасымен ағаш тасымалданады, салалары егін суаруға пайдаланылады. Ағысының күштілігіне байланысты Бұқтырма атанған.
1) Ақбұлақ 2) Сарымсақты 3) Ақ Берел 4) Черновая 5) Язовая 6) Бобровка 7) Черневая 8) Хамир 9) Тұрғысын 10) Кауриха
Бұқтырма бөгені ( Бухтарминское водохранилище ) - Ертіс өзенінде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында, Қалба, Нарын, Күршім жоталары аралығында орналасқан. Қазақстандағы ең ірі бөген. Су айдыны 5940 км ², ұзындығы 600 км, ені 40 км, ең терең жері 80 м. Суының көлемі 49,6 км 3. Бөгеннің құрамына Қара Ертіс өзенінің атырауы, Зайсан көлі, Ақ Ертіс өзенінің бір бөлігі ( бастауынан Серебрянск қаласына дейін ), Бұқтырма, Нарын өзендерінің төменгі ағысы кіреді. Бұқтырма бөгенін толтыру 1960 жылдың сәуір айында басталып, 1962 жылы Ертіс өзенінің суы Зайсан көлімен қосылған соң біртұтас су айдынына айналды. Бұқтырма бөгенін су түбінің морфометриялық ерекшеліктеріне байланысты шартты түрде үшке бөлуге болады : жоғарғы ( көлдік ), орта ( таулы - аңғарлық ) және төменгі ( таулық ) бөліктер.
Су деңгейі мамыр айының бас кезінде көтеріле бастайды да, тамызда ең жоғарғы биіктігіне жетеді. Қыркүйек айынан сәуірге дейінгі мерзімде су деңгейінің көп жылдық ауытқуы 5,0 м - ге жетсе, маусымдық тербелісі – 1,3 – 3,8 м аралығында болады. Суы тұщы. Минералдылығы 0,05 – 0,14 г / л, жұмсақ, хим. құрамы – гидрокарбонатты кальцийлі. Бөгенде фитопланктонның 280, зоопланктонның 260 түрі кездеседі. Сазан, табан, көксерке, омуль, шармай, ақ амур, бахтах, т. б. балықтар өседі. Жылына орта есеппен 8 – 9 мың т балық ауланады. Бұқтырма бөгеніндегі Өскемен, Бұқтырма СЭС - тері Шығыс Қазақстан облысының аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Көктемде бөгеннен жіберілген су Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының жүздеген мың га егісі мен шабындықтарын суландырады.
1)М.Қ.Жұмалиев, Ә.А.Бәйімбет, Б.Е.Есжанов Балықтар алуантүрлілігі және ихтиология негіздері Алматы Қазақ университеті 2009, 235 бет. 2)Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов Алматы: "Мектеп" баспасы ЖАҚ, бет. 3)Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов жыл. 328 бет.