1.Психологияның негізгі әдіснамалық принциптері: 1) заттасқан болмыстағы психикалық құбылыстардың себеп-салдарлылығын мойын- дау; 2) психикалық құбылыстарды танудың генетикалық бағытын ұстану және оларды даму үдерісінде зерттеу; 3) психика мен іс-әрекеттің ажы- ралмас бірлікте болатынын қолдау; 4) адам психикасын биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың бірлігін ескерумен зерттеп бару
Детерменизм принципі психикалық процестердің табиғи механизмдері қоғамдық-тарихи факторлардың ықпалымен өзгеретіні,,яғни адамның психикалық дамуына оның адамзат мәдениеті өнімін игеруі,қоғамдық қатынастарға араласуы маңызды ықпал жасайтыны жөніндегі коцепцияға негіз болады. психологиядағы детерминистік бағыттың іске асуының және бір жолы психиканың ми қызметіне қатынасты мәселе екені жөніндегі шешімінен.Детерминизм –психикалық құбылыстарды түсіндіруде физиологиялық заңдылықтарды қолданудың негізі болды. /Алғашқы кеңес психологиясында детерминистік бағыт арнайы принцип ретінде қарыстырылмаған еді.50-жылдары С.Л.Рубинштейн бұл принцип рөліне баса мән беріп оның әдіснамалық маңызы барын тұжырымдап,алға тартты.Ғалым детерминизм принципін психикалық құбылыстардың табиғаты мен мәнін талдау үшін қолданып,психикалық құбылыстарды материалдық дүниемен өзар байланысты қарастырады.