Ежелгі Қытай философиясы Ежелгі Қытай философиясы әлеуметтік, этикалық және саяси бағыттылықта дамыды. Ежелгі «И- цзинь» түпнұсқасында дүние бес элементтен: жер, су, от, ағаш, металлдан тұрады деген.
Конфуцийшілдік мектеп Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций (б.з.д ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір – тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады: Бос қиялға салынбау. «Мен білемін» дегендіктен аулақ болу. Қасарыстық көрсетпеу Өзінің жеке басы жайлы ойламау. Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлендер кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы, « Сұқбат және пікір айту», т.б.). Конфуцийдің « Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған.
Конфуций (б.з.д ж).
Конфуций адамдарды екіге бөледі: Адамдар Текті адамдар – заңдар мен адамгершілік қағидалармен өмір сүреді Төменгі адамдар – тек өз басының қамын ойлайды.
Даоизм мектебі Қытай фиялософиясы Дао деген ұғымды түсіндіруден басталады. Дао барлық заттың түп негізі және бірлігі, барлық заттар мен құбылыстар өсіп, дамып, жетіліп, қайтадан Даоға айналады. Дао ілімінің негізін салған Лао-Цзы б.э.д. VІ ғ. Лао- Цзы өзінің Дао және Дэ деген кітабында дүниенің пайда болуын адам айтуы бойынша дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар тіршілік иелері, өздерінің табиғи жолымен өмір сүреді. Оларды Дао басқарады. Дао субстанция ретінде көзге көрінбейді. Дао дүниенің пайда болуын былай түсіндіреді. Ол Ин – оң және Янь – теріс бөлшек. Олардан Аспан мен Жер пайда болады. Аспан және Жер өз кезегінде Ци деген бөлшек шығарады.
Лао-Цзы б.э.д. VІ ғ
Бұл мектептің негізін салған Шань-Ян б.э.д ІІІ-ІV ғ. Заңгерлер мектебінің негізгі фәлсафалық тұжырымы «жаңа заманға ескі киім кигізуте болмайды» дегенге келіп саяды. Жаңа заман талаптарына сай жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи шындық үшін басқарудың соны тәсілдері қажет. Легистер Конфуцийдің мемлекетті әдептілік заңымен басқару керек дегеніне қарсы мемлекетті қатал заңға сүйеніп басқару қажет дегенді дәріптейді. Сонда халық билеушіге бағынады, айтқанын істейді. Адам ұсақ қылмыс жасаса да оны жазалау керек. Сонда ол үлкен қылмыс жасамайды. Осылайшы легистердің мақсаты ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясындағы Ұлы Қытай мемлекетін құру. Осы мемелекетте басқа халықтарды бағындыру керек деген идеяны дәріптеді. Легистер мектебі
ХХ ғасырдағы Қытай философиясы ХХ ғасырдағы қытай философы Ху ШИ ( жж.) көптеген ірі еңбектердің авторы жылы Шанхайда онынң төрт томдық еңбегі жарық көрген. Қытай философиясының болашағын ол конфуциялық идеалдардың моралистік және рационалистік тұсауларынан босану бағытымен байланыстырады. Оның пікірінше, бұл жолда біздің жыл санауымыздағы үшінші, төртінші және бесінші неоконофуциялық мектептерінің қайта өрлеуі үлкен рөл атқарды. Ол қытай философиясы дамуының бірінші кезеінң философия әдісін анықтау үшін зерттейді. Ху Ши әуел бастан-ақ қытай философиясында логика дамып, ал мораль теориясы, саясат, білім мәселелері логика теориясы мен әдісін айқындау жолында көмекші рқл атқарғанын пайымдайды. Осы жолда қытай екі кезеңнен – ақындардан софистер ғасырына және софистерден логика ғасырына өтті және бірінші софистер ретінде Лао-Цзыны атап көрсетеді. Өзгерістер кітабындағы ең маңызды логикалық доктрина ретңнде Ху Ши Сян идеясын сипаттайды. Идеалды форма конфуций логикасының негізгі бөлігі. Бұл идея Аристотельдің формалды себептеріне немесе Ф. Бэконның форма туралы ұғымына жақын келеді. Екінші – пайымдау теориясы – цы. Конфуций бұл теорияны рационалдандыру дейді Ху Ши
Ху Ши