ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ...

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Lesson Study дегеніміз -- мұғалімдер тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл. Бұл тәсіл ХІХғасырдың 70-ші жылдарында Жапонияда негізі қаланған. Таралуы: Lesson Study-ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту ме
Advertisements

2008г. ©
Қазіргі заманғы сабақты талдау Талдау- затты/ құбылысты, үрдісті/ бөліктерге, бөлшектерге немесе белгілерге ойша бөліп, оларды салыстыру және маңызды,
ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамалық негізі Тексерген: пед.ғ.д. Әмірова Ә.С. Орындаған: Искендирова.
Абай атындағы ҚазҰПУ, Жаратылыстану-география институты Макымова Бағдагүл Тақырыбы: Биологиялық негізгі ұғымдарын қалыптастыру Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к.,
Кәсіби келіссөздер техникасы Орындаған: Сейлхан Айман Тексерген:
Жоғары мектеп педагогикасының ғылыми-зерттеу әдістері Тексерген: пед.ғ.д. Әмірова Ә.С. Орындаған: 1 курс магистранты Искендирова Э.Т. МПД к Тексерген:
Мұғалімнің кәсіби өздігінен білім алуының негіздері.
«Дарын» РҒПО-ның ғылыми жоба жарыстарына оқушыларды қатыстыру ережесі Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстарын жыл сайын Қазақстан Республикасы.
Психологияның зерттеу әдістері. Психологияның зерттеу әдістері - психологияда қолданатын әдістері мен әдістерінің арысындағы байланыс.
О ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ПРЕЗЕНТАЦИЯ Орындаған: Сабырхан А. Баумуратова Ш. Тобы: Қабылдаған: Адылбекова Э. Шымкент,
Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Әдіс ұғымы (гректің методос сөзінен аударғанда – бірдеңеге бастайтын жол)
Жалпы түсінік Аудиторлық бағдарламалар ҚР-ның аудит туралы заңы.
Оқушылардың ғылыми қоғамындағы география секциясының жұмыс бағдарламасы Имашева Шынаргүл Қанатқалиқызы география пәнінің I-санатты мұғалімі Қазақстан Республикасы.
Ғылыми әдіс жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге.
Дәріс тақырыбы: Ғылыми – педагогикалық зерттеудің әдіснамасы.
Жоба әдісі бойынша сабақты модельдеу Жоба әдісі дегеніміз белгілі бір проблеманы оқушылардың өздігінен немесе ұжыммен біріге отырып шешуге бағыттайтын,
Мектептегі бағалау жүйесі туралы не айта аламыз? Бағалау қаншалықты шынайы
1. Білім берудегі инновация анықтамасы? 2. Жобалаудың біртұтас технологиясы қандай кезеңдер мен іс- шараларды қамтиды? 3. Жобалау технологиясының ерекшеліктері.
Р.Ж.Бахтиярова – Біліктілік арттырудың Ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ Батыс Қазақстан облысының филиалы ПҚБАИ-дың аға оқытушысы МҰҒАЛІМ ПОРТФОЛИОСЫ.
Транксрипт:

ӘЛЕУМЕТТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ...

Әлеуметтанулық зерттеулер бір бірімен тығыз байланысты, бірін бірі алмастырып отыратын, ұйымдастыру жағынан автономды болып табылатын кезеңдерден тұрады: әлеуметтанулық зерттеу жүргізуді дайындау кезеңі; алғашқы әлеуметтанулық мәліметтерді жинау; жиналған мәліметтерді өңдеуге дайындау және оны өңдеу; өңдеуден өткен мәліметтерді талдау, зерттеу қорытындысы бойынша есеп дайындалып, қорытындылар жасап, ұсыныстар жасау.

Бағдарлама зерттеудің әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастыру техникалық мәселелерін толық анықтайтын негізгі ғылыми құжат. Бағдарлама қарастырылатын проблеманы, зерттеудің мақсатын, міндетін, зерттеу нысанын, пәнін дәл анықтап, алдын ала талдаулар жүргізуге, болжамдар жасауға, қолданылатын ұғымдардың түсініктемелерін беріп, оларды тексеруден өткізуге мүмкіндік беруі қажет. Бұлардың барлығы бағдарламаның әдіснамалық бөлімінде ашылуға тиісті.

Әлеуметтанулық зерттеудің әдіснамасы: әлеуметтанулық білімінің дамуын және бағалаудың, зерттеу жүргізудің нормалар жүйесі мен реттеу принциптері мен ұйымдастыру әдістерінің жиынтығы. Әлеуметтанулық зерттеу әдісі: әлеуметтік фактілерді анықтайтын, өңдеу және талдау ісінде қолданылатын операциялардың, тәсілдердің, процедуралардың жиынтығы. Әлеуметтанулық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізуге қажетті қызмет әдістері, дағдылары, ептілік, шеберлік т.б. жиынтығы зерттеу техникасы деп аталады.

Әлеуметтанулық зерттеу бағдарламасы екі мәселені шешеді: Бастапқы теориялық баптарды зерттеудің құрылымына айналдырудың жолын табу. Алынған фактілерді эмпиристік материалдар деңгейінен теориялық қорытындылау деңгейіне көтеру. Зерттеулер тәжірибелік ұсыныстар берумен шектелмей, теорияның өзін де дамытудың негізіне айналуы керек.

Зерттеу инструменттері құжаттар Зерттеу жүргізудің әдістері Техника - лық тәсіл

Зерттеу инструментариіне жататын элементтер: Алғашқы мағлұматтарды жинақтаудың әдістері Сұрақ парақтары анкеталар Мәліметтерді өңдеу, сараптау, талдау тәсілдері Әлеуметтік мәліметтерді бағалау инструменттері қызметін атқаратын әлеуметтік көрсеткіштер Зерттеу кезеңдері басшылары мен ғылыми көмекші қызметкерлердің жұмыстарын ұйымдастыруға қажет нұсқаулар

Әлеуметтанулық зерттеулерді зерттеу пәнін талдаудың тереңдігіне, масштабына, шешілетін міндеттердің күрделілігіне қарай бөледі. Зерттеулердің негізгі түрлері: барлаулық зерттеулер; сипаттамалық зерттеулер; сараптамалық зерттеулер.

Барлаулық зерттеулер: әлеуметтанулық талдаудың ең қарапайым түрі. Бұл зерттеудің барысында мазмұны жағынан шектеулі міндеттер шешіледі.Азғантай жиынтық зерттеледі, қарапайым бағдарламаға негізделеді. Сипаттамалық зерттеулер: құбылыстар мен үрдістердің құрылымын,түрлерін, сипатын анықтау мақсатында жүргізіледі. Сипаттамалық зерттеулердің объектісі әртүрлі әлеуметтік сипаты бар адамдардың үлкен топтары. Сараптамалық зерттеулер: әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің құрылымдық элементтерін сипаттаумен шектелмей, олардың себептерін, үрдіске араласқандардың тәртібін, объектіге жаңа сипат, қасиет беретін факторларды ашуға бағытталған. Барлаулық зерттеулер: әлеуметтанулық талдаудың ең қарапайым түрі. Бұл зерттеудің барысында мазмұны жағынан шектеулі міндеттер шешіледі.Азғантай жиынтық зерттеледі, қарапайым бағдарламаға негізделеді. Сипаттамалық зерттеулер: құбылыстар мен үрдістердің құрылымын,түрлерін, сипатын анықтау мақсатында жүргізіледі. Сипаттамалық зерттеулердің объектісі әртүрлі әлеуметтік сипаты бар адамдардың үлкен топтары. Сараптамалық зерттеулер: әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің құрылымдық элементтерін сипаттаумен шектелмей, олардың себептерін, үрдіске араласқандардың тәртібін, объектіге жаңа сипат, қасиет беретін факторларды ашуға бағытталған.

Мәліметтерді жинау әлеуметтанулық зерттеудің ең басты міндеті. Қазіргі заманғы әлеуметтануда әртүрлі варианттарда қолданылатын эмпиристік әдістердің көптеген түрлері қалыптасты. Олардың біразын әлеуметтанушылар, этнографтардан, статистикадан, психологтардан қабылдап, бүгінде олар әлеуметтану ғылымының зерттеу арсеналына айналды. Қоғамдағы әлеуметтік үрдістер мен құбылыстар туралы фактілер жинақтаудың кеңінен тараған әдістерінінің қатарына: бақылау, сауалнама, сұхбат, құжат талдау, эксперимент талдау.

Бақылау - зерттелетін әлеуметтік фактілерді әдейі, мақсаттық түрде, жүйелі, жоспарлы, тікелей қабылдап жазып отыру арқылы мәліметтер жинақтау әдісі. Ғылыми бақылаулардың ішінен кеңірек тарағаны іштен бақылау. Зерттеуші зерттелетін субъектінің ішінде өмір сүріп немесе жұмыс істеп жүріп ғылыми зерттеу жүргізеді. Осы әдісті қолданудың классикалық үлгісін әлеуметтанушы У.Уайттың зерттеуінен көреміз. Эксперимент - құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды ашуға бағыттылған әлеуметтік мәліметтерді бақыланып, басқарылатын жағдайда жинақтау әдісі. Көбіне тәжірибешінің оқиғалардың табиғи барысына араласу арқылы жүзеге асады. Оның түрлері: натуральды, ойша. Натуральды тәжірибе аз топпен жүргізіледі, және оның екі түрі бар: бақыланатын, бақыланбайтын. Сауалнама - арнайы құрастырылған сұрақтар арқылы, ғылыми әдіспен таңдаланып алынған респонденттердің пікірлерін анықтап, адамдар тәртібі, ұстанымдары туралы жүйелі мәлімет жинау әдісі. Сауалнама барысында зерттеуші белгілі бір адамдар жиынтығымен зерттелетін мәселелер бойынша ауызша немесе жазбаша сұрақтар арқылы сөйлесіп, алынған мәліметтерді тізіп, статистикалық өңдеуден өткізіп теориялық тұрғыда түсіндіреді.

Жинақталған әлеуметтік мәліметтер құбылыстар мен үрдістердің тенденцияларын анықтап, гипотезаны тексеруге, зерттеу бағдарламасына анықталған міндеттерді шешуге бірден мүмкіндік бермейді. Зерттеу нәтижесінде алынған әлеуметтанулық мәліметтерді өңдеп, белгілі бір түрге келтіріп, талдап, ғылыми тұрғыда түсіндіру қажет. Осы процедураларды орындалғаннан кейін қорытындылар, ұсыныстар жасау мүмкіндігі туады. Бұл әлеуметтанулық зерттеудің соңғы, аяқталу кезеңінде жүзеге асатын жұмыстар. Қорытындылау нәтижесінәлеуметтанулық ақпарат немесе мәлімет деп атайды.

Орындаған:Манап Тұнжыр Тексерген:Әлібек Тамара т.ғ.к, доцент