Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Advertisements

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев (18 ақпан 2005 жыл). Қазақстан халқына жолдауында Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен.
Басқарудың тиімділік мәселесі қазіргі кездегі ғылым мен тәжірибенің басты назарындағы мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселе шетел және ресей ғалымдары.
Атырау облысы,Мақат ауданы, Бәйге төбе мектеп-балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурганова Х.Е.
Тақырыбы:Мұсылман майрамдары және салт-жоралары мен ұйғарымдары. Сабақтың білімдік мақсаты: Мұсылман мейрамдары және салт- жоралары мен ұйғарымдары туралы.
Дәстүр-ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар, қоғамдық әлеуметтік дүние, ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы және іс-әрекеттің.
Даналық сөздер қоржыны Құ растырушы: Қ айырова К. Ө. – 32 МГ бастауыш класс ж ә не « Ө зін- ө зі тану» п ә ніні ң м ұғ алімі.
Адамгершілікке тәрбиелеу – педагогикадағы ең күрделі мәселелердің бірі екендігін айқындау.
Тұлғаның әлеуметтенуі SLAID-KZ.RU. Тұлға – әлеуметтанудың өзекті проблемалары- ның бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
{ Мінез адам тұлғасының қасиеті ретінде. Орындаған: Жайықова Меруерт ( 11ҚҚ топ) Қабылдаған: Ташетов Аманжол Асқарұлы.
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі Өткізген оқытушы: Бирманова Аймгуль Алмуханбетказиевна Ақтөбе
Девиантты мінез-құлық. Жоспары: 1.Девиантты мінез-құлық 2.Девиантты мінез құлық типтері 3.Девиантты мінез құлықтың пайда болуы.
Биоэтика. Эвтаназия Орындаған: Қабылдаған:. Жоспар Кіріспе Биоэтика Медициналық этика үш негізгі бағыт Коммуникативті дағдылардың маңыздылығы Қарым-қатынастардағы.
Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті Қазақтың табиғи жаратылысындағы толеранттылығына экологияның әсері Орындаған: Базарбай Г. Кенбаева.
Экономика Экономика –қоғамдық және жеке кажеттліктерді қанағаттандыру және материалдық игіліктер үшін жасалатын адам қызметінің бөлімі.
САЯСИ ӘЛЕУМЕТТАНУ SLAID-KZ.RU. Әлеуметтанудың бұл саласы қоғамның өмір сүруі мен дамуындағы өзінің мазмұны жағынан аса бай және өте маңызды саналатын.
«Аrteducationkz»: Адам әлеуетін дамыту мен қоғамдық сананы жаңғыртудағы өнердің күші» TarSPU-Art.
{ Дін туралы түсінік MyKaz.kz – Ашық мәліметтер порталы.
Адамны ң сырт қ ы ортамен байланысуы ү шін жасайтын сырт қ ы д ү ниені ң сансыз тітіркендіргіштеріне ө з ә лінше т ү рліше жауап қ айтарып отыратын қ.
Транксрипт:

Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде пайда болуымен бірге туындаған әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, жол-жоралғылар, ұғым-түсініктер, дағды, көзқарастар жатады. Құндылық адам өлшеміндегі мәдениетті көрсетеді, әрі өмір сүру және адамдық болмыс қалпының негізін кұрайды. Құндылықтар қоғамды реттеу кезінде дәстүрлер мен ғұрыптар жүйелерін, әсіресе қоғамға аса маңызды адамдык нормалар мен құкықты өзіне бағындыра отырып, ыңғайлы деңгейге ие болады.

Руханият – адамзаттың негізгі бастауларының бірі. Адам әдебиет пен өнер туындылары, түрлі уағыздар мен мінажаттар арқылы өмір тағлымдарын танып, руханияттылыққа қол жеткізеді. Бұл шындық, әділеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, сұлулық идеялары мен рухани-адамгершілік ұстанымдарын қабылдау мен пайымдауға әкеледі. Қазір отандық бұқаралык ақпарат құралдарында, түрлі әдебиеттерде «руханият» атауы орынды қолданыла бастады деп есептейміз. Біле-білсек, бұл – дәстүрге адалдық, тарихқа құрмет» деп пайымдайды Д. Хамзабекұлы. Жоғарыда айтылғандардан ұлттық руханият – ұлттық құндылықтар жүйесі деп түйіндеуге болады.

Ұлттық руханият – ұлттық рухтан туындаған ұғым. Ұлттық рух болмаған жерде ұлтпын деп айту қиын. Руханиятқа ұлт тілі, ділі, діні, дәстүрі, ұлттық мәдениет, әдебиет, өнер және т.б. ұлттық құндылықтар жатады. Ол – халық санасының, мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі, ұлттық болмысы. Ұлттық руханият мыңдаған жылдар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, әр адамның бойына ана сүтімен бірге сіңеді. Ұлттық руханиятты сақтау, оны нығайтып отыру және дамыту – өскелең ұрпақтың қасиетті парызы мен міндеті. Бұл шындық, әділеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, сұлулық идеялары мен рухани-адамгершілік ұстанымдарын қабылдау мен пайымдауға әкеледі.

Ұлт дәстүріҰлт ділі Ұлт мәдениеті Ұлт тіліҰлт өнері Ұлттық руханият

Діл – халыққа, ұлтқа немесе белгілі бір топқа тән дүниетанымдық және руханияттық ұғымдар жиынтығы. Ол – ұлттың «Мені», автопортреті. Өзге халықтардан даралайтын сипаты және сол сипатымен кім екені айтылмай-ақ жат жұртқа танылатын, туабітті қанына сіңген, болмысына дарыған табиғи ерекшелігі; ұлттың табиғи, рухани және тарихи даму жолындағы, өмір ағымындағы жарғылық мәнді әдет-ғұрып, салт- дәстүр, мінез-құлық, іс-дағды сипаты. Ол – адамның өзін қоршаған әлем және қоршаған әлемдегі өзінің орны туралы түсініктерінің нормасы. Діл адамның өмірлік айқындамалары мен өмір туралы пайымдауларына негіз болады.

Өнер – өмір өрнегі. Ол адамды асқақ сезімге бөлеп, жан дүниесін нұрландыра түсетін құдірет. Ол өмірді кемелдендіріп, ізгілік шуағын таратады. Өнер арқылы адам өзінің өмірге деген ерекше құштарлығын, сүйіспеншілігін білдіреді және өзге адамдардың да өмірге деген көзқарасына ықпал етеді. Адамның өмірі, пейілі және іс-әрекеті – оның өзіне деген махабатының көрінісі, өнер арқылы адамның өмірге құлшынысын, құштарлығын байқалады. Нағыз өнер адамның игілігіне қызмет етеді. Ұлттық өнер туындылары рухани құндылықтармен қатар материалдық құндылық болып та саналады. «Өнер – адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы,» – деп бағалайды Б. Момышұлы.

Ұлттық намыс – ұлттық ділдің іргетасы деуге болады. Ұлттық намыс болмаса, ұлттық руханият, ұлттық дәстүр, елжандылық, отансүйгіштік сияқты ұғымдарды меңгеру қиын. Академик М. Қозыбаев: «Адами қасиеттердің арқауы – Ар, Ұят, Намыс. Намыс – адам өмірінің әр сатысында әр түрлі байқалады. Ол – «мен», «мен» деген сәби намысы, ол – өзін-өзі біле бастаған балғын жастың жігіттік намысы, ол – бой жеткен ару намысы, ағайынның аты озғандағы, ауылдастың тайы озғандағы ер намысы, азаматтық намыс, ұлт намысы... Қазақ шындығында намысшыл халық. Оның «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» – деуі содан. Қазақ эпосы, батырлар жыры зерделеп қарасаң, оқырмаңды намыстандырып, рухтандырып отырады. Отанын сүюдің негізі – ұлттық намыс.

Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Ол – қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады. Ұрпақ болашағы – ұлт болашағы. Ендеше, қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат- мұраттарының ең бастысы – өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақа мұра етіп қалдыру. Себебі ұрпақтың рухани-адамгершілік әлеуеті оның келешегін берік ететін бірден-бір қағидат болып саналады

Ұлттық құндылықтарымыздың бірі – ата салты, кәсіпке, сенімге, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптар. Салт – ұлттық қасиеттің басты белгісі, ол бабалардан мирас болған, сан ғасырлық өмір сүру барысында ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, жұрттың санасына әбден сіңіп қалыптасқан үрдіс. Ата-баба аманат еткен бұл құндылықтарды ұрпақтың қадірлеп, қастерлей білуі – ұлт болашағының басты шарты. Уақыт өткен сайын салтқа түрлі өзгерістер еніп, қоғамға талабына бейімделуі мүмкін. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін дәстүрлер ауысып, өмірге қажетті салт кемелденіп, дамып отырады. Бұл – өмір заңы. Дегенмен ұзақ ғұмыр кешкен халықтың тәрбиедегі, салт-санадағы, жол-жоралғыдағы, ғұрыптық дәстүрдегі тәлімдерді біліп және сақтап, қазіргі кимелеп тұрған жат жұрттық көріністен өз асылымызды қорғап қана ұлттық салт-сананы бойымызға сіңіреміз.

Жалпыадамзаттық рухани құндылықтардың басқа құндылықтардан (ұлттық құндылықтар, материалдық құндылықтар, діни құндылықтар, саяси құндылықтар әлеуметтік құндылықтар; саяси құндылықтар; моральдық құндылықтар; діни құндылықтар; эстетикалық құндылықтар және т.б.) ерекшелігі – ол ұлттық, саяси, діни және басқа да танымдарға тәуелсіз, бүкіладамзатқа ортақ мүддені көздейді және де осы тұрғыдан алғанда жалпыадамзат өркениетінің күретамыры болып табылады. Кез келген құндылық философиялық категория ретінде болмыстың адам өміріне, мүддесіне қатысты дұрыс, жағымды жақтарын білдіреді. Әлемдік қауымдастық тарихи тұрғыдан мойындаған жалпыадамзаттық құндылықтарға: өмір, адам, уақыт, бақыт, махаббат, ізгілік (жақсылық), ар-ұждан, арман, сенім, парыз, сол сияқты қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде анықталатын адами қасиеттер жатады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды бұрмалау адамзатқа қарсы қылмыс болып саналады.