Арал ауа бассейнінің ластануы және одан туындайтын проблемалар Орындаған: Жетен Ақтолқын 202 топ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Арал теңізінің тарихы Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік.
Advertisements

Орындаған :. Қоршаған о рта Экологиялық м әселелер т үрлері Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар Тұжырымдама Пайдаланылған ә дебиеттер.
Қазақстан жекеленген аймақтар мысалында су сапасын кешенеді және интегралды бағалау Орындаған: Саурбаев Н Тобы: 106 Б ФК Қабылдаған: Серікпаева Т.Т.
қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек.
Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейінәлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсықамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңізөңіріндегі елді мекендерде 17.
Каспий теңізі (море Хвалийское, түрікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر Daryâ-ye Xazar, әз. Xəzər dənizi) Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы.
Тақырыбы: ВМО Орындаған: Жүрсінәлі Алтынай Тобы: Бт-11 Тексерген: Капсалямов Бауыржан.
Қ ЫР Ғ ЫЗСТАН Орында ғ ан : Шотарбай С. Тексерген : т. ғ. д Тулекова М. К.
Балқаш проблемасы. Балқаш көлі алабында қалыптасқан проблемалар, оның өлкедегі табиғи, әлеуметтік және экономикалық жағдайға әсері жөнінде талқылау.
Экологияның мәселелері арада әлемде және Қазақстанда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Шаматова Бахиткуль Ахмедьяровна Экологияның.
Практика 1Азаматтық Қорғаныс (АҚ) мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі. [1] Міндеттері: жергілікті халық пен халықшаруашылығын жау шабуылынан,
Мұғалім туралы мәлімет. Аты-жөні Шотабаева Нұржамал Тұрсынбайқызы. Мектебі: С.Сейфуллин Туған жылы ж. Білімі: Жоғары Пед.өтілі: 20 жыл Бітірген.
Арал теңізі Және оның тартылуы Дайындаған:Аманбек Нұржан Сыныбы:7 в 2010 жыл Арал теңізі Және оның тартылуы Дайындаған:Аманбек Нұржан Сыныбы:7 в 2010 жыл.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс.
Экологиялық әдеб. Ескенеева Алина.. экология Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым- қатынасын,
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Күн – Күн жүйесінің орталық денесі, Жерге ең жақын жұлдыз. Күн – спектрлік класы G2V, абсолют жұлдыздық шамасы +4,83 болатын сары ергежейлі жұлдыз. Ол.
Қазақстан өзендерінің бірінші ерекшелігі жасы әр түрлі. Жазық бөлігінің өзен жүйелері ескі, өзінің даму сатысының соңғы кезеңінен өтуде. Сондықтан жазықтардағы.
Транксрипт:

Арал ауа бассейнінің ластануы және одан туындайтын проблемалар Орындаған: Жетен Ақтолқын 202 топ

Жоспар: 1.Арал ауа бассейніне жалпы сипаттама 2.Аралдың экологиялық проблемасы 3.Арал ауа бассейнінің ластануы және одан туындайтын проблемалар 4.Қорытынды

Арал теңізі-Өзбекстан мен Қазақстан жерінде,Тұран ойпатының шөлді белдемінде,Үстірттің шығыс шетінде орналасқан тұйық көл және тұзды көл.Үлкендігі жағынан дүние жүзінде 4 – орын алады,бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

Арал теңізі-Қазақстанның інжу-маржаны,шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны болатын.Оның апатқа ұшырығанға дейінгі көлемі – 1066км,тереңдігі метр,тұздылығы – 10-12% болған.Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай,жағасы қоға мен қамысты теңіз еді.Сол кездерде жылына мың балық ауланса,теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті.Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы,10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.1960 жылдан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды.Осы аймақтағы игерілген жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5,Түрікменстанда 2,4,Қазақстанда 1,7 есеге өсті.Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны жылдары 2,2 есеге артты.

Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты.Осыған орай, жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды.Оның негізгі себептері-антропогендік факторлар еді.Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды.Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды.Өзен бойлары игеріліп,суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты.Мәселен,Аралға жылдары 44мың м3 су құйылса,бұл көрсеткіш жылдары 13 мың м3,ал 1990 жылы екі есеге дейін қысқарды.Нәтижесінде,Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп,оның су айдыны км-ге дейін қусырылды.Судын тұздылығы 40 пайызға дейін артты.Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттар қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті.Тыңайтқыштарды қолдану есеге өскен.Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.

Сонымен,Арал апатына себеп болған факторларға: жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу,ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау,судың қорын есепке алмау,суды өте көп қажет ететін күріш,мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу,жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау,табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған фактілер Арал теңізі эккожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді.Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.Арал өңірінде туындар отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өскен сайын теңіз суын тарылтуды.Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын.Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде.Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып,соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды.Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті.Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына млн т. деп есептеледі.Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне,экономикалық- әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде.Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып,басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Және де қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті.Бұл өңірде соңғы мәліметттер бойынша туберкулез,буйректе тас байлану,сарысу,өкпе-тыныс жолдарының қабынуы,жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда.Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емескөптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек.

Жалпа Аралдың экологиялық проблемасына себепші болған- адам әрекеті.Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей,түгелдей дерлік егістіктерді суландыруға пайдаланып келді.Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөп зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты.Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км2 жетеді.Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды.Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жылдай болды.Осы жылдар аралығында атқарылған жұмыстар аз емес.Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып,жобалар жасалды.Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды.Соның салдарынан Кіші Аралдың деңгейі 42 метрге,аумағы 800 шаршы километрге ұлғайған.

1.Сібір өзендерін Қазақстанға бұру. 2.Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту. 3.Арал теңізін жартылай сақтап қалу. 4.Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу. 5.Жер асты суларын пайдалану. 6.Арал теңізінің өздігінен табиғи реттелуін немесе толысуын күту. Арал теңізін құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен анықтамалар бар:

Қазіргі кезде Аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізінде,жұмыстар жасалуда. Арал ауа бассейнінің ластануының алдын әлі деп қарастыру қажет. Арал тағдыры Елбасының тікелей назарында болып отыр. Арал тағдыры-адам тағдыры болғандықтан,оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ борышы болып табылады. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы.Алматы 1998ж. 2.Экологиялық проблемалар.Мәскеу 1982ж 3.Википедия