ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ 1 ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫМЕН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР КУРСЫ Орындағын: Қарабасова Н.М 4-052 топ ЖМФ Қабылдаған: Қарағанды.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ҮШТІЛДІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Программа трехъязычия в КазНМУ Директор Центра Мониторинга анализа качества образования и научного сопровождения реформы медицинского.
Advertisements

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті СӨЖ Тақырыбы:Тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. Генотерапия Тексерген: Орындаған:.. Қарағанды.
Қ ара ғ анды Мемлекеттік Медицина Университеті Д ә рігерге дейінгі дайынды қ кафедрасы СӨЖ Орындаған: Абдуалиева А. Тулашова Б. БалтабаЕВ Е. Тексерген:
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Бауыр патофизиологиясы Орындаған:Турманбаева А.А 201 ЖМФ 201 ЖМФ.
С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: Денсаулық сақтауды жоспарлау Орындаған: Әбуова Г.Е Факультет: ҚДС Курс: V Топ:
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті СӨЖ СӨЖ Тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде. Тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтік білімнің құрылымы.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Акушерлік және гинекология кафедрасы Тақырыбы: Қазақстан Республикасында әйел денсаулығын қорғаудың ұйымдастырылуы.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Оқытушы: Угышева Ш.Е Орындаған:Данайбек Б.А Жетекшісі: Факультет: ЖМ Курс: ІІ Топ: С.Ж.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстан тарихы және әлуметтік - саяси пәндер кафедрасы Тақырыбы : Әлуметтану тарихының негізгі бағыты. Дайындаған:
Астана медицина университеті АҚ Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы Астана медицина университеті АҚ Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Орындаған: Иманбек Б.К.
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар кафедрасы ПӘН: Коммуникативтік дағдылар. ТАҚЫРЫП: Дәрігердің құқығы.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Клиникаға кіріспе кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Жанұямен қарым – қатынаста жеткен жетістіктерді және қиыншылықтарды.
Кафедра: хирургия Факультеті: жалпы медицина 2 Та қ ырыбы: Вич инфекция мен вирусты гепатитты ң алдын- алуы Орында ғ ан: Тексерген: А қ т ө бе 2015 жыл.
Қ АРА Ғ АНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫ Қ УНИВЕРСИТЕТІ.
«Бүйрек физиологиясы. Несеп түзілуінің механизмі» Дәріскер: аға оқыт. ЛЕПЕСБАЕВА Г.А Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Физиология кафедрасы.
Қ АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА университеті Жалпы хирургия және травмотология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Хирургиядағы ақпараттық-компьютерлік технология.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Орында ғ ан: Ораз қ азы қ ызы Ұ топ Қ абылда.
Балалардағы жабыспалы ішек өтімсіздігі
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: «Балалардағы және нәрестелердегі тыныс алу мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері»
Транксрипт:

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ 1 ІШКІ АУРУЛАР КАФЕДРАСЫМЕН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР КУРСЫ Орындағын: Қарабасова Н.М топ ЖМФ Қабылдаған: Қарағанды 2014 Тақырыбы: Грипп және ЖРВИ

Тұмау жасы мен жынысын талғамастан, бәріне бірдей жұғатын ауыр вирустық инфекция. Оған өткір токсикоз, ринит, мұрынның бітуі және бронхты зақымдайтын катаралды құбылыстармен сипатталатын белгілер тән. Этиологиясы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: А, В, С бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін. Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробын жөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады. Таралуы Тұмау анықтамасы, этиологиясы

Тұмау вирустары Грипп вирустары шар тәрізді, липопротеинді қабықшасы бар, бүдірлермен қапталған, екі туыстасқа бөлінетін (А және В, С вирустар тобы), ортомиксовирустар тұқымдастығына кіреді. А туыстыққа 14 түрлі гемагглютининдері және 10 түрлі нейраминидазалары бар вируcтар кіреді. Вирустың А тобы антигенді қасиетін өзгертіп, бір анттигенді (антигенді дрейф) немесе екі антигенді-антигенді шифт алмасуларға алып келеді. Бір антигенді алмасулар әрбір 2-3 жылда, ал екі антигенді алмасулар – сирек жүреді (себебі пандемия туындайды). В туысты вирустар антигендік қасиеттері жағынан табиғи штамдарға жақын. Олар жаппай ауру туғызбайды және құстар мен жануарларды зақымдамайды. А типінін барлығы жануарларда адамға беріледі, тек құс тұмауы ғана (Н5 N1) жұғуы мүмкін. Шошқа ағзасында адам тұмауы мен құс тұмауы мутацияланып, генетикалық реассортацияға түсіп, патогенді вирусқа айналады. С тобынын құрылысы тұрақты, бірақ эпидемия, пандемия сияқты спорадикалық ауруларды тұдырмайды.

Қазақстан халқының жалпы аурушаңдығы ішінде жіті респираторлық жұқпалар мен тұмау аурушаңдығы бірінші орында тұр. Аурушаңдық кеңінен таралады, лап беру және індет түрінде байқалып, тұрғындардың аурушаңдыққа бейімді бірқатар тобын қамтиды, ол елеулі әлеуметтік және медициналық проблемалар тудыруы мүмкін. Тұмау мен жіті респираторлық вирустық жұқпалардың үлесі барлық жұқпалы аурушаңдықтың 90-95% құрайды. Тұмаудың тез таралуына, оның жасырын кезеңінің қысқалығы, ауа-тамшы арқылы жұғуы, қабылдау қасиетінің жоғары болуы, сондай-ак, халықтың әлеуметтік жағдайы да ықпал етеді. Бір мезгілде бір болыс, өлке, тіпті бүкіл жер жүзі адамдарының жаппай ауруы мүмкін. Тұмау салқын кезде жиі, ыстықта сирек кездеседі. Кейде адамға суық тиіп, тыныс жолының жоғарғы бөліктері қабынып, оның тұмауға ұқсауы да мүмкін. Бірақ бұл тұмау емес. Ол салқын тигенде мұрын, көмей, жұтқыншақтарды жайлайтын басқа микробтардың әрекеті. Тұмау вирусы күн сәулесіне және зарарсыздандырғыштар (хлор, қышқылдар, спирт және т.б.) әсерінен тез қырылады. Эпидемиологиясы

Тұмаудың патогенді әсері оның биолдогиялық қасиетіне: эпителиотроптылығына, улылығына және антигенді әсеріне байланысты. Тұмау вирусы жасуша ішілік еніп, бронхөкпелік жүйені зақымдайды. Вирус жыбыр эпителиінде көбейіп, оны зақымдайды. Репликация жылдамдылығы үлкен, сондықтан инкубациялық кезеңі қысқа болады. Тұмауда жылдам дамитын тамырлық зақымданулар болып, нәтижеде өкпеде толыққандылық, қан талау, ісіну дамиды.Өлім жағдайында тұмаудың гиперулылық формасында өкпеде қан талаулар мен геморрагиялық ісіну байқалған. Тұмауда қарсы тұру қасиет төмендеп, бактериалды флоранын активациясы жүреді. Лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігі, қан сарысуының комплименттарлы қызметі төмендейді. Тұмауда бактериальды флораның активациясы үлкен орын алады және өкпенің ауыр зақымдануына, оттит, пиелит, синусит, т.б. дамуына алып келеді. Зақымдану ошағындағы түзілетін гриппозды вирус, ыдырау өнімдері, қолайлы флора организімінің сенсибилизациясына, аллергиялық бұзылыстарға алып келеді. Тұмау патогенезі.

Инфекциялық ауру 3 стадия ЖТА жолдарының эпителиінде вирустың репликациясы 2 стадия Т.а жолдарының шырышты қабығының беткейінде вирустың фиксациясы 1 стадия Қоздырғыштың тыныс алу жолдарына түсуі Грипп вирусы

Тұмау клиникасы Аурудың жасырын кезеңі 1 – 4 күнге созылады. Тұмау кезінде науқастың денесі дел-сал болып, тамағы мен тыныс жолдары ашиды, дене қызуы көтеріліп (38 С-қа дейін), асқа тәбеті болмайды. Басы ауырып, бұлшық еттері сыздайды. Адамға тұмау тигеннен кейін бірнеше сағаттан соң (кейде 1 – 2 күннен кейін) мұрыннан су ағады, даусы қарлығып, жөтеледі, қақырық пайда болады, иіс сезуі нашарлап, көзі қызарады. Тұмау, әсіресе, емшек еметін сәбиді қатты әлсіретеді. Баланың танауы бітеліп, демалысы қиындайды, мазасызданып, ұйқысы бұзылады. Тұмау ересек адамдар үшін де қауіпті, ол құлаққа, тамаққа, тыныс жолдары мен өкпеге зақым келтіруі мүмкін. Тұмаудан жазылғаннан кейін ағзада иммунитет пайда болады, ол А типінен кейін 1 – 2 жылға, В типінен – 2 – 3 жылға созылады, С типінен кейін тұрақтанады. Сондықтан С типімен ауырған адамдар тұмаудың бұл түрімен қайталап ауырмайды.

Интоксикацияның жоғарылауынан (күшеюінен) геморрагиялық синдром дамып, мұрыннан қан кетеді, теріде және шырышты қабаттарда геморрагиялар пайда болады. Тұмауда катаральды синдром әлсіз және «құрғақ катар» түрінде жөтелумен, тамақтың қырнауымен, ауырсынуымен жүреді. Құрғақ жөтел, кеудеде қысу, басу сезімі болады. Объективті қарағандабеттегі әлсіз гиперемияға, склераның инъекциясына көңіл бөлінеді. Аңқаның таңдайлық бадамша бездері шамалы гиперемирленген, әлсіз ісінген, жұтқыншақтың артқы қабырғасы түйіршіктелген. Тұмауда өкпе сегментарлы зақымдалып, сегментарлы өкпе ісінуі болады. Кеудеде тұрып қалу, ауа жетіспеушілік сезімі көрінеді. Ұзақтығы – 2-3 тәулік. Рентгенограммада – пневмония. Ауырлығы бойынша жеңіл, орташа, ауыр немесе токсикалық және гипертоксикалық формаларын ажыратады. Ауырлық дәрижесін интоксикация көрінісіне (гипертермия, неврологиялық симптомдар – бас ауру, бас айналу, естен тану, тырысулар, менингиалды симптомдар, жүрек- тамыр жүйесінің бұзылысы, циркуляторлы бұзылыстар және жүрек бұлшықеті зақымдалады) байланысты.

Тұмау асқыныстары: Екіншілік пневмония (пневмококктар, гемофильді таяқша, стафилококктар); Вирусты пневмония көбінесе жүрек және өкпе ауруларымен (СӨА) науқастарды өлімге алып келеді; Науқастардың %-де түбір маңы пневмония дамиды. Ол нашар тыңдалады. Синуситтер, гайморит, отит, бронхит Пиелонефрит

ЖРВИ – бұл түрлі вирустармен қоздырылатын, жоғарғы тыныс алу жолдарының сілемей қабығының кабынуымен және ағзаның уыттануымен сипатталатын жіті респираторлық вирустық аурулар тобы. ЖРВИ – адамзаттың ең кең таралған аурулары. Онымен жазда азырақ, қыста көбірек болса да, барлығы дерлік ауырады. ЖРВИ мен тұмауды туындататын вирустар мұрын мен тамақтан бастап, өкпеге дейін барлық кеңістіктегі эпителийлі жасушаларды зақымдайды. Бұл вирустардың көптеген түрлері бар, ең көп таралғаны – тұмау, ал «бейтанымал» түрлері – парагрипп, аденовирус, риновирус, реовирус және басқалары. Бір жаманы, бұл вирустардың әрқайсысы бірнеше түрлерге бөлінеді (парагрипп – 4 түрі, ал тұмаудың онға жуық түрлері бар), сондықтан адамдар бір тұмаудың бірнеше вирустық түрімен сан рет ауыруы мүмкін. ЖРВИ анықтамасы, қысқаша мағұлмат

ЖРВИ-дің басқа түрлері ЖРВИ түрлері Парагрип Аденовирус ты инфекция Респиратор лық синцитиал ьдік инфекция Риновируст ы инфекция Микоплазм оз

Парагрипптің патогенезі. Парагрипптің вирусы жоғары тыныс жолдарының (көмейдің) эпителиінің тропизмінің айқындығымен көрінеді. Респираторлы тракттің эпителиалды жасушасымен инфицирленген қоздырғыш өнімдерін мен вирустар қанға еніп, қызба және басқа интоксикация симптомдарын тудырады. Парагриппте тұмауға қарағанда вирусемия қысқа жүреді. Аденовирусты инфекцяның патогенезі. Басқа инфекцияларға қарағанда ерекшеленеді, өйткені құрамында ДНК-сы бар. Олар тыныс жолдары эпителиінің, лимфоиды тіннің, ішектің тропизміне ие. Инфекция кіру қақпасы арасына еніп, жоғарғы тыныс жолының эпителиалды клеткасында, көзде, ішекте орналасады. Цилиндірлік және призмалық эпителийде репродуцирленген аденовирустар ДНК-мен жармасады, оны люминицентті микроскопия көмегімен ядродан, цитоплазмадан анықтайды.

РС – инфекцияның патогенезі. Вирус тыныс жолының эпителиалды клеткасы арқылы еніп, симпластшалардың гиперсекрециясына алып келеді. Бронхтардың дренажды қызметі бұзылады, стаз, ателектаз түзіледі. Нәтижеде оттегі ашығуы туындайды. Бұл көбіне кіші жастағы балаларда кездеседі. Риновирусты инфекция- вирус жоғары тыныс жолы арқылы кіріп, мұрынның эпителиалды кеңістігінде көбееді. Жергілікті қабыну реакциясы, тіндер ісінуі, көп сұйықтық бөлінеді. Процесс тек кіші жастағы балалардың көмейі, кеңірдегінде, бронхысында жүреді.

ПАРАГРИПП. Инкубациялық кезеңі 2-7 күн, орташа 3-4 күн. Ауру жедел дене қызуының жоғарылауымен, интоксикацияның және катаральды симптомдардың әлсіз жүруімен сиппатталады. Мазасыздану, тәбеттің төмендеуі, бас ауруы, құсу байқалады. Катаральды синдромдар жеке жүруі мүмкін. Көбіне – бұл қатаң, кейде «үрлемелі» жөтел, тамақтың ауырсынуы, сұйықтық бөліну, мұрынның бітелуі, дауыс қарлығуымен жүреді. Мұрыннан бөлінетін сұйықтық бастапқыда шырышты, кейін шырышты-іріңдіге алмасады. ЖРВИ-дің басқа түрлерінің клиникалық көрінісі.

АДЕНОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ- жедел респираторлы, қызбамен, әлсіз интоксикациямен, тыныс жолдарының шырышты қабатының зақымдалуымен, көз конъюктивасымен, ішекпен лимфоидты тіннің зақымдалуымен жүретің ауру. Инкубационды кезеңі 2-12 күн. АВИ клиникалық көрінісінің өзгешелігімен сиппатталады. Ауру жедел басталады. Тұмауға қарағанда біріншілік инфекционды токсикоз әлсіз көрінеді. Енжарлық, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы, құсу байқалады. АВИ-дің тұрақты симптомы болып бірінші күннен басталған жоғарғы тыныс жолдарының катары, шырышты қабаттың экссудативті өзгерістері табылады. Көбіне ауыз-жұтқыншақ өзгерістерге ұшырайды. Таңдай бадамша безінің алдынғы доғасы әлсіз гиперемияланады. Араңның артқы қабырғасы фолликулдармен гиперплазиянады.

Аденовирусты инфеция «визиттік картасы» - конъюктивит. Ол катаральды, фолликулярлы, қабықшалы болады. АВИ-дің жиі симптомы- лимфа түйіндердің, әсіресе жақ асты, мойын, кейде қолтық асты т.б. ұлғаюы. АВИ-дің келесі клиникалық формаларың бөледі: 1.Тыныс жолдарының катары 2.Фарингоконъюктивальды қызба 3.Тонзилофарингит 4.Мезентериальды лимфаденит 5.Диарея 6.Кератоконъюктивит

РС- инфекция – шамалы интоксикация симптомдарымен, назофарингит, бронхит, бронхиолит, пневмония дамуымен жүретін жедел вирусты ауру. Инкубациялық кезең 3-тен 7 күнге дейін созылады. Ересек және ересек жастағы балаларда назофарингит дамиды. Бастапқы клиникалық симптомдар- дене қызуының субфебрильды санға жоғарылауы, шамалы бас ауыруы, қалттырау, әлсіздік, жөтел, жиі құрғақ, тұрақты. Аз мөлшерде мұрыннан бөліністер көрінеді. Шамалы аңқа қызаруы. РИНОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ- немесе жұқпалы мұрын бітелуі – мұрын мен мұрынжұтқыншақтың шырышты қабаттывң зақымдануымен жүретін тыныс жолдарының жедел вирусты ауруы. Клиникалық көрініс. Инкубациялық кезең 1-ден 5 күнге дейін, жиі 2-3 күн. Ауру жедел субфибрильды дене температурасымен басталып, жалпы әлсіздік, мұрың бітелу, түшкіру, жөтелуімен, тамақтың қырнау сезімімен өтеді. Тәулік соңында мұрын толығымен бітеледі. Көп мөлшерде сулы- серозды бөліністер көрінеді. Аңқасы қызарған. Науқастар мұрын маңының ауырсынуына, иіс және есту төмендеуіне шағымданады.

Грипптің және жедел респираторлы аурулардың симптомдарын салыстыру БелгілеріГриппПарагрипп Аденовирусты инфекция РСИ Риновирусты инфекция Микоплазмоз ЖРА Пневмон ия ТАЖ зақымдалу ы ТрахеитЛарингит Фаринготонзил ит Бронхит, бронхиол ит, пневмони я РинитБронхит Пневмон ия, плевропн евмония Аурудың басталуы Кенет қалтырау біртіндепжедел Көбінесе жедел жеделжайлапЖедел Науқастың түрі Беті қызарған өзгермейді Беті бозарған ринорея өзгермей ді Беті бозарған Улануанықшамалы жоқшамалы Катаральді синдром шамалыайқын Өте күштіАйқынШамалы Дене ыстығы жоғары Шамалы көтерілгін Жоғары және ұзақ көтеріледісубфебрильді Жоғары Бас ауруыкүштіАздапаздапшамалыаздап ауырады

Көз ауруыайқынжоқ Миалгия, артралгия айқынжоқАздапшамалыжоқ мүмкін Құсумүмкінсирекжоқ Мүмкін Қан кетумүмкінжоқ Жөтелқұрғақ Құрғақ, күшті, жиі Мүмкін Ұстамалы сияқтығ астмаға ұқсас сирекқұрғақ Басылмайтын, кейде ұстамалы сияқты Конъюктив ит жоқ жиіжоқ Жұтқынша қ пен тамақтың қызаруы күштіаздап Қызарған бадамша бездер үлкейіп, өңезденген аздап шамалы Лимфаденитжоқ полиаденитКейде мойын жақ асты жоқКейде мойын жақ асты Жалғасы

Ең алдымен белсенді вакцинация. Вакцинаны болжамды нейроаминидаза және гемаглютинин негізінде жасалады. Қазіргі кезде поливалентті А,В,С вакциналар жасалуда. «Ваксигрипп»- тазарған инактивтелген тұмау вакцинасы 6 айдан 3 жасқа дейін. Тұмаулық тірі аллантоисты вакцина интраназальды қолдануға арналған 3-14 жастағы балаларга арналған. Тұмаулық тірі вакцина интраназальды қолдану үшін 7 жастан бастап, жасөспірімдерге және үлкендерге. Инфлювак (Нидерланды) Гриппал (Германия) Гриппол (Ресей) Тұмау мен ЖРВИ дің алдын алу (арнайы)

1. Тұмауға қарсы негізгі алдын алу шарасы ағзаға жұқпалы агенттің азғантай бөлігін енгізу арқылы жүзеге асатын белсенді егу иммунизациясы болып табылады. Екпедегі вирус ағзада олардың көбеюі мен қалған жасушаларға жұғуына қарсы антиденелерді қалыптастыруына септігін тигізеді. Сондықтан да аурудың алдын алуға болады. 2. Тұмау эпидемиясы қараша мен наурыздың арасында өршитіндіктен екпені күзде еккен дұрыс. Антиденелердің белсенділігі бірнеше ай бойы сақталып, алты айдан соң әлсірей бастайды. Сондықтан алдын ала егу жасаудың да қажеттілігі шамалы. 3. Алдын алу шарасының ең тиімді және кең таралған түрі – мақталы дәке бетпердесін тағу. Тұмау мен ЖРВИ дің алдын алу (арнайы емес)

4. Қосымша ретінде аскорбин қышқылы мен поливитаминдерді қабылдау арқылы ағзаның қорғаныш қабілетін арттыру керек. С дәруменінің көп мөлшері орамжапырақ, мүкжидек, лимон, киви, мандарин, апельсин және грейпфруттардың құрамында жинақталған. 5. Эпидемия кезінде күнделікті бір-екі тал сарымсақты қабылдаған дұрыс. Бактерияларды өлтіру үшін ауыз қуысын сарымсақ қосылған сумен шайған дұрыс. Мұндай жағымды әсерді пияз да береді. 6. Тұмау кезінде мұрын қуысын күніне екі рет сабындап шаю керек. Бұл шара мұрынға ауамен бірге кіретін микробтарды өлтіруге болады. Сонымен қатар пипетка арқылы пияз бен бал тұнбамен шаю керек (Тұнбаның жасалу жолы: ұсақтап туралған үш қасық пиязды 50 мл сумен тұндыру, сондай-ақ ½ шай қасық бал (қант) қосып, 30 минутқа қойып қою).

Лабораторлы диагностика. Вирусологиялық әдіс- науқастардан вирус бөлінеді (мұрынжұтқыншақтан, көз конъюктивасынан материал). Барлық вирустар адам эмбрионының жасуша культурасында, тұмау вирусы тауық эмбрионында алынады. Иммунофлюорисценция диагностикасының экспресс әдісі- қарапайым, тез, ыңғайлы, люминисцентті микроскопияның көмегімен. Серологиялық реакциялар- РГГА, РПГА, РСК. микоплазмалық инфекция кезінде қосымша қоздырғыштардың микробиологиялық бөліністері қаннан, қақырықтан, мұрынжұтқыншақ шайындысынан алынады. ПЦР диагностика

Базис-терапия. Тұмаумен барлық науқастарды ауру ауырлығына тәуелсіз тағайындау керек: Дене температурасы тұрақтанғанша төсектік режим Сүт-өсемдіктік диета, витаминдерге бай. Ыстық шай, шырын, минеральды су түрінде көп мөлшерде ішу. Симптоматикалық терапия Ыстық төмендететін препараттар 38С жоғары дене температурасында панадол, парацетамол, антигриппин, НПВС (СҚҚЗ) жөтелге қарсы препараттар- қақырықтың ыдырауы және бөліну үшін, муколтин немесе солодка тамыры немесе алтей тұнбасы және т. б. Ауырсынулы жөтелде- либексин. Инголяцияларды аурудың бірінші күнінде түймедақ, шалфей, Витаминдер және поливитаминдер – аскорбин қышқылын тәулігіне 1 гр дейін. Тұмау және басқа ЖРВИ-ді емдеу.

Этиотропты ем. Тұмаудың орташа ауырлықты және ауыр формаларында ремантадинді 50мг*2рет күніне (балаларға 7-ден 10жасқа дейін), 50мг*3рет күніне (10жастан үлкендерге), арбидол 100мг*2 рет күніне. Айқын ауыр жағдайларда балаларға 3-тен 1 жасқа дейін 4,5кг дене салмағына 2 приемнан. донорлық қалыпты иммуноглобулин 2 жасқа дейін -1,5 мл тұмауға қарсы антиденелердің көп мөлшерімен, 2-7 жас -3,0мл; 7жастан үлкендерге-4,5- 6,0мл. Гипертониялық формада иммуноглобулиннің жастық дозасын 12 сағаттан кейін қайталауға болады. ТАМИФЛЮ (оселтамивир)- нейроаминидазаны бұзады (құс тұмауын емдеуде нәтижелі) 75 мг*2рет 5 күн бойы.