Мақсаты: Оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту.
1.Тапсырма Табиғатты аялайық! Ғ.Құлахметов Табиғат-адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы.Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады,күтіп-баптайды. Табиғат-ұстаз, тәжірбиелі тәрбиеші. Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әдемілікті табиғаттан үйренеді.
Адамның екі анасы бар:бірі-туған анасы, екіншісі-табиғат. Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді келеді. Ол өздігінен өрескел бұзылмайды. «Табиғат әзілді сүймейді, ол әділеттілікті қостайды».Орманы азайтылған жерлерде өсімдіктер шықпай қалады. Сулы, нулы жерлерді құлазыған аңыздықтар алмастырады.
Табиғат-ұстаз,тәжірбиелі тәрбиеші.Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті,қайырым- дылықты,әдемілікті табиғаттан үйренеді.
1)Адамдар табиғатқа неліктен залал келтіреді? 2)Табиғатта жылай ма? 3)Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?