Презентация Тақырыбы: Қазақстанның минералды-шикізат базасының қазіргі жағдайы мен даму алғышарттарын талдау. Орындаған: Тобы: Қабылдаған: Шымкент 2015ж.
Минералды шикізат. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі республиканы шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен толық арылтып, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа минералдық шикізат қорлары мен оның өңделген өнімдерін шығаруына мүмкіндік берді.Адамзат қоғамының минералды-шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Пайдалы қазбалар қалпына келтірілмейтін ресурстарға жатады.Ал бұл олардың көпшілігінің қорларының уақыт өте келе толығымен таусылуы мүмкін екендігін көрсетеді.
Бүгінгі Қазақстандағы кен-металлургия жүйесіне келсек, ол екі ірі саладан тұрады – қара металлургия және түсті металлургия: – қара металлургия темір, марганец, хром кенін, болат, шойын, прокат, ферроқұймасы, отқа төзімді өнімдер, металл сынықтарын қайта өңдеу өндірістері сияқты 12 саладан тұрады; – түсті металлургия 26 өнеркәсіп кіретін қорғасын, мырыш, мыс, титан, бағалы және сирек металдар, глинозем, молибден концентратын, уран шикізатын өңдеу сияқты 8 саладан тұрады жылдар аралығында Қазақстанның минералды- шикізат кешеніне 55 млрд. доллардан астам, соның ішінде жер қойнауын игеруге 40 млрд. доллардан астам инвестиция салынды.
Минералды-шикізат қорлары маңыздылығы жағынан: Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық-саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады: мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды: темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие: қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді.
Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 110 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70 %-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.
Қазақстандағы қазіргі таңдағы мұнайдың корлары. Қазақстанда 200-дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 мұнай- газ-конденсат, 6 мұнай-газ, 11 газ-конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ – 2,5 трлн./м3, конденсат – 0,7 млрд. м3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20 – 25 млрд. т деп бағаланады. Мұнай мен газдың барланған қорының негізгі бөлігі Каспий маңы мұнайлы- газды аймағында шоғырланған. Мұнда 122 кен орыны ашылған, оларда республикадағы көмірсутек қорының 80%-ы (1,3 млрд. т мұнай, 700 млн. т шамасында конденсат, 1,7 млрд. м3 бос және 577 млрд. м3 сұйытылған газ) шоғырланған. Бұл жерде мұнай мен газдың Қашаған, Теңіз және Қарашығанақ сияқты айрықша ірі кен орындары бар, олардың жиынтық үлесі мұнай мен газ өндірісінің жалпы балансында 30%-дан асады
Мұнай - газ саласы Қазақстан Республикасының энергетикалық қуат көзінің екінші орында. Республиканың энергетикалық баланста мұнай - газ саласының негізгі үлесі көмір салаласынан кейін 18,6% және 14% құрайды: Қазақстан Республикасының Энергетикалық балансы.
Тәуелсіздіктен кейін, республиканың экономикасына $70 млрд тікелей шетел инвестициялары тартылған, бұл Орта Азияға салынған шетел инвестициялардың 80% құрайды: ҚР-ның мұнай –газ саласына салынған инвестициялардың көлемі.
Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Экзогендік кен орындары басым таралған. Елімізде уранның 100-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Ірі органогендік орындары Маңғыстау түбегінде кездеседі. Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында. Қазақстанда бүкіл ТМД жерінде өте қуатты уран минералдық базасы бар. Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының шикізат көзі болып табылады. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Республика аумағында мыс кентасының порфирлі, мысты құмтас, колчеданды, скарндық мысты- цеолитті, мысты-никельді, т.б. кен орындарының көптеген түрлері белгілі.
Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов. Елімізде минералды-шикізат базасын дамыту бағдарламасы 2003 жылдан бері жүзеге асырылып келеді және осы құжат аясында геология саласына ондаған миллиард теңге бөлінді. «Соған қарамастан біз жоспарлаған нәтижеге жете алмай отырмыз. Сондықтан бізге қазір геология саласы бойынша елде бар қорларға ревизия жүргізу керек. Сондай-ақ түрлі-түсті металлдар бойынша мәліметтерге екпін сала отырып, ресурстық базаның басым бағыттарын қайта қарау керек. Бұдан соң осы саланың ғалымдарымен, қоғам өкілдерімен келісе отырып, минералды шикізат базасын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізсек деген ойдамыз»,-дейді министр. Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Базарбай Нұрабаев. «2013 жылға Комитеттің негізгі мақсаты Қазақстанның жылдарға арналған минералды- шикізат кешенін дамытудың салалық бағдарламасын жасау болып табылады», - деді Б.Нұрабаев. Аталған бағдарлама 2030 жылға дейін геологиялық саланы дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жасалады. Сонымен қатар, жылдарға арналған бағдарламаға қосымша екі блок енгізу күтілуде, Комитет басшысының айтуынша, аталған блоктар бойынша жұмыстарды іске асыру бірқатар мәселелердің шешілгенін талап етеді, әйтпесе жоспарланған жұмыстар дұрыс орындалмайды және тиімсіз болады.
Назарларыңызға рахмет!!!