Араб мұсылман мәдениеті. Араб мәдениеті ислам дінін ұстанып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және басқа да халықтар өркениеті. Ғылымда.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Орта ғасырдағы философия. Орта ғасырдағы теологиялық философия. Европада V-XV ғасырларда таралған философиялық бағыт, онда жоғарғы жаратушы ретінде құдайды,
Advertisements

ИСАЕВА Алия Жардлхановна СҚО.Мамлют ауданы,Краснознаменное орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі. Ғылым мен білімнің дамуы.
IKAZ.KZ - ашық мәліметтер порталы. Моғолстан 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшу бағдарламасы. Орындаған:Турсунахунов Т. 22 Бух тобы.
Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
ЖОСПАРЫ Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін.
Қазақ хандығының құрылуы. (Н.Ә.Назарбаев) Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды (Н.Ә.Назарбаев)
ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласы Темучин ( ) билік еткен ірі көшпелі.
1 Монғол дәуіріндегі Қазақстан. Қазақстанды жаулап алу жорығы Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының.
Қазақ халқының үш жүзге бөлінуі. Жүздердің шығу тарихы. Олардың халық өміріндегі маңызы. Үш жүздің рулары.
Алхимия: Ғылымды дамытудың мистикалық білімі немесе кезеңі ?
Оқушылардың дарындылығын дамыту мәселесі Орындаған:Турмуханова Асем Аманбаевна.
Жүсіп Баласағұни. Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология),
Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері. Ол Орта Азияның белгілі ақыны. Туған жері Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласы.
Қасым Аманжолов
Білім беру ұйымдарында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды (ұялы телефондар) пайдалану және оқушылардың денсаулығы мен дамуына олардың әсері.
Қарағанды Мемлекеттік МедицинаУниверситеті Тақырыбы: Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. ххғ әлеуметтану Орындаған: Бейсенова А Тексерген: Аралбаев.
Ей, Адамзат, ең алдымен досыңды ұқ, Досың Жер, Су, Жасыл орман, Өсімдік. Ала жүріп осылардың барлығын, Достарыңды қорлау деген не сұмдық! Адамзаттың ғаламдық.
Бастау Жоспар Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Алтын адам Алтын адам Алтын адам Алтын адам Қазақтың.
Транксрипт:

Араб мұсылман мәдениеті

Араб мәдениеті ислам дінін ұстанып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және басқа да халықтар өркениеті. Ғылымда «араб мәдениеті» деген атпен белгілі. Орта ғасырларда Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Еуропада өркен жайған. Ғылымды дамытуға және оны басқа елдерге таратуға тікелей әсер еткен араб өркениеті Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Арабияда туып, қалыптасты. Бұрын сәби тілінде сөйлейтін Оңтүстік Арабия халқының көне мәдениеті, өзіндік жазуы болған. Сирия, Ливан, Палестина, Ирак елдеріндегі арамей халықтарының мәдениеті сияқты сәби мәдениеті де араб өркениетінің дамуына негіз болды. IV ғасыр шамасында пайда болған араб жазуы, арамей жазуының дамытылған түрі еді. Шапқыншылық соғыстар нәтижесінде ұлан байтақ империяға – халифатқа айналған Арабиядағы қатынас құралы осы жаңа жазуы бар араб тілі болды. Исламды енгізген Мұхаммед пайғамбардың уағызы бойынша барша қауым осы жаңа дінді мойындай отырып ілгері дамуға, жаңа аймақтарға осы бағыттың артықшылығын түсіндіруге, уағыздауға тиіс болды. Халифат құрамына Шығыс, Солтүстік Африка, Ирак, Ауғанстан, Пиреней түбегінің басым бөлігі, Кавказдың оңтүстігі мен Солтүстік-Батыс Үндістан кірді. Осы жерлердегі халықтардың мәдениетімен қоса көне грек, эллин, рим, үнді мәдениетінің жетістіктерін бойына сіңірген, анағұрлым озық мәдениет жасалды. Оған парсылар, сириялықтар, Орта Азия мен Кавказ халықтары зор үлес қосты. Осылайша қалыптасқан араб мәдениеті Батыс Еуропа халықтарына және дүниежүзілік мәдениетіне игі әсер етіп, оған орасан зор үлес қосты.исламараб АфрикаЕуропадаИракАуғанстанПиреней

Арабтардың астрономия саласындағы еңбектері Еуропа астрономиясының негізін қалады. Осы күнге дейін көптеген жұлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап қалған. Араб өркениетінің негізі де, қайнар бастауы да араб философиясы болды. 827 ж. араб ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін анықтады. Негізін үндіден алып, санаудың ондық жүйесін, оның сәйкесті цифрлары мен нөлді пайдаланудың жолын тапты. Тригонометриялық функцияны (әл-Баттани, 858 – 929жж.) енгізді. 1- және 2-дәрежелі алгебралық теңдеуді шығарудың бірнеше жолын тауып, бүкіл математиканың дамуына жол ашты.философиясы

. Медицина ғылымына, оның ішінде офтальмология саласына айрықша үлес қосты. Соның нәтижесінде геометриялық оптика үлкен жетістіктерге жетті. Медицинаның, онымен тікелей байланысты фармакологияға қажетті химияның дамуына жағдай жасады. Ал химия кең тарады. Қатты денені буға, буды қатты денеге айналдыру, кристалдандыру, сүзу тәсілдері де арабтардан бастау алады. Шығыста пайда болған компас, қағаз, оқ-дәрі, т.б. арабтар арқылы Еуропаға тарады. Осы сан салалы ғылым Орта Азияның ұлы ғалымдары Әбу Әли ибн Сина мен Әбу Райхан Бирунидің араб тіліндегі еңбектерінде одан әрі дамытылды және басқа елдерге танылды. Араб өркениетінің дәуірлеген шағы VIII– XIғасырлар болды. Оның көрнекті үлгілері сәулет және бейнелеу өнерінде көрінді. Мешіт, медресе, тұрғын үйлердің жаңа үлгілері жобалық шешімімен, айшықты өрнектерімен, эстетикалық әсемдігімен ерекшеленді. Ислам діні адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салды. Меккедегі Қағба ғибадатханасы,МедицинахимияныңБирунидіңМешітмедресе

Иерусалимдегі 692 ж. салынған әл-Ақса мешіті (1969 ж. Израиль фанатиктері өртеп жіберген), Дамаскідегі Бани-Омейя мешіті (VIII ғасыр), тұрмыс-салт тақырыбында әшекейленген Кусейр-Әмре қамалы мен Әмре мешіті (641 ж.). Араб өркениетінің сәулет өнеріндегі озық үлгілеріне жатады. Батыста (Алжир, Испания, Марокко, Тунис) Мавритания өнері аталған сәулет өнерінде тамаша үлгілер туғызды. Оның осы кезге дейін сақталған озық туындысы Гранададағы Альгамбра қамалы. Азиядан тыс жерде араб мәдениеті Египет пен Сирияда өте жоғары дамыды. Әсіресе, Египетте күні бүгінге дейін сақталған ибн Тулун (876 – 879 ж.), әл-Әзхар (970 – 972), әл-Хаким (990 – 1013 ж.) мешіттерінің жобалық үлгісі, әшекей- нақышы, құрылыс бөлшектерін өрнек түрінде пайдалану тапқырлығы қазірге дейін таңқалдырады. Каир қаласындағы осы үш мешітке жұма намазға жиналған бүкіл қала халқы сыйған.

Ал XV ғасырда әл-Әзхар мешітінде ашылған кітапханада араб Шығысының мәдениеті мен тарихына байланысты 60 мыңнан астам кітап пен 15 мыңдай қолжазба сақталған. Бұл кезеңде мешіттермен қатар керуен-сарайлар, моншалар мен тұрғын үйлер салынған. Орта ғасырдағы араб музыкасы Испанияның, Португалияның музыка өнеріне, кейбір Еуропа елдерінің музыка аспаптарының қалыптасуына әсер етті. Бұл кезде арабтардың музыка ғылымы да жақсы дамыды. XI ғасырдың ақырына таман халифаттың ыдырауы, салжұқтардың жаугершілігі мен крест жорықтарына қарсы күрес, XIII ғасырдағы моңғол шапқыншылығы, XVI ғасырдың басындағы түрік жаугершілігі, XIX – XX ғасырдағы Еуропа отаршылдығы араб мәдениетінің дамуын күрт бөгеді. Бірақ кезінде қатты дамып, жан-жақты қалыптасқан араб мәдениетінің Батыс пен Шығысқа еткен әсері өзіндік өшпес ізін қалдырды.

Назарларыңызға рахмет! 303КЛД Әбжан Жанар