True or False: Test your knowledge of the lesson so far by deciding whether the following statements are true or false Өзіңізді тексеріңіз: Бұл мәлімет.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Оқу 4 негізгі қағидат Баланың қайда екенін анықтаудан бастау Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асырылады Оқушылар нені оқу керек екенін айтулары.
Advertisements

Келимбердиева А. Н. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқуда АКТ- ны пайдалану.
Тест пен сауалнаманы дайындау және оларды жүргізу.
LOGO Критериалды бағалау – сапалы білім негізі. Коучинг – сессия мақсаты : 12 жылдық оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Математика 6 сынып Қиылысатын түзулер. Нахыпбекова С.М. Лермонтов атындағы 17 жалпы орта мектептің математика пәні мұғалімі.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Бөлім: 7.1 А:Биосфера, экожүйе және популяция Оқу мақсаты: қоршаған орта факторларының жергілікті экожүйе ағзаларының тіршілік әрекеті мен таралуына.
Келер шақ арқылы болашақта орындалатын іс-әрекеттер мен жоспарлаған іс-әрекеттерімізді әңгімелей аламыз. Ағылшын тіліндегі келер шақ Future Tense (Future.
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Ембі қызмет көрсету саласы колледжі Космагамбетова Молдир Бериковна (арнаулы пәндер оқытушысы)
Параллельді аппараттық жабдықтау архитектурасы және параллельді бағдарламалау модельдері ПАРАЛЛЕЛЬДІ ЕСЕПТЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ, 1- ЛЕКЦИЯ.
Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Тақырыбы. «Оқушылардың креативті және шығырмашылық қабілеттерін дамыту» Мақсаты: Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын анықтау. Оқушылардың.
Топтың ережесі 1. Ойды қайталамау. 2. Сөзді бөлмеу. 3. Топта бірін-бірі тыңдау, сыйлау. 4. Сыпайы сөйлеу. 5. Заңдылықтарды есте сақтау Тотығу дәрежесі.
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.1 В Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін.
Үй тапсырмасы Артығын таңдаңдар. Тізімдермен жұмыс қашан қажет? Жауабы: В. Әңгіме мәтінін тергенде.
АКСОНОМЕТРИЯЛЫҚ ПРОЕКЦИЯЛАУ Аксонометриялық проекцияны салу үшін екі негізгі сұраққа жауап керек: 1) аксонометрия осьтерін қалай жүргізеді? 2) аксонометрия.
Тақырыпқа байланысты тірек сөздерді қолданып жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы.
Қазақ тілін оқытудын инновациялық әдіс-тәсілдері. Инновация. Инновация. Мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыру. Мұғалімнің инновациялық дайындығын.
Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер
Транксрипт:

True or False: Test your knowledge of the lesson so far by deciding whether the following statements are true or false Өзіңізді тексеріңіз: Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

A B C D E F Жұмыс істеу барысында келесі факторларды ________тәртіппен қойыңыз, м-ы, олардың құндылығы, маңыздылығы.

Блиц-кездесу Әріптесіңіз екеуіңіз, біреуіңіз тақтаға, ал екіншіңіз қарама- қарсы жаққа қарап отырыңыз. Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді (дерді) түсіндіру үшін бар- жоғы 30 секунды бар – мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді. Сіздің негізгі сөзіңіз:

Он сұрақ! Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

Alphabet Line Бізге 5 ерікті қажет! Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша негізгі сөздерді дауыстап айтады. __________________ Бұл өте жеңіл – мысалы, егер сіздің тақырыбыңыз Орта ғасырға қатысты болса, онда сіз былайша бастай аласыз: А - Aббаттық Б – Білге қаған В – Византия Әліпби желісі

Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастыру қажет. _________________________________________ Constantinople Константинополь Сіздің нәтижеңіз қандай? өте жақсы: 10 және одан да көп сөз жақсы: 8 және одан да көп сөз жаман емес: 6 және одан да көп сөз

Құпия зат – мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ ВСТАВЬТЕ ИЗОБРАЖЕНИЕ

Серпілген сауал Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Мысалы, Джимми, Сандраның жауабы туралы сен не ойлайсың? Сандра, Карлдың жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады? Карл, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?

Келтірілген мысалды пайдалана отырып, жоқ сөздерді қойыңыз: Машина үшін металл жиһаз үшін ағаш сияқты ____ үшін_____ үшін_____сияқты. Мұғалім затқа қатысты баламаларды ұсынуы тиіс. ____ үшін_____ үшін_____сияқты.

Сұрақты ұстап ал! Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

Лездеме! Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар: Бұл слайдты топ үшін пленарлық сабақ өткізген кезде пайдаланыңыз. Сөздің өзін атамай түсіндіру Конверттен бір сөзді бір рет алу Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!

Сөздің өзін пайдаланбастан бүгінгі сабақтың әрбір негізгі сөзін түсіндіру үшін сізде бір минут бар: КЕЗЕГІ ЖЕТПЕГЕН СӨЗДЕРДІ ЖАБЫҢЫЗ. ОСЫ СЛАЙДТЫ БАРЛЫҚ СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН САБАҚТА ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ.

конверт-сұрақ 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындаңыз. Әрқайсысына екі минут беріңіз: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.

Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады (екі нұсқасы сәйкес келеді, себебі тапсырманың маңызды элементі топтағы талқылау үдерісі болып табылады). Ромбының нысаны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді. 9-ромб

Тақырыбы:________________________________ Мен нені білемін? (кіріспе тапсырма) Мен нені білгім келеді? (кіріспе тапсырма) Мен нені білдім? (талқылау)

Артығы қайсы? НЕГЕ? Мына сөйлемді жауап үшін пайдаланыңыз:... және... екеуі де … болып табылады, сонымен қатар A B C

Арасындағы айырмашылығы … Неге? Мына сөйлемді жауап үшін пайдаланыңыз: болып табылады, ал A B Суретті немесе негізгі сөзді қойыңыз

Сізде әрбір тапсырмаға 30 секундыңыз бар... Әріптесіңізге өз зерттеуіңізден бір факті туралы айтып беріңіз. жаңа әріптесіңізге бұрылып, оған алдыңғы әріптесіңіздің фактісін айтыңыз. Бұл фактінің қаншалықты нақты екендігін талқылаңыз. Сіздің пікіріңіз бойынша осы тақырыпты оқу барысында біздің білуіміз қажет кез келген нақты ақпаратты жазыңыз.

тақырыптық Теннис есеп: Теннистік ойындағы есеп-шот қолданылады (15 - 0, тең және т.б.) немесе әрбір қатысушы сөз таба алмаған кезде 1 балл беріледі. 3 адамнан топқа бөлініңіздер: 2 ойыншы және судья Мен тақырыпты айтқан соң сіздер кезекпен берілген тақырыпқа қатысы бар сөздерді айта бастайсыздар, біреулеріңіз тоқтағанға дейін жалғаса береді. Топтың үшінші қатысушысы сөздерді жазады және есеп жүргізеді.

Сөйлемді толықтыру Мына сөйлемді толықтырыңыз: Мен бүгін … жаттап алдым. Сіз тақтаға шығып өзіңіздің сөйлеміңізді айтқанда, сіздің сыныптастарыңыз материалды қаншалықты меңгергендігіңізге наразылық білдіру үшін сізге бірқатар сұрақ қояды. Білімін тексеруге арналған кейбір сұрақтар: Неге.... Мұны қайдан білесіз.... … үшін сізде қандай дәлел бар. Сіз неге олай ойлайсыз… Сіз келісесіз бе… Түсіндіре аласыз ба… … үшін не істеу керек.

1-оқушы: сізде артқы жағында жауабы жазылған сұрақтар болады. Бірінші сұрақ қойыңыз. 2-оқушы толық жауап бере алмаған жағдайда ғана, жол сілтеп көмектесіңіз. 2-оқушы: сіз толық жауап бересіз. Егер де сұрақтың жауабын білмесеңіз, көмек сұрауыңызға болады. тренер ойыншы Сіздердің әрқайсыңызға бүгінгі оқылған материалға қатысты 5 сұрақ жазу керек. Сұрақтардың әрқайсысы түрлі сұрау есімдігінен басталуы тиіс: не кім қашан қайда неге қалай Егер... болса, не болады?

4 адамнан тұрады топтар : ·көшбасшы сіздің топқа берілген сұрақты оқиды. Топтың қатысушылары жауаптарын планшетке жазып, үлкен саусағын жоғары көрсетеді, ол олардың дайын екендігін білдіреді. ·Көшбасшы белгі бергенде, барлығы жауабын ашады. Топтағы түсініспеушілікті талқылаңыз (егер де келісімге келмесеңіздер, онда сыныптың қалғандарына өтініш білдіру қажет). Өздік жұмыс: Сыныптастарыңыз үшін 5 сұрақ жазыңыз (әрбір карточкаға бір сұрақ жазып, жауаптарын артында көрсетесіздер). Басқа топпен карточкаларды алмасыңыз.

Екеуі де Тиісті тақырып астына өзіңіз білетіннің барлығын жазыңыз:

Бірге ойлаймыз · көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз. · мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды; · осы санға сәйкес келетін оқушы жауап береді; · талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.

Детальдарын қосу Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда сыйлық алады! Бастапқы сөйлемнің мысалы: Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы басталды. Кеңейтілген сөйлемнің мысалы: 1939 және 1945 жылдар аралығында орын алған екінші дүниежүзілік соғыс, немістердің Польшаға баса-көктеп кіруінен басталды және Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады.

Маған көрсет! Сөздер тізбектелген сөйлем берілген, олардың ішінен дұрысын таңдап алу керек. Мен 3-ке дейін санап болғанда, әрбір сөйлем үшін дұрыс сөз жазылған планшеттеріңді көтеріңдер. Бір сөйлемді бір рет талқылаймыз. Тәжірибе: Барынша көп дұрыс жауап берген оқушы сыйлық алады. Ал бастаймыз!

Сұрақты тап… Сұрақтардың бірнеше жауабы ұсынылған. Қандай сұрақтар қойылды?

Жадыны дамытуға арналған ойын Біз бүгін/соңғы бірнеше сабақ барысында оқыған негізгі сөздер келтірілген. Оларды жаттау үшін, сендерде 2 минут бар: Жұпта/топта шектеулі уақыт ішінде бұл сөздерді еске алу қажет. Барынша көп дұрыс жауаптарға сыйлық тағайындалады – дұрыс сөз + жазу ережесін сақтау! Негізгі сөздерді қойыңдар

Біз бүгін/соңғы бірнеше сабақ барысында оқыған негізгі сөздер келтірілген. Олардың ретін жаттау үшін, сендерде 2 минут бар. Жұпта/топта шектеулі уақыт ішінде бұл сөздерді еске түсіру қажет. Оқиғаларды дұрыс ретпен бірінші болып атаған топқа сыйлық беріледі. Жадыны дамытуға арналған ойын

Тақырыптық түйінді сөздер Келтірілген сөздердің қайсысы ________________________________ жатады? Сөздер банкісі Біздің тақырып Оқушыны шатастыру үшін тақырыпқа қатысы бар сөздерді оған қатысы жоқ сөздермен араластырып орналастырыңдар. Негізгі сөздер осы жерге ауыстырылуы тиіс.

Ойлан, Бірік, Бөліс Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Бірік) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Бөліс).

Бірге ойлаймыз Бұл сыныбыңызда талқылауға және диалогқа ықпал ететін және «Қолыңды көтер/1 адамға сену» көзқарасынан бас тартуға көмектесетін жақсы тәсілі. 1. Оқушыларды 4 адамнан тұратын топқа бөліңіз, әр оқушыға 1-ден 4-ке дейін нөмір беріңіз. 2. Одан кейін сіз оқушыларға топта талқылау үшін сұрақ қоясыз. Берілген уақыт біткеннен кейін, олар өз жауаптарын планшетке жазады және сыныппен бөліседі. Сізге балалар арасында бәсекелестік тудыру үшін ұпай есептеу жүйесін пайдалануға болады. Одан кейін барған сайын күрделілігі артатын сұрақтарды пайдалана отырып, сипатталған қадамдарды қайталайсыз.

1. Топтарға бөліңіз. Әр топ топ мүшелерінің санына қарай өз мүшелеріне 1-ден 4-ке дейін немесе 5-ке дейін нөмір береді. 2. Мұғалім сұрақ қояды, ойлануға уақыт белгілейді және одан кейін Бірге ойлаймыз – деп айтады. 3. Оқушылар тұрады және сұрақты ауызша талқылау үшін үстелдің орта тұсында түйісе, еңкейеді. 4. Барлығы жауапты білгеннен кейін, өз орындарына отырады да, сынып дайын деп айтады. 5. Санды таңдау үшін зырылдауықты айналдырады (немесе 1-ден 4-ке немесе 5-ке дейін кез келген санды атаңыз). Әр команданың тиісті оқушысы үстелден планшет пен қаламды алып, жауап жазады да, орнынан тұрады. Бұл тыныштықта орындалады. 6. Командаға бір мезетте жауаптарын көрсетуге белгі беріңіз. Әрбір дұрыс жауап үшін ұпайларын есептейсіз.

1. Жұпқа бөлініңіздер ұйғарым жазыңыз, оның біреуі жалған болып табылады. 3. Өз ұйғарымдарыңызды басқа жұпқа беріңіздер. 4. Екінші жұп ұйғарымды оқиды және үш жауаптың қайсысы дұрыс еместігін талқылайды.

Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді: СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі). ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды. ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де, «интервьюерге» де кері байланыс береді. (Рөлдерді анықтау үшін Бірге ойланамыз тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу). Тыңдайтын үшбұрыштар

1-ші оқушыда ақпараттың 50 пайызы жазылған парақ бар. Ақпараттағы ақаулық Ақпараттың қалған бөлігі 2-ші оқушыдағы парақта. Жұптағы екі оқушы бір-біріне өз бөлігіне қатысты түсініктеме береді (оны қағаздан көрсетпестен). Жұптар сыныппен кері байланыс орнатады.

Кабинет объектілерінің модельдері Әрбір топ қораптағы заттарды пайдалана отырып, өздеріне берілген сұлбаны/жүйені/картаны дыбыстауы қажет (қажетсізін алып тастаңыз). Ескерілуі тиіс: ·Сұлба қандай нысанда болуы тиіс? ·Бұл нысанды дыбыстау үшін нені пайдалана аламыз? ·Негізгі объектілерді қалай ұсына аламыз?

Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады. Сұрақтары бар қорап

Оқушылар СҰРАҚТАРЫН қалдырады Мысалы– · Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді? · Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау. · Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін білім/түсінбеу саласын көрсету. Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.

Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге мүмкіндік береді. Сыныптағы балалар барлығы бірдей бір бағытта және жылдам ойламайды – күту оқушыларға өз ойларын жинақтауға және қойылған сұрақ төңірегінде ойлануға мүмкіндік береді. Күту уақытының 2 үлгісі: Мұғалім айтады, одан кейін оқушылар өз жауаптарын бергенге дейін кідіріс жасайды. Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның жауабына ықпал еткенге дейін кідіріс жасайды. Бұл амал оқушыға толықтыруға және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап беруіне мүмкіндік береді. Күту уақыты

Бағдаршам Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз. Мысалы: ·Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті). ·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. ·Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды.

Құрастыр, одан кейін Жауап бер Оқушыларға жауап бергенге дейін өз ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз– · жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз ойлау; ·жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл; · жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды жаз; · өз көршіңмен болжамды жауапты талқыла.

Көршіңе әңгімелеп бер «Көршіңе әңгімелеп бер» әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. · сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз; · одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз; ·оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.

Басбармақ Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Идея туралы ойлар Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашыңыз. Мысалы: _________идея туралы қалғандары не ойлайды?

Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар үлдірленген карточкалар дайындаңыз. Үлдірленген критерийлер

А Ә Б В Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.

Жасыл қалпақ - Креатив Менде қандай идеялар бар? Қандай баламалы түрлерді ойлап таба аламын? Барлық жаңасын және қызықтысын жазыңыз. Көк қалпақ - шолу Мен не аштым? Тағы не ашылған жоқ? Мен оны қалай аша аламын? Мен барлық қалпақты кие алдым ба? Жалпы түсінігіңізді жазыңыз. Сары қалпақ - Позитив Жағымды тұстары қандай болды? Оның артықшылығы қандай? Маған не ұнайды? Оң тармақтарын жазыңыз. Қызыл қалпақ – Түйсік Менің түйсіктік реакциям қандай? Менің түйсігім маған не дейді. Өз ойларыңды жазыңыз. Қара қалпақ - Жағымсыз Жағымсыз кезеңдерді көрсетіңіз? Қандай проблемалар бар? Маған не ұнамайды? Жағымсыз тармақтарды жазыңыз. Ақ қалпақ - Фактілер Менде қандай ақпарат бар? Маған қандай ақпарат алу қажет? Білетіңізді ғана жазыңыз. Де Бононың қалпақтары: мәтінге/суретке/оқуға ықпал етудің 6 тәсілі. (қажеті жоғын алып тастаңыз) Көк қалпақты барлық топтан кейін кері байланысты алу үшін пайдаланыңыз.

Кір жаятын жіп Сөздерді қойыңыз

Стикерлер тобы А Ә В Б Бұл қалай жұмыс істейді: 1. Әрбір топқа жұмыс парағы берілді. Сұрақ/тақырыпты оқып, жауап ретінде стикерде фактілерді қосу қажет (2 минут ішінде). 2. Уақыт аяқталар шақта, парақ сағат тілінің бағыты бойынша келесі топқа беріледі, оның қатысушылары оған өзінің стикерлерін іледі. 3. Барлық топ парақтармен жұмыс істеп болған соң, тапсырма орындалды деп есептеледі. REMEMBER: You may not repeat any facts or information that has already been added by another group.

Жанды фотосуреттер Берілген суреттердің бірінен стоп-кадр құрыңыз: Суретті қойыңыз Шынайы картина қандай? Көзімізге не көрінбейді? Суреттегі _______ сіз деп елестетіп көріңіз. Сіз не туралы ойладыңыз? В А Б

Бөлме – бұл карта! есік терезелер Сынып карта түрінде координаттық тор түрінде белгіленген. Торды пайдалану арқылы, бөлмедегі орындарды анықтаңыздар. Координатын осы жерде көрсетіңіз

Крестиктер-нөлдіктер Rules: 1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды. 2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды. 3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды. 4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады. Ереже

1-оқушы: телефон соғылып жатқанға ұқсатып, тәулік бойы орын алған оқиғалар туралы хабарлайды. (мысалы: су тасқынының деңгейі) 4-оқушы: Тілші сұхбат алатын куәгер. 3-оқушы: Тілші; оқиға орнынан ақпарат ұсынады. 2-оқушы: Телестудиядағы диктор; жиынтық ақпарат береді. Кезбе тілші Топтарда ……….туралы жаңалықтар бағдарламасын жасау қажет. ( мысалы: су тасқыны, Гастингстегі шайқас және т.б.)

Жадыны дамытуға арналған ойын Сіздер топқа бөлінесіздер Сізге мынаны ойластыру керек: · Диаграмманы және мәтінді толтыру үшін қандай стратегияны пайдаланасыз? · Тиімді жұмысқа өзіңізді қалай бейімдейсіз немесе дайындайсыз? · Сіздің ойыңызша, бұл тапсырмада қайсысы айтарлықтай жеңіл/қиын? Мен «Бастаймыз» деген кезде, топтың бір қатысушысы менің үстеліме жақын келеді де, командасына кері барып, ақпаратты жазғанға дейін, картадан/диаграммадан/сұлбадан/бумадан/графикадан/заттар ретінен барынша көп ақпаратты есте сақтауға тырысады. Ереже: 1. Командадан бір адам ғана өз орнын бір рет тастап шыға алады. 2. Сіз үстел басында болғанда ештеңе жаза алмайсыз. 3. Үстел басында тұрып, өз командаңызға ақпаратты дауыстап айта алмайсыз.

Жадыны дамытуға арналған ойын Реттілікті есте сақтаудың жақсы тәсілі – қайталау. Бүгін біз есте сақтайтын топтама/реттілік/серия: _______________________ 1-оқушы: Алдымен оқушы: Алдымен одан соң оқушы: Алдымен одан кейін , сондай-ақ және т.б. оқушылар: алдымен бастаңыз және келесі тармақты қосу арқылы жалғастырыңыз. Осы топтаманы/реттілікті/серияны кім аяқтай алады? Бұл қалай жұмыс істейді:

Дайындал...Назар сал…Оқыңдар! Әр оқушы берілген тақырыпты түсіндіруге көмектесетін заттар жинағын алады. Сіздің тапсырманы жоспарлау үшін 5 минутыңыз бар.