ДӘРІС: 2. Тақырып : Нашақорлық синдромы. Маскүнемдік.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Методикалық тақырып «Табиғат менің өз үйім» Бағдарламасына сай дидактикалық құралдар арқылы балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Өйткені:Қоршаған.
Advertisements

Студенттердің өзіндік жұмысты орындауға арналған кейс- әдісі бойынша жасалынған жобасы. Пән: «Молекулалық биология» Тақырыбы: Жылжымалы генетикалық элементтер.
Шешендік өнер САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру. Білімділік: Оқушылардың.
АЛҒЫ СӨЗ Казақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретiнде, Қазақстан Республикасы халқының өмірінің негiзi болып белгiленген. Жер.
«Дарын» РҒПО-ның ғылыми жоба жарыстарына оқушыларды қатыстыру ережесі Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстарын жыл сайын Қазақстан Республикасы.
«Жас мамандарды ң педагогикалы қ к ә сіптік шеберлігін арттыру.» ( Жас мамандар ғ а ә дістемелік ке ң ес )
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын пайдалана.
XX ғасыр әдебиеті Жүсіпбек Аймауытов Мағжан ЖұмабаевБейімбет Майлин Сәкен Сейфуллин Мұхтар Әуезов Ілияс Жансүгіров.
50 А.Байтұрсынов атындағы көпсалалы мектеп – 50 А.Байтұрсынов атындағы көпсалалы мектеп – гимназиясы. гимназиясы. Тақырыбы: Жәңгір хан - өз заманының білікті.
Дарынды балалармен жұмыс мақсаты: - дарынды балаларды анықтау мен іріктеу, оқыту мен дамыту және оларға қолдау көрсету. - дарынды тұлғаны дамытуда инновациялық.
1 Паскаль тілінде программалау 1.КіріспеКіріспе 2.ТармақталуТармақталу 3.Күрделі шарттарКүрделі шарттар 4.ЦиклдерЦиклдер 5.Шартты циклдерШартты циклдер.
Алпамыс батыр атында ғ ы 40 мектеп гимназиясы ә н-к ү й п ә н:м ұғ алімі Жапаркулова Ф.М. : та қ ырыбы: Ә н-к ү й саба ғ ында о қ ушыларды ң функционалд.
Тақырыбы: PAINT графикалық редакторы, редактордың мүмкіндіктері. Информатика пәнінің мұғалімі: Ахайдарова Ж.Б.
Талқылау тәсілдерінің жинағы Made by Mike Gershon –
ж. Та қ ырып бойынша берілген аны қ тама мен ережелерді қ айталау Та қ ырып бойынша берілген аны қ тама мен ережелерді қ айталау Та қ ырып бойынша.
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторымен жұмыс. Салу құралдары.
Лириканы ң бас қ а һ арманы - а қ ынны ң ө зі. А қ ын е ң алдымен ө з жайын, м ұң ын, арманын, қ уаныш сезімін жыр ету ар қ ылы халы қ ты ң та ғ дырын,
Тақырып: ДЕНСАУЛҚТЫ САҚТАУ. КӨПТІК ЖАЛҒАУ. КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАР: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.
Тақырып: Қайта өрлеу мен жаңа заман дәуіріндегі өзін-өзі тану.
Windows98-графиқалық операциялық жуйе,оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеледі Windows98-дің обьектілерін әр түрлі құрылғылармен.
Транксрипт:

ДӘРІС: 2. Тақырып : Нашақорлық синдромы. Маскүнемдік

МАҚСАТЫ: Берілген лекцияда жоспар бойынша ұсынылған сұрақтармен танысу.

ЖОСПАР: Нашақорлық синдромы. Маскүнемдік.

1. Наркоманияның (токсикоманияның) клиникасы төмендегі синдромдармен белгілі. Үлкен наркоманиялық синдром және психоактивті заттар мен созылмалы ұланудан (интоксикациядан) пайда болатын синдром. Үлкен наркоманиялық синдром. Бұл аурудың (маскүнемдің наркоманияның) ең басты клинико- диагностикалық маркері. Пайда болған наркоманиялық синдром аурудың негізгі белгісі болып табылады, сау адамды «тәуелділігі» бар адамдардан айыратын белгілі.

Психикалық тәуелділік-психикалық жансая жағдайына жету, психикалық жүктемені түсіру үшін психоактивті затты саналы немесе санасты қолдануға мұқтаждық. Психикалық тәуелділік синдромы негізгі синдромның ерте көрінісі болып, психоактивті заттарға құмарлық симптомы және психикалық жансая интоксикация жағдайында жету қабілетінен турады.

Физикалық тәуелділік-наркотикалық заттан (ПАЗ) бас тартуға жауап ретінде абстинентті синдром дамитын жағдай. Тек психикалық тәуелділік бар жағдайда ғана дамиды. Физикалық тәуелділік синдром компульсивті құмарлық және физикалық жансая дәрежесіне интоксикация жағдайында жету және абстинентті синдромнан тұрады.

Абстинентті синдром-наркотикті (ПАЗ) жүйелі қолдануды тоқтатқаннан соң п.б-н соматикалық, неврологиялық, вегетативті, психопатологиялық бұзылыстар комплексі, бұл кезде тұрақты симптомдар болып психикалық және физикалық дискомфорт және қолданған есірткіге айқын әуестік табылады. Кез келген наркомания түрлеріне тән артақ белгілер және арнайы абстинентті белгілер ажыратылады.,

Ортақ белгілерге жатады: психикалық жүктеме; гипотимикалық радикальды көңіл-күйдің бұзылысы (қобалжудан депрессияға дейін); өмірлік мұқтаждықтар бұзылысы (тәбет, ұйқы, жын құм); вегетативті бұзылыстар (гипергидроз, қалшылдау, мидриаз, диспепсия, жүрек- қантамыр реттеуі бұзылуы, және бұ тонусы рет-ң бұз). Арнайы абстинентті белгілерге жатады: -апиынды наркоманияда- түшкіру, тұмау, жас және сілекей ағу, буындарының ауыруы, шайнау бұлшықеттерінің құрысуы; -ұйықтатын заттарды қолданғанда-ірі буындар мен асқазан ауырсынуы; -гашишизмде- сенестопатиялар.

Ағза реактивтілігінің бұрмалану синдромы біріктіреді: Ағза реактивтілігінің бұрмалану синдромы біріктіреді: Қолдану түрінің өзгеруі. Толеранттылық өзгеруі. Қорғаныс реакцияларының өшуі. Масаю түрінің өзгеруі.

1). Наркотиктерді қолдану түріне баланысты психикалық, физикалық жансая пайда болуы мүмкін. Жүйелі түрде наркотиктерді пайдалану адамда белгілі бір дисфункциялар туғызады

Наркотикалық заттарды эпизодты қолдану микроэлеуметтік және элеуметтік психикалық фактоларға байланысты болуы мүмкін, тәртібі де әсер етеді. Қолданудың асқынған түрінің пайда болу себебі: ПАЗ қолданудың жиілігінің, себебінің өзгеруі. Бул жағдайда алкогольды және наркоманиялық тәртібі бастапқы әлеуметтік - психикалық жағдайына байланысты емес, ауруына байланысты. Қарым қатынас бұзылады да жеке қолдануға әкеледі. Асқынған түрі – ПАЗды жүйелі және үззіліссіз қолдану.

Өтірік салынып ішу – егер ситуациялар енбек ақы, қолайсыз жағдайлар, милицияға түсу, ақшаның жоқтығы,ұрыс т.б. сыртқы жағдайлармен байланыты болса. Шын масаю – компульсивті өзектікды құмарлық және спонтанды емделеді.

2). Толеранттылықтың өзгеруі - толеранттылықтың жоғарылауы. Жоғарғы деңгейде тұрактануы, одан кейін төмендеуі – бұл наркоманияның осьтік симптомы деп аталады. Толеранттылық– ПАЗдың, наркотиктердің токсикалық дозасын жақсы қабылдау, наркотиктерге турақтылық қалыптасу. Егер ПАЗ-дың бастапқы дозасы бұрынғы эйфорияны, масаюды немесе күткен эффекты туғызбаса бұл жағдайды толеранттылықтың күшеюі деп атайды. Тәртіптілік толеранттылығы – масаюдың сыртқы көріністерін бақылауға алу жағдайы.

Функциональды толеранттылық – өзіндік тіндік биохимиялық механизммен түсіндіріледі. Көрінісі: масаю жағдайына жету үшін ПАЗдың дозасын көбейтуге мәжбүр болады. Физиологиялық –дені сау адамдарда қорғаныстық және патологиялық реакцияларды туғызбайтын максимальды дозасы бойынша ПАЗды қабылдап алу шамасы,. Бұлар жасына, жынысына және биохимиялық психологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Өзгерген – толеранттылықтың динамикалық өзгеру ерекшеліктері және маскүнемдік мен наркоманияның басты бір симптомы. Толеранттылықтың өсуі, плато, түсу.

3). Қорғаныс реакцилар:бұл-нашақорлық заттар немесе алкогольды дозаларына физикалық толеранттылық жоғарылағанда кездесетін соматикалық және вегетативтік көріністер. 4).масаюдың түрлері: ПАЗ пайдаланғаннан туатын психикалық тәртіптік,соматоневрологиялық көрсеткіштердің жиынтығы.

Масаюдың наркотиктермен ауыстырылу 3 – кезеңнен өтеді. I кезен интоксикацияның самовегетативті комплексі жоғалады. II кезен эйфория кушейеді, сондықтан қалпына келтіру үшін дозасың көбейтуге мәжбүр болады. III кезен Максимальды дозасын қабылдаса да эйфорияның бұрыңғы қалпына келтіру мүмкін емес.

2. Өзектік Казахстанда алкоголизм проблемасына үлкен мән беріледі, оның себебі алкоголизммен ауыратын науқастардың санының көбеюі және этанолдарды көп қолданалытындықтан әлеуметтік проблемалардың тууы. Өткір алкогольды интоксикацияның патологиялық масаюдын,маскүнемдіктің клиникалық белгілерін білу дер кезінде медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді және де қажет болса наркологиялық диспансерге жібереді.

Маскүнемдік – медициналық мағынада созылмалы ауру – спиртті ішімдіктерді жиі мөлшерсіз қолданғандықтан қумарлықтың тууы Маскүнемдік - әлеуметтік турғыда – спиртік ішімдіктерді мөлшерсіз пайдаланғандықтан денсаулыққа, еңбекке, қоғамға зиянды әсер етуі. Маскүнемдік - -прогредиентті ағыммен білінеді және психикалық, соматикалық өзгерістермен байқалады. Олар: алкогольге патологиялық қумарлық, абстинентті синдром, масаю мен алкогольге толеранттылықтың белгілерінің өзгеруі, тұлғаның өзгеруі, токсикалық энцефалопатия синдромы.

Маскүнемдік алкогольды жиі,мөлшерсіз қолданғандықтан жанұяда қарым – қатынастың бұзылуына, жұмыста қолайсыздық және денсаулығында физикалық психикалық өзгерістерге әкелетін ауру. Маскүнемдік – тұрмыстық масаюдан биологиялық белгілеріне байланысты айырмашылықтары бар, бірақ тұрмыстыө масаю маскүнемдікке әкеледі.

Маскүнемдіктің клиникалық белгілері: Бастапқы «неврастеникалық» саты -алкогольге патологиялық құмарлық таңу -алкогольді ішудің көлемін азайту, одан кейін бақылау жоқ -қорғаныс рефлекстің жоғалуы «көп ішкенде кұсудың болмауы» -алкогольге толеранттылықтың өзгеруі – оның жоғарылады анықталады, ішімдіктің үлкен дозасын қабылдайды. -палимпсесты симптомдар алкогольды масаю кезіндегі болған жағдайларды есіне түсіре алмайды. Алкогольды масаюды ң белгілері ө згерелі: олар ашуланчак, кекті, арлан ғ ыш, та ң у, к ү дікті.

Астеникалық синдромның көріністері: -әлсіздік, тез шаршау, әлсіреу, назарының өзгеруі; -интеллектуальды процесстердің әлсіреуі, бас ауыруы; -бұның барлығы жұмысының сапасы төмендеуіне әкеледі; -науқастарға ұйқының бұзылуы ерте байқалады және нашарлайды: тез үйықтап кетпейді,ұйқыдан қайта-қайта оянады, жиі түс көреді, кейде өте қорқынышты. Үйқыдан соң өзін жақсы сезінбейді. Үнемі тітіркенгіштік, себебсіз ашулану, айналасымен конфликт белгілері қалыптасып,үнемі байқалады.

Бастапқы сатыда алкогольге толеранттылық: Ішімдіктердің тәуліктік дозасы 1 л. шарапқа немесе мл. араққа. Маскүнемдіктің 1сатысының ұзақтығы орташа 1 жылдан 6 жылға дейн алкогольді интенсивті қолдануына байланысты. Бастапқы сатының өзінде функциональды соматоневрологиялық өзгерістер болады: вегетососудисті дистония, эзофагиттер, гастриттер, колиттер, бауырдың функциясының өзгеруі, гепатиттің бастапқы белгілері, панкреатиттер.

Орташа сатысы (абстинентті). Белгілері: алкогольге патологиялық құмарлық күшейеді, бой бермейтін,зорлау белгілері байқалады. Науқас ішкісі келіп тұрады, қарсыласпайды,пассивті бағыну белгілері пайда болады. Бастапқы сатыдағы белгілер жойылмайды, керісінше күшейеді,тек өзгерістерге ұшырайды ең басты сипатқа - абстинентті синдром (похмельді синдром)тән.

Абстинентті синдром Ұзақ массивті интоксикациядан соң бірнеше сағат немесе тәуліктен соң пайда болады Белгілрі: Көніл – күйі төмендейді,ашулы,жауыз, себепсіз қорқыныш,өзін кінәлау, тұрақсыз көру, есту галлюцинациялар болуы мүмкін. Ұйқысы нашар,жиі оянады, үйқыдан соң тынығу байқалмайды.

Зрительные галлюцинации

Абстинентті синдром вазовегетативті өзгерістермен көрініс береді: тахикардии, гипертензия, ауыз қуысының кебуі, бастың айналуы, тәбеттің жоғалуы, әлсіздік, жүрек айну, құсу, төс астында ауырсыну, диарея. Беттің гипергидрозы «тершендік» алақанның, тері қабығы мәрмәр «бозаруы», беттің қызаруы, әсіресе мұрынның қызаруы, көздің сарғаюы, тамырлары кеңіген.

Абстинентті синдромның неврологиялық белгілері: Аяқ қолдың, бастың, тілдің треморы. Ромберг позасындағы тұрақсыздық Бет бұлшықеттерінің фибриллярлы тартылуы. Балтыр бұлшық етінің тырыспасы, сирек тырыспалы ұстамасы байқалады.

орталық сатыда алкогольге толеранттылық күшейеді және де жылдар бойы өзгермейді. Тәулік дозасы 1,5-2 л. Арақ ішу. Алкогольды масаюдың белгілері өзгереді. Бұл сатыда науқастар алкогольды күнде қолданады, масаюдың өте жоғары сатысын шақырады,дозасы немесе ішімдікке салыну бірнеше күннен бірнеше жұмаға дейін ұзарады.(жиі 1-3 жұма ішімдікке салыну арасында бірнеше жұма үзіліс).

Алкоголизмнің екінші сатысында тұлғаның. Деградациясы байқалады Эгоизм күшейеді, ішімдікке табу үшін жанұямен, ұжыммен, қоғаммен жанжалдар пайда болады. мнестико-интеллектуальды өзгерістер күшейеді, цинизм пайда болады Назар, ес төмендейді Ойлауы тек біржақты, алкогольды тақырыпқа арналған Ерік процесстер өзгереді: ішімдікті доғару серт,өз мәнін жоғалтады. Ортада өзін кінәлі деп есептемейді. Бұрынғы мақсаттары жоғалады тек ішімдікті ғана ойлайды. Бұл сатыда өткір алкогольды психоз болуы мүмкін. Сатының ұзақтығы орташа 3-5 жыл.

Балалар алдыңдағы немқұрайлық

СОНҒЫ (ЭНЦЕФАЛОПАТИЯЛЫҚ) САТЫСЫ: -Алкогольге құштарлық орташа, ұсақ психогенді факторлар алкогольге құмарлық тудырады. Сонымен қатар аз дозасының өзі тоқтай алмайтын алкогольді құмарлықты тұғызады. -ауыратындар алкогольге толеранттылығы төмендейді, яғни алкогольді масаю аз дозасынан болады аурудың бастапқы сатысы, орта сатыларымен салыстырғанда кезде. -Бұл кезде науқас орташа есеппен бірден мл. Арақ ішкен соң ұзақ өте белсенді масаю болады. Ішімдіктің үлкен дозасын ішкен соң есеңгіреу және ессіз күйде болады.

Алкокоголизмнің энцефалопатиялық сатысына тоқтаусыз, күнде алкогольді (150мл. дейін бірнеше сағаттан соң) ішу жатады. Немесе шын ішімдікке салыну, бұл кезде науқас бірнеше күн ішеді. Бұл жағдайда ішімдікке салыну ұзақтығына қарай араққа толеранттылығы прогрессивті төмендейді. Егер ішімдікке салыну бірінші күндері арақтың дозасы 1л. болса, ішімдікке салыну аяғында күніне мл. дейін төмеңдейді. Мұндай ішімдікке салыну (запой), арақты физикалық қабылдай алмауына байланысты құсықпен немесе коллаптоиды жағдайның тууына байланысты аяқталады. ішімдікке салыну аралығы яғни науқас ішімдік ішпейтін уақыт бірнеше күннен бірнеше жұмаға созылады.

Тұлғада алкогольді деградацияның көріністері. -Алкоголизммен ауыратындар тәртіптік моральдық-этикалық нормалар жоғалтады. Ортаға қызығушылық жоғалады, тек ішуді ғана ойлады. Маскүнемдіктің ортаға сатысандағы дамитын мнестико – интеллектуалды өзгерістер күшейеді және көбейеді. Жұмысқа бейімділігі төмендейді, тек женіл желпі жұмысты істей алады, өзіің,сыртқы пішініне қарамайды, кір, қалай болса солай жүреді. Бұл сатыда қызғаншақтық идеясы туады, тіпті ауыр жағдайға дейін.масаю кезінде бұл идеялар соншалықты басым, агрессивті қимылдарға баруы мүмкін. Науқастар көмекті қажет етеді, тамақты нашар ішеді, жүдейді. Маскүнемдіктің соңғы сатысына созылмалы маскүнемды психоз жатады.

Кәрі адамдарда пайда болған алкоголизм токсикалық энцефалопатияны тұғызады, күшейтеді, аурудың сатысы да тез өзгереді. Бұл кезде жедел алкогольді психоз сирек болады да, көбірек созылмалы алкоголизмді психоз кездеседі. Соматикалық өзгерістер ерте білінеді.

Әйел адамдарда кездесеттін маскүнемдік Әйелдер маскүнемдіқті өте тез қалыптасады және ер адамдарға қарағанда клиникалық белгілері өте ауыр. -Патологиялың құмарлық әйелдерде еркектерден айырмашылығы бірінші 1-2 жылда қалыптасады және сол мерзімде спиртті ішімдікке физикалық тәуелділік немесе абстинентті синдром қалыптасады. Әйел тұлғасының алкогольге байланысты өзгерістері өте тез қарқынте өтеді. Өлор: әлеуметтік деградация, нәпсі бейбастықтық..

Өткір алкогольды интоксикациялық синдром Алкогольдің – бастапты әсері масайту алкогольдің әсері тек қана спирттік ішімдіктің абсолюттік дозасына байланысты емес, оның күштілігіне де байланысты. Арақ сияқты күшті ішімдіктерді пайдаланғанда алкогольдің қаныдағы максимальды концентрациясы бір сағатта болады. Өте тез және қатты масаяды. Масаю кезінде оның күштілігіне байланысты бірнеше соматикалық, неврологикалық және психикалық өзгерістер пайда болады.

Маскүнемдікті масюдың женіл, орташа және ауыр түрлері болады. Масаюдың женіл түрінде қабылдау порог төмендейді интеллектуальды процесстер бұзылады реакциялар баяулайды, ойлауы нашарлайды,айналасын болжамайды, іштеңені сынамайды. Көңіл күйі түрақсыз,көбінесе жоғары, ашуы қатты. Қозғалу координациясы бұзылған, қыйналып сөйлеу.

Масаюдің орташа дәрежесінде көңіл бөлуі бұзылады, қабылдауы емес. Интеллектуальды процесстер өте төмен, ойлануы кездейсоқ ассоциацияға байланысты, персеверация туралы примитивті тәуелділік күшейеді, әсіресе сексуальды. Науқастар ашулы, агрессивті көбінесе төбелеске, ұрысқа әкеледі. Қозғалыс координациясы бұзылған, тәлтіректеп жүреді, дизартриялық сөйлеу.

Масаюдың ауыр өтетің дәрежесінің клиникалық белгісі – үдемелі есеңгіреу. Одан кейін масайған адам кез келген жерде,қолайсыз жағдайда қатты ұйықтайды,зәрді ұстамау,үлкен дәрет ұстамау,бұлшықеттің тырыспасы. Масаю кезіндегі жағдайлар ойында бар,бірақ елестер ретінде болады. Маскүнемдіктің интоксикацияның ауыр жағдайында кездесетін коматозды халден шығару үшін денеден алкогольды тез шығару кажет ол үшін асқазанды жуу, жүрек – қантамыр, тыныс алу функцияларын бақылау. Масаюдың жеңіл дәрежесінде қандағы алкогольдың концентрациясы 2,орташа дәрежеде – 2,5, ауыр дәрежеде – 5 дан жоғары. Бұл мәліметтер қолданылған алкогольдің көлемі, салмақтың 1кг шаққанда: 1-1,5; 1,5-2,5 және 2,5-3,5мл.

Патологиялық масаю Патологиялық масаюға есінең бірден талу тұнжырағанды типті өзгеріс, бұл жәй масаюда кездесетін есеңгіреуден мүлде бөлек. Жай масаюмен патологиялықты айыру қажет. Патологиялық масаю алкогольдің тек аз дозасын пайдаланғандықтан «бұрын солай есептелетін» болмайды үлкен дозада болады. Патологиялық масаю кезінде жасалған қоғамға зиянды әрекеттер, бір болған жағдайларға қарсы реакция емес оның басты себебі:жанға бататын импульсы, ойында және пайда болу. Бұл жағдайда автоматты үйреншікті жағдайды және теңдікті қамтамасыз ететін нервно-психикалық механизм өзгермейді,сондықтан патологиялық масаю кезінде олар ауыр агрессивті жағдайды туғызу үшін неше түрлі қозғалыстарға барады. Бұл адамдарға күрделі бағытталған іс әрекеттерді жасайтын қабілеттері сақталады, мысалы автокөлікті жургізу,үйіне жол табу т. б. сияқты. Патологиялық масаю психиатриялық практикада психоз деп есептеледі, науқастар бұл кезіңде жауапты деп саналмайды.

Назарыңызға рахмет.