Дәріс 1 ТАҚЫРЫП: Наркология пәні, міндеттері. ҚР-да наркологиялық көмекті ұйымдастыру. Осы замандағы нашақорлықтың актуальды проблемаларды дәлелдеу медицина.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
– Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? – Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен.
Advertisements

Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау министрлігі Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті Балалардың жұқпалы аурулары және фтизиатрия кафедрасы.
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Пән: Дәлелді медицина негіздері.
Дәрілік заттардың ағза жағдайына тәуелділігі Орындаған: Нұрлан Тоғжан, ЖМ Тексерген: Рахимгалиева Асем С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина.
Дұрыс тамақтана білеміз бе?Дұрыс тамақтана білеміз бе?
Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.
LOGO Медициналық және фармацевтикалық тауарлардың таңбалануы, безендірілуі мен ыдыстары Орындаған:Байдуллаева Д.Б. Тобы: 302 А ФК.
Дұрыс тамақтана білеміз бе?. 1. Тамақтану тәртібі 2. Тамақтанудың негізгі ережелері 3. Тамақтану процесінің принциптері 4. Тамақ ішу тәртібі.
Болашақ медицина колледжі. Соматикалық ауруға науқастың әсері ең алдымен сырқаттың ауырлығын бағалаумен сипатталады. Осыған орай,дерттің «объективті»
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы 2 Орындаған:Қоңыров Ә.Т ЖМФ Қабылдаған:Амангельдиева Қ.Қ. СӨЖ Функционалды.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Клиникаға кіріспе кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Жанұямен қарым – қатынаста жеткен жетістіктерді және қиыншылықтарды.
ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒАН! Дайындаған: Интерн – терапевттер,603-1 т, ҚазҰМУ.
Гүлсім Назарбекқызы ЖАКЕБАЕВА, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК 5 наркологиялық бөлімше меңгерушісі, дәрігер нарколог ПБЗ-ға тәуелді балалармен және.
Лекция Биологиялық активті нүктелер функциясының тәуліктік ырғақталығы.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Факультет: Жалпы медицина Дисциплина: Қалыпты физиология СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ.
Та қ ырыбы: Ұ ялы телофонны ң зияны ж ә не одан қ ор ғ ану.
Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары аз қимылдау, мөлшерден тыс тамақ ішу, спиртті сусындарды ішу, темекі тарту жүрек іс әрекетін нашарлатады, ал бұл.
Девиантты мінез-құлық. Жоспары: 1.Девиантты мінез-құлық 2.Девиантты мінез құлық типтері 3.Девиантты мінез құлықтың пайда болуы.
Транксрипт:

дәріс 1 ТАҚЫРЫП: Наркология пәні, міндеттері. ҚР-да наркологиялық көмекті ұйымдастыру. Осы замандағы нашақорлықтың актуальды проблемаларды дәлелдеу медицина негізінде.

МАҚСАТЫ:. Бұл лекцияда сіздер халыққа көрсетілетін наркологиялық көмекті ұйымдастыру негізімен және наркология пәні және мақсаттары туралы мәлімет аласындар.

ЖОСПАР: 1. 1Наркология – пәні және міндеттері. 2.Психоактивті заттар туралы түсінік. 3.Наркологиялық көмекті ұйымдастыру. 4.Наркологиялық аурулардың этиологиясы. 5.Наркологиялық аурулардың патогенезі. 6.Наркологиялық аурулардың жіктелуі 7. Осы замандағы нашақорлықтың актуальды проблемалары дәлелдеу медицина негізінде.

ӨЗЕКТІЛІГІ: Кұрметті әріптестер, медициналық академияда наркологияның арнайы курсы оқу жылынан бастап жұмыс істеуде. Осы мәселенің өзектілігіне байланысты бұл пән міндетті оқу программалына еңгізілген. Осылайша наркомания бүкіл дүние жүзінде, сонымен бірге Қазақстанда да көбеюде. И.Н.Пятницкая (1995ж.) жүргізілген анализ негізінде Наркомания тенденциялары өте маңызды және қоғамға қауіп әкеледі, сондықтан бұл мәселе өзіне тек көңіл бөлу ғана емес, сонымен қатар қоғамдық шараларды қолдану керек деген негізгі қорытындыға келеді.

Өзектілігі. Көпшіліктің ПАЗ-ды қолдануы улану, травматизм, зорлықпен жасалған қылмыстар және т.б. жағдайлардың көбеюіне әкеледі. Көбінесе наркотиктерді жастар, соның ішінде жасөспірімдер мен балалар қолданады. Алкогольді қолдану да көбінесе балалар мен жасөспірімдерге тән. Бұл факторлар жеке тұлға дамуына және оны қызықтыратын мәселелерге, әлеуметтік және т.б. жағдайларға әсер етеді. Наркотиктерді көктамырға қолдану СПИД, гепатит және т.б. вирусты, инфекциялық аурулардың тез таралуына әкеледі. Опийлы наркоманиямен ауыратын науқастардың көбі жас кезінде қайтыс болады. Бұл мәселенің маңыздылығына байланысты соңғы жылда барлық мемлекеттерде осы салада ғылыми зерттеулер белсендірілді.

Мақсаттары: Наркология – психоактивті заттарға тәуелділіктің қалыптасуының пайда болу шарттарын және механизмін, диагностика тәсілдерін анықтау, емдеу осыдан пайда болған аурулардың алдын алу мақсатында олардың токсикалық эффектілін оқытатын ғылыми дисциплина.

Наркологияның негізгі міндеттерінің бірі алкоголизм және наркоманиямен ауыратын науқастарды емдеу болып табылады. Емдеу негізінде ремиссияны тұрақтанрдыру және аурудың рецидивін алдын алу жатыр. Наркологияның тағы бір міндеті – аурулардың алдын алу.

Қазіргі кезде тәуелділік синдромын дамытатын көптеген химиялық заттар анықталып жатыр. Осыған байланысты бұл заттарды (алкоголь, наркотиктер, т.б.) бір топқа біріктіріп, психоактивті заттар (ПАЗ) деп атады.

Психоакивті зат – бұл 1 рет қолданғаннан эйфорияны немесе басқа психотропты эффекті, ал жүйелі түрде қолданғанда психикалық және физикалық тәуелділікті шақыратын химиялық зат.

НАРКОТИК немесе наркотикалық заттар бұл заттарға үш критерий жатады : Медициналық: Бұл заттар немесе дәрілер орталық нерв жүйесіне спецификалық әсер етуі қажет, олар: стимуляторлық,седативті галлюциногенді т.б. Бүның себебі: медициналық қолдануға байланысты емес. Әлеуметтік: Заттарды қолдану үлкен масштабты және бұндай қолдану үлкен әлеуметтік мәселе туғызады. Заңдылық: Бұл заттар қабылданған заңдар бойынша наркотиктарға жатады және сол заттардың тізіміне кіреді. Наркотикалық заттарды қолдану және тарату заңмен жазаланады.

ПАЗға тәуелділік немесе дәрілерге тәуелділік немесе химиялық тәуелділік Наркомания: Ауру – үнемі наркотиктерді қолданылғандықтан және реактивтіліктің өзгеруімен, психикалық және физикалық тәуелділікпен өтетін синдром. Токсикомания – бұлда наркомания сияқты өтетін ауру, тек ресми наркотиктарға жатпайтын заттардан пайда болады.

Бұл түсінікті болу тек шартты және оны шығару,сақтау,тарату қолдану заңдатылған. Сондықтан сол заңның талабын бұзған тұлғалар административті немесе қылмыстық жауапкершілік тартылады.

Токсикомания – наркотикалық заттар тізіміне кірмейтін психоактивті затты жүйелі қолдануға байланысты дамыған ауру. «Нашақорлық» немесе «токсикомания» диагнозы аурудың клиникалық белгісі бар науқастарға қөйылады. Наркотизм – наша және психоактивті заттарды наркомания және токсикоманияның дамуынсыз қолдану. Полинаркомания – екі немесе одан да көп наша заттарын қолданудан дамитын наркомания. Асқынған наркомания – наша заттарын басқа заттармен және дәрілермен бірге қолдану. Асқынған токсикомания – токсикоманияның арақ ішумен қосарланды.

3. Наркологиялық көмек түсінігіне кіреді: Өндірістегі фельдшер – нарколог кабинеттері; дәрігер-нарколог кабинеттері; жеке және диспансер құрамындағы емханалар; емхана немесе стационар ішіндегі күндізгі стационарлар; диспансер қүрамындағы, сонымен қатар бөлек (наркологиялық ауруханалардағы) өз еркімен емделу стационардағы; диспансер құрамындағы күшпен емдеу бөлімдері және бөлек-ЛСПУ – науқастарды емдеу үшін арнайы емдеу-профилактикалық мекеме; бөлек немесе диспанцер құрамындағы наркологиялық науқастардың медициналық-әлеуметтік реабилитация бөліндері; наркоманияның медициналық-әлеуметтік мәселелердің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы.

Наркологиялық диспансердің негізгі міндеттері: 1.Біріншілік, екіншілік, үшіншілік алдын алу. 2.Алкоголизммен, наркомания токсикоманиямен, ауыратын адамдары ерте анықтау, емдеу және есепке турғызу. 3.Динамикалық диспансерлік бақылау. 4.Тұрғындар арасында ауыршаңдықты зерттеу. 5.Емдік-профилактикалық көмектің эффективтілігінің анализі. 6.Әлеуметтік-турмыстық көмек. 7.Психологиялық және психопрофилактикалық жұмыс. 8.Басқа ұйымдармен бірге жұмыс істеу. 9.Алкогольді, наркотикалық, токсикоманиялық масаюдың экспертизаны (тәулік бойы). 10.Документтерді статистикалық өңдеу.

Наркологиялық диспансер құрылысы: Тіркеу орыны Учаскелік дәрігер-наркологтардың кабинеттері. Жасөспірімдер кабинеті. Наркологиялық науқастарға көмек көрсету кабинеті. Анонимді емдеу кабинеті. Басқа мамандар: терапевт, невропатолог, психолог кабинеттері. Алкогольді, наркотикалық, токсикоманиялық масаюдың экспертизасын жүргізу кабинеті. Стационарлық бөлім (әйелдер, ерлер, жасөспірімдер). Лабораториялары бар диагностикалық бөлім. Күндізгі стационар. Емдік-еңбектік шеберханалар. Емдеудің белсенді тәсілдерінің кабинеттері: процедуралық, физиотерапиялық, психотерапия және гипнозға арналған. Ұйымдастыру-меттодикалық бөлім.

Учаскелік дәрігер – наркологтар науқастарды қабылдаумен қоса, Д есепте тұратын адамдарды үйде бақылайды, сонымен қатар мектептерде профилактикалық жұмыстар жұргізеді. Наркоманияны тоқтату мақсатында оқушылармен ағарту жұмысын атқарады. Наркомания кезіндегі диспансерлік бақылау уақыты-5 жыл, алкоголизм кезінде-3 жыл. ПАЗ- ды эпизодты түрде қабылдайтын адамдар үшін-1 жыл. Стационарда 2 түрлі ем қолданады: өз еркімен және күшпен емдеу. Егер науқас өз еркімен емделгісі келмесе, бірақ қоршағандарға қауіп төндірсе сот шешімімен күшпен емдеу жүргізіледі. Алкоголизм кезінде тағайындалатын стационарлық ем узақтығы-45 күн, наркомания кезінде-60 күн. Күшпен емдеуде-6 айдан-2 жылға дейін.

4. Наркологиялық аурулардың пайда болу шарттары туралы айтқанда бірнеше құрамға көңіл бөлу керек: әлеуметтік, психологиялық және биологиялық факторлар. Осылайша, ПАЗ-дарға тәуелділік-этиологиясы бойынша күрделі, көп факторлы ауру, ол генетикалық факторлармен қоса, ішкі және сыртқы орта факторларының жиынтығымен негізделеді. Биологиялық бейімділікті егіздер тәсілі дәлелдейді. Алкоголизммен ауыратын ата-анадан туған үрпақ әртүрлі жағдайларда өмір сүргенде популяцияға қарағанда үлкен жиілікпен алкоголизацияға бейімділікті көрсетеді. Биологиялық тәуелділікке байланысты жүргізілген зерттеулер көбінесе алкоголиктер жанұяға жатады наркомания бұл арада әлі аз зерттелген болып табылады. Алкоголизм кезінде туқым қуалаушылық пен аурудаң өзі емес, оған бесенділік, яғни тәуелділіктің пайда болу мүмкіндігінің қауіп дәрежесі беріледі. Бұл кезде қауіп дәрежесі о деген адамдар болмайды, ол тен минималды, орташа, максималды болуы мүмкін.

Жанұялардаң ең бірінші анықталатын ПАЗ-ға тәуелділіктің дамуының әлеуметтік қауіпқатер факторлары: әкесі немесе шешесімең алкоголизмі немесе наркоманиясы. басқа туыстардың алкоголизмі немесе наркоманиясы. жанұядағы конфликттер. жанұя мүшелері арасында эмоционалды тартылудың жоқтығы. балалардың ПАЗ-ды қолдануына ата-аналының шыдауы. толық емес жанұя (жанұяда әкенің болмауы). жанұяда өмірдің бей берекетсіздігі. жанұялық дәстүрлер. ПАЗ-ға тәуелділіктің дамуының маңызды индивидуальды- психологиялық факторлар. агрессияға, антисоциалды істерге, қауіп-қатерге бейім тұлғалардың психикалық құрылымы. ер жынысты. балалық шақта гиперактивтілік синдромы. төмен интеллект, оқығысы келмейтін. ата-анаммен эмоционалды оқығысы келмейтін. тәжірибедегі ауытқулар (сабақты босату, төмен дисциплина).

5. ПАЗ-ға тәуелділіктің патогенезі. Наркотиктер, алкоголь, басқа ПАЗ-дың адам ағзасына, өмір сүруіне және функцияларына әсері үш әртүрлі бағытта білінеді. Біріншіден, ПАЗ мидың белгілі жүйелері мен құрылымдарына спецификалық әсер етеді және тәуелділік синдромын шақырады. Бұл синдром наркологиялық ауру клиникасындағы негізгі болып табылады. Екіншіден, алкоголь және наркотиктер адам ағзаның барлық жүйелері мен мүшелеріне токсикалық әсер етеді. Барлық қосымша аурулар, асқынулар және науқастық тәсілі ПАЗ-дық токсикалық әсеріне байланысты. Үшініден, бүгінгі күнде ата-ананың наркологиялық патологиясы ұрпаққа әсер етеді. Медико-генетикалық зерттеулер дәлелдеуі бойынша, алкоголизм және наркоманиямен ауыратын ата-анадан туған балаларда он ауруларды кездесу жиілігі жоғарлайды. Сонымен қатар оларда мінез бен тәртіпте өзгерістер болады: агрессия, депрессия, қауіп-қатерге бейімділік. Жүктілік кезінде әйел алкогольді қолданғанда ұрықта алкогольді синдром дамуы мүмкін, және де наркотиктерді қолданса бала туа біткен наркотәуелділікпен тууы мүмкін.

Патогенезі: Қазіргі ғылыми факторға сүйенгенде, ПАЗ-ға тәуелділіктің дамуының нейрофизиологиялық механизмі мидың бағаналы және лимбикалық құрылымында, олардың қосымша қорек деп атанатын аймақтарында негізделеді. Бұл жүйе эмоциональды жағдайдың, психофизикалық тонустың, адам тәртібін, оның сыртқы ортаға бейімделуін реттелуін қамтамасыз етеді.

Көптеген зерттеулердің нәтижелеріне сүйеніп келесідей қорытындыға келуге болады: ПАЗ-дың мидың нейрохимиялық процесстеріне әсері тәуелділік синдром дамуының негізгі болып табылады. Наркотикалық препараттардың массивті әсер етуі мидың барлық нейрохимиялық жүйелерінің дисфункциясына әкеледі, бірақ бұл бұзылыстарының бәрі де наркотәуелділік синдромының дамуына әкелмейді. әрбір препарат өзінің фармакологиялық спектріне ие. Бірақ, тәуелділік синдромын шақыратын заттарда бәріне ортақ фармакологиялық әсер бар-бұл мидың лимбикалың құрылымында, әсіресе қосымша қорек жүйесіндегі катехоламинді нейромедиацияға тән әсері.

ПАЗ-дың әсері мидың бұл бөлімдерінде деподан катехоламиндер тобының нейромедиаторларының интенсивті лақтырысына әкеледі, бірінші орында дофамин (ДА), одан кейін қосымша қорек жүйесінің қозуына әкелетін одан да күшті медиаторлар бөлінеді. Мұндай қозу оқ әсерлі эмоцияларды шақырады. Бос КА-дер метаболизм ферменттері әсерінен тез арада ыдырап кетеді. ПАЗ-ды қайталама қолдану нейромедиаторлар қорының азаюына әкеліп, қалыпты импульс келгенде қосымша қорек жуйесінде қозудың айқын дылығы жетіспейді. Психофизикалық жағынан адамда бұл көңіл күйдің төмендеуімен, әлсіздік, не эмоционалды дискомфорт, депрессиялық симптомдармен сипатталары.

, Бұл фонда ПАЗ-ды қолдану деподан нейромедиаторларды қосымша шиғуын шақырып, синапстық қуыста олардың дефицитін уақытша компенсирлейді және мидың лимбикалық құрылымының әрекетін қалыптастырады. Бұл процесс жағдайдың жақсаруы, эмоционалды және психикалық қозу сияқты субъективті сезімдермен қатар жүреді. Бірақ, бос КА қайтадан тез арада ыдырайды да, олардың деңгейі одан сайын төмендейді, психоэмоциональды жағдай нашарлайды және осыған байланысты қайта наркотик қолдануға әкеледі.

Бұл тұйық шеңбер алкоголь және наркотикалық заттарға психикалық тәуелділіктің қалыптасуының негізінде жатыр. Алкоголь және наркотиктерді ұзақ уақыт қолдану адам ағзасына қауіп төндіретін нейромедиаторлар дефицитін арттыруы мүмкін. Бұл құбылыстың компенсация механизмі ретінде КА-дердің жоғары синтезі және олардың метаболизмінің ферменттердің белсенділігін тежеу болып табылады, бірінші орында моноаминоксидазаға және дофамин-бетагидроксилаза (ДФГ) ол дофаминнің норадреналинге ауылуын бақылайды. Осылайша, ПАЗ-ды келесі қолданғандағы КА- дер лақтырысы және олардың тез ыдырауы бұл нейромедиаторлардың компенсаторлы-күшейген синтезімен қатар жүреді. Жылдамдатылған КА-дер шеңберінің қалыптасуы жүреді. Енді, наркотиктерді қолдануды тоқтатқанда, яғни абстиненция кезінде деподан катехоламиндердің тез босауы болмайды, ол олардың тезделген синтезі сақталады. Мидағы ферменттердің белсенділігінің өзгеруі нәтижесінде КА-дердің бірі-дофамин жиналады.

Осы процесс абстинентті синдромның негізгі клиникалық белгілерінің-жоғары алаңдаушылық, қозу, қан қысымының жоғарлауы, пульстің жиілеуі, басқа вегетативті бұзылыстардың пайда болуы, ұйқының бузылуы, психотикалық жағдайлардың пайда болуының дамуына әкеледі. Жоғарыда аталған мидың нейрохимиялық функциялардың өзгерістері ПАЗ-ға физикалық тәуелділіктің қалыптасуының негізгі болып табылады. Қандағы дофамин деңгейі абстинентті синдромның клиникалық ауырлығымен тура байланысты болады олардың бастапқы көрсеткіштерінің 2 есе жоғарлауы, ауыр абстинентті синдром клиникасына тән, ол 3 есе жоғарлауы жедел психикалық жағдай алкогольді делирийге желеді.

Қалыптасқан физикалық тәуелділігі бар науқастардағы ремиссия динамикасында дофамин деңгейінің типтік тербелуі байқалады: бастапқы кезде ол біраз жоғарлаған, одан кейін нормадан төмен болады. ДА дефициті мидың қосымша қорек құрылымда алкоголь және наркотиктарға патологиялық әуестіктің негізгі болып табылады және ауру рецидивінің жоғары мүмкіншілігіне әкеледі.

6. 6. Д М –IV казіргі классификациясы және Қазақстанда қабылданған МКБ-10 статикалық анализге бағытталған және динамикалық бағыттол айырылған. МКБ-10 бойынша психикалық және тәртіптік бұзылыстар Р әрпімен кодталады. ПАЗ-ды қолданудан пайда болған психикалық және тәртіптік бұзылыстар 1 сонымен кодталады. Үшінші сан ПАЗ тобын білдіреді. Мысалы, F 10-алкоголь, F 11-опиаттар, F 12- канабиоидтер, F 13-седативті және ұйықтататын заттар, F 14- кокаин, F 15-басқа стимуляторлар, кодеинді қосқанда, F 16- галлюциногендер, F 17-табак, F 18-үшқыш еріткіштер, F 19-ПАЗ- ды қосып қолдану. Осымен қатар бұл жіктелу көрсетеді: асқынуларды, қосымша аурулар, синдромдар (мысалы: абстиненция, интоксикация). Сонымен қатар қазіргі кезде ПАЗ- ды қолдану ма, жоқ на: рецидив, яғни ПАЗ-ды активті қолдану немесе ремиссия, яғни ПАЗ-ды қолдану қою. Дәрігерлер диагнозды МКБ-10 бойынша қояды. Сонымен қатар дәрігерлер өз жұмысында клинико- динамикалық классификацияны қолданады, ол ауру кезеңіне негізделген.

Осы замандағы нашақорлықның өзектіктілі проблемалары дәлелді медицина негізінде. Дәлелді медицина негізінде наркологияның өзекті проблемаларына жататындар: маскүнемдік; опийды және гашишты наркомания наркологиялық ауруларды емдеу.

Дәрістің соңында сізге керек: Келесі сұрақтарға жауап беру керек: Қандай жалпы атаумен алкоголь, темекі, опийді атауға болады? Наркомания ағымында неше кезең бар? Қай кезеңде абстинентті синдром қалыптасады? 3-ші кезеңде толеранттылық қалай өзгереді? ПАЗды қабылдау гепатит дамуы қаупін тудыра ма? Түсінік болу керек: Наркотикалық көмекті ұйымдастыру. Наркология сабағы және мәселелері. Психоактивті заттар. Наркологиялық аурулар этиологиясы. Наркологиялық аурулар патогенезі. Наркологиялық аурулар сатылары. Наркологиялық аурулар ағымы. Наркологиялық аурулар кезіндегі негізгі синдромдар.

Сұрақтарға жауап беріңіз: ПАЗ денеге қандай әсер етеді. ПАЗ-анықтамасы. Наркоманиялық синдром. Токсикомания мен нашақорлықтың айырмашылығы неде. Психикалық тәуелділік синдромы дегеніміз не. Физикалық тәуелділік синдромы дегеніміз не. Абстинентті синдром не. Қай уақытта сатылар басталды деп айтамыз. Қашан еріксіз емдеу шарасы қолданылады.