ааааааааа Мазмұны 1. Кіріспе. Киіз үй – қара шаңырақ. 2. Негізгі бөлім. Киіз үйдің ерекшелігі. 2.1 Оның ыңғайлылығы. 2.2. Киіз үй сүйегі. 2.3. Киіз үй.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Мазмұны 1. Кіріспе. Киіз үй – қара шаңырақ. 2. Негізгі бөлім. Киіз үйдің ерекшелігі. 2.1 Оның ыңғайлылығы Киіз үй сүйегі Киіз үй түрлері,
Advertisements

Киіз үй Киіз үй көптеген көшпелі халықтардың негізгі баспанасы болған. Киіз үйдің құрылысы бірнеше бөліктерден тұрады. Киіз үйді сыртқы көрінісіне, келбеті.
Менің жобамның мазмұны: І. Кіріспе 1.1. Нан қасиетті тағам ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Нанның ұлылығы 2.2. Нан мен бауырсақтың пайдасы 2.3.Бауырсақ және бауырсақтың.
Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК дәрігер психологы Бала мен жасөспiрiмдегi есірткіге тәуелділік белгілері. Психологиялық аспект.
Ойлау мен сөйлеу түрлері Қасиеттері. Балада ойлау мен сөйлеудің даму ерекшеліктері Ойлау мен сөйлеу түрлері Қасиеттері. Балада ойлау мен сөйлеудің даму.
Қалжа мен шілдехана тойы «Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың.
Археологтардың зерттеуіне сүйенсек, аралар алғашқы адамдардың пайда болуына дейін 56 миллион жыл бұрын пайда болған дейді. Ежелгі мәдени ескерткіштердің.
Жаңа технологияның жылдам дамуына байланысты дәстүрлі оқыту әдістерін қайта қарауға тұра келуде. Бұл үрдіс әртүрлі пікірлердің қалыптасуына да септігін.
Бастау Жоспар Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Таңбалы тас суреттері Алтын адам Алтын адам Алтын адам Алтын адам Қазақтың.
АНА МЕН БАЛА ! 1 жасыңда Сені алақанына салып бақты, тамақ беріп, жуындырды. Оның түн ұйқысын төрт бөліп, ұйықтатпай рахметіңді сөйтіп айттың.
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын пайдалана.
Конституция деген сөздін латыннан аудармасы құрылғы, жарғы, заң деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған.
Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб.
Жобаның негізгі мақсаты: Б ө лме ө сімдіктеріні ң бірі кактусты ң т ү рлерін, ерекшеліктерін о қ ып ү йрену.
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...
Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғат бағы туралы сөз қозғағанда кім-кімнің болсын аузына ең алдымен Айғайқұм түсері хақ. Ол заңды да. Себебі, әлемнің.
Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтенуі Әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының оқытушысы Аралбай С.М.
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш. Сыныбы: 8 а Пән мұғалімі: Асилова А.Т.
Транксрипт:

ааааааааа

Мазмұны 1. Кіріспе. Киіз үй – қара шаңырақ. 2. Негізгі бөлім. Киіз үйдің ерекшелігі. 2.1 Оның ыңғайлылығы Киіз үй сүйегі Киіз үй түрлері, атаулары, жабдықтары мен жиһаздары. 3.Қорытынды. Киіз үйдің маңыздылығы мен мәні. 4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Тақырыбы: «Киелі киіз үй». «Атам - Алаш, керегеміз – ағаш, Киіз туырлықты, ағаш - уықты қазақпыз» /нақыл сөзден/ Мақсаты: Киіз үйдің қажет болғандығын білу. Міндеті: Халқымыз үшін киелі де қасиетті киіз үй туралы деректермен танысу. Зерттеу бағыты мен саласы: Киіз үйдің киелілігін оқи отырып, қасиеті мен өзіндік ерекшелігін даралау. Зерттеу әдістері: Қазақтың киіз үйінің қажеттілігі туралы материалдар, ақпараттар, газет, журнал арқылы түрлі мақалалар, шығармалар жинау, танысу және ғаламторға ену. Зерттеу саласы: тарих Зерттеу жоспары: 1. Зерттеу тақырыбын таңдау, дәйектеу. 2. Кіріспе. Киіз үй – қара шаңырақ». 3. Негізгі бөлім: Киіз үйдің ерекшелігі 3.1. Киіз үйдің ыңғайлылығы 3.2. Киіз үй сүйегі 3.3. Киіз үй түрлері, атаулары, жабдықтары мен жиһаздары. 4. Қорытынды. Киіз үйдің маңыздылығы, мәні. 5. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе Киіз үй - қара шаңырақ. Киіз үй – «Атамыз – Алаш, керегеміз – ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй – тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Ғасырдан – ғасырға қастерлеп ұстап, мән-мағынасын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы. Киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланады. Киіз үй біздің заманымыздың VІІ /жетінші/ ғасырында кеңінен пайдаланып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған.

Аннотация Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Киелі киіз үй» Зерттеу бағыты мен саласы: Ұлттық педагогиканың ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы, адамды ойлануға үйрету. «Өткенді жақсы білмейінші, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар» Л.Н.Толстой Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам мұрагерлерін тәрбиелеу ісі. Бала тәрбиесіне байланысты аслт-дәстүрлер, тұрмыс-салт дәстүрлері, әлеуметтік-мәдени дәстүрлерді оқып үйренуіне, бағыт беру /басты – өзекті мәселе бүгінгі күннің өзекті мәселесі/ Ал тұрмыс-салт дәстүрлерінің бірі «Киелі киіз үйді» ұлттық тәрбиенің көкейкесті мәселелерін қозғауға ғылыми негіз бола алады.

Пікір. Шығармашылық тұлға қалыптастыру - қазіргі оқу-тәрбие процессінің ең басты талаптары. Оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені ана-тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрлерді аялай білу негізгі міндеттердің бірі. Халқымыздың осы асыл мұрасын соның ішінде тұрмыс салт-дәстүр, халқымыздың «қара шаңырақ» деп киелі тұтатын киіз үйін зерттеу тақырыбы өзекті деп есептеймін. Пікір жазған: Сулейменова Б.Қ.

Негізгі бөлім. Киіз үй ерекшелігі. Тағы бір ерекше айта кетерлік жай: біздің киіз үй тек баспана ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып туынды. Басқа елдердегідей емес, бұл ағаш, киіз, ши, ішінара күмістен құрастырылады, әрі көшпелі /жылнамалы/ құрылыс түріне жатады. Киіз үй берік ағаштан /қайыңнан/ жасалады. Себебі: «құрт түспейді, шірімейді. а) Оны үлкейтіп, кішірейтіп бір-біріне қосып, екі-үш бөлмелі етіп тігуге де болады екен. (Мысалы: «Қыз – Жібек» фильміндегі үй). Т уырлықтан жазда ыстық, қыста суық, жауында су өтпейді. Себебі, төбесі жадағай емес, күмбез болып келеді. Қыста туырлықты екі қабат етіп жабады. Үй іргесін шөппен бекітіп, айналасын қамыспен орайды. Көбінесе қамысты жерді паналайтындықтан, жел де көп болмайды. Міне осындай үйде ел даңқын асырған батырларымыз Керей, Әз Жәнібек, Тәуке хан, хан Абылай, Кенесары, ұлы Абай, ғұламалар Ахмет Байтұрсынов, Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов бабаларымыздың кіндігі осы киіз үй ішінде кесілген. Үйдің сүйегін үйшілер жасайды, оны «үй басу» дейді. Қажетті ағаштар 6 ай, кейде 1 жылдай көлеңкеде кептіріледі.. /сурет/ Кереге «киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды» керегенің әр ағашын желі дейді. Керегенің желінің ең ұзынын – ерісі, қысқалауын - балашақ, ең қысқасын сағанақ дейді. Бір керегеде 14 ерісі /2 метр/, 9 балашық /1м 80см/, 9 сағанақ /30 см/, керегенің көктеліп біткен әр бөлігін - қанат дейді. «Керегең кең болсын» деген тілек осыдан шыққан. /сурет/ Шаңырақ – киіз үйдің қасиеті, киелі мүлкі /сурет/ Шаңырақ «үй, отбасы» деген мағына, «Шаңырағың биік болсын» деген тілекті біледі. Киіз үйде әсік екеу болады, /сурет/ Бірінші - ішкі есік – сырқылауық – ағаштан жасалған. Екіншісі - киіз есік - киізден жасалады, ол сықырлауықтың сыртынан жабылады. «Босаға берік болсын» деген тілек тағы бар. б) Киіз үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрлерге бөлінеді.

Киіз үй атаулары Абылайша Керегесіз, уықтан тігілген шағын киіз үй. Ақ шаңқан үй Сүттей ақ, аппақ киіз үй Жолым үй Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй. Орда Еңселі, салтанатты киіз үй Қара құрым үй Киізінің тозығы жеткен, ескі үй. Отау Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй. Ақтағыр Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй Қара үй /үш қанатты/ Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп атайды. Тоңқайма Бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй. Жаппа Керегесіз, киізбен жабылған баспана. Қараша үй Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй. /4 қанат/ Ұраңқай Уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

Киіз үйдің сүйегі Шаңырақ Уық Кереге Сықырлауық 1.Бақалақ 1. Қалам 1. Балашық 1. Босаға 2.Күлдіреуіш 2. Қары 2. Ерісі 2. Жарма бет 3.Қаламдық 3. Иін 3. Желі 3. Маңдайша 4.Табақ 4. Уық бау 4. Көк 4. Табалдырық 5.Тарам 5. Қанат 6.Тоғын 6. Сағанақ

Киіз үй жиһаздары Абажа Ас, тағам салуға арналып жасалған сандықтың (кебеженің) үлкен түрі. Абдыра Киім-кешек, әр түрлі бұйым- дар салатын үлкен сандық Ағаш төсек Жату үшін пайдала- нылатын үй жиһазы Асадал Тамақ және ыдыс- аяқ сақтауға арналған үй жиһазы Жүкаяқ Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым. Бөгіре Кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін) Кебеже Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық Жағылан Былғарыдан істелген сандық Сандық Әр түрлі бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы. Адалбақан Киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жиһаз Жозы Жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел.

Киіз үй жабдықтары Аяқбау Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп. Бақан Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түндіктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш. Бас арқан Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазыққа байлайтын арқан. Басар Қатты желтұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын екі арқан. Туырлық Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз. Басқұр Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын жалпақ бау. Белбау Киіз үйдің туырлығын керегеге бастыра тартатын ұзын арқан. Жел арқан Киіз үйдің туырлығын керегеге бастыра тартатын ұзын арқан Желбау Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып байлайтын бау. Белдеу Туырлықты айналдыра буатын арқан Құр Киіз үйдің керегелері мен уықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3 елідей, тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау. Дөдеге Сән үшін үзіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз Тегеріш Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау. Түндік Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз Уыққап Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз. Үзік Уықтың үстіне жабылатын киіз.