ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ izden.kz. Тіл мәдениеті – тілдің тазалығын, тілдің ережелерге сай жұмсалуын, сөйлеуші мен оқушысының тіл жұмсау реттілігін,

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Мұғалімнің кәсіби өздігінен білім алуының негіздері.
Advertisements

Мектебі: 202 орта мектебі (10 сыныпқа арналған практикалық сабақ) Мұғалім: Азаматова Ботакөз Бейінді оқыту жөніндегі орынбасары.
Тұлғаның әлеуметтенуі SLAID-KZ.RU. Тұлға – әлеуметтанудың өзекті проблемалары- ның бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің.
Мәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде.
Ақпараттық әлемде жеке тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие беру білім берудің негізгі мақсаты. Оқушылар мен жасөспірімдерді заман талабына сай, ақпараттық.
Тақырыбы: Өсімдіктер,ормандар,жануар ларды қорғау Орындаған:Оразғали А Султанова Н.
Қылмыс пен жаза Орындаған: Жыргалбекқызы Анара 3 курс ЮП
Қызылорда облысы Шиелі ауданы 153 Ш.Есенов атындағы орта мектеп.
1. Философиялы қ білімні ң негізгі сипаттары. 2. Философияны ң функциялары. 3.Философияны ң адам ж ә не қ о ғ ам ө мірінде ат қ аратын р ө лі.
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ : ҚАБІЛЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ Орындаған : Карамендиева А ТобЫ : Қабылдаған : Усипбекова М.
Баймухамбетова Риза Камешовнаның ПОРТФОЛИОСЫ «Үшарал қазақ гимназиясы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш.
Логопедия – сөйлеу тілінің кемістіктерін, оның бұзылу себептерін болдырмау жолдары, сонымен бірге осындай кемістіктерді әр түрлі жолдармен түзетіп жоюдың.
Фирма және кәсіпкерлік теориясы Кәсіпкерліктің әлеуметтік- экономикалық мәні және оның сипаттық белгілері.
Экономика Экономика –қоғамдық және жеке кажеттліктерді қанағаттандыру және материалдық игіліктер үшін жасалатын адам қызметінің бөлімі.
ОҚУ-ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МҮМКІНДІКТЕРІ
Мемлекет қоғамның ажырағысыз бөлігі болғандықтан барлық дерлік гуманитарлық ғылымдар мемлекеттік басқару мәселелерін қарастырады. Философия табиғат, қоғам.
Аудандық білім бөлімі Мектеп оқушыларымен ғылыми жұмысты ұйымдастыру Б.Әбішев Шиелі, 2006 жыл.
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ СОРБОННА-ҚАЗАҚСТАН ИНСТИТУТЫ Сауытжан Қайнар Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту.
Мұхтар Әуезов Көксерек (хикаяттан үзінді) ( )
Сабақтың тақырыбы: «Тәуекелділік ұғымы және түрлері»
Транксрипт:

ІСКЕРЛІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС МӘДЕНИЕТІ izden.kz

Тіл мәдениеті – тілдің тазалығын, тілдің ережелерге сай жұмсалуын, сөйлеуші мен оқушысының тіл жұмсау реттілігін, дұрыстығын қарастыратын ғылым. Сөз бен сөзді мағыналық және тұлғалық жағынан дұрыс тіркестіру, сөйлемді грамматикалық заңдылықтарға сәйкес әрі түсінікті, әрі тұжырымды құрау, әдеби тілдің нормаларын сақтап, белгілі бір өлшеммен, белгілі бір қалыппен жазу мен сөйлеу тіл мәдениеті саласының зерттеу міндеттерінің бірі. izden.kz

Тіл мәдениетінің тілді тұтынушылардың деңгейіне де қатысты болатынын А.Байтұрсынов былайша түсіндіреді: «Қандай құрал болса да, оның жұмсаушысы екі түрлі болмақ. Біреуі - құралдың ішкі- тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар қалай бір- біріне үйлесіп, үйлескеннен шығатын тетіктер бір- біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып жұмсаушы. Екіншісі – олардың бәрін білмей- ақ құралдың жұмсауға керегі бар тысқы бөлшектері мен тетіктерін көріп, жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы » izden.kz

Бүгінгі заман талабы білім мен қабілетті, мәдениет пен еңбекті өз ісімен көрсете алатын іскер мамандарды қажет етеді. Іскерлік қарым-қатынастың өзіне ғана тән ерекшеліктері, қалыптасқан әдеттері, тұрақталған құжаттары бар. Сонымен қатар, іскерлік қарым- қатынастағы ауызша сөйлеу тілі үшін сауаттылық та өте маңызды. Белгілі бір мекемеде қызмет барысында пікірлесу, құжаттар алмасу, келіссөз жүргізу, келісім-шарт жасау, жиналыстар, дөңгелек үстел өткізу үшін іскерлік қарым-қатынас тілі маңызды рөл атқарады. izden.kz

Іскерлік қарым-қатынаста сөздің әсерлілігі, сөйлеушінің дауыс ырғағы, сөйлеу әдебі жұмыстың атқарылу барысына өз әсерін тигізеді. Қоғамдағы ғылым мен техниканың дамыған кезеңінде тілімізге енген жаңа ұғымдар, атаулар, терминдердің атқаратын қызметі де ерекше. Кейбір жаңа сөздер әлеуметтік-тұрмыста қолданылса, кейбір терминдер белгілі бір салада айналысқа түседі. «Қоғамдық қызметі өскен тілдің сөз байлығы өсіп, тіл стилдік тұрғыдан сараланып, мағыналық өзгерістерге түседі. Олай болса, мемлекеттік тіл өмірдің әрқилы салаларына тәкелей қатысты болып келетін іс жүргізу саласында кеңінен қолданылуы тиіс. Саланың арнаулы сөздері мен терминдері, кейбір құжатқа тән сөз саптау ерекшеліктері тіліміздің дамуына өз әсерін тигізеді» [5]. izden.kz

Іскерлік мінез құлық 1.міндеттілікті және жинақылықты 2.әріптестеріне құрметпен қарауды,субординацияны сақтауды 3.жалған сөзді құптамауды,олардың таралуына себепші болмауды 4.басқа қызметкерлердің көзінше әріптесін,қарамағындағы адамды, басшыны сынамауды izden.kz

Сыртқы келбеттің жағымды іскерлік бейнесі Тап-таза, өзіне сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз киінген қызметкер тез сенімге ие болады. Қызметкерлер өзінің киім киісінде қолайлығымен, тазалығымен, талғампаздығымен және шектен тыс болмауымен( киімнің түсі ж/е пішімі,бижутерия, макияж, шаш баптауы) сипатталатын қатаң іскерлік стильді ұстануға тырысуға міндетті. izden.kz

Қорыта келгенде, әр саладағы маман сөз байлығын игеру нәтижесінде кәсіби білікті іскер ретінде таныла алады. Іскерлік қарым-қатынаста тілді жетік меңгеру арқылы адам тіл тазалығын сақтап, жеке басының қасиеттерін, рухани құндылықтарын айқындай алады. Қорыта келгенде, әр саладағы маман сөз байлығын игеру нәтижесінде кәсіби білікті іскер ретінде таныла алады. Іскерлік қарым-қатынаста тілді жетік меңгеру арқылы адам тіл тазалығын сақтап, жеке басының қасиеттерін, рухани құндылықтарын айқындай алады. izden.kz

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!! izden.kz