Жамбыл Жабаев (1846-1945). Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсысымыздың борышымыз.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
«21 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы- ата-ана »
Advertisements

Жыр патшалығының алыбы - Жамбыл. Білімділік мақсаты: Оқушылардың өткен сабақтарда жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығынан алған.
Үй тапсырмасы: 2. Ж.Жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? 3. Жамбыл неше жасынан өлең айтып, жыр додасына түскен? 4. Ж.Жабаев 15 жасынан кімнің ақ
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек». З. Қабдолов.
Шәкәрім Құдайбердіұлы Еңлік - Кебек дастаны І топ : 1. Дастанда кездесетін тарихи оқиғалар 2. Дастанда кездесетін топонимикалық атаулар 3. Дастанда кездесетін.
Ашық сабақтар Жыраулар поэзиясы Жыраулар поэзиясы.
«Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл- күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.
Ең биік шың – адамның жүрегі. Жамбыл өзінің жырымен сол шыңға жол таба білді.Сол шыңды бағындырды. Мирза Тұрсынзаде.
І тур. Ой анықтау. ІІ тур. Ой зерделеу. ІІІ тур. Ой жалғау. ІV тур. Ой іздену. V тур. Ой толғау.
Балқаш- аңыз І нұсқа. Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі.
Үйге тапсырма: Мұрат Мөңкеұлы Өмірі мен шығармашылығы Орындаған: Тобы: Қабылдаған:
Бейнетаспаға назар аудару М ұқ а ғ алиды ң Ү ш ба қ ытым ө ле ң ін еске т ү сіру - Халық - Халық - Тіл - Тіл - Отан - Отан Топ ұ станымын, ережесін құ.
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ( ). Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің проза, драматургия, публистика, журналистика, әдеби сын салаларының дамуына еңбегін сіңірген.
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем туралы түсінік. Сипитанова Зауреш Мусақызы.
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...
5В шет.тілі: екі шет тілі 210 топ Анласын Фариза Арыстанбек Ақнұр.
Сабақтың тақырыбы: Ардақта ата-анаңды Мақсаты; а) білімділігі; Бала бойына сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да парасатты.
Сабақ тақырыбы: Жамбыл деген жәй атым, Халық менің шын атым!
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Шоқан Уәлиханов. Абылай хан Уәли хан Шыңғыс Шоқан.
Транксрипт:

Жамбыл Жабаев ( )

Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсысымыздың борышымыз Сәкен Сейфуллин

Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен. Мұхтар Әуезов

Жамбыл Жабаев- қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі, жырау, жыршы. Туған жері- Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Шыққан тегі- Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен- ақ таныла бастады. Ол бозбала шағынан өзінде- ақ өскен ортасын әнмен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгірген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып, батасын алады. Жамбыл- әрі эпик, әрі айтыс ақыны, абыз жырау, әрі жауынгер жыршы. Ол- шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық- саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбыл Жабаев сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. Жамбыл- жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

Жамбыл Жамбылдың өмірі туралы видео-ролик

«Түртіп алу» әдісі

Интернационалист ақын Интернационалист ақын Айтыскер Азаматтық- саяси поэзияны қалыптастырушы Азаматтық- саяси поэзияны қалыптастырушы Жыршы Дастаншы Ақын Топтастыру

Алғадай туралы әрбір ой І Түнеу күнгі кеткеннен, Ғали, жаңа келдің бе? Алғадайдың мүрдесін Жол-жөнекей көрдің бе? Топырағың торқа боп. Тыныш ұйықта дедің бе? Қалай қиып қалдырдың Қарт әкеңді дедің бе? Елжірейді өзегім, Ауырады белім де... Қаза болып көзелім, Халім қиын менің де.

ІІ Алатауды айналсам, Алғадайды табам ба? Сарыарқаны сандалсам, Саңлағымды табам ба? Өлім деген у екен Мендей кәріп адамға. Күнде үйімде күңіренем, Көзіме жас алам да.

ІІІ Темір өзек пенде жоқ, Өлмес адам елде жоқ. Орынсыз деп өлімі, Ондай ойлау менде жоқ. Көп жайланған жабының Жал-құйрығы сұйылар... Сол сияқты Жамбылдың Жұқарыңқы түрі бар. Көңілі бос-кәрінің, Көкейін кім ұғынар. Көтермей жан жалынын, Көзден жасы құйылар.

Жоспар: 1.Әкесінің баласын жоқтауы 2. Баласын іздеуі 3. Өзін- өзі жұбатуы

Алғадай бейнесін құрастыру Алғадай

АТТАНДЫРУ І Атаңнан бата ал, балам Алшайып атқа мін,балам. Ақ сақалым желбіреп Артыңнан қарап мен қалам. Құлағыңда құлыным, Дауысым жүрсін жырлаған: Алғадайым арлы едің, Ата сөзін сыйлаған; Перзентімнің алды едің Көңілімді қыймаған. Аттандырдым майданға, Аман-есен жүр балам!

ІІ Абыройға ие бол, Ағат баспа бір қадам. Атақ берген атаңа Ел қадірін біл балам! Ел ерлігі, ел бірлігі Сынға түскен бұл заман! Саған айтқан сөзімнен Сабақ алсын тыңдаған. Айтылған сөз деп ұқсын, Аңғарлы жан «бұл маған!» Хош, хош балам! Хош айттым, Қолымды міне, шошайттым!

«Түсіндірме күнделігін» Өлеңдегі маған әсер еткен шумақ Неліктен ол маған әсер етті?

«Өлең құрастыр» ойыны. Екі топтағы оқушыларға Жамбылдың екі өлеңінің әрбір сөзін қиып беріп, қайта құрастырамыз. Тез және дұрыс құрастырған топқа бір ұпай беріледі.

Жаңа сабақты бекіту 1-топ Баламалaқ тест 1.Жамбыл Жабаев 1846 жылы дүниеге келген. 2.Жамбылдың әкесі осы кездегі байлардың бірі болған. 3.Жамбылдың шешесінің есімі Ұлдан. (Дұрыс) 4.Жамбыл «Көрұғлы», «Өтеген» сияқты дастандар жырлаған. 5.Сүйінбай Аронұлы Жамбылдың шәкірті. 6.Кенен Әзірбаев Жамбылдың ұстазы. (Дұрыс емес) 7.Жамбыл 14 жасынан бастап өлең айтып, 15 жасында атақты Сүйінбай ақыннан бата алған. 8.Жамбыл «Жаз», «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңдерін жазған. 9.Жамбылдың баласы Алдағай соғыста қаза табады. 10.Жамбылдың соңғы өлеңі «Алатау».

2-топ Сын тұрғысынан сұрау. Меңгеру сапасын анықтау мақсатында сұрақтар бұрмаланып беріледі. «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап беретін сұрақтар қойылады. 1.Жамбыл Жабаев жазушы. 2. Жамбыл Жабаев кедей отбасында дүниеге келген. 3.Ол ауыл молдасынан білім алмаған. 4.Бала Жамбыл сүйінбайдан бата алған. 5. «Аттандыру» өлеңі ағасына арналған. 6.«Аттандыру» өлеңі бата – тілек мақсатында айтылған. 7.Алғадай адамгершіліктен жұрдай еді. 8.Алғадай Ұлы Отан Соғысы да ерлікпен қаза тапты. 9.Өлең 4 шумақтан тұрады. 10.«Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі арнау.