Тақырыбы: Өттің құрамы мен қасиеттері. Орындаған:Балтабаев Н Тексерген:Сагынбаев Қ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Жедел холецистит Орындаған: Сексенбай Б.. Өт-тас ауруы (холецистит)– өт қабында, өт өзектерінде конкременттердің (тас) пайда болуымен және сол өзектермен.
Advertisements

Сколиоз Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis қисық, қисайған) омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырып:Тоқ ішектің қатерлі ісігі Тексерген: Акимжанов Қ.Д. Орындаған: Марқабаева Ш.Н.
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Жалпы патология Тақырыбы:
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметінің балалардағы ерекшеліктері. Орындаған:
Айқас және өздігінен тозаңдану ОМ: айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Орындаған: Мелисбек Айбарыс, Нарынбай Амантай, Нуриев Шаукет, Мақашев Сұлтан Тексерген: Манкибаева Сандуғаш.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI.
Жоспары: Белоктардың аминоқышқылдық құрамы. Онтогенез кезіндегі белоктың құрамының өзгеруі Тұқым қуалайтын аурулардағы организмде белоктың өзгеруі Гемоглобинопатия.
Атом б ү тіндей ал ғ анда зарядсыз, бейтарап б ө лшек. Ол ортасында ө зінен радиусы есе кіші к ө лемді алып жат қ ан о ң зарядты ядродан ж ә не.
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі негізгі топша элементтер атомдарының жай заттары мен қосылыстары қасиеттерінің өзгеруі Химиялық элементтің кездесу.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Студенттің өзіндік жұмысы Тақырыбы: Тіс-жақ аймағындағы дерт және оның ішкі ағза.
Жедел ішек инфекциялары (ЖІИ) Диареялық синдром дамуымен біріктірілетін, патогенді және шартты- патогенді бактериялармен, вирустармен және қарапайымдылармен.
Орындаған: Әбдіхан А.Е. Қабылдаған:Құрманбаева Ж. БУРЖ ӘЛ-АРАБ ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ СӘНДІ ҚОНАҚ ҮЙ.
СӨЖ ТАҚЫРЫП 1.1:ГАСТРОЭЗОФАГАЛЬДЫ РЕФЛЮКС АУРУЫНЫҢ ИНСТРУМЕНТАЛДЫ АЛГОРИТМІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ.
Транксрипт:

Тақырыбы: Өттің құрамы мен қасиеттері. Орындаған:Балтабаев Н Тексерген:Сагынбаев Қ

1. Өттің құрамы 2. Өт түзілуі 3. Өт түрлері 4. Өттің қасиеттері мен маңызы 5. Өт мүшесінің аурулары 6. Қорытынды 7. Пайдаланылган әдебиеттер

Өт – сары түсті сұйық сұйықтық. Өттің құрамамындағы компоненттер суда орналасқан. Өт – гепатоциттердің және өт өзегінің эпителий жасушаларының секреторлық қызметі нәтижесі. Өт – ішек және асқазанның пилорикалық бөлімінің моторикасын күшейтетін қоздырғыш болып келеді, энтериттердің пролиферациясын үдетіп, ішек микрофлорасының дамуын тежейді, тоқ ішектегі шіру процесстерін алдын алады.

Адамда тәулігінде 0,9-1,5 л өт гепатоциттермен бөлінеді. Гепатоциттер қан капиллярларымен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар, қан пазмасынан су, глюкоза, креатинин, электролиттер және т.б. заттарды алады. Гепатоциттер өт пигменттерін және өт қышқылдарын бөледі, кейін олар өт капиллярына бөлінеді. Кейін өт бауырдың өт жолдарына бөлініп, 12 елі ішектің өт жолдарына да жеткізіледі. Өттің өт қабы жалпы өт жолынан бастау алады.

Өттің 98% су, қалған 2% өт пигменттерінен, өт қышқылдарынан, витаминдарден, аминқышқылдар, глюкокортикоидтар түзілген құрғақ қалдық алады. Сонымен қоса өт құрамына органикалық емес заттар (натрий, калий, кальций, темір, хлор) енеді. Өттің өзіндік салмағы 1,01. Бауырмен бөлінген өттің рН 7,5-8,0-ге сәйкес келеді (әлсіз сілтілі реакция береді). Бірқатар уақыт өт қабында жатқан өттің рН – 6,0-7,0-ге сәйкес келеді ( әлсіз қышқыл реакция береді). Бауырлық өт өт жолдарын қамтып, өт қабына түскеннен кейін өз қасиеттерін өзгертеді. Өт қабының шырышты қабатының эпителий жасушалары құрамынан Na+ белсенді тасымалын жүзеге асырып, Сl, HCO3 аниондарының, судың реабсорбциясының себебі болады. Бұл өт қабының өтінің қоюлануына және рН төмендеуіне әкеледі (7,3 – 8,0-тен 6,5-ке дейін.)

Бауырлық өт – ақшыл-сары, алтын түс сәйкес, рН 7,3-8,0, салыстырмалы тығыздығы 1,008-1,015. Өт қабы өті – қошқыл қара түсті, рН 6,0-7,0, салыстырмалы тығыздығы 1,026-1,048 сәйкес. Өт қабындағы өт құрамында құрғақ қалдықтың мөлшері 5-6 есе көп, бауырдікімен салыстырғанда

1. Майлар эмульгациясы; 2. Үшглицеридтердің сіңірілуіне жағдай жасау, хиломикрондар мен мицелий түзілуі; 3. Липаза белсендірілуі; 4. Жіңішке ішек моторикасының күшеюі; елі ішекте пепсин инактивациясы; 6. Ішек флорасының сонациясы; 7. Энтероциттердің пролиферациясы мен қоюлануының белсендірілуі; 8. Көмірсу мен ақуыздың сіңірілуі мен гидролизінің күшеюі; 9. Өттің түзілуі мен бөлінуі; 10.Өт түзу қызметін реттеу.

Өттің бауырдан бөлінуі тоқтамай өтеді, кейін өт қабында жинақталады, ал оның бөлінуі ас қорыту бастағаннан кейін (тағам қабылдауды бастағаннан 3-12 минуттан кейін) басталады. Ас қорыту барысында ең алдымен өт қабында жинақталған өт пайдаланылып, кейін бауырдан 12 елі ішекке бөлінуі басталады. Бауырлық және өт қабының өті он екі елі ішекке түсіп, ас қорыту қызметіне қатысады. Ол ішекке түсетін заттардың қышқылдығын төмендетіп, пепсиннің әрекетін тежейді, ұйқы безінің ферменттерінің белсенділігі үшін жағдай жасайды.

Холецистит(cholecystіtіs; грек. chole өт, kystіs қап және іtіs қабыну) өт қабының қабынуы. Өте жиі кездесетін (әсіресе әйелдерде) ауру. Холецистит дұрыс тамақтанбаудың салдарынан өттің дұрыс ағып өтпеуінен, аз қозғалудан, әр түрлі инфекцияның түсуінен (іш таяқшалары, кокктар, т.б. қоздырғыштар ішек не қан арқылы таралады). Холецистит тұқым қуалайды. Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы түрлері ажыратылады. Жедел түрінде оң жақ қабырға асты ауырады, науқастың жүрегі айнып, құсады, іші кеуіп, жиі кекіреді, дене қызуы 38 39°С-қа көтеріп, кейде ауырсыну жауырын мен иық-тан сезіледі. 2 3 күннен кейін сары аурумен ауырғандай терісі, көздің ақ қабығы сарғайып, кіші дәреті қара қоңыр түске боялады. Егер жедел холециститті дер кезінде емдемесе, онда созылмалы түріне ауысады. Бұл кезде науқастың сәл майлы тамақ ішсе, оң жақ қабырға асты сыздап ауырады. Жүрегі айнып, құсады, аузы құрғайды.

Холелитиаз – адам организмінде зат алмасу, әсіресе май алмасу процесінің бұзылуынан туатын ауру. Дерт өт қабығында көлемі, құрамы және сыртқы пішіні әр түрлі тастардың түзілуімен сипатталады. Өтте тас байлану көне заманнан белгілі. Бұл ауру туралы деректерді Гиппократ, Әбу Наср әл-Фараби, ежелгі римдік энциклопедист-ғалым А.К. Цельстің еңбектерінен кездестіруге болады. Бұл ауру семіру, қант диабеті, холецистит, ұйқы безінің қабынуы (холецистопанкреатит) дерттерінің салдарынан болуы мүмкін, сондай-ақ әр түрлі жұқпалы ауруларды дер кезінде емдемеуден де болады. Өт қабы мен өт жолында бөгелген өт бауырды қысады, соның нәтижесінде өттегі холестерин шала ыдырайды. Осыдан өт қабы мен өт жолы қабынып, ісініп тарылады, өт баяу жүреді, ал оның құрамындағы заттар бірте-бірте шөгіп тасқа айналады. Өт жолын тас бітегенде адамның денесі сарғайып, жиі кекіру басталады. Ауруды ультрадыбыспен зерттеу арқылы анықтайды.

Сонымен өт дегеніміз ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше. Өт бауырдың оң жақ астыңғы қабатында орналасады. Оның пішіні қапшық тәріздес қуыс болып келеді, ал көлемі жұмыртқаның көлеміндей ғана. Өтте бауырдан бөлініп шығатын өт сұйықтығы жиналады. Бауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық Өт сұйықтығы деп аталады. Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау болып келеді. Дәмі ашы. Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды. Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы, ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин, фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, және физиологиялық белсенді заттар гормондар мен дәрумендер.

1.Сәтпаева Х.К. Адам физиологиясы : оқулық / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева ші бас., эҝз. ж.толық. - Алматы : Эверо, с. 2.Судаков К.В., ауд. Миндубаева Ф.А. / Қалыпты физиология/ - М.: ГЭОТАР – Медиа, – 848 б. 3.Судаков К.В., В.В.Андрианов, Вагин Ю.Е., И.И.Киселев ауд. М.Қ. Қанқожа / Адам физиологиясы:Атлас динамикалық сызбалар/ - М: ГЭОТАР-Медиа, – 416 б. 4. Интернет желісі