Популяция Тобы: Эг-21 Орындаған: Ажарбаева Г, Айдарбек А, Азат С, Кувашев Р, Тұрдыбекова А Қабылдаған: Назерке Алтынбекқызы
Популяция (лат. populus халық, қоныс) деген мағына білдіреді.лат. Популяция дегеніміз- белгілі бір ареалда мекен ететін, еркін шағылыса алатын, бір түрге жататын дарақтардың жиынтығы. Популяция терминін 1903 ж. Дания биологы В.Иогансен ( ) енгізді.Дания Популяция деңгейінде негізгі адаптациялар, табиғи сұрыпталу және эволюциялық процестер жүреді. Популяцияның көп түрлілігі, оның ортаны меңгеру, икемделу қабілеттілігін арттырады, тіршілік үшін күресу мүмкіншілігін арттырады. Әртүрлі түрлердің популяциясы үшін особьтар санының азаю шегі болады. Особь кіші болған сайын олардың саны көп болады.
Популяцияның құрылымы мен түрлері. Қалыпты популяцияда - барлық жастағылар тең болуы қажет. Егер популяцияда кәрі особьтар көп болса, онда олар көбеюі функциясын бұзады. Мұндай популяциялар регрессивтік популяция немесе өліп бара жатқан популяция деп аталады.
Популяцияда жас особьтар көп болса жаңартатын немесе инвазивтік деп аталады. Популяцияның өмір жастары қорқыныш туғызбайды, бірақ особьтардың саны өте көп болып кетуі мүмкін, себебі мұндай популяцияда трофикалық байланыстар қалыптаспаған. Популяцияның басқа да классификациясы бар. Популяцияны көбею түріне, өмір сүру ұзақтығына, генетикалық дәрежесіне байланысты да жіктейді. Популяцияның орналасқан территориясына және особьтар арасындағы қарым-қатынас дәрежесіне байланысты элементарлы, экологиялық, географиялық деп бөледі.
Элементарлы популяция толық панмиксия мен сипатталатын особьтардың қарапайым топтары. Панмиксия–популяция ішінде немесе қандай да бір басқа түр ішілік топтарда особьтардың еркін будандасуы. Панмиксия терминін 1885 жылы Вейсман енгізген. Экологиялық популяция–кеңістіктегі біріккен элементарлы популяциялардың жиынтығы. Географиялық популяция кеңістіктегі біріккен экологиялық популяциялардың жиынтығы. Өздігінен пайда болу және эволюциялық түр түзілу процестері жүру қабілетіне байланысты перманентті-тұрақты, және темпоральды-уақытша деп бөлінеді. Перманентті популяция–кеңістікте уақыт бойынша салыстырмалы түрде тұрақты, ұзақ уақыт бойы шексіз ұзақ уақыт бойы өздігінен қалыптасуға қабілетті эволюцияның элементарлы бірлігі.