Мектепалды жұмыстарына тиімді ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Келимбердиева А. Н. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқыту мен оқуда АКТ- ны пайдалану.
Advertisements

Оқытудың белсенді әдістері Орындаған:зПИП-17-2 с тобының студенті Сарыбаева А.Ғ.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары.
А қ мола облысы Б ұ ланды ауданы Макинск қ аласы Балуан Шола қ атында ғ ы мектеп-лицей Тарих п ә ні м ұғ алімі Те ң сел Назг ү л.
...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНА Б Ұ ЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЖА Ң А А Қ ПАРАТТЫ Қ СЕРВИСТЕРДІ ТИІМДІ Қ ОЛДАНУ Ж Ә НЕ ЕНГІЗУ МИК -411 Хайтбаева Н. Р Ғылыми жетекші : Кошанова.
LOGO Критериалды бағалау – сапалы білім негізі. Коучинг – сессия мақсаты : 12 жылдық оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына.
1 Араша. Аққу,Шор тан һәм Шаян. Ара мен Шыбын. Арыстан мен Тышқан. Мақсаты: Мысал туралы түсінік қалыптастыру.Шығарманың мағынасын ашу,ой-тұжырым жасауға.
Сабақтың тақырыбы: «Cos х = а, Sin х = а, tg х = а, ctg x = a түріндегі қарапайым тригонометриялық теңдеулер.»
§49 Биологиялық ырғақ. Жарықкезеңділік. Радиация..
Оқу 4 негізгі қағидат Баланың қайда екенін анықтаудан бастау Оқу оқушылар үшін емес, оқушылармен жүзеге асырылады Оқушылар нені оқу керек екенін айтулары.
« Информатика сабағында заманауи педагогикалық технологияларды ақпараттық технологиялармен кіріктіру»
Электронды оқыту деген не ? E-learning - (Electronic Learning қысқартылған) электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің.
Мәтінді,объектілерді, клиптерді іске қосатын күрделі объект Слайд дегеніміз не? Пуск-Все программы- MS Offise-MS Power Point Power Point-ты іске қалай.
Жас информатиктер сайысы V кезеңнен тұрады: І. Команданың атын таныстыру V. Компьютердің пайдасы мен зияны (пікір - талас) ІІ. Көшбасшы ойыны ІІІ. Компьютерді.
Деректер қорының негізгі түсініктері және пайда болуы Деректер қорының пайда болуы және перспективасы. Деректер қорының негізгі анықтамалары мен терминдері.
Қазақ тілін оқытудын инновациялық әдіс-тәсілдері. Инновация. Инновация. Мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыру. Мұғалімнің инновациялық дайындығын.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Power Point бағдарламасында жұмыс істеуді меңгерту. Білімділік Power Point мүмкіндіктерін пайдаланып презентация құрастыруды.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
LOGO Диплом жұмысының тақырыбы: «Халықаралық менеджмент: даму перспективасы мен болашағы» («Экономикалық Зерттеулер Институты» АҚ мысалында)
Транксрипт:

Мектепалды жұмыстарына тиімді ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу

МАЗМҰНЫ : І. Кіріспе. Ақпараттық- коммуникациялық технология – бүгінгі күн талабы бет ІІ. Негізгі бөлім. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны мектепалды даярлық сыныбына меңгерту жолдары бет ІІІ. Қорытынды. Ақпараттық - коммуникациялық технологияны пайдалану – баланы жан-жақты дамытудың шешуші құралы бет

Ақпараттық-коммуникациялық технологиясын тиімді пайдалана отырып, балалардың танымдық, қызығушылық қабілеттерін дамыту; Ой-өрісін кеңейту, тілін дамыту, айналадағы дүние туралы көзқарастарын қалыптастыру.

Міндеттерім: Балалардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін қолжетімді ойын компьютерін алуға жағдай жасау; Интербелсенді тақтаның көмегімен танымдық сабақтар өту; Электронды оқулықтар, мультипликациялық дискілер, аудиожазбалар көруіне, тыңдауына мүмкіндік беру.

Тақырыптың өзектілігі: Оқу процесінде АКТ-ны қолдану арқылы кез келген құбылысты, затты, іс-әрекетті ести алады, көзбен көре алады, ерекшеліктерін бір-бірінен ажырата алады, танып біледі.

Тақырыптың жаңашылдығы: Балалардың ұстап көруге, танып білуге деген табиғи әуесқойлығын оятып, олардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы білуге, үйренуге, ауызекі сөйлеуін, тіл байлығын, танымдық қызығушылық қабілетін дамыту.

Тақырыптың тиімділігі: Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалануда сабақтың сапасы артады; Үйде де ата-ана баласының ой-өрісін дамытып, өз бетінше білім алуын қадағалауына мүмкіндік туады; Уақытты тиімді пайдалануға үйренеді; Әр бала өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады; Балалардың белсенділігі артады, өз-өзіне сенімді болады.

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының 7-ші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Заман талабына сай білім беру – бұл балаларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу іс-әрекетінің ғылыми және бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі – инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз – мектепке дейінгі кезеңде қаланатындығы белгілі.

«Жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты.Ақпараттық технология дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алуға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асыруға, яғни инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер – мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда.

Осыған байланысты күнделікті сабаққа: -мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды); -компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта); -анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры); -интернет т.с.с

Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Бүгінгі таңда төмендегідей ақпараттық бағдарламаларды меңгеріп, іс-тәжірибемде қолданып жүрмін: Paint Power Point Microsoft Office жиынтығы Activstudio Ұялы телефон Диктофон Интернет желісі

Осыған орай өзім тәрбиешілік ететін мектепалды даярлық сыныбында оқу үрдісінде ақпараттық технологияны көптеп қолдана бастадым. Атап айтар болсам, «Көңілді қыс және қысқы ойындар » тақырыбында өткізген оқу іс – әрекетімде ақпараттық технологияларды мейлінші пайдаланып, балалардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал еттім. Ең алдымен қыс мезгіліне деген балалардың сыни ойлауына мүмкіндік беру мақсатында Power Point бағдарламасын пайдалана отырып, табиғаттың әдемі көріністерін анимациялық тұрғыда көрсетіп өттім.

Балаларға шаттық шеңберін интерактивті тақтаны пайдалана отырып, күнге сәлем беріп, іс – әрекеттің әсерлі бастаулына ықпал еттім.

Қыс мезгілінің керемет бейнесін, интерактивті тақтаны пайдалана отырып көрсеттім.Табиғаттың қысқы әсем көрінісін көрсете отырып, әңгімелеттім.

Балалардың визуальды қабілетін жақсарту мақсатында суретке қарап: «Ребус шешу» тапсырмасын орындаттым.

Дәптермен жұмыс: «Қысқы ойын түрлері» тапсырмасымен танысып,суреттегі ойын түрлерін атады. Интерактивті тақтадан анимациялық суреттер көрсеттім.

«Не артық?» т.б тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алдық.

Қысқы ойындар

«Көңілді қыс және қысқы ойындар тақырыбында өткен іс – әрекет өн бойына ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланғандықтан, балалар үшін өте тартымды, есте қаларлықтай және шығармашылық қабілетін, тілдік қарым – қатынас қабілеттерінің дамуына жол ашты. Сонымен қатар сабақ барысында балаларға ұйымдастырылған іс – әрекеттерге қатысты суреттер көрсете отырып, балалардың ойлау, түсіну қабілеттерін тексеру мақсатында жетекші сұрақтар беру арқылы зейінін дамытуға ықпал еттім. Сонымен қатар ұйымдастырылған іс –әрекет барысында балаларға Paint программасын пайдаландырып,сурет салуларына мүмкіндік беремін. Олар өз шығармашылығын таза, жинақы тұрғыда Paint программасын пайдалана отырып, сурет салуда балалардың қабілеттерінің ашылуына ықпал ететінімді білдім.

Тіл ұстарту жаттығуын ұялы телефонның диктофонына өздерінің айтқандарын жазып алып, тыңдата отырып, қайталатамын. Ыс –ыс – ыс Келіп қалды қыс. Ар – ар – ар Қандай аппақ қар! Ша – ша – ша Жап – жасыл шырша.

Қорытынды: Мектепалды даярлық сыныбында жүргізілген іс – әрекеттерді ұйымдастыруда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды ақпаратты тұрғыда жасалған көрнекіліктер тартымды болса, балалар қызыға қатысады. Оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Балада ақпараттардың жинақталуы белгілі бір қабілеттерінің қосындысы пайда болады: Зейін + қабылдау + ес + ойлау + қиял.

Осы негізде балалардың зейін, қиял, ес, ойлау, қабыл- дауын индикаторлар арқылы мониторинг жасап отырамын. р/ с Балалардың аты- жөніЗейінҚабылдауЕсОйлауҚиял 1 Нұрислам Назым Аружан Дидар Бану Гүлназира Әсем Аружан Назгүл Асыл Балнұр Айшолпан Нұржігіт Айжан ,24,34,64,14,3

Түрлі жаттығулар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар қазіргі таңда ақпараттық коммуникациялық тұрғыда берілсе, балалардың бастамашылығын, байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, дарындылығын, қабілетін, шығармашылығын дамытамыз. Себебі, жылдам өзгермелі ақпарат ғасырында бір сарынды дәстүрлі үрдістегі іс – әрекет балалардың жан – жақты дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан қазіргі таңда қарыштап бара жатқан ақпаратты тез игеретін балалардың жылдамдығына ілесіп, олардың қажеттіліктерін өтей алуымыз қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. 2. Жас ерекшеліктер педагогикасы. Қ.Р.Б.және ғылым министірлігі С.А. Мусаева, Т.Б. Бегалиев «Фолиант» баспасы Астана Тіл дамыту әдістемелік құрал. Алматы кітап.