Тақырыбы : Туберкулез және АИВ Орындаған: Туашева М, Тоқтасын Іңкәр Қабылдаған: Жайықбаев М Ж Алматы 2016 ж.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: АИВ вирусы, Онкогенді вирустар Дәріскер аға оқытушысы Бармакова.
Advertisements

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы АИВ вирусы, Онкогенді вирустар.
Сколиоз Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis қисық, қисайған) омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда.
Туберкулез профилактикасы Факультет: ҚДС Орындаған: Қасымалиева Ф.Б Қабылдаған: Меңдалиев Н.А.
Эпилепсия этиологиясы патогенезі. Аффективті б ұ зылыстар. Орында ғ ан Рамиова Л.Б. 703 Т.
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Респираторлық дистресс синдромы Oryndagan: Magazam S. MD.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI.
Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер
Жем қ орлы қ. Жоспар Жемқорлық дегеніміз не? Қазақстандағы жемқорлық Қорытынды.
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Орындаған: Мелисбек Айбарыс, Нарынбай Амантай, Нуриев Шаукет, Мақашев Сұлтан Тексерген: Манкибаева Сандуғаш.
* Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырып:Тоқ ішектің қатерлі ісігі Тексерген: Акимжанов Қ.Д. Орындаған: Марқабаева Ш.Н.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI Битемирова Д Қабылдаған: Битемирова.
Жүре пайда болған (ЖИТС, СПИД ағылш. AIDS) иммундық дефицитiнiң синдромы - Вич фонында дамитын күй - лимфоциттердiң құлау сипаттайтын CD4+нiң саны, көптiк.
Cүтқоректілердің клеткаларының дифференцировкасы Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Орындаған: 7 А сынып оқушысы Смагулова Дальмира Тақырыбы: Пи саны.
Транксрипт:

Тақырыбы : Туберкулез және АИВ Орындаған: Туашева М, Тоқтасын Іңкәр Қабылдаған: Жайықбаев М Ж Алматы 2016ж

ЖОСПАРЫ Жіктелуі Құрылымы Эпидемиологиясы Патогенезі Клиникалық көріністері Лабораториялық диагностикасы Профилактикасы мен емі

ЖИТС- СПИД- AIDS (ағылшынша: Acguired Immune Deficiency Syndrome) -мен шалдыққандардың иммундық статусын зерттегенде лимфоциттердің, әсіресе Т-хелперлердің, күрт азайғаны анықталған. ЖИТС қоздырғышын әр қайсысы бір- бірінен тәуелсіз екі ғалым ашқан. Л.Монтанье (Францияда) өзі ашқан вирусты LAV (Lympha adenopathy associated virus) деп атаған, өйткені бұл вирус лимфоаденопатиямен ауырған науқастан табылған. Р. Галло (АҚШ-та) НТLV- ІІІ деп белгілеген (ағылшынша: Human T- lymphotropic virus III). Лимфотропты вирустарды салыстырып зерттегенде олар бір- біріне сәйкес екені анықталып, оларды АИВ- ВИЧ- НІV (ағылшынша: Human Immunodeficiency virus) деп атау қабылданды.

Ретровирустар- Retroviridae тұқымдастығына кіретін 150-дей түрлерді қамтитын біржіпшелі РНҚ- құрамды кері транскриптаза (ревертаза) ферменті бар вирустар. Ерекшелігі - геномының құрылысы басқа вирустарға ұқсамайды және құрамында кері транскриптаза (РНҚ –тәуелді ДНҚ- полимераза) болады. Кері транскриптаза генетикалық ақпараттың кері бағытталуын, яғни ДНҚ-нан ДНҚ-на емес, керісінше РНҚ-нан ДНҚ-на қарай жүруін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты тұқымдастықтық ретровирустар (ағылшынша: retro-кері) деп аталған.

Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы (ЖИТС- СПИД) ерекше инфекция ретінде алғашқы рет 1981 жылы АҚШ-та пневмоцисттік өкпе қабынуының өте ауыр түріне шалдыққан жігіттерде (гомосексуалисттерде) тіркелген.

ЖИТС – бүкіл адамзатқа төнген қауіп!!! 60 млн адамға жұққан Әлемде АИВ-н инфицирленгендердің жартысынан көбі 15 тен 25 дейінгі жастар. Әлемде әр минут сайын 6 жасөспірім АИВ-н жұқтырылады

жылы Қазақстанда 100 мың тұрғынның ішінде адамға АИВ инфекциясы жұққан. 68,3% -нашақорлар 23% - гетеросексуальды жуғу жолы ОҚО -да 2006 жылы 2-3 жастағы 87 балаға АИВ жұққан. Қазіргі кезде 180-ге жуық балаға жұққаны анықталған. Сондықтан ҚР-ның басшылығы осы медико-әлеуметтік мәселеге ерекше назар аударып отыр. ҚР-ның үкіметінің қаулысымен 15- желтоқсан, 2006 жыл 1216 (ҚР-ның жж. ЖИТС эпидемиясына қарсы) бағдарлама ұсынылған.

АИВ және ЖИТС АИВ - адамның иммунды тапшылық вирусы. Вирус - өз гені бар, эволюциялық тізбектің жоғарғы тіршілік иелерінің жасушаларында көбейетін тіршілік формасы. АИВ - инфекциясы - АИВ әсерінен туындайтын жағдай. Инфекция - микроорганизмнің макроорганизмге енуі және дамуы тасымалдаушылықтан ауруға дейінгі күрделі қатынастар тудырады. ЖИТС – жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы. ЖИТС – сыртқы және ішкі ауру тудыратын факторлардан сақтайтын иммунитет жасушаларының өлімімен байланысты АИВ-ң соңғы сатысы

СИНДРОМ ЖӘНЕ АУРУ. СИНДРОМ– қалыптыдан өзгеше белгілі жадайды сипаттайтын белгілер топтамасы. Ауру – генетикалық деңгейдегі өзгерістер немесе сыртқы орта әсеріне жауап ретінде туындайтын физиологиялық немесе морфологиялық өзгерістерге негізделген организмнің қалыпты тіршілік қабілеттілігінің бұзылуы. АИВ-пен инфицирлену - міндетті түрде АИВ-н ауыруды білдірмейді. НЕГІЗІ ТЕРМИНДЕР ҚАТЫНАСЫ: АИВ - инфекциясы АИВ-ң енуі иммуно тапшылықтың түзілуі ЖИТС Тасымалдаушылық Ауруалды Ауру Аурудың аяқталуы

Эпидемиологиясы: Инфекция көзі – науқас және тасымалдаушы адам. Вирус қанда, шәуітте (спермада), қынаптық және цервикалдық секретте, емшек сүтінде болады Сілекей, несеп, көз сұйықтығында да вирус болады, бірақ олардың саны аз.

Жұғу жолдары: - жыныстық қатынас 85-90% - парентералді (қан арқылы) 3-5% Анадан балаға планцента арқылы, жүктілік кезінде және босанған соң % Респираторлы, алиментарлы және трансмиссивті жолмен берілмейді.

Қауіпті топтар: гомосексуалистер, бисексуалдар, жезөк- шелер - наркомандар - жасөспірімдер - қан және оның компоненттерінің реципиенттері, трансплантацияланатын органдардың реципиенттері. - гемофилиямен науқас адамдар - донорлар - медицина қызметкерлері.

ПАТОГЕНЕЗІ: ИЖ зақымдануы – қайтымсыз процестер туындатады: Тх-ң жаппай өлуі (Тх-н вирионның шығуынан өздерінде Gp120-ны таситын Тх-ді Т жасушалар таниды) Тх:Тс ара-қатынастарының өзгеруі (2-ң орнына 1- ң жарты бірлігі тең) Т - жасушаларының цитокиндерінің әлсіреуі. В - лимфоциттерінің активтілігінің артуы,А,G және иммунды жүйені циркуляциялайтын иммуноглобулиндердің санының артуы. В - лимфоциттерінің антигенспецификалық дифференцировкасының бұзылуы.

КАПОШИ САРКОМАСЫ

Клиникалық көріністері: Жасырын кезеңі- 2-4 аптадан бірнеше айға дейін созылады. Біріншілік көріністер кезеңі- бірнеше тәуліктен 1-2 айға дейін. (лимфоаденопатиялар және температура көтерілуімен сипатталады.)

Екіншілік көріністер сатысы (латентті кезең) бірнеше айдан 8-10 жылға дейін созылады. Генерализацияланған лимфааденопатия, үдемелі деменция дамитын диффузды жеделдеу энцефалит түрінде ОЖЖ- ның зақымдану мүмкін, және де обьективті себепсіз арықтау байқалады. Қанда АИВ - ның карсы антиденелер анықталады CD4 жасушалар саны азаяды.

Кешеуілді АИВ инфекция сатысы. CD4 жасушалар санының 50 мм3 - тен кем үдемелі төмендеуімен сипатталатын оппортунисттік инфекциялар: пневмоцистті өкпе қабынуы, токсоплазмоз, кандидоз, криптококкоз, гистоплазмоз, атипті микобактериоздар, генерализацияланған ЦМВ және ұшық инфекциялары.

ИФТ скрингті (таңдамалы) әдіс болып табылады,бірақ 3-4 деңгейдегі тест жүйе дәлелдеуші болып саналады. Егер лабораториядағы анализ оң нәтижелі болса, онда сол сарысумен 2 рет қайта сынақ жүргізіледі, егер де кем дегенде тағы бір оң нәтиже алынса сарысу нақтылайтын тест қойылу үшін жіберіледі.

ЖИТС- тен сақтану үшін бейспецификалық шаралар қолданады: бір рет қолданатын медициналық аспаптардың пайдалану; презервативті пайдалану; стирильдік ережені бұлжытпай орындау; жыныстық тәрбиені дұрыс жолға қою шараларын қарастыру; АЛДЫН АЛУЫ

донорларды, және де басқа қауіпті топтарға жататындарды мұқият тексеру; жезөкшелікпен, нашақорлықпен, гомосексуализммен күресу шараларын жүргізу; ұйымдасқан ұжымдарда уақтылы профилактикалық шаралар жүргізіп АИВ - инфицирленгендерді анықтау. Тұрғындар арасында санитариялық ағарту жұмыстырын жүргізу және т.б..

Туберкулез Туберкулез (лат. tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микробактерияны (Кох таяқшасын) неміс микробиологы Р.Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.

Тарихы Туберкулез ауруы көне заманнан белгілі. Ауру белгілері бұдан 7 мың жылдай бұрын неолит кезеңіндегі адам сүйегін зерттегенде табылған, біздің заманымыздан бұрын 3 – 2- мыңжылдықта египет мумияларынан анықталған. Туберкулездің клиникасы туралы алғашқы деректер 2 ғасырда өмір сүрген каппадокиялық дәрігер Аретейдің (Aretaіos) еңбектерінде кездеседі. Одан кейін Гиппократ, Гален, т.б. ғалымдардың еңбектерінде де туберкулез ауруы еске алынады. Бірақ олар туберкулезді жұқпалы ауру қатарына жатқызбаған. Ал Әбу Әли ибн Сина өзінің Дәрігерлік ғылымның каноны деген еңбегінде туберкулезді тұқым қуалайтын аурулар қатарына жатқызған. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет италиялық ғалым Дж.Фракасторо (1478 – 1553) дәлелдеді.

Инфекция көзі ауру адам, жануарлар. Жұғу жолдары – экзогенді (ауа тамшы, ауа шан), тұрмыстық қарым қатынас, алиментарлы, жынысты жолмен, эндогенді – қан және лимфа арқылы. Туберкулез – созылмалы қалғымалы инфекция. Туберкулездің біріншілік және екіншілік түрлері болады. Туберкулез эпидемиологиясы

Патогенезі. Қоздырғыш тыныс жолдары, шырышты қабықшалар және терідегі жаралар арқылы енеді. Бірінші ошағы өкпе немесе ішек жолдарының лимфа бездері. Осы жерде гранулематозды қабыну пайда болады, туберкула деген томпешік пайда болады. Төмпешік эпителоидты, лимфоидты, плазматикалық жазушалардан, макрофагтардан, алып көпядролы Лангханс жазушалырынан тұрады және ортасында некроз байқалады. Осы гранулеманы Гон ошағы деп атайды.

Клинкалық көрніс бойынша басты 3 түрі бар: Балалардың және жасөспіпмдердің бірінші (алғашқы) туберкулездік интоксикациясы ыныс органдарының туберкулезі Жүйелермен органдардың туберкулезі

Микробиологиялық диагностика Бактериоскопиялық әдіс – Цил- Нилсен бойынша бояйды. Бактериологиялық әдіс – Левенштейн –Йенсен ортасында өсіреді, таза дақылды бөліп алады, биосынама жүргізеді M. hominis, bovis түрлерін ажыратады. Туберкулез таяқшасын зертелетін затта көбейту үшін флотация жүргізеді( қышқыл қосады және сілтілі).

Емдеу Емдеу – туберкулезға қарсы антибиотиктерді қолданады. Алдын алу – БЦЖ вакцинасы –тірі әлсіреген бактериялардын турады. Туберкулез кезінде стерилды емес иммунитет пайда болады, яғни қоздырғыш ағзада болғанда ғана тузеледі.

Қ орытынды Қазіргі кезде туберкулез де, АИВ да өте кең таралуда. Қазіргі заманның өте өзекті мәселесіне айналып отыр. Заман дамыған сайын аурулар да өршуде. Сондықтан аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу керек. Барынша сақтанып салауатты өмір салтын ұстанып,тиімді тамақтана білейік

Пайданылған әдебиеттер 1. www. Google.kz Эпидемиология жалпы энциклопедиясы АИВ дерті 2009 Қ асымов.С.С