Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні календы деп аталған. Азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де күнтізбе болған, өйткені онсыз шаруашылықты ұйымдастыру мүмкін болмады. Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи күнтізбелерді пайдаланған.
Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді күн күнтізбелері ай күнтізбелері аралас күнтізбелер
Күн күнтізбесі Күн күнтізбесі Мысырда шыққан. Мысырлықтар жыл ұзақтығын 365 тәулікке теңестіріп, оны әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндер деп есептеген. Ол Еуропалық күнтізбелерге арқау болды. Біздің заманымыздан бұрынғы 45 ж. Рим императоры Юлий Цезарь, астроном Созигеннің жобасы бойынша жаңа күнтізбе жариялады. Бұл күнтізбе Юлий күнтізбесі немесе ескі санат деп аталды. Юлий күнтізбесіндегі жылдың тропиктік жылдан 11 мин 14 с артықшылығы бар. Бұдан 128 жылда 1 күн, 384 жылда 3 күн жиналады
Ай күнтізбесі Алғашқы ай күнтізбесі ежелгі Вавилонда шықты. Онда әрбір 8 жылдың бесеуінің ұзақтығы 354 күннен, ал қалған үшеуінікі 384 күннен есептелді. Сонда жылдың орташа ұзақтығы ( ):8=365,25 күнге тең болады. Араб күнтізбесі де Ай қозғалысына негізделген. Араб жылы 12 айдан құралады. Әрбір 30 жылда 11 жыл 355 күннен, 19 жыл 354 күннен саналады. Нақты жылдан 11 күні кем болғандықтан, араб жылының басы жылжып отырады.
Араб күнтізбесі араб елдерінде, Азия мен Африканың мұсылман дінін тұтатын көптеген елдерінде ресми қолданылады. Еврейлер ертеде Вавилон күнтізбесін қолданған, кейін біздің заманымыздан бұрынғы 4- ғасырда аралас күнтізбеге көшті. Еврейше жыл есебі біздің заманымыздан бұрынғы 3761 жылдан басталады. Яғни сол жылы дүние жаралған. Бұл күнтізбе Израиль мемлекетінде қолданылады. Ежелгі түркілер, негізінен, күн күнтізбесін пайдаланған. Кейін ол қазақ, өзбек, түрікмен, татар, әзірбайжан, т.б. халықтардың күнтізбелеріне негіз болды. Қазақтар мүшел есебі мен тоғыс есебін де қолданған. Қазақстанда 1918 жылдан бері Григорий күнтізбесі қолданылып келеді.
Жер шарындағы күнтізбенің жаңа датасы Еуразияның батысында күн баткан кезде, оның шығысында келесі күннің таңы ата бастайды. Сондықтан кандай сағаттық белдеуді жаңа тәуліктің басы деп есептеу керек деген маңызды мәселе туады. Жылдың тәуліктерін шатастырмау үшін халықаралық келісім бойынша даталардың ауысу сызығы тағайындалды. Ол географиялық карталарда он екінші сағаттық белдеуде, шамамен 180° меридиан бойымен солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі аралықта жүргізілген. Бұл күнтізбенің датасының шамалаған шекарасы. Осы сызықтан батысқа қарай Жер шарында күнтізбенің жаңа датасы - жаңа күні басталады. Егер саяхатшы осы шекарадан керісінше жаққа қарай, яғни батыстан шығысқа қарай жүрсе, онда күнтізбені 1 күнге шегереді.
Күнтізбе дегеніміз не? астроном Созигеннің Жоба сы бойынша жаңа күнтізбені кім жариялады? Ежелгі римде әр айдың бірінші куні не деп аталады?. Ерте заманда халық қандай күнтізбені пайдаланған? Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген күнтізбелерді ата Футбол Қазақстанда Григорийдің күнтізбесі қай жылдан бері қолданылуда?
Зейін қойып тыңдағандарыңызғарахмет!