Орында ғ ан :Оринтаева Акжибек Группа: 3- 8 Қ абылда ғ ан: Спатаева Ж. Д Қарағанды қаласының медициналық колледжі Қарағанды 2015
Тұғын үй гигиенасының негізі пәтерді күтіп, таза ұстау. Бөлмеге жиһазды толтырып жинай беруге болмайды. Себебі ол шаңның көп жиналуына жол беріп, үйді таза ұстауды қиындатады. Тазалық сақтау үшін күн сайын шаңды сүртіп, еденді дымқыл щеткамен сыпыру, аптасына кемінде 1 рет жуып отыру керек. Терезені кірлетпей уақтылы сүрткен абзал. Жұмсақ жиһаз бен кілемдерді шаңсорғыш пен тазалаған жөн. Бөлменің ауасы таза болуы үшін терезе желдеткішін күніне 3 мәрте: таңертең дене шынықтырған кезде, бөлмені жинастырғанда және ұйықтар алдында (пешпен жылытылатын үйлердерде пеш жағылатын уақытқа туралаған жөн) 30 минуттай ашып, желдетіп алу қажет. Жазда терезелерді ашып қойған дұрыс. Егер отбасыда балалар, жасы ұлғайған немесе аурушаң адамдар болса, оларға жел қарысып қалмас үшін бөлмені сақтықпен желдеткен жөн.пәтердіБөлмегежиһаздышаңныңТерезеніжиһазкілемдердішаңсорғышжелдеткішін
Бөлменің ауасын тазарту үшін механикалық желдеткіштер де пайдаланылады. Ас үйде, ваннада, дәретханада желдетуге арналған ауа тартқыштар болады. Пәтерді жинастырған кезде торды жиналған шаңнан тазалаған жөн. Қабырға арқылы да аздап ауа алмасады, сондықтан тұрғын үй қабырғасын майлы бояумен сырлауға болмайды.Ас үйдеваннададәретханада
Бөлме температурасы жылдың жылы мезгілінде 22˚С-тан 25˚С-қа дейін, қыста 20˚С-тан 22˚С-қа дейін (алайда 18˚С- тан төмен емес) бірқалыпты болғаны абзал. Есіктер мен терезе рамаларындағы саңылауларды тығындап бөлмені жылы ұстауға болады. Температураны жоғар ылату үшін электр каминдерді т. б. жылыту аспаптарын пайдалану керек. Пеш жаққан кезде иіс тиіп қалуынан сақталған жөн. Пешке от жағуды кешкі 20 сағаттан кейін тоқтатқан дұрыс. Отын толық жанып болғаннан кейін ғана пештің жаппасын жабады.ЕсіктерТемператураныПеш
Тұрғын үй салуға жер ауданын және көлемiн таңдау Тұрғын үйлердiң ауданы жанұяның әрбiр мүшесiнде кемiнде 8, 25 квадрат метрi дәл келетiндей етiп болуы керек. Көпқабатты тұрғын үйлерді салуға орналасқан жерді таңдауда тұрғындар санына байланысты 0,8 гектарға дейін болады. Тұрғын үйдің құрылысы, жері қалалық және ауылдық әкімшілік үкімімен бекітіледі де, тұрғын үйге арналған жерді босату мерзімі шешіледі. Тұрғын үйдің территориясы тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретін өндіріс, шулы, шаңды, түтіні көп мекемелерден, ірі транспорт жолдарынан, су қоймаларынан, ойын-сауық орындарынан аулақ, әрі жарығы мол, таза жерден орын алады. Тұрғын үй жерінің 30 % үй ғимаратына, 50 % өсімдіктер егу үшін, ал қалған жерін спорт, демалыс, шаруашылық, тәжірибе алаңдарына пайдаланады. Тұрғын үйдің ауласы бірнеше аймаққа бөлінеді: қорғаныс, демалыс, спорт және шаруашылық зоналары.
Қорғаныс аймағы Қорғаныс аймағы (0,1-1,0 га) тұрғын үй кешенінің көше жағында орналасады. Ол тұрғын үйді транспорт шуынан, газынан, көше шаңынан қорғайды, сондықтан түрлі ұзынды-қысқалы ағаштар, бұталар егіліп, гүлдермен безендіріледі. Көшенің көлік жолы мен қорғаныс аймағының арасы 25 м кем болмауы керек. Тұрғын үйдің терезелері мен бұл жердегі биік ағаштардың арасы 10 м, бұталардың арасы 5 м. Ағаштар мен бұталар бұдан жақын егілсе, өсе келе терезелерді көлеңкелеп, үй бөлмелерінің жарығын азайтады.
Демалыс аймағы. Демалыс аймағы (0,2-0,3 га) үй ауласының жазда көлеңке, қыста желден сақтайтын бұтақты ағаштар егілген тегіс таза жағында орналасады. Шаршаған, аурудан жаңа тұрған әлсіз тұрғындардың демалуына қажетті орындықтар қойылады. Демалыс аймағында тұрғындардың денесіне зиян келтіретін өткір бұтақтар, темір-терсектер, ірі тастардан мезгіл-мезгіл тазартып отыру керек. Тұрғын үйді салғанда оның бөлмелерінің терезелерін оңтүстік, не оңтүстік батысқа, ал қосымша бөлмелерінің терезелерін терістікке қаратып салады.