Диалогтік оқытудың тиімділігі. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Мерсер мен Литлтон
Диалогтық оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарасты қарастырады) және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсінікке жетулеріне көмектеседі) оқыту тәсілі болып табылады.
Александер тәжірибеде зерттелген диалогтің 5 үлгісін анықтады: 1.МЕХАНИКАЛЫҚ (мұғалім –сынып): қайталау арқылы фактілер мен идеяларды зерттеу 2.АУЫЗША ЖАУАП (мұғалім-сынып немесе мұғалім-топ) : мұғалім сыныпқа қайталауға арналған сұрақ қойып,оқушылардың жауаптарын бағыттап отырады. 3.НҰСҚАУЛЫҚ/ТҮСІНІК БЕРУ (мұғалім-сынып, мұғалім- топ немесе мұғалім-оқушы) оқушыларға ақпарат ұсыну немесе түсініктеме беру; 4.ТАЛҚЫЛАУ ( мұғалім-сынып, мұғалім-топ немесе оқушы-оқушы) ақпарат алмасу және проблемалық мәселелерді шешу мақсатында идеялармен танысу; 5.ДИАЛОГ (мұғалім-сынып, мұғалім-топ,мұғалім-оқушы немесе оқушы-оқушы) құрылымдалған сұрақтар және нысаналы талқылау арқылы ортақ түсінік қалыптастыру;
Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесудің 3 түрі бар: Оқушылар бәсекеге қабілетті,басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды. Әңгіме-дебат Идеялар қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді. Кумулятивтік әңгіме Әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағалау жүреді, топтағы қатысушылар келісімге келуге тырысады. Зерттеушілік әңгіме
Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады. Сұрақтардың түрлері: төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі Сұрақ қою техникасы: Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау. Сынақтан өту: Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды Қайта бағыттау - Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
Нәтижесі: оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады; пікір алмасып, бір - бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады; сұрақтарға жауап беру арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік алады; оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі; оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады;
Диалог – балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік
Назар қ ойып ты ң да ғ андары ң ыз ғ а мы ң да бір ал ғ ыс!