Қазақ елі жасасын....
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы
550 жыл толыпты хандығына қазақтың, Естір құлақ қанатындай,әдемі сөз,ғажап тым, Ата-бабам арқасында жан аямай тер төккен, Мен бүгінде еркін жанмын,тәуелсізбін,азатпын
Аталар қорғап аманат еткен асыл жер, Өзгеге басын ие берметін қайсар ел. Тәуелсіз елдің ұрпағымын,ұғынамын бәрін де, Тыныштық болсын,береке болсын төрімде
Қазағымның өз хандығы болса деген үмітпен, Ер жігітке тән мінезді,батылдықты үлгі еткен. Керей менен Жәнібектей бір туатын батырлар, Хандығымның белгісі ғып көк найзалы ту тіккен
Жасай бер мәңгі ұлы елім,қазағым, Тарқамасын әрқашан да көңілдегі базарың. Бірлігі менен тірлігі бірге жарасқан, Қазағым жайлы толғана жыр жазамын
Менің елім бақытты,тәуелсіз ел, Бейбітшілік белгісін тереңнен көр. Бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен, Достықтың сыры тұнған киелі жер. Татулықтан мен де терең сыр ұқтым, Желбіресін әрқашан да көк туым. Бір тіл-бір ел-бір тағдыр Ұраны жүздеген ұлттың бүгінде.