Тақырыбы: Топырақ құрамы және оған әсер ететін түтін тұнбалары
Топырақтың екі құрамы талқыланады : табиғи және ластанған, біздің жағдайымызда топырақ ауыр металдармен ластанған.
Түйін сөздер: ауыр металдар, ШРК, топырақтың ластануы, қоршаған ортаны қорғау, топырақ құрамы
Теңіздер, өзендерден өндірілетін өнімдерді қоспағанда, адамзат тіршілік етіп келе жатқаннан бері өмірге керек азық – түліктерді негізінен топырақтан алады
Зерттеу объектісі: топырақ ауданы ЖШС «Силикат». Зерттеудің мақсаты: түтін тұнбаларының топырақты ластаудағы рөлін көрсету, топырақ құрамын зерттеу және талдау болып табылады. Мақсатқа жету үшін мәселені шешу қажет: 1) топырақтың құрамын анықтау; 2) топырақтағы ауыр металдардың мөлшерін анықтау.
Бұл жұмыста келесі зерттеу әдістері мен тәсілдері қолданылады: 1) топырақтарды салыстыру; 2) топырақтағы ауыр металдар мөлшерін статистикалық әдістер негізіндегі лабороториялық зерттеулер арқылы анықтау.
Топырақ - тірі және жансыз бөліктен тұратын бірегей табиғи дене. Топырақ өлі бөлігі қатты, сұйық және газ тәрізді құрамдас бөліктерден тұратын үш фазалы жүйе Қатты фаза бөлшектерінің минералогиялық және химиялық құрам қасиеттері және құрылым, кеуектілік қасиеттері бар. Сұйық фаза - топырақтағы су кеңістіктігін толтырады.. Газ фазасы – атмосфералық ауа құрамынан бөлек ауа құрамы бар фаза болып табылады. Тірі фаза - топырақ қалыптасу үдерісіне тікелей қатысатын организмдер мекендейтін топырақ фазасы.
Табиғи топырақ адамдардың, организмдердің өмір сүретін қауіпсіз, таза қоршаған ортасы болып табылады. Ол барлық тірі организмдердің қажеттілігін қанағаттандырады
Топырақтың ластануы - оның физикалық және химиялық сипаттамалары бар техногенді өзгеруі. Көптеген ластағыштар арасында ерекше орынды ауыр металдар алады.
Мета лдар ZnCuCdPb Жалп ы мөлш ері 5517,50,516,3 ШРК Семей «Силикат» ЖШС топырағындағы металдардың жалпы мөлшері мг / кг
Топырақ қабатындағы ауыр металдар: Топырақтың қатты фазасының құрамындағы берік байланған ауыр металдар; Топырақтың қатты фазасы құрамындағы ауыр металдардың жылжымалы түрлері; Топырақ ерітіндідегі ауыр металдар қосылыстары; Топырақ ауасының құрамындағы ауыр металдар қосылыстары; Тірі ағзалар құрамында ауыр металдар қосылыстары сияқты негізгі түрлерге бөлінеді
ЭлементСу фазасы мкг/л Қатты фаза мг/кг Zn118,7219,3 Cu7,930,5 Cd0,835,56 Pb37,2123,5 ЖШС «Силикат» айналасындағы су фазасы мен қатты фазалардағы ауыр металдар мөлшері.
Қашықтыққа байланысты ЖШС «Силикат» зауытының аймағындағы топырақтағы ауыр металдар құрамы
Келтірілген зерттеулер бойынша топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшері анықталды. Қазіргі уақытта топырақ құрамын зерттеу әр түрлі әдістер бойынша жүзеге асады. Топырақтағы ауыр металдар мөлшері анықтау статистикалық әдістер негізіндегі лабороториялық зерттеулер арқылы жүзеге асырылды. Ауаны тазартуға байланысты осы территорияда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу керек. Сонымен қатар фито– және биоремедиациялардың маңызы зор.