Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті Жалпы дәрігерлік тәжірибесі-2 кафедрасы СӨЖ Бронхиалдық демікпесі бар науқастар мектебін ұйымдастыру принциптері. Орындаған: Байназарова Ф.С топ ЖМФ Тексерген: Мирзаева Б.А. Қарағанды 2014ж.
Жоспар БД жайлы түсінік Демікпе мектебі Құрылымы Мақсаты мен міндеті Сабақтар Қорытынды
Бронх демікпесі Бронх демікпесі (БД) – оның негізгі патогенетикалық механизмдері қабынулармен шартталған бронхтардың гипербелсенділігі, ал негізгі клиникалық көріністері бронхтарылу салдарынан тұншығу ұстамасы (көбінесе эспираторлық мінездегі), бронх сілемейлі қабатының гиперсекрециясы мен ісінулері болып табылатын, тыныс жолдарының созылмалы ауруы. Тұншығу ұстамалары, сонымен қатар бронх демікпесіне тəн жөтел, кеудедегі «бітелу» сезімі, ысқырмалы шалғайлық сырылдар, көп жағдайда түнгі немесе таңертеңгі уақыттарда пайда болады жəне жартылай немесе толық қайтымды (аяқ астынан немесе ем салдарынан) бронхиалдық обструкциямен бірге жүреді.
Тыныс демікпесі – әлемде ең көп таралған созылмалы ауру. Аталған дерттің асқынуы көп жағдайда өлімге әкеліп соқтырады. Соңғы 20 жылда осы дерттің түрі балалар арасында күрт өсті. Демікпенің алдын алу және емдеу бағдарламасының негізі – науқастарды оқыту. «Тыныс демікпесі мектебі» бағдарламасының негізгі мақсаты – науқасты толыққанды өмір сүруге және өз дертін бақылауға үйрету. Аталған мектептер аллергиялық орталықтар мен стационарлар негізінде құрылған.
БД бар науқастарға мектептің ұйымдасуы және құрылымы Денсаулық мектебінде арнайы медициналық білімі бар және оқу жұмыстарын жүргізуге рұқсат алған мамандар (пульмонолог) жүргізеді. Мектептегі сабақтар біркелкі құрылымға ие: Кіріспе бөлімі Ақпараттандыру бөлімі; Оқытудың белсенді формасы; Сабақтың қорытынды бөлімі.
Ақпараттар: дәріс, видеофильм, пікірталас, арнайы кітапша және т.б. әдістер арқылы беріледі. Осы тәсіл арқылы демікпе дертіне қарсы тұруға болады. Ең бастысы әр азамат отбасындағылардың осы аурумен науқастана қалғанда жедел алдын алуы, емделуі тиістігін ұмытпауы керек. Өйткені бұл созылмалы жағдайға ұласқанда адамнің өміріне қауіп төнеді.
Мақсаттары мен міндеттері Бронх демікпесі жайлы, себебі, симптомдары, асқыныстары жайлы түсіндіру; Науқастарды үй жағдайында өз-өзін бақылау, симптомдар пайда болғанда дәрігерге дейінгі өз-өзіне көмек көрсете алуға үйрету, күнделік арнату. Бронх демікпесінде тамақтану ерекшелігін түсіндіріп, дұрыс тамақтануға үйрету; Стресстік жағдайлардан, денсаулыққа негативті әсерлерден өзін аулақ ұстау; Темекі шегуден мүмкіндігінше бас тартуға шақыру; Аурудың симптомдарын бағалау үшін пикфлоуметрді қолдануды үйрету; Дәрігердің тағайындауларын мейлінше дұрыс орындап емделуге науқастардың санасын баулу.
Сабақтар( мин) Сабақ 1. Бронх демікпесі жайлы не білу тиіс? Этиология Симтомдары Асқыныстары
Сабақ 2. Аллергия және демікпе. Пикфлоуметрия. Пикфлоуметр – дем шығарудың максимальды деңгейін бағалауға арналған шағын құрылғы. БД ауыратын науқастарға керек. Пиктік дем шығару ұзақтығы жасалады: Дәрі қабылдар алдында; Тұрған қалыпта; Күніне 2 рет Таңғы дем шығару жылдамдығы төмен болады, кешкі (10-12 сағ кейін) жоғары болады. Күнделікке жазып отыру керек.
Сабақ 3. БА кезінде тамақтану мен терапия. Тамақтану ерекшелігі Терапиясы: қандай топ препараттары қолданылады олардың жағымсыз әсері мен қарсы көрсеткіштері
Сабақ 4. БА кезінде физикалық белсенділік. Тыныс жаттығулары Дене шынықтыру жаттығулары Сабақ 5. БА ингалаяциялы терапиясы. небулайзер спейсер
Сабақ 6. БА профилактикасы мен емі. Сабақ 7. Түнгі демікпе. Тағамдық алергия түндік демікпе тағамдық демікпе олардың профилактикасы
Сабақ 8. Массаж бен закаливание Массаж Бет массажы Кеуде клеткасы массажы Закаливание
Қорытынды сабақ – Мектептегі сабақ білімін тексеру – Бағалау анкетасын толтыру Дөңгелек стол – Мектеп жайында ойлармен бөлісу – Болашаққа тілек – Қорытынды
Қорытынды Қазіргі таңда бұндай мектептер көптеп орналастырылуда. Оның тиімділігі науқас сырқатты туралы ақпарат алып, оны емдеуді, дұрыс тамақтануды құрастырады. Бұл асқыныстардың алдын алу үшін, өлім көрсеткішін азайтуға бағытталған іс- шаралар.
Назар аударғандарыңызға рахмет!!!