Математика Қазақ тілі Әдебиеттік оқу жж Дүниетану
Көбейтудің қасиеттерін ата? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімдік)
Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? 1. Барлық қабырғаларын қосамыз. 2. Ұзындығы мен енін қосып,екіге көбейтеміз.
Ең үлкен 2 таңбалы санға бірді қоссақ неше шығады? 99+1=100
Әлібек 1 күнде 2 ертегі оқыды. Ол осы қарқынмен 1 аптада неше ертегі оқиды? 14 ертегі Өйткені 1 аптада 7 күн бар, яғни 7 * 2 = 14
Ауданның өлшем бірлігін ата Бір квадрат сантиметр
Қазақтың көрнекті ақыны, жазушы, тұңғыш ағартушы ұстаз. Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан бұл кім? Ыбырай Алтынсарин
Қарсы мағыналы сөздерді тауып ата: семіз – терең – қою – қысқарды – арық,таяз,сұйық, ұзарды
Қандай зат есімді туынды зат есім дейміз? түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім
Жұмбақты шеш. Өзім сөзден тұрамын Біткен ойды құрамын сөйлем
Мәтіннің неше түрі бар? Атап бер. 3 түрі бар. Пайымдау,сипаттау,әңгімелеу.
«Дарабоз» атанған батыр? Батырдың шын аты кім? Ол неге солай атанды? Қабанбай батыр,шын есімі Ерасыл
Бата дегеніміз не? той - жиында, дастарқан басында айтылатын тілек түрі.
Бір тал шашы ағарған деген өлең жолдары қай өлеңнен алынған және өлеңнің авторы кім? Қадыр Мырза Әли,Мұғалима өлеңі
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді, олардың түрлерін ата? қатаң, ұяң, үнді
Абайдың айтқан 5 асыл іс пен 5 дұшпанды атап шық? 5 асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым 5 дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
Ұлы Отан соғысына қатысқан адамдар қандай атақпен марапатталады?
Ең алғаш ту тіккен кім?
Рақымжан Қошқарбаевтің досы кім? Григорий Булатов
Қошқарбаев қай қалада ту тікті ? Берлинде
Жеңіс туы қай жылы,қай уақытта тігілді? 1945 жылдың 30 сәуір 6:30 да
Өсімдік бөліктерін ата? Тұқым,тамыр, сабақ, гүл,жеміс,
қимыл қозғалыс мүшелерін ата. Қаңқа мен бұлшық ет
Ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын қалай атаймыз?
Желдің күші мен бағытын анықтайтын арнаулы құрал? Желбағар
Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата. Жантақ,сүттіген,жүзгін,сексеуіл.