Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Оқытушы: Угышева Ш.Е Орындаған:Данайбек Б.А Жетекшісі: Факультет: ЖМ Курс: ІІ Топ:13-017-1 С.Ж.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Advertisements

«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің.
148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшу бағдарламасы. Орындаған:Турсунахунов Т. 22 Бух тобы.
Қылмыс пен жаза Орындаған: Жыргалбекқызы Анара 3 курс ЮП
Дайындаған:Ерболатова.А. 2 д-(Информатика-111). Тексерген: Байжуманова.Л.Т.
Ей, Адамзат, ең алдымен досыңды ұқ, Досың Жер, Су, Жасыл орман, Өсімдік. Ала жүріп осылардың барлығын, Достарыңды қорлау деген не сұмдық! Адамзаттың ғаламдық.
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі Конституциялық құқық Алматы-2011 ж.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің.
ҚР-дағы тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін бақылу және сертификаттауду жетілдіру жолдары.
Мемлекет қаржысы
Қылмыстық құқық қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын.
Орындаған :. Қоршаған о рта Экологиялық м әселелер т үрлері Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар Тұжырымдама Пайдаланылған ә дебиеттер.
Қазақстан Республикасы- көп ұлтты зайырлы мемлекет.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев (18 ақпан 2005 жыл). Қазақстан халқына жолдауында Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.
Астана медицина университеті АҚ Қазақстан тарихы және философия кафедрасы Презентация Тақырыбы:Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйелердің типтері.
Транксрипт:

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Оқытушы: Угышева Ш.Е Орындаған:Данайбек Б.А Жетекшісі: Факультет: ЖМ Курс: ІІ Топ: С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА

Жоспар: 1.ЖаҺандану баламалары 2.ЖаҺандану айбаттары 3.Жаһандық демократия 4.Жаһандық ақпараттық кеңістік 5.Жаһандық теңсіздік 6.Жаһандануға қарсы қозғалыс ("жаңа антикапитализм") 7.Жаһандану үлгілері 8.Пайдаланған әдебиет

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді.

Олар ғылымға интеллектуалдық индустриялар экономикасы, ақпараттық қоғам, техникалық революция, ақпараттық жарылыс, ғаламдық ауыл деген ұғымдарды енгізді. 2дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 50жылдары АҚШтың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), Рэнд корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Қоршаған орта, түпкі ресурстар (энергия, су, азықтүлік), демография, көшіқон толқындары, есірткі тасымалы, халықаралық терроршылдық проблемалары жекелеген елдер күшімен шешілуі мүмкін емес

а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі; ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі; б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі; в) жаhандық саудаэкономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі; г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы; ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

3) аумақтық Жаһандану мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскерисаяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды;

4) ақпараттықкоммуникациялық Жаһандану қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;

5) этникалық Жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін өндірісті, ғылымды, қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады.

Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына айналуда. Рыноктар арасындағы кең ауқымды қаржылық ағындарға байланысты қазіргі күнде триллион доллармен өлшенетін, тауардың өзіндік құнын 1012%ке түсіретін және сонымен бүкіл циклдық дамуды өзгертетін электрондық сауданың елеулі өсуі байқалады. Дегенмен де, Жаһанданудың қазіргі үрдісі бірқатар кері зардаптар әкеледі жылы адам басына есепт=егенде орташа кіріс аса дамыған 17 елде басқалармен салыстырғанда 4,5 есе жоғары болған жылы жердің аса бай тұрғындарының 20%і әлемдік ЖІӨнің (жалпы ішкі өнімнің) 86%не, ал аса кедейлері 1%ке ие болды. Планета халқының 30%і күніне бір доллардан кем қамтамасыз етілген. Постиндустриалдық, индустриалдық және дамушы елдердің арасындағы алшақтық кему орнына, керісінше, өсе түскендігі байқалып отыр. Ашық нарықтық принциптерге шартты түрде сүйенетін, ал шын мәнінде дамыған елдердің бәсекелестік артықшылығын пайдаланатын Вашингтондық консенсус адамзаттың аз бөлігі үшін ғана қызмет етеді.

ЖаҺандану баламалары Жаһандану процесінің ішкі қайшылықтарын көрсететін әртүрлі нүсқасы. Жаһандану процестеріне нақтылы балама жолдар ұсынбайақ олар жаһанданудың ішкі өзгермелілігін көрсетеді. Ол ең алдымен жаһандану жүзеге асырылатын үлгілерге қатысты либералдық (кейде "неолибералдық" ұғымы қолданылады) немесе әлеуметтік бағытталған, яғни, "солшыл" (саяси мағынада) үлгі. Жаһандану баламалары, әсіресе, ақпараттық салада аса шиеленіскен: жаһандану жасаған ақпараттың бүкіл халыққа кеңінен ашықтығы (осыған орай, демократия кеңістігінің кеңеюі), әртүрлі саяси күштер тарапынан ақпаратпен алдапарбау қаупінің артуы жәнедемократиялық институттардың кірпияздығын, оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру нәтижесі. Жаһандану барысында жаңа билік ықпалы полюсін және мемлекеттік билік институттарын құрайтын трансұлттық корпорациялар қарамақарсылығы қоғам өміріндегі өз орнын жаңаша анықтау қажеттігін туғызады. Жаһандану баламалары жаһандануды басқаруда мемлекет немесе трансұлттық корпорациялар үстемдік етуші күшті таңдауды білдіреді. Жаһандану баламаларының болуы ғаламданушы әлем жағдайында адам үшін оның жағымсыз салдарын азайтып, одан барынша пайда көруге, жаһандану процестеріне өздігінше ықпал етуге мүмкіндік береді.

ЖаҺандану айбаттары Дамушы елдер үшін жаһандану процесі тудыратын мәселелер мен қауіпқатерлер. Жаһандану процестері әртүрлі әлеуметтік және экономикалық даму деңгейіндегі дамушы елдерге және халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Дамушы елдерге жаһандану дамуға жаңа мүмкіндіктер ашып, жағдай жасайды. Сонымен қатар, осы елдер үшін аса үлкен қиындықтар да туғызады. Мысалы, дамыған елдермен салыстырғанда, дамушы елдердің артта қалу деңгейі күн санап арта түседі. Ғаламдық нарықтық экономикаға ену үшін дамушы елдерден өз әлеуметтікэкономикалық қүрылымын түбегейлі өзгертіп, бар күшжігерін салуын талап етеді. Халықаралық нарық толығымен көпұлтты компаниялардың және дамыған постиндустриалды елдердің "ойын ережелеріне" бағынады. Дамушы елдердің әлеуметтікэкономикалық дамуы, ғылым, техника және технологиялар деңгейі әзірге өте төмен, ал бұл өз кезегінде олардың дамыған елдермен қатар бір деңгейде әлемдік нарықта бәсекеге түсуге мүмкіндік бермейді. Дамушы елдердің алдында әлемдік ғаламданушы экономикаға кірігу міндеті тұр. Ал, екінші жағынан олар дамыған елдерге тәуелді болудан қашады. жаһандық мемлекеттік жүйе қазіргі мемлекеттердің әлемдік жүйесі. Әлемдегі мемлекеттер соның принциптеріне негізделіп құрылған үлттық мемлекет үлгі болып табылады.

Бүгінгі таңда ұлт әлемнің қоғамдық ұйымдасуының негізгі бірлігі болып табылады, ал ұлттық мемлекет оның саяси ұйымдасуының негізгі өлшемі. Бұл екі бірлікте қоғамдық және саяси бірбіріне сәйкес келеді, ал бұл олардың мәнін, маңыздылығын, шынайылығын және олардың бірінсізбірінің күні жоқ екендігін білдіреді. Бұл ереже ұлт пен ұлттық мемлекетке легитиімділік көзі мәртебесін береді. Билікке қол жеткізу және оны ұстап тұру үшін саясаткерлер және оны қолдаушылар ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ал мүндай қызмет тек бір ұлт қана өмір сүретін ұлттық мемлекет аясында ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ұлтты және ұлттық мемлекетті қазіргі әлемді ұйымдастырудың Қоғамдықсаяси үлгісі ретінде мойындау ұлтшылдыққа ерекше, алғашқы (әзірге, жалғыз) ғаламдық идеология мәртебесін әперді. Ұлтшылдық бүгінгі түріндегі мемлекеттік жүйенің легитимдендіру қүралы жәнеa идеологиялық шеңбері қызметін атқарады. Өз кезегінде бұл жүйе өзінің әмбебаптығына орай ғаламдық сипат алуда. Ұлттық мемлекеттер жер шарын түгел жайлап, тек бірбірін ғана халықаралық қатынастардың бірденбір субъектісі ретінде мойындайды. Осылайша, өмірдің көптеген салаларына тән жаһандану үрдісі осы ғаламдық мемлекеттік жүйенің инфрақүрылымдық іргетасына негізделген.

Жаһандық демократия Жаһандық, әділетті, әлемдік тәртіптің талаптарына жауап беретін демократия түрі. Қазіргі әлемдік тәртіп жеке адамдардың автономдығын шектеу арқылы орасан зор әділетсіздікке барып отыр. Әлемдік қауымдастыққа, әсіресе, ғаламдық деңгейде демократияның молдығы керек. Демократизация өздігінен жеке түлғаның автономдығын үлғайтады, сөйтіп олардың үстінен қарайтын күштерге ықпал ету мүмкіндігін кеңейтеді. Жаһандық демократияны, әдетте, ықтимал әлемдік үкіметтің идеялар уағызы деп қарамау керек: іс жүзінде бірнеше миллиард адамды басқару мәселесі жүзеге аспайтындай көрінеді, ал адам еркіндігіне бюрократиялық ғаламдық мемлекеттің төндіретін қатері орасан зор. Ал, екінші жағынан, мемлекет әділетті әлемдік тәртіп орнатуда аса маңызды рөл атқаратын еді. Мемлекет ішіндегі демократияны дамыту да аса маңызды. Өкілеттілікті өзара беттесетіндей етіп, күрделі әрі бытыраңқы бөлу талап етіледі. Өйткені, тек өзара қабыспайтын, бірбіріне ұқсамайтын, бірбірін бақылайтын, әртүрлі әдістерді қолдану арқылы бірбірін шектеп отыратын билік түрлерінің бытыраңқы орналасуы ықтимал әділетсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді

Сондай ақ көптеген аймақтық, ғаламдық мәселелер, қоршаған ортаны қорғау, азықтүліктің жетіспеушілігін және ашаршылық, індеттерді бақылау, мәдени әркелкілік, әйелдердің құқын аяққа таптау, қылмыс, кедейлік, адам құқының бұзылуы және әлемдік экономиканы реттеу мәселелерін қарастыратын тар өкілеттігі бар билік құрылымдарының қызметі бағытталуы тиіс. Ғаламдық әділетсіздік мәселелерін шешу үшін әлемдік басқару институттарын кеңейтіп, күшейтіп, демократизациялау қажет. Демократия келісім арқылы басқару құралдарының жиынтығы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, басқару органдары өзі өміріне ықпал ететін халыққа осы органның қабылдаған шешімдері арқылы ортақ саясат жасауға қаншалықты ерік беретіндігін оның демократиялылығы бойынша анықтауға болады. жаһандық азаматтық қоғам бірқатар батыстық жаһандану тұжырымдамаларында бүкіл адамзат мәселелерін шешу мақсатында және ортақ құндылықтар негізінде бір типті Әлеуметтіксаяси қатынастардағы әлеуметтік қауымдастықтарды біріктіретін аса үлкен саясаттан тыс адамдар қауымдастығын атауда қолданылатын ұғым.

Мүндай ғаламдық теңсіздікті: Tрансүлттық экономикалық ықпалдастық және жаһандану нәтижесі ретінде үлттық бытыраңқылық; Kапиталдардың еркін нарығы, сауда мен инвестиңиялардың либералдануы, мемлекеттік реттеудің болмауы; Xалық санының артуы; Oтарлау және оның теңсіздік мүрасы; Hеоколониализм және оған сәйкес езіпжаншу; Үкіметтік шешімдер; Жаңа технологиялық жетістіктерді жасыру; Әділетті бөлістің болмауы; Сауатсыздық; Табиғи апаттар сияқты көптеген факторлар арқылы түсіндіреді.

Жаһандану үлгілері Жаһандану процестері сүйенетін негізгі қағидаттар мен тетіктер. Қазіргі әдебиеттерде жаһанданудың әртүрлі үлгілері талқыланады, бірақ солардың ішінде жаһанданудың неолибералдық және гуманистікноосфералық үлгілері ерекше назар аударады. Сыншылардың пікірінше, неолибералдық үлгі, жаһанданудың жемісін өздері көретін трансүлттық корпораңиялардың және дамыған елдердің мүдделерін жүзеге асырады. Нәтижесінде байлар мен кедейлердің арасындағы алшақтық тереңдей бермек. Бүкіләлемдік банк мәліметтері бойынша, 2002 жылы жан басына шаққандағы табысы жоғары және темен елдердің арасындағы айырмашылық едәуір (сәйкесінше Жер шарының 15,6% түрғындарының табысы жеткілікті және 42% күнкөріс көзі темен). Жаһанданудың неолибералдық үлгісі өркениеттер қақтығысы және экологиялық апат қаупін күшейтеді. Жаһанданудың гуманистікноосфералық үлгісін жақтаушылардың пікірінше, жаһандану артықшылықтарын бүкіл адамзат мүддесі үшін қолдануға бағытталған.

Пайдаланған әдебиет Саяси түсіндірме Сөздік. – Алматы,