қуаныш-жан шуағы

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Адамгершілікке тәрбиелеу – педагогикадағы ең күрделі мәселелердің бірі екендігін айқындау.
Advertisements

Ақшабаева Мереке. Сілтемелер: Оқулық, Бейнеүзік, «Құмырсқа» Слайд.
Дайындаған: Дайындаған: Сайлауова Айгерим. Іс-әрекет түсінігі Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады.
Іс-әрекет түсінігі Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын.
Дайындаған: Ысқақ Нұржігіт Инф21к. Іс-әрекет түсінігі Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам.
Кешірімділік - көңіл кеңдігі Н.Жұмансейтова. Мақсаты: кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешірммен,
Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК дәрігер психологы Бала мен жасөспiрiмдегi есірткіге тәуелділік белгілері. Психологиялық аспект.
Қатысушыға сенім арттыру Сөйлеушіге құрмет көрсету Тренинг ережесі Болып жатқан нәрселерге белсене қатысу Осы мезетте және қазір принциппен қатысу Тыныштық.
Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі, бау- бақшасы, ақшасы бар. Талғатты бай деп айта аламыз ба?
Отбасымызда зорлық-зомбылыққа жол жоқ Қайырлы күн, құрметті ата- аналар! Бүгінгі күні өздеріңізбен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз. Баланы жастан.
Баласағұн адамды қартайтпайтын екі нәрсе туралы айтып кеткен. Ол - не нәрселер?
«Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл- күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.
Аты-жөні: Дуанбекова Айгүл Иманқұлқызы Санаты: І Бітірген оқу орны: ҚарМУ Жұмыс орны : 6 ЖББОМ Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі.
Қыркүйектің жиырма сегізі Тіл таба білу өнері Тіл табысуға қажетті коммуникативтік дағдылар.
Сабақтың мақсаты: Шығармашылық жұмыс жүргізу барысында оқушыларға мәтін құрауға, тақырыпты аша білуге үйрету. Сөздік қорларын, тіл байлығын, дүниетанымын,
Дұрыс тамақтана білеміз бе?Дұрыс тамақтана білеміз бе?
Өзін-өзі тану – 7. Ақпанның он үші Мақсаты: оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету. Міндеттері: - оқушыларға өмір құндылығы.
Дұрыс тамақтана білеміз бе?. 1. Тамақтану тәртібі 2. Тамақтанудың негізгі ережелері 3. Тамақтану процесінің принциптері 4. Тамақ ішу тәртібі.
16:51:22 Тақырыбы: « Ел болашағы білімді ұрпағында » атты танымдық ойын.
Мұғалім туралы мәлімет. Аты-жөні Шотабаева Нұржамал Тұрсынбайқызы. Мектебі: С.Сейфуллин Туған жылы ж. Білімі: Жоғары Пед.өтілі: 20 жыл Бітірген.
Транксрипт:

Тақырыбы: ҚУАНЫШ-ЖАН ШУАҒЫ

Мақсаты: Оқушылардың бақыт, сыйластық, махаббат, құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - қуаныш сезімінің адам өміріндегі мәнін түсіндіру. - өзара жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту. - мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Оқулық, дәптер, қағаздан жасалған күннің шуақтары.

ШАТТЫҚ ШЕҢБЕРІ - Ой, тамаша! Қуанышты сезіммен бірге айтқан ән адамның көңіл күйін көтереді. Бүгінгі сабақта қуаныш сезімі, оның адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелесеміз.

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС БАЛАЛАРДЫҢ КӨЗ ҚУАНЫШЫ

Көктемнің жайма-шуақ жылы күнінде айнала түгел қуанышқа бөленген еді. Бақтар гүлдеп, құстар сайрады. Көгілдір көк күмбезінде тыраулап тырналар ұшып барады. Алыстан сылдырап аққан бұлақтың ерке үні естіледі.

Ал биік ақ қайыңның түбінде кішкентай балақай жылап тұрды. Ол сол мезетте бақтардың қалай гүлдегенін көрмеді. Ол құстардың қалай сайрағанын естімеді. Көгілдір аспан оған қара болып, ал тырналардың сынадай тізілген қатары оның көзінен тамған жас секілді естілді. Қасынан өтіп бара жатқан жандар кішкентай баланың өзін де, оның жылап тұрғанын да байқамады. Тек бір қарт қана баланы байқап, оның қасына келіп, басынан сипады. Қарт балаға көптеген сөздер айтып, әлденелерді айтқан болды.

Олар осылай бір сағатқа жуық ұзақ әңгімелесті. Әңгіменің ақырында бала күлім қақты. Ол енді айналасында бақтардың гүлдеп тұрғанын көрді. Ол құстардың қалай сайрағанын естіді. Көз алдына көгілдір аспандағы тырналардың қанатын әсем қаққаны келді. Міне, қазір көктем –деп ойлады бала. Біреудің көзіндегі жасты тиып, жүзінде күлкі ойнату қандай бақыт!

-Кішкентай бала табиғат- тың сұлулығын неліктен байқамады? -Сенің ойыңша қарт балаға не айтуы мүмкін? -Айналадағы әсемдікке көңіл аударуына не әсер етті?

- Балалар, дұрыс айтасыңдар! Бала жылап тұрғандықтан, айналасындағы табиғат сұлулығына да көңіл аударған жоқ. Қуаныш сезімі жүрегіне ұялаған сәтте оған жан-жағы, айналасының бәрі әсем де әдемі боп көрінеді. Барлық адамдар, табиғат, айнала бәрі-бәрі онымен бірге қуанып тұрған секілді. Баланы қуанта білген қарт та қандай бақытты! Біз де көңілді, қуанышты, күлімдеп жүру үшін өзгелерге, айналамызға қуаныш сыйлай білуге тиіспіз.

Ойын жаттығу: Көршіңе қуаныш сыйла ойыны

«ҚУАНЫШ» Адамның көңіл күйі жақсы болса оқуға, еңбекке ынтасы артады. Қоршаған ортасына, отбасына, достарына деген сүйіспеншілігі тереңдейді.

«ҚУАНЫШ» өлеңі Бір-ақ сәтте қас қағым Көршімізді кеше әлгі Қуантып-ақ тастадым Деп: Балаңыз бес алды. Бүгін балабақшадан Ертіп келгем баласын. Болып өс, - деп, - жақсы адам, - Шын қуанды нағашым. Ата-әжең біртіндеп, Азайғаны батады. Ас-салау-мағалей-кум -деп, Қуанттым бір атаны. Дей көрмеңдер: Шаршады, Тұрам осы сөзімде. Қуантамын баршаны, Қуанамын өзім де. Е.Ашықбаев

-Адамды, айналаңды қай уақытта, қандай жағдайда болмасын қуантуға бола ма? -Сендер өз бойларыңнан сондай әрекеттерді байқадыңдар ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер. -Ал өз сыныптастарыңды қалай қуантар едіңдер?

СЕРГІТУ СӘТІ: ҚУАНЫШТЫ СӘТ Шаршадым Уһ! дедім, Ренжідім Туһ! дедім, Қорықтым Ой! дедім, Өкіндім Аһ! дедім, Шарасыз Еһ! дедім, Таңырқап О! дедім, Кейідім И! дедім, Біліп ап Е! дедім, Қуанып Ха-ха-ха! дедім.

Тапсырма: Суреттерге қарап, балалардың көңіл күйлеріне байланысты әңгіме құрастырыңдар.

- Күлімдеп, ақжарқын жүретін адамның көңіл күйі үнемі жоғары болады. Ал ондай көңіл күй жаныңды сау етеді. Жаның сау болса, денің сау болады. Денің сау болса, жақсы еңбек ете аласың. Жақсы еңбектің нәтижесінде адамдар бақытты, молшылықта өмір сүреді. Сол себепті де халық даналығында Қуаныш-Өмір шаттығы деп айтқан болатын. Дәйексөз: Қуаныш-өмір шаттығы.

Берілген ағаштың жапырақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты күндерің туралы жазыңдар.

Жүректен жүрекке Достық әні Ән саламыз күнде біз, Шаттық толы іргеміз. Біз мәңгілік достармыз, Біз мәңгіге біргеміз. Ф.Оңғарсынова

-Күлімдеу, адамдарға қуаныш сыйлай білу-өзің де, олардың да өмір жасын ұзартып, денсаулығын жақсартады. Барлық адамдармен күліп амандасу, үнемі ақжарқын жүру, мүмкіншілігінше айналаңа қуаныш сыйлау – асыл қасиет. Қортындылау: