Орындаған : Досыбек Қайрат
Қазақстанның кен ресурстары Қазақстан Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың бірі. Минералдық шикізат қорлары Қазақстанның ұлттық экономикасының тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінің маңызды кепілі. кен байлықтарының
Минералдық шикізат ресурстары маңыздылығы жағынан үш топқа бөлінеді : Бірінші топқа негізгі қаржы түсімін қамтамасыз ететін және экономикалық - саяси мәні бар стратегиялық кен байлықтары жатады : мұнай, газ, көмір, уран, хромит кен орындары. Екінші топты қаржы түсімін қамтамасыз ететін әрі Қазақстанның индустриялық бет - бейнесінің негізі болып табылатын маңызды кен байлықтары құрайды : темір, марганец, мыс, қорғасын, мырыш, ал юминий және алтын кен орындары. Үшінші топқа ішкі және сыртқы рыноктарда жоғары сұранымға ие қалайы, күміс, фосфор, барит кен орындары кіреді. қаржы мұнай газ көмір уран хромит темір марганец мыс қорғасын мырыш ал юминий алтын қалайы күміс фосфор барит
Мұнай мен газ және көмір Қазақстанда 200- дей мұнай және газ кен орындары анықталып барланған, оның ішінде 102 мұнай, 29 мұнай - конденсат, 30 мұнай - газ - конденсат, 6 мұнай - газ, 11 газ - конденсат, 19 газ кен орындары бар. Барланған мұнайдың алынатын қоры 2,2 млрд. т, газ – 2,5 трлн./ м 3, конденсат – 0,7 млрд. м 3. Қазақстанда мұнайдың болжамдық қорлары 20 – 25 млрд. т деп бағаланады. конденсат Қазақстанда тас және қоңыр көмірдің мол қорлары бар. Республикада 200- ге жуық көмір кен орыны барланған. Қазақстан көмірінің жалпы геологиялық қоры 164,4 млрд. т шамасында бағаланады, оның ішінде : тас көмір 17,6 млрд. т, қоңыр көмір 92,8 млрд. т. Барланған қорлар 60 млрд. т шамасында, баланстан тыс қорлар 19,3 млрд. т. Олардың 63%- ы тас көмір ( оның кокстелетіні 17%), 37% – қоңыр көмір. Республикадағы ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан ( Қарағанды, Екібастұз, Майкөбен ). тас қоңыр көмірдің Орталық Қазақстанда Қарағанды Екібастұз Майкөбен
Қара металл Қазақстан Республикасының бүкіл дерліктей аумағын қара металл кендерінің алып кентастық аймағы ретінде қарастыруға болады. Мұнда оның бүкіл әлемге белгілі барлық генетикалық және өндірістік, оның ішінде бірегей түрлері кездеседі. Қазақстанда кара металл кентастарының нан аса кен орындары мен кен білінімдері анықталған. Темір, хром, марганец пен титан кентастарының кен орындары игерілуде. Балансқа алынғаны 17 кен орны, баланстан тыс 11 кен орны бар. Темір кентасының жиынтық қоры 17 млрд. т. қара металл Бұл алапта кобальт - никель кенінің де бай қоры бар. Қазақстанда марганец кентастарының баланстық қоры 400 млн. т - дан асады. Болжамдық қорлары 850 – 900 млн. т деп бағаланады. Қазақстан хромит кентасының қоры бойынша әлемде екінші орында. Балансқа алынғаны 21 кен орны ( шамамен 230 млн. т ).
Түсті металл Алюминий шикізаты ретінде ең көп таралғаны – боксит. Қазақстанда бокситтің қоры көп. Анықталған 200 кен орны мен кен білінімдерінің ( есепке алынғаны ) 50- ден астамы платформалық типті. боксит Қорғасын мен мырыштың 100- ден аса кен орындары анықталып, 58- і балансқа алынған. Олардың негізгі қоры Шығыс Қазақстанда. Қазір қорғасын мен мырыштың 30- ға жуық кен орындары игерілуде. Қазақстан әлемдегі ірі мыс өндіруші елдердің бірі. Мыс кентасының ірі кен орындарынаЖезқазған, Қоңырат, Ақтоғай. Жекелеген кен орындарының мыс қоры 10 млн. т - дан асады.Жезқазған Қоңырат Ақтоғай Қазақстанда түсті металдар шикізатының ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын және мыс кендері алады. Бұл металдардың республикадағы қоры бойынша тиісінше әлемде бірінші, екінші және үшінші орын алады. Олар Қазақстан түсті металлургиясы базалық кәсіпорындарының шикізат көзі болып табылады.
Сирек металдар Қазақстан сирек металдарға бай өлке. Молибден қоры жөнінен республика әлемде төртінші, Азия елдері арасында бірінші орын алады. Молибден кентастарының қоры 34 кен орны бойынша есепке алынған, олардың 26- сы баланстық. сирек металдарға Молибден Вольфрам Вольфрам қоры жөнінен Қазақстан әлемде бірінші орын алады. Вольфрам қорының 53%- дан астамы 16 кен орнында шоғырланған, оның 12- сі баланстық. Вольфрам кенінің басым типтері – кварц - желілі - грейзенді және штокверкті, оларға Қараоба, Ақшатау, Жетіқара - Қайрақты. Вольфрамның 16 кен орны есепке алынған. Оның 85%- на жуығы штокверк кендері ондағы вольфрам триоксидінің мөлшері 0,12 – 0,19%. Негізгі қорлар 6 ірі және аса ірі : Жетіқара - Қайрақты, Бұғыты, Қараоба ( штокверк ), Солтүстік Қатпар, Көктіңкөлі, Баян, Ақсораң кен орындарында шоғырланған. Жетіқара - Қайрақты
Асыл металдар Қазақстан алтын кені бар ежелгі өлкелердің бірі саналады. Ол алтынның нақтыланған қоры бойынша әлем елдерінің бірінші ондығына, ал өндірісі бойынша – үшінші ондығына кіреді. Оның баланстық қоры 196 кен орнында (126- сы түпкі жыныстарда, 47 кешенді, 23 кенқайраңдық ) есептелген. Алтын өндірілетін ірі кен орындары : Солтүстік және Орталық Қазақстанда. Қазақстанда күміс ертеден өндіріледі. Оны өндіру көлемі бойынша республика Азия елдері ішінде бірінші орын алады. Оны полиметалл кентасын кешенді өңдеу кезінде бөліп алады. Қазақстан аумағында 100- ден астам уран кен орны барланған. Аумақтық белгісі бойынша және геотектоникалық көзқарас тұрғысынан кен орындары уран кені бар 10 өлке мен аудандарға бөлінеді.
Бейметалл кендері Бейметалл кен байлықтарының барланған және әлуеттік қоры мол. Республика аумағында бейкентасты шикізаттың нан аса барланған кен орындары бар, оның і құрылыс материалдарының кен орындары. Республикада шипалы балшықтың 30- дан астам кен орны тіркелген. Олардың көпшілігі Қазақстанның батысы мен солт - нде орналасқан. Бейметалл
Жер асты су кендері Қазақстанда минералды және термалдық жер асты суларының ірі қорлары бар. Минералды сулардың пайдаланылатын қоры 48 кен орны бойынша тәуілігіне 31,0 мың м 3 мөлшерінде есепке алынған. Барланған кен орындарының ең көбі (18) Оңтүстік Қазақстанда, Батыс Қазақстанда – 9, Солтүстік Қазақстанда – 7, Орталық Қазақстанда – 10 және Шығыс Қазақстанда – 4. Барланған минералдық жер асты суы кен орындары негізінде санаторийлер, курорттар, профилакторийлер, емханалар жұмыс істейді, ал көптеген арасан бұлақтар мен өз бетінше атқылайтын ұңғымалардың суын жергілікті тұрғындар пайдаланады. Қазақстанның таулы - қатпарлы алқаптары мен платформалық аумақтарындағы артезиан алаптарының қойнауларында гидротермалдық судың мол қоры бар. Олар су бойынша 10,275 мың км 3, ал жылу бойынша 680 млрд. Гкал шамасында, бұл 97,115 млрд. т шартты отынға тепе - тең. жер асты суларының
Дереккөздер 1. Қазақ энциклопедиясы 2. wikipedia.org3.