Кешенді стандарттау Кешенді стандарттау – кешенді стандарттау объектісінің өзіне және оның негізгі элементтеріне де, мәселеге әсер ететін материалдық және материалдық емес факторларға да өзара алмастырылатын талаптар жүйесін мақсатты бағыттау мен жоспарлау түрінде белгілеуді және қолдануды жүзеге асыратын стандарттау түрі. Кешенді стандарттаудың мәні – талап етілген мерзімде өнім сапасының экономикалық оңтайлы деңгейін қамтамасыз ететін барлық өзара әрекет ететін факторларды жүйелендіру, оңтайландыру және байланыстыру.
. Машиналар және т.б. бұйымдардың сапасын анықтайтын негізгі факторларға мыналар жатады: - машиналар конструкциясын және жобалау мен есептеу әдістерін (оларды құрайтын бөліктері мен бөлшектерін) беріктікке, сенімділікке және дәлдікке жетілдіру; -қолданылатын шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттардың сапасы; - үйлестіру, агрегаттау және стандарттаудың дәрежесі; - технология және өндіріс құралдары, бақылау және сынақтан өткізудің деңгейі; - машиналардың өзара алмастырылу, өндірісті ұйымдастыру және пайдалану деңгейі; - жұмысшылардың біліктілігі және олардың жұмысының сапасы.