Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Иммунология және аллергология Тақырыбы: « Лейкоцитарлық формуланы есептеу. Лейкограмманы талдау». Орындаған:

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ҮШТІЛДІК ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ Программа трехъязычия в КазНМУ Директор Центра Мониторинга анализа качества образования и научного сопровождения реформы медицинского.
Advertisements

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті СӨЖ Тақырыбы:Тұқым қуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. Генотерапия Тексерген: Орындаған:.. Қарағанды.
Қ ара ғ анды Мемлекеттік Медицина Университеті Д ә рігерге дейінгі дайынды қ кафедрасы СӨЖ Орындаған: Абдуалиева А. Тулашова Б. БалтабаЕВ Е. Тексерген:
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Бауыр патофизиологиясы Орындаған:Турманбаева А.А 201 ЖМФ 201 ЖМФ.
С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: Денсаулық сақтауды жоспарлау Орындаған: Әбуова Г.Е Факультет: ҚДС Курс: V Топ:
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті СӨЖ СӨЖ Тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде. Тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде. Әлеуметтік білімнің құрылымы.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Акушерлік және гинекология кафедрасы Тақырыбы: Қазақстан Республикасында әйел денсаулығын қорғаудың ұйымдастырылуы.
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Оқытушы: Угышева Ш.Е Орындаған:Данайбек Б.А Жетекшісі: Факультет: ЖМ Курс: ІІ Топ: С.Ж.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Қазақстан тарихы және әлуметтік - саяси пәндер кафедрасы Тақырыбы : Әлуметтану тарихының негізгі бағыты. Дайындаған:
Астана медицина университеті АҚ Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы Астана медицина университеті АҚ Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Орындаған: Иманбек Б.К.
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар кафедрасы ПӘН: Коммуникативтік дағдылар. ТАҚЫРЫП: Дәрігердің құқығы.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Клиникаға кіріспе кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Жанұямен қарым – қатынаста жеткен жетістіктерді және қиыншылықтарды.
Кафедра: хирургия Факультеті: жалпы медицина 2 Та қ ырыбы: Вич инфекция мен вирусты гепатитты ң алдын- алуы Орында ғ ан: Тексерген: А қ т ө бе 2015 жыл.
Қ АРА Ғ АНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫ Қ УНИВЕРСИТЕТІ.
«Бүйрек физиологиясы. Несеп түзілуінің механизмі» Дәріскер: аға оқыт. ЛЕПЕСБАЕВА Г.А Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Физиология кафедрасы.
Қ АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА университеті Жалпы хирургия және травмотология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Хирургиядағы ақпараттық-компьютерлік технология.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Орында ғ ан: Ораз қ азы қ ызы Ұ топ Қ абылда.
Балалардағы жабыспалы ішек өтімсіздігі
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: «Балалардағы және нәрестелердегі тыныс алу мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері»
Транксрипт:

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Иммунология және аллергология Тақырыбы: « Лейкоцитарлық формуланы есептеу. Лейкограмманы талдау». Орындаған: Аяпбергенов Е.Т. Тойжігіт Б.Ә ЖМФ Тексерген: Қошқарбаева Б.С.

Жоспар Кіріспе. Негізгі бөлім. Лейкоциттердің жоғарылау, төмендеу себептері. Лейкоцитарлық формула, есептеу әдісі. ЛФ оңға немесе солға ығысуы. Лейкоциттер түрлері және олардың жоғарылау, төмендеу себептері. Қорытынды.

Кіріспе Лейкоцитарлық формуланы есептеу инфекциялық, гематологиялық, қабынулық аурулар кезінде дұрыс диагностикалау және қолданылған емнің тиімділігін бағалауда үлкен маңызға ие. Сонымен қатар лейкоцитарлық формуланың өзгеруі нақты бір ғана аурудың ғана көрсеткіші емес, әр түрлі ауруларда да бірдей болуы мүмкін.

Лейкоциттер Лейкоциттер - қан ағымындағы ақ түсті жасушалар. Бұл жасушалар иммунды жүйенің негізі десе болады. Ағзаға инфекция, токсикалық заттар, бөгде заттар түскенде осы лейкоциттер сонымен күресіп, ағзаны қорғайды. Лейкоциттердің түзілуі қызыл сүйек кемігінде және лимфа түйіндерінде жүреді. Лейкоциттер бірнеше түрге бөлінеді : Нейтрофильдер Базофильдер Моноциттер Лимфоциттер Эозинофилдер Олардың әрқайсысы сыртқы түріне және атқаратын қызметіне байланысты ажыратылады.

Лейкоциттердің қызметі: Қорғаныс – ең маңызды қызметі. Лейкоциттер лейкиндер бөліп шығарады. Лейкиндер микробтарды жойып жібереді. Базофилдер, эозинофилдер, антитоксиндерді, токсиндерді залалсыздандырады. Яғни дезинтоксикациялық қасиеттері бар. Базофилдер қан ұюына және фибринолизге қатысады. Регенеративтік үрдістерді ынталандырып, жараның жазылуын тездетеді. Моноциттер фагоцитоз арқылы өлген жасушалардың ыдырауына белсенді қатысады. Ферментативтік – олардың құрамына әр түрлі ферменттер бар. Олар жасушаішілік ас қорыту үшін қажет

Лейкоциттердің жоғарылау себептері: Физиологиялық лейкоциттердің жоғарылауы: Тағам қабылдаудан кейін,; Белсенді физикалық жүктемеден кейін; Жүктіліктің екінші жартысында; Егу жасалғаннан кейін; Етеккір кезінде; Қабыну реакциясы кезінде (патологиялық): Іріңді қабыну аурулары (абсцесс, флегмона, бронхит, гайморит, аппендицит және т.б); Күйіктер және травмалар; Операциядан кейін; Ревматизмнің асқыну кезінде; Онкологиялық аурулар кезінде; Лейкоз кезінде (иммунды жүйе стимуляциясы жүргенде );

Лейкоциттердің төмендеу себебі: Вирусты инфекциялық аурулар (тұмау, вирусты гепатит, сепсис, қызамық, малярия, қызылша, эпидемиялық паротит, ЖИТС және т.б); Ревматикалық аурулар (ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі); Лейкоздардың кейбір түрлері; Гиповитаминоз; Ісіктерге қарсы препараттар (цитостатиктер, стероидты препараттар); Сәулелі ауру;

Лейкоцитарлы формула Лейкоцитарлы формула – бұл лейкоциттердің әр түрлерінің жалпы қандағы пайыздық қатынасы. Әртүрлі патологиялық жағдайларда осы пайыздық көрсеткіштер өзгеріске ұшырайды.

Лейкоцитарлық формуланы есептеу әдісі Романовский-Гимза әдісімен боялған қан жағындысын микроскоптың үстеліне орнатып, иммерсионды майдың тамшысын тамшылаймыз. Майдың тамшысына иммерсионды объективті (90) түсіреміз. Гранулоциттер жағындының шеттерінде, лимфоциттер – шеттен алшақтау орналасады. Сондықтан лейкоциттерді есептеу жағындының шетінен, препараттың көлденең ұзын қабырғаларынан, жағындының бастапқы бөлігі мен соңына жақын бөлігінде басталады. Әр лейкоциттің түрін анықтап, алдын ала дайындалып қойған гемограмманың кестесіне жазу (немесе есептеуіш машинаның сәйкес лейкоцит түрінің аты бар пернесіне басу). Лейкоциттердің жалпы санынан 100-ге тең жасушаларды санап, онда табылған әр лейкоциттердің түрінің саны олардың қандағы пайыздық үлесіне тең келеді.

Лейкоциттерді санау Шиллинг және Филиппченко әдістері бойынша Шиллинг әдісінде жұғындыда лейкоциттердің санын 4 аймақ бойынша анықтайды. Барлығы 100 – 200 жасуша саналады. Филиппченко әдісінде жұғынды 3 аймаққа бөлінеді: бастапқы, ортаңғы және соңғы ( үш аймақтық әдіс).

Лейкоцитарлық формуланы есептеу құралы СЛФ-ЭЦ-01-11

Лейкоцитарлы формуланың оңға немесе солға ығысуы Лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы - қалыпты жағдайда тек сүйек кемігінде болатын жас, жетілмеген нейтрофилдердің қанда пайда болуы және мөлшерінің көбеюін айтады. Мұндай жағдай жеңіл және ауыр түрдегі инфекциялық аурулар кезінде, қабыну аурулары кезінде (ангина, малярия, аппендицит), сонымен қатар қан жоғалту кезінде, дифтерия, пневмония, скарлатина, сепсис және интоксикация кезінде байқалады. Лейкоцитарлы формуланың оңа жылжуы - қанда кәрі, яғни сегментоядролы нейтрофильдердің көбеюін атайды. Мұндай көрініс радиациялық фоны жоғары аумақта тұратын сау адамдарда байқалады. Сонымен қатар В12 жетіспеушілік анемия, фолий қышқылының жетіспеушілігі, өкпенің созылмалы аурулары бар және обструктивті бронхитпен ауыратын адамдарда кездеседі.

Нейтрофилдер Нейтрофильдер екі түрлі болуы мүмкін. Жетілген (зрелые), басқаша оларды сегментоядролы деп, ал жетілмегендерді таяқш а ядролы деп атайды. Нормада таяқша ядролылар минималды 1-3 % болады. Иммунды жүйенің мобилизациясы кезінде жетілмеген нейтрофильдер саны көбейеді. Қандағы нейтрофилдер санының жоғарылауы – нейтрофилия деп аталады.

Нейтрофилдер жоғарылау себебі: Инфекциялық аурулар (ангина, синусит, ішек инфекциялары, бронхит, пневмония); Инфекциялық процесстер (абсцесс, флегмона, гангрена, жұмсақ тіндердің травмалық зақымдалуы); Ішкі ағзалар қабыну аурулары (панкреатит, перитонит, артрит және т.б); Инфаркт (жүрек, бүйрек, көкбауыр инфаркті); Созылмалы зат алмасу бұзылыстары (қант диабеті, уремия, эклампсия); Ісіктер; Нейтрофилдер санының төмендеуі: Вирусты инфекциялық аурулар (бруцеллез, тұмау, қызамық, қызылша, вирусты гепатит); Қан аурулары (апластикалық анемия, жедел лейкоз); Тұқым қуалаушы нейтропения; Қалқанша безі гормоны жоғары болуы (тиреотоксикоз); Химиятерапия әсері; Радиотерапия әсері; Антибактериалды, қабынуға қарсы, вирустарға қарсы препараттар;

Эозинофилдер Эозинофилдер – адам ағзасын токсикалық заттардан, паразиттерден тазартуға және ісік клеткаларына қарсы тұратын лейкоциттер түрі. Бұл лейкоцит түрі гуморальді иммунитет қалыптасуына қатысады.

Эозинофилдердің жоғарылау себебі: Аллергия (бронхиалды астма, тағамдық аллергия, шаң тозаңға аллергия, атопиялық дерматит, аллергиялық ринит, дәрі дәрімекке аллергия); Паразитарлы аурулар (ішек паразиттері, лямблиоз, аскаридоз, энтеробиоз, описторхоз, эхинококкоз); Инфекциялық аурулар (скарлатина, туберкулез, мононуклез, венерологялық аурулар), Ісіктер; Қан түзу жүйесінің аурулары (лейкоз, лимфома, лимфогранулематоз); Ревматикалық аурулар (ревматоидты артрит, түйіді периартерит, склеродермия); Эозинофилдер төмендеу себебі: Ауыр металдармен улану; Іріңді процесстер, сепсис; Қабыну процессінің басталуы ;

Моноциттер Моноциттер – саны жағынан аз, бірақ көлемі үлкен иммунды жасушалар. Бұл лейкоциттер ағза үшін бөгде, бөтен заттарды тануға және басқа лейкоциттерді оны тануға үйрететін жасушалар. Қаннан адам тіндеріне миграция жасау қабілеті бар. Қаннан тыс жерде (ағза тіндерінде) пішінін және түрін өзгертіп, макрофагтарға айналады. Макрофагтар қабыну ошағына белсенді түрде жылжып, қабынған тінді тазалауға, өлген жасушалары және инфекцияны жоюға қызмет етеді. Макрофагтардың осындай жұмысы арқасында зақымдалған тіндердің қайта қалпына келу қасиеті пайда болады.

Моноциттердің жоғарылау себебі (моноцитоз): Вирустар, қарапайымдылар, саңырауқұлақтармен шақырылған инфекциялық аурулар; Жедел қабыну процессінен кейінгі қалыпына келу кезеңі; Спецификалық аурулар: туберкулез, сифилис, бруцеллез, саркоидоз, спецификалық емес жаралық колит; Ревматикалық аурулар (жүйелі қызыл жегі, ревматоидты артрит, түінді периартерит); Қан түзу ағзаларының аурулары (жедел лейкоз, миеломды ауру, лмфогранулематоз); Ософор, тетрахлорэтанмен улану; Моноциттердің төмендеу себебі (моноцитопения): Апластикалылқ анемия, Іріңді процесстер (абсцесс, флегмона, остеомиелит); Босану; Хирургиялық операциядан кейінгі кез; Стероидты препараттарды қабылдау (дексаметазон, преднизолон);

Базофилдер Қанның ең сирек кездесетін иммунды жасушалары. Қалыпты жағдайда қан талдауында анықталмауы да мүмкін. Базофилдер баяу типті иммунологиялық қабыну рекциясын түзуге қатысады. Көп мөлшерде тіндердің қабынуын шақыратын заттары бар.

Базофилдердің көбею себебі: Созылмалы миелолейкоз; Қалқанша безі гормондарының төмендеуі (гипотиреоз); Желшешек; Тағамдық немесе дәріге аллергия; Нефроз; Гемолитикалық анемия; Көкбауырды алып тасағаннан кейінгі жағдай; Ходжкин ауруы; Гормоналды препараттармен емдеу (эстроген, қалқанша безі белсенділігін төмендететін препараттар); Жаралық колит;

Лимфоциттер Лимфоциттер –гуморальді және жасушалық иммунитет құруға негізгі роль атқарады. Қанда лимфоциттердің бірнеше түрлері болады: хэлперлер, супрессорлар және киллерлер. Әрбір лимфоцит түрлері иммунды жауаптың әр кезеңіне қатысады.

Лимфоциттердің жоғарылау себебі (лимфоцитоз): Вирусты инфекцияар (инфекциялық мононуклеоз, вирусты гепатит, цитомегаловирусты инфекция, қызылша); Токсоплазмоз; ЖРВИ; Қан жүйесінің аурулары (жедел лифолейкоз, созылмалы лимфолейкоз, лимфосаркома, Франклин ауруы); Тетахлорэтанол, қорғасын, мышьяк, көміртегі дисульфитімен улану; Келесі препараттарды қолдану: левадопа, фенитоин, вальпер қышқылы, наркотикалық жансыздандырғыштар; Лейкоз; Лимфоциттер төмендеу себебі (лимфопения): Туберкулез; Лимфогранулематоз; Жүйелі қызық жегі; Апластикалық анемия; Бүйрек жетіспеушілігі; Онкологиялық аурулардың терминальді сатысы; ЖИТС; Радиотерапия; Химиятерапия; Глюкокотикоидтар қолдану;

Қызылша ауруы

РазновидностиКоличество, % Абсолютное значение (кол-во клеток × 10 9 /л) Лимфоциты19-371,2-3 Моноциты3-110,09-0,6 Нейтрофилы палочкоядерного типа 1-60,04-0,3 Нейтрофилы сегментоядерного типа ,5 Базофилы0-10-0,065 Эозинофилы0,5-50,02-0,3

Қорытынды Аталған лейкоцитарлық формула бойынша патологиялық процесстің жүріп жатқанын, асқынулардың болуын және аурудың ақырын болжауға болады. Бірақ, лейкоцитарлық формуладан алынған мәліметтерді аурудың клиникалық белгілерімен салыстыру қажет.