Тақырыбы: ВМО Орындаған: Жүрсінәлі Алтынай Тобы: Бт-11 Тексерген: Капсалямов Бауыржан
ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) – бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған, бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер мен бақылау жасау. Бұл ұйым метеорологиялық бақылау мен зерттеу бағытында халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сондай – ақ ұлттық метерологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.
Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) [[метеорологиялық бақылаулар мен зерттеулерді дамыту бағытындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу, ұлттық ауа райын қадағалау қызметтерін үйлестіру мақсатын көздейтін ұйым жылы БҰҰ жанынан құрылды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым құрылғанға шейін оның қызметін Халықаралық метеорология ұйым (1871) атқарып келген. Қазір ұйымның 150 мүшесі бар. Жоғары органы 4 жылда 1 рет шақырылатын Дүниежүзілік метеорология конгресі.бақылаулархалықаралық ынтымақтастыққаауа райынұйымБҰҰметеорологиялықДүниежүзілік метеорология конгресі
Атқару кеңесі ұлттық метеорологиялық қызметтердің 24 директорынан тұрады және жылына 1 рет шақырылады. Ірі географиялық аудандардағы арнаулы қызметтерін 6 аймақтық ассоциация (Африка, Азия, Оңтүстік Америка, Солтүстік және Орталық Америка, Оңтүстік-батыс Тынық мұхиты, Еуропа) үйлестіріп отырады. Метеорология бақылауларды жасау және стандарттау, ақпараттар алмасу, ауа райын болжау, т.б. үрдістеріне байланысты техникалық мәселелерді тиімді шешіп отыру үшін арнаулы комиссиялар құрылған. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның тұрақты жұмыс істейтін хатшылығы Женевада (Швейцария) орналасқан. АфрикаАзияОңтүстік АмерикаСолтүстік және Орталық АмерикаОңтүстік-батыс Тынық мұхитыЕуропастандарттауақпараттаркомиссияларЖеневадаШвейцария
ДМҰ мүше елдер мен ДМҰ аймақтары
Әлемдік метеорология қауымдастығы және Дүниежүзі Метеорологиялық Ұйымы (ДМҰ) 1961 жылдың 23 наурызынан бастап Дүниежүзі метеорология күнін атап өтеді жылы осы күні, БҰҰ жүйесіндегі мамандандырылған мекемесі мәртебесін иеленген ДМҰ конференциясы күшіне енді. Жыл сайын ДМҰ Атқару кеңесі Дүниежүзілік Метеорология күнін атап өту үшін белгілі бір тақырыпты таңдап, соның аясында әртүрлі шаралар өткізеді. Биыл дүниежүзілік метеорология күні «Сізге арналған климат» деп аталады. Адамның кызметі әрдайым ауа-райы мен климатқа тәуелді болады.
Сондықтан ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің мақсаты – материалдық шығын мен адамдар құрбандығын болдырмас үшін әлем қоғамын алдағы табиғи жағдайлар туралы өз уакытында хабарлау. Барлық табиғи апаттың 80 пайызы ауа-райымен тікелей байланысты. Метеорологтар қызметінің біліктілігі көбінесе қауіпті жағдайды болдырмау және өз уакытында табиғи апаттың салдарынан халықты корғау болып табылады – 2005 жылдар аралығында шамамен әлемде өткен 7500 табиғи апаттар 2 миллионнан артық адам өмірін және 1,2 триллион АКШ доллары көлемінде экономикалық зиян алып келді.
Табиғи апаттың 90 пайызы, 72,5 пайыз адам шығыны және 75 пайыз экономикалық зиян метеорологиялық және гидрологиялық себептен туындады. Бүкіләлемдік метеорология ұйымы басқа ұйымдармен тығыз қызмет істейді және апаттардың қауіптілігін азайтатын халықаралық стратегиялардың орындалуын қамтамасыз ететін БҰҰ-ның жетекші ұйымдар жүйесі болып табылады. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап ДМҰ әлемдік қоғамдастықты мүмкін болатын климаттық өзгерулердің себебі туралы ескертулермен қамтамасыз етті. Климаттық өзгерулерді болжау үшін математикалық модельдерде әлемдік мұхиттың циркуляциялық мәліметтері, сонымен қатар, жер шарындағы су мен энергияның жаһандық айналу циклі қолданылды.
ДМҰ БҰҰ шөлге қарсы күрес конвенциясына белсенді түрде қатысады жылы жер тұрғындарының екіден үш бөлігі, шамамен 4 млрд адам өмір сүру үшін, коммуналдық, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және т.б. мақсаттарда қолданылатын ауыз суының жетіспеушілігіне ұшырайды. Мұның себебі, климаттың өзгеруі, судың ластануы, сонымен қатар мемлекеттер арасындағы су горизонттары мен бассейндерін өзара бөлісу қақтығыстары болып табылады жылы әлемдік су туралы ақпараттарды желілер бойынша жинайтын Әлемдік гидрологиялық циклдарын бақылау жүйесін құру бастамасы көтерілген.
Климаттың өзгеруін бағалау мақсатында ДМҰ БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау бағдарламасымен бірлесе отырып, 1988 жылы климаттың өзгеруі бойынша үкіметаралық сарапшылар тобын ұйымдастырды. Оған әлемнің жүздеген атақты климатолог-ғалымдары кірді. Бұл топқа қазақстандық гидролометеорологтар да қатысады. Аталған топтың соңғы біріккен баяндамасында адамзат қызметінің климатқа әсерінің нәтижелерінен қорғану негіздерін көрсететін өздерінің қортындыларын жарияланды. Жекелей алғанда соңғы онжылдықта ауа температурасы 0,6 о С көрсеткішіне дейін өсті. Болжамдар бойынша алдағы 100 жылда жер атмосферасының орташа температурасы 1-3 о С көтеріледі. ДМҰ хабарлағандай, 2010 жыл тарихтағы ең жылы жыл деп бақыланды.
Мұндай температура 1988 және 2005 жылдары болған. Одан басақа 2001 жылдан басталған он жыл аралығында жаһандық температураның орташа мәні1961 – 1990 жылдардағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда жарты градусқа жоғары және аспаптық-климаттық бақылау уақытынан бастап кез- келген онжылдық кезеңдегі ең жоғарысы болып табылады. ҚР Ұлттық гидрометеорологиялық қызметі құрамындағы Алматы қаласының гидрометеорологиялық мониторинг орталығы гидрометеорологиялық және экологиялық моинторингіне белсенді түрде қатысады. Алматы қаласы бойынша ГМО бақылау желілері тәулік бойы барлық гидрометеорологиялық құбылыстарға, соның ішінде қауіпті және апаттық құбылыстарға бақылау жүргізеді.
Ақпараттар жедел түрде Ақпаратты қостау басқармасына, ары қарай өңдеуге және болжау бөлімшесіне ауа райын болжауға қолдану үшін жіберіледі. Ауа райына болжамдар жасау үшін Солтүстік жарты шар стансаларынан алынған мәліметтері, сонымен қатар, Қазақстанның барлық аэрологиялық және метеорологиялық стансалардың мәліметтері қолданылады. Әлемдік метеорологиялық орталықтармен телебайланыс ГСТ арқылы ДМҰ-мен ақпарат алмасу Қазақстан гидрометеоорталығына дәл ауа-райын болжауға мүмкіндік береді. Қоғамның алдағы даму мәселелерімен қатар, халык санының көбеюі және қоршаған ортаға әсердің артуы климат пен ауа райының ұзақмерзімді болжамдарының жетілдірілуін сөзсіз қажет етеді.
Назарларыңызға рахмет !