Орындаған: стоматология факультетінің тобының студенті Жолдабаева Аида Тексерген: аға оқытушы Каукербекова Б.С. ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚ ТІЛI КАФЕДРАСЫ СӨЖ Тақырыбы: Бала тісінің саулығы « Tісті тиімді тазалу. Бала тісінің саулығы ».
Деннің саулығы тіске де байланысты. Себебі, тіс бала мен ересек адамның денсаулығына, бүкіл бет-әлпетіне, көңіл-күйіне және мінез-құлқына әсер етеді. Балаларда сүт тістері 6 айдан бастап шыға бастайды. Бүлдіршін 2,5 - 3 жасқа келгенге дейін тістері шығып болады. Бұдан кейін, яғни 2-2,5 жастағы баланы тіс тазалауға үйрету қажет. Оны ата-анасының үнемі қадағалап отырғаны жөн. Тісті күніне 2 рет (таңертең, кешке) тазалау керек. Тіс тазалаудың да өз әдістері бар. Сол бойынша тіс қатарын шартты түрде бірнеше бөліктерге бөлуге болады. Тіс тазалауды жоғары жақтың оң жақ үлкен азу тістерінен бастайды. Жоғары жақ тістерін тазалап болғаннан кейін төменгі жақ тістеріне ауысады. Жоғары және төменгі жақтың үлкен және кіші азу тістерінің ұрт беттерін тазалағанда, тіс щеткасының қылтанақтары тіс бетіне бұрыш жасап тұруы қажет. Яғни, жоғары орналасқан тістер төмен қарай, төменгі тістер жоғары қарай сыпыру қозғалысымен тазаланады. Одан кейін көлденең қозғалыстар жасалып, тіс тазалауды щетканы айналдыра отырып аяқтайды.
Тісті тиімді тазалу Тістерді тазалап болғаннан кейін тіс щеткасын сумен жақсылап шайып, тамақ қалдықтарынан, тіс пастасынан арылтып, сабындап қою керек. Келесі тіс тазаланар алдында сабын жуылып тасталынады. Щетканы жақсы кебу үшін басын жоғары қаратып қою қажет. Ешқашанда оны жабық қапшыққа салуға болмайды. Бір тіс щеткасын 3-4 айдан артық пайдаланбау керек. Сонымен қатар, жеке бастың тазалығын сақтау, құрамында дәрумендер, кальций, фтор, фосфор және басқа да микроэлементтері мол сапалы тамақ ішу, жеміс-жидектер жеу тістің берік болуына ықпал етеді. Әр адам жылына екі рет тіс дәрігеріне барып қаралып, ақыл-кеңес алып тұрғаны жөн. Себебі, ауыз қуысының аман болуы адам денсаулығына қатты әсер етеді. Айталық, тіс жегі – адамдар арасында көп таралған ауру болып саналады. Бұл – тістің қатты тіндерінің жұмсаруынан пайда болатын тіс жегі қуысы. Ол дұрыс тамақтанбау, сілекейдің құрамы мен қызметінің бұзылуы, ауыз суында фтор мен кальцийдің жетіспеушілігі, басқа да себептерге байланысты болады.
Тістің дұрыс тазаланбауы тіс ауруына әкеліп соғуы мүмкін. Тіс тазалау қарапайым үрдіс болып көрінгенімен оны тазалаудың сан алуан әдіс-тәсілі бар. Олардың барлығы тіс щеткасының әртүрлі болуы мен іс-әрекеттің өзгешелігіне байланысты ерекшеленеді. Мысалы, атақты стоматолог Рейте тіс щеткасын ауыз қуысына 90 градустық өлшеммен орналастырған жөн деп қарастырған. Ал стоматолог Стилман тіс тазалау кезінде щетканы тістің етіне қатты батырып тазалаған дұрыс деп есептеген. Стоматолог мамандары осындай пікірлерді жинастыра келе жалпыға бірдей ортақ ереже жасап шығарды. Олар: Тіс тазалау уақыты кемінде 3 минут болуы қажет; Тіс щеткасы тіс пен қызыл иекке 45 градуста болуы тиіс; Микроб қалдығын ауыз қуысына таратпас үшін тіс тазалауды екіге бөліп қарастырған жөн: алдымен жоғарғы жағын тазалап алып, кейін төменгісін тазалау керек; Тазалауды алдымен алдыңғы тістерден бастап, кейін бірте-бірте артқы бөлігіне көшеді; Төменгі тістерді төменнен жоғары, ал жоғарғы тістерді керісінше жоғарыдан төмен тазалаймыз; Азу тістері щеткамен айналмалы іс-қимыл жасау арқылы тазаланады; Ауызды шайып болған соң, тілді қоса тазалауды ұмытып кетпеңіз, себебі тілде микроб көп сақталады. Тісті тиімді тазалу
Тісті күніне екі мәрте тазалау керек: таңғы және кешкі астан кейін. Бұл – тістің күтіп-баптау гигиенасы. Тамақты біз сонымен қатар түс мезгілінде ішеміз. Ондай сәтте сағыз шайнаған жөн, алайда сағызды 10 минуттан артық шайнауға болмайды. Тісті тиімді тазалу
Үй жағдайында тісті тазарту: Кәдімгі ас содасы тісті ағартатын құрал ретінде халық емінде кең таралған. Тіс жуатын щеткаңызды ас содасының ерітіндісіне батырып, тісіңізді ысқылайсыз. Тісіңіз демде әппақ болып шыға келеді. Алайда ас содасының үйкелуінен қызық иек ауырып қалады. Өйткені, ас содасы тіс эмалінің жоғарғы қабатын сыдырып алады. Егер тісіңізді ас содасымен айына бір реттен көп жусаңыз, тісіңіздің эмалін тез құртып аласыз. Тісіңіз ыстыққа да, суыққа да тез әсер алып, сезімтал болып қалады. Тісті ағартушы тіс пасталары да ас содасы сияқты, құрамында тістің түсіне әсер ететін ферменттер мен абразивтер бар. Мұндай тіс пасталарын көп қолдануға болмайды. Өйткені, эмалдың сезімталдығы арта береді. Тіс пасталары жақсы болғанмен, күткен нәтиже болмайды.
Үй жағдайында тісті тазарту: Сутек тотығы (перекись водорода) – арзан әрі тиімді құрал. Оны қолданғанда қызыл иек ашып, бір түрлі әсерлер болуы мүмкін. Бірақ, нәтижесінде тістеріңіз маржандай әппақ болады. Нәтижеге бірнеше апта өрпей жатып-ақ қол жеткізесіз. Сутек тотығын қолданғанда ол аузыңызға түсіп кетсе, қорықпаңыз, бастысы, жұтпасаңыз болды. Сутек тотығымен тістеріңізді әдеттегідей тазартып, бір минут ішінде аузыңызды шайыңыз. Сосын түкіріп тастап, жылы сумен шайыңыз. Немесе сутек тотығына мақтаны батырып алып, тісіңізді тігінен, көлденеңінен ысқылаңыз. Құлпынай мен қойбүлдірген (земляника): құлпынай мен басқа да жеміс-жидектердің тісті керемет ағартатынын көп адам біле бермейді. Бұл жеміс-жидектердің құрамында глюкоза мен қышқыл болғандықтан, артынан тісіңізді құрамында фтор бар тіс пастасымен жуыңыз. Жеміс- жидектерді тісіңізге суы шыққанша тигізіп тұруыңызға немесе ысқылауыңызға болады. Үйде дайындалған тіс пастасы. Тісті үй жағдайында ағартудың ең тиімді жолы – өзіңіз дайындаған тіс пастасы. Ас содасы, сутек тотығы, ас қасық тұз бен кішкене көлемдегі тіс пасын араластырып, әдеттегідей тісіңізді жуып жүріңіз.
Бала тісінің саулығы Баладағы алғашқы тістер алты айлығында көрінеді, 2,5 - 3 жаста 20 сүт тісі толығымен жарып шығады. 6-7 жастан бастап сүт тістерімен қатар тұрақты тістер өскенде кезекші тістеу пошымы кезеңі басталады жасқа таман барлық сүт тістер түсіп, 28 тұрақты тіс қалады. Олардың негізгі қызметі - шайнау. Ауыз қуысы - тамақ ас қорытудың келесі кезеңіне дайындалатын ас қорыту жолының басы. Егер адамда ауру немесе бұзылған тістер болса, немесе тістің бір бөлігі ауруына байланысты алып тастаса, онда шайнау үдерісі бұзылады. Асқазанға жеткіліксіз майдаланған тамақ түседі, бұл оның жұмысын қиындатады, ал ұзақ уақыт тіс болмағанда, кеселге жетелеуі мүмкін. Тіс ауруының басты себебі - оның тісжегімен (кариеспен) және оның асқынуларымен зақымдануы. Тісжегі аздаған ақ, сары немесе күңгірт дақтан белгісіз басталады. Оның өлшемі біртіндеп ұлғайып және тереңдеп, тісжегілік қуыстың пайда болуына жетелейді. Бұл кезеңде кейде тәттіден сирегірек - салқыннан немесе ыстықтан ауру сезімі мазалайды. Бұл кезде бірден дәрігерге қаралу қажет, ал ауырған тіске пломба қойдыру нәтижесінде патологиялық процестің дамуы тоқтайды.
Бала тісінің саулығы Тісті бала кезден қадағалау қажет және мұны ата-аналардың ұмытпағаны жөн. Бірінші және аса маңызды шарт - ауыз қуысы гигенасының ережелерін бұлжытпай орындау. Олар онша қиын емес. Таңертең және кешке тісті тазалау, тамақ ішкен соң (әр кезде) ауызды бөлме температурасында құбыр суымен шаю қажет. Бұл тіс арасындағы тамақ қалдықтарын қуады. Өкінішке орай мұндай қарапайым ережелерді мектеп оқушылары сақтамайды, немесе толық көлемде орындамайды. Тіс тазалауға балалар секундтен аспайтын уақыт жұмсайды, бұл уақытта тістің бетін толық тазарту, олардағы тұнбалар мен тамақ қалдығын алып тастау мүмкін емес. Тісті ең кемі 2 минуттай тазалау қажет, сондай-ақ тіс щеткасын әр түрлі бағытта пайдалану керек. Балалардың тісін 2,5 - 3 жастан бастап тазартуға үйреткен жөн. Сондай-ақ балалардың тіс-жақ жүйесінің қалыпты дамуы үшін ас рационына көкөністер мен жеміс-жидектерді қосу пайдалы.