Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Акушерлік және гинекология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: "HELLP синдромы диагностикасы" Орындаған: Ешімқұл А.Е 4-048.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Акушерство және гинекология кафедрасы СРС Тақырыбы:HELLP синдромы. Орындаған: Каримбекова У топ ЖМФ Тексерген:Калымбетова.
Advertisements

Астана медицина университетіАҚ Та қ ырыбы : HELLP синдромы. Терапиялы қ ем \Орындаған:Манақбай А.О ТОП:428 ЖМ.
HELLP синдромы диагностикасы
СӨЖ Тақырыбы: HELLP-синдром. Орындаған: Нышанбай З.С. Тобы:4-046 топ ЖМФ Тексерген:Айтжанова Г.А. Қарағанды 2017.
Респираторлық дистресс синдромы Oryndagan: Magazam S. MD.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI.
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі. Әр-түрлі мәліметтер бойынша, жедел бүйрек жеткіліксіздігі нәрестелерде 8–24% жағдайда кездеседі, ал нәрестелер арасында.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті 2 Ішкі аурулар кафедрасы. СӨЖ: Крон ауруының диагностика алгоритмі. Орындаған: Муханова М.М. Тексерген: Серикбаева.
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕРДІҢ БЕЙНЕЖҮЙЕСІ.. Көптеген компьютерлерде графикалық ақпаратты бейнелеудің растрлық тәсілі қабылданған, ягни сурет тікбұрышты нүктелер.
Орында ғ ан: Смадияр А Тобы:42-02 Факультет: ЖМ Қ абылда ғ ан: С. Е. Виллебранд ауруы.
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Жалпы патология Тақырыбы:
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Білім алушының өзіндік жұмысы Мамандық:Жалпы медицина Дисциплина:Оториноларингология.
Кіріспе Негізгі бөлім Респираторлық дистресс синдром Этиологиясы мен клиникасы Емі Қорытынды.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Қалыпты физиология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Балалар омыртқасының физиологиялық иілімдері Орындаған: Дүйсенғажыева.
Эпилепсия этиологиясы патогенезі. Аффективті б ұ зылыстар. Орында ғ ан Рамиова Л.Б. 703 Т.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырып:Тоқ ішектің қатерлі ісігі Тексерген: Акимжанов Қ.Д. Орындаған: Марқабаева Ш.Н.
Ұйықтататын және тырысуғақарсы дәрілік заттар 7 лекция.
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина Университеті Кафедра: Инфекциялық аурулар Интерннің өзіндік жұмысы Орындаған: Мамышова И. Тобы:
Транксрипт:

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Акушерлік және гинекология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: "HELLP синдромы диагностикасы" Орындаған: Ешімқұл А.Е топ ЖМФ Тексерген: Байменова З.Р. Қарағанды 2015ж

Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім HELLP – синдром клиникасы, лабораториялық, аспаптық зерттеу әдістері. III. Қорытынды IV. Қолданылған әдебиеттер

. HELLP-синдром акушерлік істегі сирек кездесетін және қауіпті патология. Н hemolysis (гемолиз); ЕL еlеvated liver enzymes (бауыр ферменттерінің белсенділігінің көтерілуі); LP 1оw рlаtelet соunt (тромбоцитопения). Ең алғаш бұл синдромды 1954 жылы Придчард Дж. А суреттеген болатын, ал Гудлин Р.С (1978) бұл синдромның пайда болуын преэклампсиямен байланыстырды жылы Вейнштейн Л. ең алғаш болып HELLP-синдромом патологиясына симптомдар үштігін кіргізді. Бұл жеке бір ауру болып табылады.

HELLP (Hemolysis, Elevated Liver enzymes and Low Platelets) синдром – бұл гемолиз, бауыр энзимдерінің (ферменттерінің) активтенуі және тромбоцитопениямен сипатталатын преэклампсия мен эклампсияның ауыр формасы.

Эпидемиология және қауіп қатер факторы: HELLP синдром % Преэклампсия жүкті әйелдер арасындағы жиілігі 5 7 % Преэкламсиясы және эклампсиясы бар жүкті әйелдер арасында HELLP синдромның таралу жиілігі 4-12 % Ана өлімі 2-24% Перинаталдық өлім 9 –39 %.

HELLP синдром КЛАССИФИКАЦИЯСЫ HELLP-синдромның зертханалық зерттеулер қорытындыларына байланысты жіктелуі. П.А Ван Дам 3 топты ажыратады: қантамыр ішілік коагуляцияның айқын, күмәнді және жасырын түрлерін. Дж.Н. Мартина классификациясы: G бірінші класс қанда тромбоциттер мөлшері 50×109/л-дан аз. G екінші класс қанда тромбоциттер мөлшері 50–100×109/л-ге тең.

HELLP синдром этиологиясы Қазіргі кезге дейін HELLP-синдромның нақты себебі анықталмаған, бірақ бұл патология дамуының кейбір аспектілері зерттелген. Оның мынандай себептерге байланысты болуы мүмкін: Иммуносупрессия (T-лимфоциттер мен B-лимфоциттердің депрессиясы). Аутоиммунды агрессия (антитромбоцитарлы, антиэндотелиалды АТ). Простациклин/тромбоксан қатынасының төмендеуі (простациклинстимулдеуші фактордың өндірілуінің төмендеуі.). Гемостаз жүйесіндегі өзгерістер (бауыр тамырларының тромбозы). АФС. Бауыр ферменттерінің генетикалық дефекті Дәрілік заттар қолдану(тетрациклин, хлорамфеникол).

HELLP-синдромның дамуына әкелетін жайттар Ақшыл тері. Жүкті әйелдің жасы 25-тен жоғары. Бірнеше рет босанған әйелдер. Көпұрықты жүктілік. Айқын соматикалық патологияның болуы.

Патогенезі Гестоздың ауыр формасында HELLP-синдром дамуының негізгі этаптарына эндотелидің аутоиммунды бүлініуі, қоюланған қанмен гиповолемия және кейін фибронолизин түзетін микротромбтардың түзіліуі. Эндотелий бұзулуы кезінде тромбоциттер агрегациясы жоғарылайды. Ол өз кезегінде патологиялық процестерге: фибрин, коллаген талшықтары, IgG және IgM түзілуіне әкеледі.аутоиммунды комплекстер бауырда және эндокардта табылады. Осыған байланысты бұл синдромда иммунодепрессанттар мен глюкокортикоидтар қолданылады. Томбоциттер бұзылуы тромбаксандардың босап шығуына әкеледі, бұл тромбоксан-простациклин жүйесінің бұзылуына әкеп соғын, генерализденген артериоспазмға АҚҚ көтерілуіне себеп болады, ол өз кезегінде ми ісінуі мен тырысулар шақыруы мүмкін.

HELLP-синдромда бауыр көлемінің өзеруі, тығыздалуы, капсулаасты қан қуйылулар байқалады. Бауыр ашық-қоңыр түске боялады. Ал микроскопиялық зерттегенде перипортальды геморрагия, фибрин жиналуын, бауыр синусоидтарында IgM, IgG, гепатоциттердің мультилобулярлы некрозы байқалады.

HELLP-синдромы клиникасы Агрессивті ағым; Ауыр гипертензия симптомдары кезіндегі бауыр жеткіліксіздігі белгілерінің жоғарылауы; Геморрагиялық синдром ( кофе тұнбасы сияқты құсық, инъекция орындарындағы қан ағулар).

HELLP синдром КЛИНИКАСЫ HELLP-синдром әдетте жүктілікті ІІІ-триместрінде дамиды, көбінесе 35 жіне одан жоғары аптасында. Ауруға симптомдардың тез көрінуі тән. Басында мынандай көріністер болуы мүмкін: жүрек айну және құсу, эпигастрий аймағында ауырсыну, әсіресе оң жақ қабырға астында, айқын ісінулер, бас ауру, әлсіздік, гиперрефлексия. Сонымен қатар, сарғаю, қан құсу, егу орындарында қан құйылу, үдемелі бауыр жетіспеушілігі, тырысу және кома дамиды.

HELLP синдромның ДИАГНОСТИКАсы ЛАБОРАТОРЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР көп жағдайда лобраториялық өзгерістер клиникалық сиптом көрінгеше пайда болып қояды. HELLP-синдромның бір белгісі гемолиз болып табылады. Ол қан жағындысында бүріскен деформацияланған эритроциттер, полихромазия түрінде көрінеді. Эритроциттердің бұзылуы фосфолипидтердің босап шығуына және созылмалы ДВС- синдромға әкелуі мүмкін. HELLP-синдромға күдік туған кезде жедел түрде зертханалық тексеру жасау керек: АЛТ, АСТ белсенділігін, лактатдегидрогенза, билирубин, гаптоглобин, зәр қышқылының концентрациясын, қандағы тромбоциттар санын және қанның ұю факторларының көлемін анықтау қажет.

Лабораторлық зерттеу әдістері: Клиникалық қан анализі Биохимиялық қан анализі Коагулограмма Адамның хориондық гонадотропинге антидененің анықталуы Жалпы зәр анализі Нечипоренко бойынша зәр анлизі Зимницкий бойынша зәр анализі Реберг сынамасы Ақуызды анықтау үшін тәуліктік зәр анализі Диурезді есептеу Зәрді бактериологиялық зерттеу

ИНСТРУМЕНТАЛЬДЫ ЗЕРТТЕУ Бауырдың субкапсульды гематомасын анықтау үшін УДЗ жасалады. Осы кезде соынмен қатар гипоэхогенді аймақтар сезіледі, бұл жергілікті тіннің некрозы және инфарктымен сипатталады. Дифференциальды диагностика үшін КТ және МРТ қолданылады.

ДИФФЕРЕНЦИАЛЬДЫ ДИАГНОСТИКА HELLP-синдромға тән белгілер: тромбоцитопения және бауыр қызметінің бұзылуы. Осы өзгерістердің ең жоғары дәрежеге жетуі сағаттың ішінде жүреді, ал ауыр гестоз кезінде керісінше босанғаннан кейігі бірінші тәулікте бұл симптомдар регрессия жағдайында болады. HELLP-синдромның белгілеріне басқа да көріністер болуы мүмкін. Бұл кезде эритроциттер гемолизін, тромбоцитопения, бауыр ферменттерінің белсенділігінң жоғырылауын мына аурулардан ажырату керек: Кокаинді наркомания. Жүйелік қызыл жегі. Тромбоцитопениялы пурпура. Гемолититикалық уремиялық синдром. Жүктілердің жедел майлы гепатозы. Вирусты гепатит A, B, C, E. ЦМВИ және инфекционды мононуклеоз.

ЕМІ Емдеу мақсаты: бұзылған гемостазды қалпына келтіру. ГОСПИТАЛИЗАЦИЯҒА КӨРСЕТКІШ: міндетті түрде МЕДИКАМЕНТОЗДЫ ЕМЕС ЕМ жедел босандыруды наркозбен инфузионды-трансфузионды терапиямен жасайды. МЕДИКАМЕНТОЗДЫ ЕМ Инфузионно-трансфузионды терапиямен бірге протеаза ингибиторларын (апротинин), гепатопротекторлар (витамин C, фолий қышқылы), липой қышқылын 0,025 г күніне 3-4 рет. 20 мл/кг көлемде жаңадан қатырылған плазма күніне бір рет, тромбоконцентрат құю, глюкокортикоидтар енгізу. Операциядан кейінгі кезеңде жаңадан қатырылған плазманы мл/кг мөлшерде күнделікті құяды.

Босандыруға көрсеткіштер HELLP-синдром кезінде жедел босандыру жүргізілу керек. ПРОФИЛАКТИКА гестозды уақытында диагностикалау және емдеу

Қорытынды Босанудан кейінгі жағдай жаксы болса, әйел 3-7 күнде қалпына келеді. Қан талдауы тұрақтанады. Тромбоциттер көлемі нормаға 11-ші тәулікте, ЛДГ белсенділігі 8-10 тәулікте тұрақтанады. Келесі жүктілікте қауіп қатер мөлшері 4%, бірақ осы ауруды өткерген әйелдерді аса жоғары қауіп-қатер ообына жатқызған дұрыс.

Қолданылған әдебиеттер Гинекология. Вл.И. Дуда, В.И. Дуда, И.В. Дуда с. Гинекология. Национальное руководство В.И. Кулаков, Г.М. Савельева – 2009 В.И.Кулаков, В.Н.Прилепская. Практическая гинекология. Москва, 2008 Интернет желісі