Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер
Мәдени өсiмдiктердiң шығу тегi. Мәдени өсiмдiктер жабайы өсiмдiктердiң түрлерiнен шыққан. Алғашқы адамдар өсiмдiктердiң жеуге келетiн жемiстерi мен тамырларын тауып қолданған. Жабайы өсiмдiктердi жинап алып, оларды өздерi тұрған жердiң айналасына егiп, өсiре бастаған. Адамдар топырақты қопсытқанда, арамшөптерiн өлтiргенде, суарғанда өсiмдiктiң жақсы өсетiнiн бiлген. Олардың жемiстерiнiң, тұқымдарының, тамыржемiстерiнiң әрi үлкен, әрi дәмдi болып қалыптасатынын байқаған. Мәдени өсiмдiктердiң көпшiлiгiнiң тарихы ертеден басталады, бiрақ олардың бiрқатары кейiнгi кезде себiле бастады. Мысалы, бидай бiздiң эрамызға дейiнгi VII мыңжылдықта, картоп, қызанақ, күнбағыс XVI ғасырда, ал қант қызылшасы XIX ғасырдың бас кезiнен өсiрiледi. Табиғи өсiмдiктердi мәденилендiру қазiр де жүрiп жатыр. Ғалымдар жабайы өсiмдiктердiң құндыларын зерттеп, ең жақсыларын таңдап алады.Оларды өсiрудiң агротехникасын жолға қояды. Өсiмдiктердi өсiрудiң тәжiрибесi ұрпақтан ұрпаққа берiлiп келедi. Адам қай кезде де өз қажетi үшiн, сапасы ең жоғары өсiмдiктердi таңдай бiлген.
Мәдени өсімдіктер
Жабайы өсімдіктер
Біржылдық өсімдіктер-бір жыл ғана өмір сүретін өсімдіктер. Біржылдық өсімдіктердің 2 түрі бар: 1)жаздық Біржылдық өсімдіктер, 2)күздік Біржылдық өсімдіктер. Жаздық Біржылдық өсімдіктерге: тары, жаздық бидай, шегіргүл. 2)күздік Біржылдық өсімдіктерге: күздік бидай, күздік қарабидай, т.б. Ал Көп жылдық өсімдіктер – екі жылдан астам тіршілік ететін өсімдіктер. Көп жылдық өсімдіктер қоңыржай аймақта көбіне шөптесін, ал тропиктік аймақтарда, көбінесе, ағаш, бұта түрінде өседі. Бұлардың сабағында не тамырында қор жиналатын арнайы органдары (тамыр, тамыр сабақ, түйнек, жуашық) болғандықтан ауа райына, жыл маусымына қарай сабағы қурап қалғанмен тіршілік қабілетін сақтап, келесі жылы қайта өседі. Мәңгі жасыл түрлері де бар. Мыс., пальма, лавр, талгүл (олеандр), т.б. Көп жылдық өсімдіктердің бірнеше ондаған, жүздеген тіпті мыңдаған жыл тіршілік ететін түрлері белгілі. Мыс., Қазақстанда кәдімгі емен 500 – 1000, кейде 2000 жыл, шырша 250 – 300, қарағай, самырсын қарағай 350 – 500 (кейде 600), қайың, көк терек 100 – 150 жыл, ал Солт. Америкада (Калифорнияда) өсетін алып секвойядендрон ағашы 4000 – 6000 жыл тіршілік етеді. Бұта, шала бұталардың да көп жылдықтары аз емес. Мыс., аршаның кейбір түрінің тіршілігі 500, жусан 100, теріскен 250 – 300 жылға жетеді. Көп жылдық өсімдіктер деген ұғымды екі жылдан астам өсіруге болатын әсемдік көп жылдық өсімдіктермен шатастырмау керек.
Біржылдық өсімдіктер
Көп жылдық өсімдіктер
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis), шипалы өсімдіктер – медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфирмайлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады.Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі.Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар кебіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Дәрілік өсімдіктер
Әсемдік өсімдіктер
Назарларыңызға рахмет!