1. Электр тогы дегеніміз не? Зарядталған бөлшектердің реттелген бағытталған қозғалысы.
2. Электр қозғаушы күші (ЭҚК) дегеніміз не? Ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылатын, бөгде күштер жұмысының орын ауыстыратын электр зарядына қатынасына тең шаманы айтады.
3. Ток күші деп нені атайды? Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын атайды.
4. Электр кернеуі деп нені атайды? Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы аталады.
5. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңын тұжырымда. Тізбектің бөлігіндегі ток күші- осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.
6. Өткізгіштің кедергісі дегеніміз не? Тұрақты температурада өткізгіштің кедергісі оның ұзындығына тура пропорционал,көлденең қимасының ауданына кері пропорционал және оның жасалған материалына тәуелді.
7. Электр тогының жұмысы деген не? Ток күші, кернеу және жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең шама.
8. Электр тогының қуаты деген не? Жұмыстың орындалу шапшаңдылығын көрсететін физикалық шама.
9. Джоуль-Ленц заңын тұжырымда. Өткізгіш бойымен ток жүрген кезде, Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және токтың жүру уақытына тура пропорционал болады
10. Қысқа тұйықталу дегеніміз не? Ток көзінің кедергісі өте аз өткізгішпен тұйықталу құбылысын айтады.
Тест сауалнамасы. 1. Ток күшінің өлшем бірлігін көрсет. А. Ватт. В. Ампер. С. Вольт. Д. Ом. Е. Джоуль. 2. Электр кедергісінің өлшем бірлігі. А. Ватт. В. Ампер. С. Вольт. Д. Ом. Е. Джоуль. 3. Тізбек бөлігіне арналған Ом заңын көрсет. А. А= IUt. В.P=UI. С. I=U/R. Д.Q=I ² Rt. Е.R=pe/S 4. Кедергісі 14 Ом шамның ток күші 2А. Шамдағы кернеу неге тең? А. 7В. В. 0,5В. С. 12В. Д. 28В. Е. 0,125В. 5. Қуаты 0,5кВт электр плита 90 с ішінде қанша жылу бөлінеді? А. 45 Дж. В Дж. С Дж. Д. 450Дж. Е Дж. 6. Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады? А. Ток күші. В. Кернеу. С. Кедергі. Д. Заряд. Е. Уақыт. 7. Ток күшін өлшейтін құрал. А. Вольтметр. В. Амперметр. С. Электроскоп. Д. Ваттметр. Е. Реостат. 8. Ток күші 4А кернеуі 120В көлденең қимасының ауданы 0,39*10 -6 м 2 нихром сымнан жасалған (р=1,3*10 -6 Ом*м) электр қайнатқыштың ұзындығын анықта. А. 9м. В. 5м. С. 7м. Д. 6м. Е. 10м. 9. Электр шамнан 300 Кл заряд 10 мин ішінде өтеді. Ток күші неге тең? А. 30А. В. 0,5А. С. 3А. Д. 0,05А. Е. 0,3А. 10. Кедергілері 6 және 3 Ом өткізгіштер параллель қосылған. Өткізгіштің жалпы кдергісі неге тең? А. 0,5Ом. В. 2Ом. С. 9Ом. Д. 18Ом. Е. 3Ом.
Бағалау "5" б "4"-7-8 б "3"-5-7 б "2"-1-4б