Қазақ тілі 7-сынып Етістіктің райлары Исатаева Жансая Шымкент қаласы, Лермонтов атындағы 17 мектеп
«Біле бер қанша білсең, тағы тіле. Жетерсің мақсатыңа біле-біле».
Қайталау сұрақтары: 1) Етістік дегеніміз не? 2) Ол нені білдіреді? 3) Етістіктің түрлері қандай? 4) Етістіктің неше шағы бар?
МысалдарОсы шақӨткен шақКелер шақ Асан мен Үсен ескі жұртта қалды Алыстан сағым елестейді Асан мен Үсен далада ойнады Балалар сабақ оқып отыр Бәрінде ұмытып қалыппын Үсен Асанды жұбатып отыр Олар ертең қалаға кетеді Арай қалаға бармақшы Оқушылар кеше сабаққа келмеді Асан далада қалғанына жылады
ЕТІСТІК
Топтастыру стратегиясы Етістік Топтастыру стратегиясы Есім ше Тұйы қ етісті к етіст ер Салт Саба қты болы мды Көсе мше
Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын, айтушының пікірін,көзқарасын білдіріп,белгілі бір грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатын етістік түрі рай категориясы деп аталады. Етістіктің райлары қимылдың,іс- әрекеттің жүзеге асу,орындалу мүмкіндігіне қарай төрт түрге бөлінеді: ашық рай,бұйрық рай,, шартты рай,қалау рай. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Етістіктің райлары 1) ашық рай 2) бұйрық рай 3) шартты рай 4) қалау рай
Ашық рай - үш шақта тұратын етістіктер. Мысалы: жазып отырмын, жаздым, жазамын. Бұйрық рай – етістікке-айын,-ейін,- ыңыз,-іңіз,-сын,-сін,-айық,-ейік,-ыңыздар, -іңіздер қосымшаларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: барайын, кел, айтсын, оқыңыз.
Ашық райдың мәні етістіктің шақ мағынасын білдірумен тікелей байланысты.Өйткені етістік белгілі шақта жұмсалғанда, сол қимылдың болуы арқылы сөйлеушінің ақиқат шындықты баяндауы байқалады. Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауын ашық рай дейміз.
Бұйрық рай іс-әрекеттің тыңдаушыға я бөгде біреуге қаратылып, бұйыра,талап,тілек етіле айту мағынасын білдіреді. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды! Бір жаққа қаратылып,қимылдың іс- әрекеттің орындалуын талап ету мағынасын білдіретін етістіктің рай түрі бұйрық рай деп аталады. Түбірдің жіктелу арқылы жасалады. Бұйрық райдың жіктік жалғаулары етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына жалғана береді.
жа қ жекешеКөпше І ІІ ІІІ Барайын,келейін,санайын Бар-, кел-, сана, Барыңыз, келіңіз, санаңыз Барсын,келсін, санасын Барайық,келейік,санайық Барыңдар,келіңдер,санаңдар Барыңыздар,келіңіздер, санаңыздар Барсын,келсін,санасын Бұйрық райдың жіктелу үлгісі
Етістіктің бұйрық рай түріне кейде –шы,-ші жұрнағы жалғанып та жұмсала береді. Ондайда бұйрық райлы етістік бұйрық, талап ету мағынасынан гөрі өтініш, тілек, жалыну мағынасын білдіреді. Мысалы: (мен) алайын-алайыншы
Шартты рай – түбір + ca, се + жіктік жалғау. Мысалы: көрсем, барсаң, айтсаңыз, жүрсе. Қалау рай - түбір + қы, кі, ғы, гі + жіктік жалғау + кел. Мысалы: тойлағым келеді, барғың келеді.
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу болмау,іске асу-аспау мүмкіндігінінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктік негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –са,-се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, кел-се Қалау – ниет, тілек дегенді білдіреді Сонда қалау рай дегеніміз іс иесінің қимылды, іс- әрекетті қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді, бірақ беретін мағынасы нақтылы емес және белгілі бір жолдармен жасалады. Мысалы : Менің кітап оқығым келеді. Сабақтан шыққан соң үйлеріңе аман жетсеңдер игі еді..
Жаттығу жұмысы Деңгейлік тапсырмалар
1-тапсырма. 1-деңгей: Етістіктерді бұйрық, қалау,шартты райда жіктеңдер. Кел, жаз, оқы
Бұйрық рай (жекеше) Қалау рай (жекеше) Шартты рай (жекеше) I жақ II жақ III жақ
2-деңгей: Мақалдың жалғасын тап. 1) Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, ) Ана сүтін ақтамағанды ) Анасын сүйгеннің ) Әкесіз жетім - жарты жетім,.....
3-деңгей: Жақша ішіндегі етістіктерді шартты рай, қалау рай тұлғасында қойып, сөйлемдерді аяқтаңдар 1) А Құнанбаев сияқты ақын (бол) келе ме? 2) Жамбыл өлеңдерін жатқа (айт) келеді. 3) (Оқы), балалар, шамнан шырақ жағылар. 4) Арман (кел), шомылуға барамыз. 5) Ертең жаңбыр жауса, саңырауқұлақ теруге (бар) келеді. 6) Елі сүйер азамат (бол) келеді. 7) Үйге (кел), сабақ оқимыз. 8) Қазақтанның картасын (біл) келеді.
V. Бекіту 1) Сұрақтарға жауап беру. 2) Венн диаграммасы.
Венн диаграммасы арқылы салыстыру Қимылдың іс- әрекеттің болу- болмау мүмкіндігінің шартын білдіреді -са,-се жұрнақтары арқылы жасалады. Негізгі не туынды, болымсыз етістік тұлғасына –ғы,-гі, шартты рай тұлғасы –са,-се игі еді, -ғай,-гей -са,-се жұрнағы арқылы жасалады, етістік
Ой толғаныс - INSERT кестесі БілемінБілгеніме сәйкес келеді Білгім келеді
Үйге тапсырма беру. 1) Ережені жаттау. 2) Етістік райларының әр түріне сөйлем жазып келу.