Махаббат қызық мол жылдар романы – ғашықтық тақырыбындағы сүбелі туынды, сарбелі туынды, сырбаз дүние. Кітап оқиғасы Ұлы Отан соғысы жылдарынан кейінгі ұрпақтардың жүрегін әлі күнге дейін толқытып келеді. Роман кейіпкерлері өмірдің қиын жолдарынан өтіп, күрделі драмалық жайларды бастарынан кешірген, өздерінің гуманистік асыл мұраттарын дақ түсірмей кіршіксіз сақтай білген адал жандар Әзілхан Нұршайықовтың бұл романына негіз болған «Қызыл көрпе» атты ауызша айтылатын аясы кеңітіліп, алғашқыда «Махаббат жыры» повесі 1964 жылы жеке кітап болып жарық көрген. «Махаббат қызық мол жылдар» тұңғыш рет 1970 жылы роман болып жарияланды. Бұдан соң ол түрлі атпен бірнеше рет қайта басылды. Кітаптың соңында автордың өз шығармасының қалай жазылғаны жөніндегі әңгімесі қоса беріліп отыр.
Әзілхан Нұршайықов Нұршайықов Әзілхан ( жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Келінсүйегі деген жер (Ақбұзау ауылы)) – ҚР халық жазушысы. [1] Алматы қаласындағы Тау-кен институтында, Семейдегі қазақ педагогикалық училищесінде, педагогикалық институтында оқыған. Қаламгер сомдаған Бауыржан, Мәлік тұлғалары асқақтықты танытса, Ербол, Меңтай образдары әдебімен оқырманын сүйсінтеді. М.Мәметова, Ы.Сүлейменов, Т.Тоқ таров, т.б. майдангерлер бейнесі қаһармандық мұраттарға жетелейді. Нұршайықов Махаббат қызық мол жылдар романы мен Ескі дәптер, Әсем, Ботагөз повестерінде адамгершіліктің әсемдікпен диалектикалық үйлесіміне баса назар аударған, кейіпкерлерінің рухани ізденістерін нанымды суреттеген.Шығыс Қазақстан облысыЖарма ауданы [1]М.МәметоваЫ.СүлейменовТ.Тоқ таров
Қаһармандық рухтағы Ақиқат пен аңыз романы мен Тоғыз толғау, Махаббат жыры, Ғажап адам, Невель түбінде, Великие Луки ұрыстары, т.б. әңгіме, повестері дерек пен дәйектің, тарихи шындық пен көркемдік шешімнің арақатынасын ашуға бағытталған. И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың Адам тағдыры, П.Павленконың Жарияланбаған хат әңгімелерін, А. Якобсонның Қорқау пьесасын, т.б. туындыларды қазақ тіліне аударды. Нұршайықов 2-дәрежелі Даңқ, Құрмет белгісі, Халықтар достығы, 2- дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.И.БунинніңМ.ШолоховтыңП.ПавленконыңА. Якобсонның
Әзілхан Нұршайықовтың махаббат туралы айтқан қанатты сөздері: Ғашық бола білу де – патриотизм. Ғашықтар – махаббат отанының патриоттары. Ғашыққа деген махаббат та отандық махаббатқа ұласады. Қызға ғашық бола білген жігіт Отанды қорғай алады. Махаббат негізі – Отан! Жас жігіттер, барлығыңызды ғашық бола білуге шақырамын. Өтірік емес –шын, алдамшы емес – адал, мың күндік емес – мәңгілік ғашық бола біліңіздер.
Махаббат қызық мол жылдар романы шығу тарихы Б ұ л кісі со ғ ыста Т.То қ таров, М.М ә метова, С.Б ә йішев сия қ ты батырларымызбен бір дивизияда бол ғ ан. Майданда ж ү ргенінде Ж.Жабаевпен хат алысып т ұ р ғ ан. Сол кезде со ғ ыстан елге аман оралсам Жамбыл Жабаевпен кездессем деп армандайды екен. Ә зілхан а ғ а елге 1945 жылы қ араша айында оралады. Ал Жамбыл атамыз сол жылды ң шілде айында қ айтыс бол ғ аны белгілі. С ө йтіп ол екеуі кездесе алмай қ ал ғ ан. Содан Ә зілхан а ғ а елге бар ғ анда не істеймін деп Алматыдан т ү сіп қ алып, сол кездегі Киров атында ғ ы Қ аза қ мемлекеттік университетіне құ жат тапсырады. Филология факультетіні ң ІІ курсына қ абылданады.
«Аудиторияда 30 қыздың ортасына топ ете түстім. Жан-жағыма қарасам, қызғалдақтай құлпырған кереметтей қыздар. Өзім жүдеу, соғыстан қайтқан бетім. Аяғымды тәлтіректей басып барып, ең шеткі партаға сылқ етіп отыра кеттім. Солай отырып университетті бітіріп шықтым. Әрине, оқу маған оңай болған жоқ. Сонда «1-ші Алматыға» барып вагоннан сексеуіл, көмір түсіріп күн көрдік. Артымда қарайласатындай ешкімім жоқ. Әке-шешемнен айырылып қалғанмын. Қиналған кездерімде талай рет оқуды тастаймын дегенімде осы қыздар: «Сіз дарынды адамсыз, дарыныңызды біліммен ұштастыруыңыз керек», – деп қиналғанда қол ұшын беріп, көмектесіп, университетті бітіріп шықтым. Кейін іштей өзімді сол қыздарға қарыздар санап, қарызымды қалай қайтарамын деп ойлап жүретінмін. Сөйтіп мен сол курстас қыздарыма арнап «Махаббат, қызық мол жылдар» романын жазып шықтым. Бұл кітаптың шығу тарихы осындай. Барлығы өмірден алынған», – деп әңімелейтін. Сол кітаптағы кейіпкерлерінің ішінен бүгінде көзі тірісі – тек Меңтайдың прототипі Нұрғамила апай. Ол кісінің жасы 82-ге келіп қалды, бүгінде Кентау қаласында өмір сүріп жатыр.