РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
Географиялық жағдайы Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік- шығысында Солтүстік Кореямен, Монғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста – Украинамен, батыста – Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.ҚытайменСолтүстік КореяменМонғолиямен ҚазақстанменӘзірбайжанмен УкраинаменФинляндияменБеларусьпен ЭстонияменЛатвияменНорвегиямен Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады: Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.Орал тауынан Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр. Сібір Қиыр Шығыс Ресейі.Шығыс Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтидыКалининград облысын
Географиялық сипаттамасы Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.Еуропада Азияда Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық- географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.
Өсімдік және жануар шаруашылығы Өсімдік шаруашылығы Бидай жинауы Бидай Ресейдің өсімдік шаруашылығының басты құрамдас бөліктерше дәнді дақылдар, техникалық дақылдар, көкөніс пен бақша, бақ және жүзім, малазықтық дақылдар өсіру жатады. Онша ауқымды емес жерлерде темекі мен шай өсіріледі. Жалпы жыртылатын жердің 56%-ы дәнді дақылдар, 5%-ы картоп пен бақша, 6%-ы техникалық дақылдар, 33%- ы малазықтық дақылдардың үлесіне тиесілі.өсімдік шаруашылығының көкөнісбақшабақжүзімтемекішай картоп Мал шаруашылығы Ресейдің мал шаруашылығындағы жетекші салаларға ірі қара өсіру, шошқа және қой шаруашылықтары жатады. Соңғы он жыл ішінде Ресейде мал басының саны 23 есеге дейін кеміп кетті (косымшадағы 12- кестені қараңдар). Мал шаруашылығының өркендеуіне мал азығының жеткілікті дайындалмауы, мал тұқымын асылдандыру шараларының өз дәрежесінде жүргізілмеуі кедергі жасайды.мал шаруашылығындағы ірі қарашошқа мал дәрежесінде
тарихы Ресей сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIVXV ғасырларда жүрді. XV ғасырдың 80-жылдарына қарай татар- моңғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті кұрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды. XVIII ғасырда шведтермен болған соғыс нәтижесінде Ресейдің географиялық шекаралары одан әрі кеңейіп, Балтық теңізіне шықты. Ең бастысы Ресей Батыс Еуропа елдерімен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік алды. I Петр патшалық еткен кезеңде «Еуропаға терезе ашылуы» және түбегейлі қайта құрулардың жүргізілуі Ресей геосаясаты бағытының Шығыстан Батысқа бет бұрғанының белгісі еді. Осы кезден бастап елдің сыртқы ғана емес, ішкі жағдайына да өзгерістер енді.Мәскеутатар моңғолгеографиялық шекараларыБалтық теңізінеI Петр
Орыс мәдениеті Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы православиені руханилылықпен дәстүрлі салт- дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс- еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған «тұйықтыққа» бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.
әкімшілік- аумақтық құрылымы Әкімшілік-аумақтық құрылымы Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер [13] : [13] 21 республикареспублика 9 өлкеөлке 46 облысоблыс 2 федерадиялық деңгейдегі қала (Мәскеу және Санкт-Петербург)МәскеуСанкт-Петербург 1 дербес облыс 4 дербес округ Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ Конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.федерациялықзаң шығарумемлекеттік биліктіңКонституция
Табиғат жағдайы Табиғат жағдайлары Байкөл, ғарыштық түсірім. Байкөл Васюган өзені. Васюган Балтық теңізі. Балтық теңізі Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.жазықтарүстірттерШығыс Еуропа (Орыс) жазығыБатыс Сібір ойпаты Орта Сібір таулы үстіртіарктикалық ауа массаларыныңТынық мұхит Река Васюган в Томской области, вид с вертолёта.
Табиғат зоналары Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар (тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.табиғат зоналарын тундраорманды тундраормандар орманды даладалашөлейт
Табиғи ресурстар Минералдық ресурстары Елдегі минералдық ресурстардың 70%-дан астамын отын-энергетикалық ресурстар (газ, көмір, мұнай), 15%-ын кенсіз қазба байлықтар, 13%-ын металдар, 1 %-ын алмас пен бағалы металдар (алтын, күміс, платина) құрайды. Минералдық, шикізат өндіру Ресей экономикасының жетекші саласы болып табылады, оған ЖЮ мөлшерінің 33%-дан астамы тиесілі.газкөмірмұнайалтын күмісплатина Жер ресурстары Жер ресурстарының жалпы қоры жөнінен Ресей дүниежүзіндегі ең алдыңғы қатарлы ел. Елдің жалпы жер қоры 1709,8 млн га. Жан басына шаққандағы жер үлесі 11,5 га, бұл дүниежүзілік көрсеткіштен (3 га) әлдеқайда жоғары. Алайда жер қорының 1/3-і ғана пайдалануға жарамды, онда Ресей халқының 95%-ы қоныстанып, бүкіл шаруашылық салалары құрылымдарының 93%-ы шоғырланған
Агроклиматтық ресурстары Агроклиматтық ресурстар Ресей жерінде ауыл шаруашылығының барлық салаларын дерлік өркендетуге мүмкіндік береді. Көпшілік бөлігі егіншілікті дамытуға қолайлы, топырақ құнарлылығы, жоғары ылғалдылығы мен қарқынды температуралар (10°С-тан асатын) жиынтығы жеткілікті қоңыржай белдеуде орналасқан. Ондай аудандарға Ресейдің орталық бөлігі, Батыс Сібір мен Қиыр Шығыстың оңтүстігін алып жатқан орманды дала және дала зоналары жатады.егіншілікті қоңыржай белдеуде Биологиялық ресурстары Ресейдің ормандары, өзендері мен көлдері және теңіз жағалаулары биологиялық ресурсқа да аса бай болып келеді. Әсіресе Баренц, Охот, Беринг теңіздері мен Обь, Енисей өзендері алабының кәсіптік балық аулауда маңызы жоғары. Ормандарда терісі бағалы аңдардың көптеп таралуы аң шаруашылығын дамытуға мүмкіндік береді.биологиялық ресурсқаБаренцОхот БерингОбь
Су ресурстары Ресей жері су ресурстарына да өте бай. Ресейде 2,5 млн-нан аса өзен, 2 млн-ға жуық көл бар. Ресейде бір жыл ішіндегі жан басына шаққандағы өзен ағынымен қамтамасыз етілуі 30 мың м 3 -ге тең, алайда бұл көрсеткіш оның барлық бөлігінде бірдей емес. Орталық қара топырақты ауданның өзен ағынымен қамтамасыз етілуі Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыстағы көрсеткіштен 100 есе төмен. Ресейдің ең ұзын өзені Лена (4 400 км), ең мол сулы езені Енисей. Сонымен қатар сумен қамтамасыз ету мақсатында Ресейде 40-тан астам ірі су бөгендері салынған. Ең үлкені Братск (дүниежүзінде екінші орында) су бөгені. Тұщы судың аса мол қоры Байқалда шоғырланғанЛенаЕнисейБратскБайқалда Рекреациялық ресурстары Ресейдің алуан түрлі табиғат жағдайы рекреациялық ресурстардың күрделі жиынтығын қалыптастыруға негіз болған. Табиғи- рекреациялық ресурстардан қолайлы қойнаулар мен жағалаулар (теңіз, өзен, көл), таулар мен ормандар, минералды сулар, табиғат ескерткіштері, табиғи саябақтар өте көп таралған. Ондай аудандарға Байкал, Телец, Селигер, Мещера көлдерінің айналасы, Уссури және Қиыр Шығыс тайгасы, Краснояр Бағаналары, Камчаткадағы Гейзер аңғары, Алтай-Саян және Орал таулары, Солтүстік Кавказ бен Қара теңіз жағалауы, сондай-ақ ірі езен жүйелерінің көптеген бөліктері кіреді.рекреациялық ресурстардыңБайкалТелец СелигерМещераУссуриҚиыр Шығыс тайгасы Гейзер аңғары
Халқы Халқы Ресей халқының тығыздығы. Ресей халқының демографиялық пирамидасы, 2011 жыл. Ресей Федерациясы халқының саны 2008 жылы 142 млн адамды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде Қытай, Үндістан, АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкстан, Бангладеш, Нигериядан кейін 9-орын алады. Ресей ғалымдарының болжамы бойынша, алдағы онжылдықта елдегі халық санының қыскаруы одан әрі жалғаса береді. Енді елдің демографиялық көрсеткіштерімен танысайық.
Демографиялық көрсеткіштер Ресей аумағында XX ғасырдың 90- жылдарынан бері халықтың ұдайы өсуінің қазіргі типі орнықты. Қазіргі кезде туу коэффициенті 12,1°/00, өлім коэффициенті 14,6°/00 - Туудың азаюы мен өлім-жітімнің артуына байланысты 1992 жылдан бері табиғи өсу теріс көрсеткішке (-2,5°/00) ие болды. Соңғы жылдары демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Табиғи өсудің оң көрсеткіштері Ингушетия, Тува республикаларында, Ханты- Манси АО-де байқалады. Жалпы алғанда, елде адамның өмір жасының ұзақтығы да қысқарды: 1990 жылы бұл керсеткіш 69 жасқа тең болса, қазіргі кезде 66,6 жасты кұрайды.
Сыртқы экономикалық байланыстар Сыртқы сауда 1994 жылы Ресей мен Еуропалық Одақ арасында серіктестік пен достастық келісімге қол қойылды келісімге Соның нәтижесінде Ресей Еуропалық Одақ елдеріне өз экспортының үлесін 40%-ға дейін көтерді. Сонымен қатар Батыс Еуропаның жоғары дамыған мемлекеттерімен арадағы байланысты күшейтіп, оның үлесін 5060%-ға дейін өсірді. Ондай сауда серіктестері қатарынан Германия, Италия, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттерін көруге болады. Мұндай сауда- экономикалық байланыстар ТМД елдерімен де жаңа деңгейге көтерілді жылғы сыртқы сауда айналымы 578,9 миллиард АҚШ долларын құрайды, оның 355,5 миллиард АҚШ доллары экспортқа, ал 233,4 миллиард АҚШ доллары импорт үлесіне тиесілі. Олардың арақатынасы мен басты бағыттарына мәтіндегі картадан да айқын көз жеткізуге болады.нәтижесіндеэкспортының мемлекеттеріменбайланыстыГерманияИталия ЖапонияАҚШҰлыбританиясаудаАҚШ долларын
Ірі қалалары Халқының саны бойынша Ресей қалалары шағын (халық саны 50 мың адамға дейін), орта (50100 мың адам), ірі ( мың адам), аса ірі (500 мыңнан 1 млн адамға дейін) және миллионер қалаларға бөлінеді. Үлкен қалалардың атқаратын қызметі көптеген саланы қамтиды. Ел экономикасы мен әлеуметтік өмірінде, әсіресе миллионер қалалардың маңызы зор. Миллионер қалаларда елдегі барлық қала халқының 1/4 бөлігі шоғырланған. Ресейдегі миллионер қалалар, 2008 ж. (Ресей статистикалық анықтамалығының деректері бойынша) Қала Халық саны, млн адам Қала Халық саны, млн адам Төменгі Новгород 1,3Үфі1,1 Санкт- Петербург 4,6Омбы1,13 Новосибирск1,4Қазан1,1 Мәскеу10,4Самара1,13 Екатеринбург1,3Челябинск1,1
Туризм Ресей жері табиғат жағдайының алуантүрлілігі, әсіресе табиғаты көркем де көрікті жерлерінің көп болуымен ерекшеленеді. Ондай аудандар қатарына Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің жанға жайлы курорттары мен жағажайлары, Байкал көлі мен Сібір өзендерінің табиғаты әсем жағалаулары, Орал, Алтай және Саян тауларының баурайларындағы таулық туристік базалар жатады.жағдайыныңКавказБайкалСібірАлтай Саян Сонымен қатар тарихи және сәулет ескерткіштері, мұражайлар, өркениет мұралары сақталып қалған ежелгі қалалар мен қазіргі ғылым мен мәдениеттің озық үлгілерін жинақтаған әсем де асқақ қалалар Ресейдің аса құнды ұлттық байлықтары болып саналады.қатарсәулетмұражайларөркениетғылымбайлықтары