Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзіреттілігін арттырудың тиімді жолдары
«Құзыреттілік» терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.
Құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор.
Коммуникативтік құзіреттілік өз ана тілін және басқа тілді білудегі қабілеттілігін қарастырады. Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді: 1. Грамматикалық құзіреттілік; 2. Социолингвистикалық құзіреттілік; 3. Дискурсивті құзіреттілік; 4. Стратегиялық құзіреттілік; 5. Социомәдениеттік құзіреттілік.
1 Грамматикалық құзіреттілік – тіл ережелерін білу, грамматикалық ережелерді оқыту. 2 Социолингвистикалық құзіреттілік – мәтіндердің шығу және танып білу үрдістерін меңгеру. 3 Дискурсивті құзіреттілік - айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру. 4 Стратегиялық құзіреттілік- әңгімелесуші адаммен байланыс жасау. Бұл - диалог құру және оны жалғастыру барысында жүзеге асатын үрдіс. 5 Социомәдениеттік құзіреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы – халық мәдениетін білулерін білу және қолдану.
* Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар) * Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы) * Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы) * Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс )
Сыни тұрғыдан ойлау Диалог Рольдік ойындар
Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Ол ортада оқушы: Ойлауға үйренуге. Өзара пікірлерімен санаса біледі. Әр оқушыға сын тұрғысынан ойлауды қабілеті бар екендігін есенеді. Еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сын тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: Нақты мақсат қоюға дағдыланады. Өзіне деген сенімді артады. Оқу процесіне белсенді қатысады. Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі.
Мәтінмен жұмысқа арналған стратегиялар : Жигсо, Жигсо -1, Инсер т, ойланып оқу стратегиялары арқылы оқушы тек қана жаңа ақпарат алып қана қоймайды, ол тақырыптың негізгі түйінін жасап, тақырып бойынша ойқозғап, өзбетімен білім алуға белсенділігі артады, өз пікірін ортаға салады. Оқушылар топпен жұмыс жүргізуге дағдыланады. Жазбаша стратегиялар:еркін жазу, 5 минуттық эссе сияқты стратегиялар арк ылы оқушы: берілген тақырып бойынша өзінің пікірін, ойын, аргументтерін жазады.
Коммуникативтік құзыреттілікті дамытуда диалогтік тіл- оқу үрдісіндегі қарым-қатынаста алдыңғы орын алады * күнделікті тұрмысқа байланыстылығы; * ресми қарым-қатынасқа құрылуы; эмоционалды- экспрессивтілігі, әсерлілігі; сөйлейтін сөздің алдын-ала жоспарланбауы; *ым-ишараттың, дене қимылының белсенділігі; ауыз-екі стилінің ерекшеліктерінің басым болуы.
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тәрбиелеп шығару арқылы коммуникативтік құзіреттіліктерін арттырудың тиімді жолында атқарар еңбектері әлі де алда