-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу. -Оқушылардың ойлау, тыңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту,. қабілеттерін шыңдау -Айналасына құрметпен қарауға баулу, адамгершілікке, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу
Әдебиет Тұлғалар Тест Заңдар Анықтама Пікірталас Видео
VІІІ тарау.Құқықбұзушылықтың кейбір түрлері және құқықтық жауапкершілік. §46 Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік §47 Тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілік§47 Тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілік §48 Қылмыстық құқық: құрылымы, функциялары және негізгі ұстанымдары§48 Қылмыстық құқық: құрылымы, функциялары және негізгі ұстанымдары §49 Қылмыс және қылмыстық жауаптылық
. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие. Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады. Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады: 1.Кез-келген құқық бұзушылық - бұл адамның саналы және еркінмен үнемі бақылау астындағы әрқашан анықталған әрекет немесе әрекетсіздігінде көрінетін еркіті, кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық белгілері саласында қарастырыла алмайды, мысалы, мінез-құлқы, адамның жеке саласы немесе ой образы. Дегенмен, егер олар нақты құқыққа қарсы әрекеттерде-әрекет немесе әрекетсіздікте пайда болса, онда бұл жағдайда заңдық іздестіру басталады. Сот пікір шеңбері - ой, саяси, діни немесе басқа да көзқарасы үшін жазалай алмайды. Карл Маркс осымен байланысты осы сияқты басты белгілерде әрекет етпейтін заңдар, әрекет етуші ойының образын, - бұл заңсыздықтың позитивті санкциясы сияқты басқа ештеңе емес деген. Бірақ та сот нақты іс бойынша шешім шығара отырып құқыққа қарсы әрекетін жазалауы мүмкін және жазалайды. 2.Құқыққа қарсылық - құқық бұзушылықтың аса басты белгісі. Барлық әрекеттерде немесе әрекетсіздікте құқық бұзушылық болмайды. Ол тек құқық бұйрығына іске асады.
Еңбек жағдай қауіпсіздік пен гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Заң жұмыс берушіге көптеген міндеттер жүктейді. Сонымен қатар жұмыс берушінің құқықтары бар. Тәртіптік жауапкершіліктің екі түрі бар: жалпы және арнайы. Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқықты бұзғандар тартылады. Әкімшілік құқықбұзушылық дегеніміз- мемлекеттік басқару орындарында,мекемелер мен кәсіпорындарда, қоғамдық орындарда белгіленген тәртіптерді бұзудың салдарынан болатын, адам құқықтары мен бостандықтарына кесел келтіру формасында көрініс беретін құқықбұзушылықтың ерекше түрі. Әкімшілік жауапкершілікке адамның белгіленген нақты құқықтық норманы бұзған жағдайда әкімшілік жауапқа тартылу жатады. Қорыта келе әкімшілік жазаны арнайы органдар, жаза қолдануға құқылы лауазымды адамдар, жол полициясы, санитариялық инспекция және т.б. сондай-ақ, сот тағайындайды.
Қылмыстық құқық-адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекеттерді қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың жеке саласы. Қылмыстық құқық тыйым салынуға тиіс әрекеттердің істелуінен туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Қылмыстық құқықтың қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік функциялары болады. Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде: қылмыс пен жаза туралы ұғым, жауапкершілік, қылмыстың құрамы, қылмысқа қатысу т.б. жағдайлары туралы айтылған. Ерекше бөлімде: нақты қылмыс құрамдары және олар үшін белгіленетін жаза түрлері көрсетіледі. Құқықтың салаларына қоғамдық қызметтің түрлеріне сай келіп отырады. Құқық жүйесіне енетін негізгі салаларға мемлекеттік, әкімшілік, азаматтық, қаржылық, еңбек, отбасылық, қылмыстық, халықаралық және басқа салалар жатады.
Қылмыс –қоғамға қауіпті әрекет. Қоғамда қылмыстың жасалу себептері ішінде кедейшілік, жұмыссыздық, мәдениеттің төмендігі, адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі, маскүнемдіктің етек алуы, нашақорлық, құқық қорғау органдары қызметінің тиімсіздігі, т.б. факторларды атауға болады. Қылмыскер өзінің жасаған қылмысы үшін белгілі бір жаза тартады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде, қажетіне қарай, қылмыс жасаушының кінәсін жеңілдетен немесе қылмыс жасаушының кінәсін ауырлататын жағдайларда қарастырылған. Қылмыс сипатына қарай әр тұрпаттарға жіктеледі. Қылмысты болдырмау- біздің заңға қайшы, құқыққа қарсы келмеудің бірден-бір кепілі.
Тест 1.Құқықтық өлшемдердің бірі : А. Азаматтық міндеттердің орындалуы В. Қылмысқа бару С. Тәртіп бұзушылық 2. Жасөспірімнің ішінара әрекет қабілеттілігі неше жастан пайда болады? А. 18 В. 16 С Неше жастан бастап әрекет қабілеттілігі толық түрде көрінеді? А. 18 В. 14 С Азаматтық-құқықтық іс қозғау үшін қандай шарттар болуы керек? А. Заңды әрекет В. Жауапкердің кінәсі С. Шығын келтірмеу 5. Азаматтық материалдық игілігіне не жатады? А. Тамақ В. Білім С. Көлік
Тест 1.Тәртіптік жауапкершіліктің неше түрі бар? А. 4 В. 2 С Әкімшілік құқықбұзушылықтың неше түрі бар? А. 4 В. 2 С Әкімшілік жауапкершілікке істеген тәртіпсіздігіне орай, неше жасқа толған азамат тартылады? А. 14 В. 16 С жасқа дейінгі жұмысшылар мен оқушылар үшін апталық еңбек уақытының ұзақтығы: А. 36 В. 12 С жастан 18 жасқа дейінгілерге апталық жұмыс уақытының ұзақтығы: А. 36 В. 12 С. 24
Тест 1. Қылмыстық құқық неше бөлімнен тұрады? А. 2 В. 3 С Қылмыстық құқықтың негізгі функцияларына не жатады? А. Кісі өлтіру В.Тонаушылық С. Заңды мүдделерін қорғау 3.Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкер шілікке тартылады? А. 15 В. 14 С Қылмыстық құқық функцияларының саны: А. 2 В. 3 С. 4 5.Қылмыстық заң неге негізделеді? А. Құқықтық норма В. Құқық С. Ата Заң
Тест 1. Қоғамға қауіпті әрекет- А. Жаза В. Айып С. Қылмыс 2. Сот неше жасқа толмаған қылмыскердің ісіне парасатты, байыпты, сабырлылықпен қарауға тиіс? А. 18 В. 16 С Кәмелеттік жасқа толмағандарға қандай жаза түрлері қолданылады? А. Жұмысқа тару, жер аудару В. Айып салу, қоғамдық жұмыстарға тарту С. Еркінен айыру, кәсіппен айналысу 4. Қылмыскер өзінің жасаған қылмысы үшін неге тартылады? А. Жазаға В. Марапатқа С. Лауазымға 5.Қылмыскер адамның өмірі қиылатыны біле тұрып, Оны өлтіру үшін атады. Бұл- А. Қасақана кісі өлтіру В. Байқаусызда кісі өлтіру С. Тікелей жасаған қылмыс
Алтынай Жолдыбекова Заң газеті тілшісі Балалар қылмысы тіркелмейтін Швеция елінен көп нәрсені үйрену керек сияқты. Ол жақта бала тәртіп бұзса, бірінші ата-ана жауапқа тартылады екен. Мемлекетте жасөспірімдер колониясы жоқ. Ал бізде ше? Елеусіз Мұратов Заң газеті тілшісі Қайталанған қылмысқа қатаң жаза тағайындау қажет пе? Даниел Шайынғазин Заң газеті тілшісі Балалар қылмысы қайдан шығады? Балалар қылмысының алдын алу үшін не істеу керек?
Шадияр Мекенбайұлы Заң газеті тілшісі 1. Кәмелет жасты 18-ден көтеру мәселесі талқыға түседі. Себебі, 18-дегі жеткіншек әлі дербес өмірге толық дайын емес. Әсіресе, сотты болып, темір торға қамалғандар үшін өте қиын. Өрімдей жастар жастағы жазасын өтеушінің алдына барғанда қандай жағдайда болады? Есесіне ол жеткіншектен ертеңгі күні үлкен қылмыскер қалыптасуы әбден мүмкін. Айнұр Сембаева Заң газеті тілшісі 2. Кішкентай қылмыскерлер қоғамға үлкен қиындықтар әкеледі. Қоғамның соқыршегіне айналып бара жатқан бұл олқылықты қалай қалпына келтіруге болады?
1.Мәміле- адамдардың азаматтық құқық пен өзара міндеткерліктерді орнатуға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері. 2. Әкімшілік жаза –адамның құқығына, мүлкіне шектеу жасалатын (ақшалай айып, мүлкін тәркілеу) мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. 3. Қылмыс – заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік.4. Қажетті қорғану деп- қылмыскердің қауіпті әрекетінен қауіп төндірушінің өзіне зардап шектіре отырып қорғануды айтамыз 5.Әкімшілік құқықбұзушылық дегеніміз – мемлекеттік басқару орындарында,мекемелер мен кәсіпорындарда, қоғамдық орындарда белгіленген тәртіптерді бұзудың салдарынан болатын, адам құқықтары мен бостандықтарына кесел келтіру формасында көрініс беретін құқықбұзушылықтың ерекше түрі.
Әкімшілік құқық,бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі / 2001 жылдың 30 қаңтарында 155-ІІ Қазақстан Республикасы Заңымен қабылданды 2009 жылғы 4 мамырдағы 156-ІV өзгертулер болды. / 4-бап. 1.Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуы тиіс. 15-бап. Құқық бұзушылық жасаған адамға әкімшілік жаза қолданғанда адам жанын күйзелтуді немесе адамның қадір- қасиетін қорлауды жазалау мақсаты етіп қоюға болмайды. 72-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. 111-бап.Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі /1997 жылғы 16 шілде / / 2006ж өзгерістер мен толықтырулармен/ 6-бап. 1.Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуға тиіс. 78-бап. 2. Қылмыс жасаған кәмелетке толмағандарға жаза тағайындалуы мүмкін не оларға тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. 79-бап. 3. Кәмелетке толмағандарға белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. 131-бап. 1. Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа жеткен адамның қылмыстық іске тартуы –бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан жазаланады.
Қазіргі ұрпақтың үш мінезі алаңдатады деген екен. Олар құлқынның құлы болып жолдан таю, нәпсі үшін лас істерге ұрыну, білімі бола тұра қараңғы наданның ісін істеу Мұхаммед Пайғамбар
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Д.Әміров сөзінде: Бүгінгі күні мемлекет жастарға жарқын болашаққа нық басуға бүкіл жағдайды жасап жатқанда, күш-қуаты тасыған кейбір жастардың жапырып жұмыс істеп, ел үшін еңбек етер жасында қылмыс жасап тар қапасқа қамалуы қоғам үшін тиімсіз.
1.Адам.Қоғам.Құқық 9 сынып Ав. Қ.Жүкешов. Ғ.Сапарғалиев. Г.Асанбекова 2. Заң газеті ж 194 (1420) 3. Заң газеті ж 192 (1418) 4. Заң газеті ж 183 (1606) 5. Заң газеті ж 184 (1607) 6. Интернет www. nigma. ru 7. Интернет www. kornet. ru