Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Найман - Ана» әңгімесіндегі мәңгүрттік мәселесі.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Аты-жөні: Дуанбекова Айгүл Иманқұлқызы Санаты: І Бітірген оқу орны: ҚарМУ Жұмыс орны : 6 ЖББОМ Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі.
Advertisements

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебі «Оқу мен Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлау» технологиясын пайдалана.
Пәні:Жаратылыстану Сыныбы 5 ә ОқулықАлматы Атамұра баспасы 2010 ж беттер АвторыБ.Ш.Әбдіманапов, А.В.Прищепина, Л.М.Фокина, А.У. Әбілғазиев ТақырыбыГидросфера.
Сабақтың тақырыбы:. Сабақтың мақсаттары: Кітаптың адам өміріндегі алатын орнын ұғындыру; Түрлі тәсілдер арқылы оқушының байқағыштық, тапқырлық, өз ойын.
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай – шағын әңгіме шебері (Қ.Бітібаеваның технологиясы негізінде)
Бейнетаспаға назар аудару М ұқ а ғ алиды ң Ү ш ба қ ытым ө ле ң ін еске т ү сіру - Халық - Халық - Тіл - Тіл - Отан - Отан Топ ұ станымын, ережесін құ.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Жазғытұры » Сабақтың мақсаты: Біліктілік : Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру, мәтіннің негізгі идеясын ашу. Өмірмен.
Т ү ркістан қ аласы Некрасов атында ғ ы 9 мектеп-гимназия мемлекеттік мекемесі Қ аза қ тілі мен ә дебиеті п ә ніні ң м ұғ алімі Ө скенбаева Гулжан Центрхан.
«21 жалпы білім беру орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы- ата-ана »
Пән: қазақ тілі 8 сынып ж Сабақ тақырыбы: Қадыр Мырза Әли -ақын. Болымды етістіктер мен болымсыз етістіктер.
Мариновка қазақ орта мектебі 2015 ж. Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен.
Үй тапсырмасын тексеру Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы «Миға шабул», өткен тақырыпты сұрақ- жауап арқылы сұрау (оқушылар бір – бірінің сұрақтарына жауап.
4 Б сыныбы Сынып жетекшісі:Төреханова Мөлдір Қош келдіңіздер! Әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ.
Мемлекеттік тіл- қазақ тілі!. Тілден артық қазына жоқ, Тілден артық қасиет жоқ. Н.А.НАЗАРБАЕВ.
Менің болашақ - мамандығым. - Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай: Ісім оңсын десеңіз, Сол істің маманы болыңыз. Даңқым шықсын десеңіз, Көпшіліктің адамы.
Педагогикалық шеберхана Сабақтың тақырыбы: Бақылау арқылы шығарма жазу Біздің қыс.
Сабақтың тақырыбы: 1986 жылғы Қазақстандағы желтоқсан оқиғасы, себептері мен сипаты Сабақтың мақсаты: Білімділік: 1986 жылғы Алматы оқиғасының себептерін,
Н.Мейірманов атындағы негізгі мектеп Тақырыбы: Абай мен Ахмет шығармаларының идеялық үндестігі ( сыныптан тыс оқыған шығармалар бойынша ) Өткізген Байтемірова.
Ақпараттық әлемде жеке тұлғаға рухани-адамгершілік тәрбие беру білім берудің негізгі мақсаты. Оқушылар мен жасөспірімдерді заман талабына сай, ақпараттық.
«Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл- күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді.
Транксрипт:

Сабақтың тақырыбы: Ш. Айтматов «Найман - Ана» әңгімесіндегі мәңгүрттік мәселесі.

Білімділік. Әңгімедегі өзекті жайдың шынайы өмірден алынғандығын нанымды баяндау арқылы әңгіме түйініне назар аударту, әңгіменің басты кейіпкері Найман – Ана өліміне екі түрлі көзқараста баға беру, қызу пікірталасқа қатыса отырып әр топ (жақтаушы, даттаушы) өз пікірін дәлелдемелерге сүйеніп, айғақтар келтіру арқылы өз көзқарастарын қорғап шығу, әңгімені түсініп оқу, яғни сөз астарына үңіліп, мағынасын түсіну, өзекті ойды бөліп ала білу, сыни тұрғыда ой қорытындысын жасау. Дамытушылық. Өз пікірін қорғай білу және сөз сөйлеу мәнерін қалыптастыру, оқушының ой еркіндігін, пікірін саралай білуге, тиянақты, мәдениетті сөйлей білу дағдысын дамыту. Тәрбиелік. Адамзаттың ақыл – ойының өзгеге тәуелді болуында мәңгүрттік нышаны жатқанын ұқтыру. Отанға, адам игілігіне деген құрмет сезімдеріне әсер ету.

А) Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Ә) Проблема туғызу. Б) Жағдаяттың шешімін іздеу, өз пікірін айту, мәтінмен жұмыс, қарама-қарсы сұрақ қою.

Пәнаралық байланыс: Тарих, музыка Пән ішіндегі: Өмірмен байланыс Стратегиялар: Джексо, топтастыру, РАФТ, дебат, дискуссиялық карта, инцерт, кубизм

Сабақ барысы: І Қызығушылықты ояту. Балалар, қазір көрсетілетін бейнетаспаны мұқият тыңдаңдар. Осы бейнетаспа арқылы мен бүгінгі өтер сабағымыздың тақырыбын ашқалы отырмын.

Бейнетаспада: Ертеде, қалмақ пен қырғыз шапқыншылығы тұсында, екі жақ бір-бірінен құл етіп ұстау үшін тұтқын алып отырған. Ол тұтқын мал соңында салпақтап жүргеніменен күндердің күні болғанда ебін тауып, қашып кетер деп, оларды мәңгүрт етіп тастайтын болған. Ол үшін алдымен тұтқынның шашын тақырлап алып, жас сойылған түйенің мойнағын не сиырдың терісін басына қаптайды. Оған қайыстан тіліп, бау өткізіп, самайдан тарттырып, мықтап, байлайды. Сөйтіп, шыжып тұрған күннің астына қол-аяғын байлап тастайды. Тұтқын сонда екі бірдей азапқа түседі екен. Алдымен, жас тері ыстықтан жиырылып, басын бүріп, сүйегін сындырып жібере жаздаса, екіншіден, өскен шаш кептелген теріні тесе алмай, кері қайырылып, құйқасын ине сұққандай етіп бұрғылап, есте сақтау қабілетін мүлде жойып жібереді. Бір жұма, он күннен кейін не өліп қалады, не мәңгүртке айналады. Аты-жөнін, шыққан тегін ұмытып, тек өз қожасының айтқанын орындайтын қара күш иесіне айналады...

Дүниедегі ешбір зұлымдықтың мына қасіретке тең келері болмас, сірә? Осы әңгіме не туралы айтылған? Мәңгүрттік Дұрыс, олай болса, біз сіздермен бүгін қырғыздың атақты жазушысы, қазақ елі өз перзентіндей көріп, «Адамзаттың Айтматовы» деп сүйсінген заңғар жазушы Ш.Айтматовтың «Боранды бекет» романынан «Найман-Ана» атты үзіндіні өтпекпіз. Мұнда дүние жүзі ғалымдарын алаңдатқан «ғасыр қылмысы» атанған мәңгүрттік мәселесін көтермекпіз. Осындай шығармаларды қылқаламмен жазған Ш.Айтматов кім?

Ш. Айтматов Жазушы 1928 жылы 12 желто қсанда туған Қырғыз жері Шекер аулында дүниеге келген психолог Ал ғаш жарық көрген шығармасы «Жәмила» 1956ж 2008 жылы тамыз айында д үниеден өткен « Қош бол, Гүлсара» 1968 – КСРО мемл. сый. алды

Ш.Айтматов қаламынан туған әрбір көркем шығарманы оқыған сайын бір шындықтың ғажайып сиқырына бөленесін. Уақыт және қаламгер

ІІ Мағынаны тану. А) «Джексо» әдісі бойынша оқушыларға әңгіменің мазмұнын өз беттерімен оқытамын Ә) Тақырыптың түйіні болар мына сұрақтарға назар аудартамын

1 -топ Бүгінгі әңгімедегі мәселені халықаралық, мемлекеттік дәрежеге көтерудің маңызы бар ма? 2 - топ Мәңгүрттіктің ең төменгі сатысы өз ортаңда кездесе ме? 3 - топ Ана – Бейітті халық неліктен соншама қасиет тұтады? 4 - топ Жауыздыққа, оның асқан түрі, адамды ақыл естен айыруға сендердің көзқарастарың қалай?

Кубизм стратегиясы бойынша кубик лақтырамыз. Мынадай тапсырмалар беріледі: 1. Эссе. Мәңгүрттік мәңгілік қасірет. 2. РАФТ. Мәңгүртке көңіл айту.

3. Дискуссиялық карта. Анасының мәңгүртті іздеуі жөн бе еді? Егер ол мәңгүрт баласын іздемесе, тірі қалар ма еді? ИәЖоқ

4. Топтастыру. Мәңгүрт бейнесін топтастырамыз. Мәңгүрт

Инцерт стратегиясы. Сабақ мазмұнына баға беру. Бүгінгі сабақты қалай қабылдадың? Аты-жөні V өте жақсы + ұғынықты – түсінбедім ? сұрағым бар

III Толғаныс. Дебат. 1, 2 топ – жақтаушы топ. «Найман – Ана өліміне себепші - туған ұлы» (Найман-Ана туған ұлының қолынан өледі. Ана байғұс ен даланы кезіп, Сарыөзекті іздеп, баласын тауып келгенде туған ұлы оған қастандық жасап өлтіреді)

3, 4 топ – даттаушы топ. «Найман – Ана өлімінің себепшісі туған ұлы емес, оған Найман кінәлі» (Дені сау бала өз анасына қол көтеруі мүмкін емес, ол ауру, яғни мәңгүрт болған соң өлтірді. Ал мәңгүрттік – жаудың ісі)

Үйге. «О, кұлыным, сенің басыңа көн қаптап...» деген жерден бастап Найман-Ана монологын жатқа айту. Демекші, «Ананың көңілі – балада, баланың көңілі – далада» - дегендей бүгінгі сабағымызды Төлеген Айбергеновтың «Ана» өлеңімен аяқтаймын.