Махаббат Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық, мол жылдар?! А. Құнанбаев
Өз сүйгеніңе адал, айнымас жар болу деген жан дүниенің бір бөлігін сүйікті адамыңа сыйлау деген сөз. А. Сухомлинский
Сүйген қызыңды сыйла, абыройы мен арын, адамдық қасиетін сақта. Сені ынтықтырған қыз-бұл сенің болашақ жарың, балаларыңның анасы, екінші-өзің. А. Сухомлинский
Сүйіп үйлену ғана қызық, әдемілігіне ғана қызығып үйлену базардан керексіз нәрсені жақсы болғаны үшін ғана сатып алғанмен бірдей. А.П. Чехов
Махаббаттың оянғанын жігіттің жасқаншақтығынан, қыздың батылдануынан байқауға болады. М.Ф.Вольтер
Өз-өзіне ғашық адамның қолынан шынайы махаббат келмейді. Өзімшілдік – махаббатты улайтын сұмдық кесір-кесел. Өзімшіл болсаң, онда семья құрмай-ақ қойғаның абзал. В. Сухомлинский
Адамның шынайы махаббаты...тек қана бір-бірінің адамшылық қасиеттерін өзара қастерлеуге негізделуі тиіс. Г.Белинский
Махаббаттың мың түрлі құпиясы бар, Жүрек оны жан шыққанша жасырар. Р. Хорезми