Қазақтың байырғы өлшем бірліктері. Ұзындық өлшемдері Тұтам – бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Ұлттық киімдер,,, Актоты Алмуратова
Advertisements

Ағып жатқан өзеннен 3 л және 5 л ыдыстар көмегімен 4 литр су алу керек.
НАУРЫЗ КЕЛДІ, ҚАРСЫ АЛАЙЫҚ! ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Күні: Сыныбы: 5 « а », « ә », « б » Тақырыбы: « Қасиетті жетілік » Мақсаты: Технология сабағынан үйренген, алған білімдерін көпшілікке көрсету.
Қаңқаның жеке бөліктерін, сүйектің құрамы мен қасиетін, тірек-қимыл жүйесінің маңызын, сүйектердің байланысуын, қозғалыс пен дене шынықтырудың денсаулық.
Тақырыбы: Бұлшықетердің маңызы мен құрылысы Практикант: Сұлтансиық Г.
Мақсаты: Тыныс алу жүйесі мүшелерінің орналасу аймағын және құрылысының ерекшелігін: мұрын қуысын, көмейді, кеңірдекті, бронхтарды, бронх ағашын, өкпені,
Математикалық интеллектуалдық ойын Пән мұғалімі: Сапарғалиева Ұ.Д.
«Мың бір мақал жүз бір жұмбақ» сайысы Мақал-мәтел жай сөз емес, ол-сөз атасы, сөз көркі, терең сөздің тобықтай түйіні, қысқа да болса нұсқа сөз.
Қарақұм орта мектебі мемлекеттік мекемесі. Матемтика пәні мұғалімі: Жанат Ермекқызы Жумагазиева. Мақсатым- ұлт ұланын тәрбиелеу Шәкіртті шұғылалы шыңға.
К Е Н Г У Р У П Е Т У Х С Л О Н Ж И Р А Ф Л И С А В О Л К Ё Ж Д Я Т Е Л М Е Д В Е Д Ь З У Б Р С О Л О В Е Й К О Н.
Жангелдин орта мектебінің химия биология пәні мұғалімі: Естайлақ А.А Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай ауылы.
Білімділік : О қ ушыларды ң білімдерін сарап қ а салу ар қ ылы же ң імпаз топты аны қ тау. Дамытушылы қ : О қ ушыларды тап қ ырлы ққ а баулып, зейінін,
Орындаған :. Қоршаған о рта Экологиялық м әселелер т үрлері Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар Тұжырымдама Пайдаланылған ә дебиеттер.
Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы тең Аспап бөлігі құнының.
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек». З. Қабдолов.
Сабақтың тақырыбы. АГВ Б Д З Е ЁЖ ИЙК Қ Ә МНОП Т Щ С Ш Р Я Ч ҺХ Ю ЭЬ Ф ы У Ъ Ғ Л ҢӨ ҰҮ Ц І.
Бекітемін: Мектеп директоры: М.А. Айсарова Х.Искандеров атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.
Махамбет Өтемісұлы. Ереуіл атқа ер салмай өлеңін талдау Өлең ұйқасы Шұбыртпалы Өлең 1 шумақтан тұрады Шумақ 19 тармақтан тұрады Әр тармақта 2 бунақ бар.
Қазақстан Республи касы Демократи ялық Зайырлы Әлеуметтік Құқықтық.
Транксрипт:

Қазақтың байырғы өлшем бірліктері

Ұзындық өлшемдері Тұтам – бес саусақты жұмғандағы көлденең ұзындық. Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақты жазғандағы аралық. Сынық сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың екі буыны бүгілгендегі аралық, бір сүйемнің төрттен үш бөлігі. Қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты кергендегі аралық. Кере қарыс – бас бармақ пен ортан саусақты керіңкіреп созғандағы аралық. Аршын – шынтақтан саусақ ұшына дейінгі ұзындық. Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының аралығы. Кере құлаш – иық деңгейіңде кере созылған екі қол ұшының аралығы. Сала (көш) құлаш – үш құлаш. Адым, қадам - жай жүргендегі екі аяқ арасының алшақтығы. Аттам – адымның созылыңқы шегі. Ұзындыққа есік пен төр аралығы, қамшы сабы, арқан, желі бойлары, бір көйлектік (мата) өлшемдері де алынған.

2. Қалыңдық өлшемдері Қыл елі. Пышақ сырты (қыры). Шынашақ. Елі. Жарты елі. Бармақ елі. Табан елі. Қалыңдық өлшемге тұтам, сүйем, қарыс сияқты ұзындық өлшемдері және күрек бойы, құрық бойы, кісі бойы тәрізді тереңдік өлшемдері сөз қисынына қарай пайдаланылған.

3. Көлем өлшемдері Ине жасуындай. Түйіршік. Түйір. Алақандай. Жапырақтай. Ат төбеліндей. Уыс – қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұңқырайған алақан аясының іші, алақанға сиярлық мөлшер. Құшақ – қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні, қойын. Ұлтарақтай – адам табанының көлемі. Тулақтай – мал терісінің көлемі. Үй орнындай – киіз үйдің ішкі көлеміндей. Бір танап жер – гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мойын жер – жарты гектар. Бір айдам жер – бір гектар. Көлдей – өте көлемді, кең.

4. Салмақ өлшемдері Қадақ – 200 грамм (кейбір әдебиетте 400 гр.). Бір шелек (су, сүт) – 10 литр. Бір торсық (айран) – 6-7 литр. Бір саба (қымыз) – литр. Бір қап (ұн, қант) – кг. Бір арқа (жүк) – кг. Найза қап, қанар – кг. Пұт – 16 кг, жуық. Бір құлақ су – текше метр. Батпан - әр елдің өлшемі әр түрлі. Балуан Шолақ көтерген 51 пұттық таразының тасы да бір батпан.60 кг.16 кг

5. Қашықтық өлшемдері Әудем жер – тиіп тұрған жер. Шақырым – 1000 метр. Дауыс жетер жер – 2- 3 шақырым. Көз ұшындағы жер - 2,5-3 шақырым (Кейбір қырағы кісілер шақырымнан көреді). Бір бауыр (бой жазар) жер – 4-5 шақырым. Қозы көш жер – 6-7 шақырым. Құнан шаптырым жер – 8-10 шақырым (құнанды шақырымға да шаптырады). Бір көш жер шақырым. Ат шаптырым жер – шақырым. Түстік жер – шақырым. Күншік жер – шақырым. Ара қоным жер – шақырым.